kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін- өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары Тақырыбы: "Дос болуды үйренеміз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін өзі тану пәнінен сабақ жоспары сабақтың тақырыбы :  "Дос болуды үйренеміз"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін- өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары Тақырыбы: "Дос болуды үйренеміз"»

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебі



Бекітемін:________ Мектеп директоры: ____А.Тұңғышбаев



Ашық сабақтың тақырыбы:

















2017-2018 оқу жылы





Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

Өтеғұл ауылы

Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебінің

Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

Абуева Гулбану Егизбаевна





















Мерзімі: 12.02.2018 ж № 21. Сабақтың тақырыбы: «Дос болуды үйренеміз» Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: адалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілікке, қамқорлық Мұғалім:Абуева Гулбану Егизбаевна Сынып: 2 «ә» сынып

Сабақтың мақсаты: «дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Білімділігі: «Дос», «достық» ұғымдары мәнін, дұрыс әрекет құндылығы мен байланыстыра отырып ұғындыру;

Дамытушылығы: адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелілігі: адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал -мәтел, дәйексөз, маркер,

ақ қағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

5 «Т» ережесі

  1. Талап

  2. Тәртіп

  3. Тыныштық

  4. Татулық

  5. Тазалық

Оқушыларды топқа аттары жазылған жүрекшемен ақ, сары, көк түстер арқылы біріктіреміз.

Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып,терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

(Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Үй тапсырмасы

Суреттерді бояу.














Баяу әуен ойналады

Дәйексөз

Достықты достық шақырады.

Абай Құнанбаев

  1. Жеке оқыту;

  2. Қыз балдарға және ұл балдарға бөлек оқыту;

  3. Дәйексөз мағынасын қалай түсінесіңдер?

  4. Жұмыс дәптеріне жаздыру.



Әңгімелеу. Мұғалім сыйы

«Достық» ертегісі

Ренат Гайсин

  1. Жігіт көк құстан не сұрайды деп ойлайсыңдар?

  2. Қобдишаның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

  3. Жігіт әрі қарай қалай өмір сүрді?

  4. Жігітті кім көтеріп алды деп ойлайсыңдар?

  5. Көк құстың ағасына не болды деп ойлайсыңдар?

  6. Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?

Оқушыларға сын – тұрғысынан ойлау мүмкіндіктері

Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. Топтарды біріктіреміз.

1 тапсырма. Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде беірлген сөздер мен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр. Таңдауларыңды түсіндіріңдер.

Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: адалдық, ортақ көзқараста болу, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау.

2 тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал – мәтелдерді оқыңдар, өздерің де мақал – мәтел құрастырыңдар.

Адам – адамға ..., жолдас, ....

Досы жақсының, ... де жақсы.

Көп ақшаң болғанша, көп ... болсын.

Дос – досқа ... .

Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың.


Топпен ән айту:

Достар


Әнін жазған: Айжігіт Асанов

Сөзін жазған: Фариза Оңғарсынова

Ақ, қарамыз, сарымыз.

Тату доспыз бәріміз.

Достық жәйлі ән салып,

Шырқатайық, кәне, біз.


Жүзімізге қараңыз,

Бал – бұл жанған баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат анамыз


Күннің нұрын сүйеміз,

Қырдың гүлін сүйеміз.

Бізді ойнатып тәтелер,

Күлдіргенін сүйеміз.


Балдырғанбыз арай жүз,

Бал – бұл жанып қараймыз.

Ойыншықтар біздерде,

Көп болғанын қалаймыз.


Таласпаймыз біз бірақ,

Отырмаймыз тұнжырап.

Қуысамыз көгалда,

Жүгіреміз құлдырап.


Ән саламыз күнде біз,

Шаттық толы іргеміз.

Біз мәңгіге достармыз,

Біз мәңгіге біргеміз.



Үй тапсырмасы

«Адал достық» туралы эссе жазып келу.


Соңғы тыныштық сәті. Досыма тілек Әр оқушы өз достарына тілек жазып, жүрекшеге айналасына гүлдерді іледі. (Баяу әуен қойылады) Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады».

  • Назарларыңызға рахмет.

  • Сау болыңыздар !!!




Оқу ісінің меңгерушісі: Л.Қалиева






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Өзін- өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары Тақырыбы: "Дос болуды үйренеміз"

Автор: Абуева Гулбану Егизбаевна

Дата: 14.02.2018

Номер свидетельства: 457217


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства