Просмотр содержимого документа
«Егеменді елім мені?»
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың танымдық іскірлігін және ойлау қабілетін жетілдіру, оқушыларды өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Бастаушы: 1991 жылы 16 желтоқсанда біздің елімізде “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Ата Заңы қабылданды. Ойда ортақ, тойда ортақ дегендей, сіздердің назарларыңызда “Менің Республикам – Қазақстан” атты тәрбие сағатын бастаймыз. Осыдан кейін “Қазақстан – Гүлістан” хоры айтылады.
1-ші оқушы:
“Желтоқсан” өленін оқиды.
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықтың, бас имедің қасардың,
Сойыл, таяқ ойнаса да жанында
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірікке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным жеткіздің ақ тілекке.
2-ші оқушы 1986 жылы желтоқсан айының 17-сі күні қазақ жастары “Әр республикаға – өзінің басшысы!”, “Қазақстан жасасын!”, “Езу мен қанаусыз еркін, ерікті даму үшін!”, деген сияқты қазақ-орыс тілдеріндегі ұрандарын ұстап, бейбіт шеруге шықты, деп әрі қарай жалғастырады.
3-ші оқушы осы көтерілістің арқасында 1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болғанымызды баяндайды.
4-ші оқушы:
Егеменді иесі мен деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз, деп жалғастырса.
5-ші оқушы:
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
“Егемендік” деген сөзден естілер,
Атажұрттың арысы мен бергісі, деді.
Бұдан кейін қыздар тобы “Жеткіншектердің вальсін” орындады.
6-шы оқушы: 1992 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітілгенін әңгімеледі.
7-ші оқушы:
Қатар жатқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй,
Ұзақалықтаған жас сұңқар.
Шарықтаған жаза күй –
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
8-ші оқушы:
Мұнда да бір ерлігін,
Мұнда да бір жер күші,
Қара шаңырақ ел күні
Асқақтатып түр мұны.
Елтаңбасы – елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
9-шы оқушы: 1992 жылы 11 желтоқсан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының тексі туралы заңға қол қойылды.
Әнұраным – жанұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім.
Тұған жерім – сағынарым –
Мың қайталап айтам мұны, – деп жатқа айтып береді.
10-шы оқушы: 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы енгізілді. 1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілгенін айтып берді.
Беу –Астана!
Ардақты ақ қаласың
Жасап жатыр
Туған ел салт – жорасын.
Туған күнің, Астана, құтты болсын!
Бақытты бол!
Ортаймас бақ орнасын!
Астанаң Әні орындалды.
11-ші оқушы: 1998 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.
Дұрыс сөйле, шала қазақ атанба,
Өз тіліңде сөйлеп кеткен атаң да.
Қадірлей біл тілің менен дініңді,
Саған барер менің осы батам да, – деді. Осыдан соң “Үшқоңыр” Әні орындалды.
12-ші оқушы: 1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қайта сайланғанын назарға салды. Ол:
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін
Арқалаған ардағым – ол, деп өлең оқып берді. Сосын “Ағатайым” өлеңі орындалды.
13-ші оқушы: 2006 жыл – Тәуелсіз жылы, деді. Онан кейін “Елім менің” әні хор орындайды.
Тәуелсіз елім бар
Көк айна көлім бар,
Кең жайлау жерім бар,
Еңбегі елеңген
Атақты ерім бар
Жемісті бауым бар,
Шың – құзды тауым бар,
Еңісті өр еткен
Жеңісті қауым бар.
Жайдарлы желім бар.
Өрісті белім бар,
Ерлікке баулитын
Егемен елем бар!
Тарих боп кешегім,
Көп жұмбақ шешемін.
Егемен еліме
Еге боп өсемін!
Отан
Отанды біз атамекен
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз
Отанды жас, кәрімізде,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді бағалап,
Өйткені Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.
Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел, – деп сынып сағатын қорытындыладық.
Ана – тіршілік көзі. Ана – барлық қамқорлық пен жақсылықтың, қайнар көзі, алтын арқауы. Сондықтан төмендегі сабақ үлгісін беріп отырмыз.
