kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дос болуды үйренеміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Дос болуды үйренеміз

Тыныштық сәті 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дос болуды үйренеміз»

Мектеп№49 Мерзімі:07.02.2019жыл №21 -сабақ

Тақырыбы: Дос болуды үйренеміз

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: адалдық, сенімділік, өзара жауапкершілік,қамқорлық

Сыныбы:2 «А,Б»

Мақсаты: : «дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-«дос», «достық» ұғымдарының мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;
-адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін дамыту;
-айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу

Ресурстар:

оқулық,дәптер,

үнтаспа,интер

белсенді тақта,

плакат,суреттер,мақал-мәтел

дер,қадамдар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. Суға саяхат. Алтын балық.Жаздың жайма-шуақ керемет бір күні,мен судың жағасында дем алып отырмын.Күн қапырық болып, ысып кетті. Суға секіріп түсіп, рахаттана шомылдым. Не деген керемет!Өзімді судағы балықтай еркін, жайлы сезіндім.Су астына сүңгіп тереңдей бердім. О, ғажап! Мына сұлулықты қалайша көрмегенмін. Су асты патшалығына кез болдым. Айналам сондай әсем, сұлу дүниеге толы. Өте әдемі өсімдіктер, ағаштар, көздің жауын алатын лағыл тастар, інжу маржандар. Балықтың небір әдемі түрлерін көрдім. Осынау сұлулыққа тоймай қарап тұрған кезімде, балықтардың арасынан басына тәж киген, жан-жағына жарық шашып келе жатқан «алтын балықты» байқадым.Қызығып кетіп, оны ұстап алдым. Мына кереметті қара, дәл ертегідегідей сөйлеп қоя берді: «Әй, жас өркен, мені жібер, айтқанымды істесең, үш тілегіңді орындаймын». Мен ойланып, толғанып, алтын балықты жөніне жібердім. Ішімнен үш тілегімді ойлап, су бетіне жүзе жөнелдім».Қане, бәріміз көзімізді ашамыз. Ішімізден ойлаған тілектерімізді болашағымызға ала кетейік. Тілеген тілектеріңіздің толық орындалуын шын жүректен тілеймін . 


2. Үйге тапсырманы тексеру ,

1. Дос туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №21, Ыбырай Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесін оқып келу. ,

«Шынжыр әдісімен» үй тапсырмасын сұрау

Сұрақтар:

  1. Аю неліктен әлсiз, ауру адамға тимеді?
    2. Шындығында аю оған сондай ақыл айтты ма?
    3. Ауру адамға ақылды сөзді не айтқызып тұр?
    4. Осындай қиын жағдайларда өздерің қалай әрекет етер едіңдер?

5.Қалай балалар әңгіме сіздерге ұнадыма?

Біздің бұл ертегіден ұққанымыз досыңды қиын қыстау уакытта ешқашан қалдыруға болмайды.Сондықтан бір – біріңе адал дос болыңдар.


3. Сабақтың дәйексөзі: Достықты достық шақырады.
Абай Құнанбаев

(Оқушыларға 2 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Сұрақтар:

1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Балалар достар қандай болу керек?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Өсиет- әңгіме 

Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:-Ақсақал,мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті.Қарт жігітке:-Жолдасыңды көрсет,сонан соң айтамын,-депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп,ақырында жігіттің өзін шақырыпты.Жігіт келген соң,қарт:-Шырағым,жаман жігіт емессің,-депті.-Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт.Қарт күліп:-”Жігітті жолдасына қарап бағала”  дейді халық,-депті.

-"Жігітті жолдасына қарап бағала” дегенде нені түсінесіңдер?•     

 (оқушылардың жауаптары тыңдалады)•     

 Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас,дос болады.Шын жолдас,достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады,бойына сіңіреді,олар бір-біріне өте жақын,бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді.Осындай жолдастық,достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі-адалдық.Дос екі түрге бөлінеді.Адал,амал.

Пікірлесу.Оқушылармен әңгіме.-Сенің досың бар ма?-Адал достық дегенді қалай түсінесің?-Кімдермен достасқыларың келеді?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма:

1 – топ: Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр. Таңдауларыңды түсіндіріңдер.
Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: адалдық, ортақ көзқараста болу, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау.

2 – топ: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқыңдар, өздерің де мақал-мәтел құрастырыңдар.
Адам – адамға..., жолдас, ... .
Досы жақсының, ... де жақсы.
Көп ақшаң болғанша, көп... болсын.
Дос – досқа ... .
Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың.

Ойын:«Достасу қадамдарын» жасау.


6.Жаттығу: «Жіп орамасы»

Шарты:Жіпті қолға орай отырып , әрқайсысы өзінің досы жайлы айтады.


7. Топпен ән айту. «Біз -өмірдің гүліміз» әні

Сөзі:Ә.Дүйсенбиев,Әні:Б.Ғизатов


8. Үй тапсырмасы.

1. №21 – сабақ. Төменде берілген достық ережесін оқып, өздерің толықтырып жазыңдар.
Достық ережесі
 Жолдастарыңа көмектес. Қолыңнан келетін жақсы істі оларға да үйрет.
 Жолдастарыңмен өзіңе ұнайтын заттарыңмен бӛліс.
 Егер жолдасың жаман қылық жасаса тоқтатып, дұрыс
еместігін достық ниетпен айтып, түсіндір.
 Жанжалдасудан, сөз таластырудан аулақ бол. Тату бол,мақтанып кетпе.
 Жолдасыңның жетістігіне қуан.

2. Келесі сабақ. №22, «Құм мен тас» өсиет әңгімені оқып келу.


9. Сабақтың қорытынды сәті. «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық





























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дос болуды үйренеміз

Автор: Султанова Оразкуль Турсыновна

Дата: 05.06.2019

Номер свидетельства: 513529

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Дос болуды үйренеміз"
    ["seo_title"] => string(24) "dos_boludy_uirieniemiz_4"
    ["file_id"] => string(6) "472051"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1528033030"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(134) "Өзін- өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары Тақырыбы: "Дос болуды үйренеміз""
    ["seo_title"] => string(76) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_ashyk_sabak_zhospary_tak_yryby_dos_boludy_uirieniemiz"
    ["file_id"] => string(6) "457217"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518571406"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Дос болуды үйренеміз"
    ["seo_title"] => string(24) "dos_boludy_uirieniemiz_1"
    ["file_id"] => string(6) "457581"
    ["category_seo"] => string(14) "estestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1518684300"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Екі дос. Досқа адал бол."
    ["seo_title"] => string(24) "ieki_dos_dosk_a_adal_bol"
    ["file_id"] => string(6) "472451"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1528307618"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Дос болуды үйренеміз"
    ["seo_title"] => string(24) "dos_boludy_uirieniemiz_2"
    ["file_id"] => string(6) "460407"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519970105"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства