1-тапсырма. о/м. 2.2.1.1.Ұжымдық. Айтылым, тыңдалым. Электронды оқулықтан «Байлық пен ақыл» ертегісінің автор сөзін тыңдату. А) «Миға шабуыл» әдісі. - Қандай ертегілерді білеміз? - Ертегілер неше топқа бөлінеді? -Біз бүгін қандай ертегі түрімен танысамыз? Ә) Электронды оқу құралынан «Байлық пен ақыл» ертегісіндегі автор сөзін тыңдату. Ертегі әрі қарай қалай жалғасын табады?(болжау ) -Ертегі қалай жалғасын табады? -Қалай ойлайсыздар? В)Мәтінді оқу. Іштей оқу. Сұрақ-жауап. -Ертегі қалай аяқталады? -Ертегі не туралы? -Ертегінің қай түріне жатады? Г) Топтық жұмыс: Оқылым, тыңдалым, айтылым (тілдік дағды) 1-топ. Рөлге бөліп оқиды. | 2-топ. Сұрақтар дайындайды.(мә тінде айтылатын бұйымдардың кімге тиісті екенін және негізгі ойды анықтау) | 3-топ нақыл сөздерді және мақал-мәтелдерді, сөз тіркестерін мәтін ішінен табады. | Дескриптор: Білім алушылар рөлге бөліп оқи алады. Оқылған мәтін бойынша сұрақ қоя біледі. Сәйкестендіру арқылы қажетті бұйымды табады. Сұраққа сай нақты жауап бере алады. Көркем сөздерді қолдана алады. ҚБ. Смайликтер тарату Сергіту сәті: «Ертегілер» 2-тапсырма. Оқылым.Айтылым Жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі 1-білім алушы: Оқылым Мәтіннен кенже ұлдың жауабын тауып оқиды. (Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбексүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім бар.) 2-білім алушы: Айтылым Кенже ұлдың байлығын айтады. -Балалар, кенже ұлдың жауабынан нені ұқтыңыздар? -Сіздерге кімнің жауабы ұнады? -Сонымен, ақылы мен байлығы сай мұрагер болу үшін қандай қасиеттер керек екен? (Топтың атының қойылуы кенже ұлдың жауабына байланысты ) Еңбек Қайрат Жігер Дескриптор: Мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқи алады. Мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтайды. Сұрақтардың толық жауабын таба алады. ҚБ:қол шапалақтау, ым-ишара әдісі 3-тапсырма. Жеке жұмыс. Жазылым Ерінбей еңбек етіп, қайрат –жігерге толы жүрегіңмен көп ақша жинадың делік. Ол ақшаны қайда жұмсар едің? Дескриптор: Білім алушы өзінің арман, мақсаттарын жаза алады. ҚБ: қол шапалақтау, бағалау түстер жасыл,қызыл,сары |