Тақырыбы: Егеменді елім менің! Білімділікмақсаты: Еліміздің тарихы туралы, мәдениеті туралы білімдерін қайталау. Тәрбиелікмақсаты: Әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы туған жерін, елін сүюге, ұлтар достығына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Дамытушылықмақсаты: Тіл мәдениетін, ойын нақты жеткізуге қалыптастыру, дүниетанымдарын кеңейту. Көрнекілігі: карточкалар, галстуктар. Барысы: Отырардағы той әнінің әуені ойнап тұрады. Ән: «ЖасаҚазақстан!» Жүргізуші: Қыры - сыры көп білімнің, Шешілмеген әлі де. Тереңдігі білімнің, Керек екен бәріңе, Ал, келіңдер - келіңдер! Біріңе бірің еріңдер. Білімдеріңді тексеріп, Сайысқа түсіп жүріңдер.
Қош келдіңдер оқушылар! Сендер күнделікті өмірде ХХI- ғасыр білімділер ғасыры, ақпарат ғасыры деген сөздерді естіп жүрген шығарсыңдар? Олай болса сендер бүгін сендер ХХI - ғасыр көшбасшысы атты ойын ойнағыларың келе ме? Олай болса ойынның шартымен таныстырып өтейін. Алдымен екі топқа бөлінеміз. Тәртіптілікті де ұмытпаймыз. Ойын үш турдан тұрады. Әділ қазылар арқасы әр сұрақтың ұпайын белгілеп, жазып отырады.
I - тур «Полиглот» деп аталады. Бұл турда әр сұрақтың өз ұпайлары бар, яғни сол сұраққа жауап берілсе, ұпай қойылады. Ал жауап берілмесе қойылмайды.
II – тур «Мимика - понтомимика» деп аталады, яғни оқушының қолына тиген сөзді тек қана қимыл-қозғалыс арқылы көрсетіп түсіндіреді. Бұл турда жасырылған сөзді көрермендер тапса 10 ұпай беріледі.
III – тур «Бәйге» деп аталады. Бұл турда әр топтан бір оқушы шығып уақытқа жауап береді. Әрине уақыт біткенде сұрақта тоқтайды. Әр сұрақ 10 ұпайдан есептеледі.
I - тур «Полиглот» Мәдениет 10 Қазақ халқында болған, бірақ жылдар өте келе ұмыт болған, кейінгі кездерде қайта жарық көрген ұлттық би атауы? Туған қалам 20 Полковничий аралында орналасқан монумент аттарын атаңдар? Рәміздер 10 Қазақстан республикасының Мемлекеттік туының авторы кім? Ұлттар достығы 20 Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? Заң 30 Мемлекеттегі ең басты заң? Ғарыш 30 Тұңғыш қазақ ғарышкері? Территория 40 Қазақстан Республикасының шекарасы қай елдермен шектесіп жатыр? Табиғат 20 Қай қала шахтерлер астанасы деп аталады? Астана 30 Астананың ортасын жарып, ағып жатқан өзен? Тарих 40 Бейне сұрақ Өнер10 Музыкалық сұрақ Білім 40 Шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фараби нешеге жуық тілді білген? Валюта 50 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай қалада шығарылады? Музыка 50 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының сөзін жазған кімдер кім?
II – тур «Мимика - понтомимика» Карточкаларда: 1) Жылқы 2) Щетка 3) Тарақ 4) Сөмке 5) Бүркіт 6) Кітап 7) Қалам 8) Өшіргіш 9) Мысық 10) Доп 11) Қылыш 12) Бор 13) Шар 14) Сорпа
III – тур «Бәйге» Бұл турда әр топтан бір оқушы шығып уақытқа жауап береді. Әрине уақыт біткенде сұрақта тоқтайды. Әр сұрақ 10 ұпайдан есептеледі. 1. Тұңғыш қазақ ғарышкері? 2. Тудың авторы? 3. Азияда символы болған жануар? 4. Мүйізді ірі қара жануар? 5. Ақшамыз қалай аталады? 6. Заттың атын білдіретін сөздер? 7. Қазақстанда қандай дәнді дақылдар өсіріледі? 8. Қазақстанның оңтүстік астанасы қай қала? 9. Қазақстанда өз бетімен өсетін дәрілік өсімдік? 10. Күйіс қайырмайтын ірі қара малы? 11. Теңге қай қалада шығарылады? 12. Заттың қимылын білдіретін сөз?
Ән: «Сарыжайлау» Жүргізуші: Әділ қазылар ұпай сандарын есептеп болса нәтижесін шығарайық. Қазақстан XXI ғасырға нық қадам басып, игілікті жаңғырулар жолында едәуір ілгері басты. Бүгінгі күнде барша жұртшылықтың назары ұлтаралық татулықты сақтауға, болашақты баянда етуге бағытталып жатыр. Келешектің көшбасшылары сендер болыңдар! Сау болыңдар!