kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары "Өсімдіктер тіршілік ететін орта"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары. "Өсімдіктер тіршілік ететін орта"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дүниетану пәнінен сабақ жоспары "Өсімдіктер тіршілік ететін орта"»

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер тіршілік ететін орта

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Өсімдіктердің өсіп өну жағдайларымен, құрылымының тіршілік ету ортасына қарай бейімделуін және ерекшелігін анықтап салыстыру. Балалардың көгал, өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралытүсінігін қалыптастыру.

Дамытушылығы: Әр түрлі өсімдіктердің өсіп – өну уақытын анықтауға, оларға сипаттама беру арқылы ой – өрістерін кеңейту. Өсімдік топтары мен өсу ерекшеллігін, құрылысын анықтап, қорытынды жасауға баулу, іздену қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Өсімдіктерді қорғауға баулу, көгалдарды аялауғажәне адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа, танымдық, аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тірек – сызба, баяндау, кластер.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интербелсенді тақта, слайдттар.

Пәнаралық байланыс: биология, әдебиеттік оқу, музыка.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

Әрбір адам туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің тірлік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық.



- Балалар, бізде дүниетанусабағы. Бүгін сабағымыз ерекше сабақ, себебі бізге көптеген қонақтар қатысып отыр.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгіл?

- Қазір қыс мезгілінің қай айы?

- Аптаның қай күні?

- Бақылау күнделігін ашып, бүгінгі ауа – райын белгілейік.

  1. Қызығушылығын ояту (үй тапсырмасын сұрау).

- Біз қандай тарау өтіп жатырмыз?

- Балалар, өсімдік дегеніміз не?

- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

Жарықсүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер.

қоңыраугүл

мақта күнбағыс

Жарықсүйгіш өсімдіктер



жүгері бақбақ

жолжелкен

  • Неге оларды жарық сүйгіш өсімдіктер дейміз?

  • Себебі, олар көлеңкені ұнатпайды және жылу, ылғалы мол жерде ғана өседі.



әйкен

қарғакөз қырлышөп

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер



итмұрын арша

саумалдақ қазтабан қырықбұлақ

  • Неге оларды көлеңкеге төзімді өсімдіктер дейміз?

  • Себебі, орман мен тоғайда қалың бұтақтардан жер бетіне күн сәулесі аз түседі, ағаштың көлеңкесінде өседі.





  • Неге біздер өсімдіктерді тірі организм дейміз?

  • Өсімдік тіршілігіне не қажет? (жарық, жылу, ауа, су)

  • Өсімдіктерді қандай түрлерге бөлеміз?(ағаштар, бұталар,шөптесіндер)

  • Өсімдіктер қандай жерлерде өседі?(тауда,далада,орманда,шалғында)



  1. Мағынаны тану (баяндау).

Тіршілік ортасы деп өсімдіктер өсетін жерді айтады. Тіршілік ортасы өсімдіктерге белгілі бір әсерін тигізеді. Өсімдіктер түрлі: ылғалды, қоңыржай, құрғақшылық жағдайларда өседі.

Орманда, тауда, далада, шалғында – түрлі тіршілік ортасында әртүрлі өсімдіктер өседі. Ерте көктемде шалғынды сары бақбақ жауып кетеді, сарғалдақ гүл шашады. Жіңішке сабақта оның гүлінің бес жылтыр сары күлтесі лактап қойғандай жарқырайды. Бұл гүл ылғалды, дымқыл жерді жақсы көреді. Ылғалды жерді сарғалдақтан да гөрікүнгелді көбірек ұнатады. Күнгелдінің ірі сары гүлдері қоңырауға ұқсайды.



Сары бақбақ

Сарғалдақ Ылғалды жерде өсетін өсімдіктер

Күнгелді



Көгілдір, күлгін, көк түсті қоңыраушалар жеке дара гүлдер және гүл шоқтары түрінде шалғынды ерекше сәнге бөлейді. Шалғын гүлкекіресінің бойы бір метрге дейін барады. Гүлкекіренің көк барқыт тәріздес гүлдері және алқызыл қалампыргүлдері барлық шөптердің үстінен сорайып шығып тұрады. Ақ әсел түймедаққа ұқсайды. Гүлшелері ұсақ, ал ақ күлтелері тығыз сақина құрап өседі. Беденің гүлшелері қызыл емес ақ шоғырбасқа жиналған.

Адамдар шалғынды мал жаюға пайдаланады. Шалғынның балғын шөбін шауып, кептіреді. Одан қыста үй жануарларына беретін тамаша пішін дайынлайды.

Гүлкекіре

Қалампыр

Ақ әсел Шалғында өсетін өсімдіктер

Беде

Қоңыраугүл



Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдік,

Төменге қарап жер көрдік.

Онға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

Отырайық, тұрайық,

Соқтығысып қалмайық.

Сәл демалып алған соң,

Оқуды қайта жалғайық.

Оқулықпен жұмыс. (Қылқан жапырақты, аралас, жапырақты орман).

  1. Мәтінді оқу

  2. Оқушылар оқиды

Дәптермен жұмыс. (кластер жасау).





  1. Топ



Қылқан жапырақты орманға қандай ағаштар жатады





















  1. Топ





Аралас орманға қандай ағаштар жатады

















  1. Топ



Жапырақты орманға қандай ағаштар жатады

















  • Балалар, суретте не бейнеленген? (дұрыс орман).

  • Біздің туған жерімізде орман бар ма? (бар).

  • Онда кімдер жұмыс жасайды? (орманшылар).

  • Орманшылар қандай жұмыс атқарады?

  • Орманшы болуда балалар мамандық.

  • (Жәңгірхан атындағы университетте «орман шаруашылығы» бөлімі бар. Қадешов Төлеу Темірғалиұлы – Шағатай селолық округінің бас орманшысы).







  • Біздің орманымыз қай орманға жатады?

  • Әрине жапырақты орманға.

  • Қандай ағаштарымыз бар?

  • Қайың, көктерек, қарағаш.



Электронды оқулықпен жұмыс.

Авторы: Жүңісқызы Күлжан, Маркина Марина Владиславовна

Электрондық оқу құралын дайындаған: Н. Қайранбаев









Толғаныс.

Үйге тапсырма.

Орманның адамға беретін пайдасы

Адамның орманға келтіретін зияны





Бағалау.

Жапырақтың санына байланысты балаларды бағалау.

- Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Дүниетану пәнінен сабақ жоспары "Өсімдіктер тіршілік ететін орта"

Автор: Мутиева Галия Уалиевна

Дата: 07.11.2016

Номер свидетельства: 356365

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Д?ниетану 100 с?ра? "
    ["seo_title"] => string(21) "duniietanu-100-su-rak"
    ["file_id"] => string(6) "151972"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1420793908"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Д?ние тану: К?нтізбелік жоспар"
    ["seo_title"] => string(32) "duniie-tanu-kuntizbielik-zhospar"
    ["file_id"] => string(6) "255058"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1447858746"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Бір саба? бойынша рефлексивті есеп "
    ["seo_title"] => string(39) "bir-sabak-boiynsha-rieflieksivti-iesiep"
    ["file_id"] => string(6) "229662"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1441818784"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства