kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бірлігі жарасқан халықпыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ оқушылардың достық, татулық және бауырмалдық туралы түсініктерін кеңейтуге көмектеседі, оларды сүйіспеншілікке баулиды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бірлігі жарасқан халықпыз"»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп: Қарағанды қаласы, №82 ЖББОМ

Күні: 07.10.2016

№7

Тақырыбы: Бірлігі жарасқан халықпыз

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Бауырмалдық, достық, татулық.

Мұғалім: Оракбаева Маржан Куандыковна

Сынып: 3 «А»

Оқушылар саны: 21


Сабақтың мақсаты: оқушылардың достық, татулық пен бауырмалдық туралы түсініктерін кеңейту арқылы сүйіспеншілікке баулу.

Сабақтың міндеттері:,

1. Білімділік: татулық, бірлік туралы түсінік беру, адамдар арасындағы бауырмалдықты түсіндіру.

2. Дамытушылық: достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

3. Тәрбиелік: адамдарды құрметтеуге, оларға бауырмалдық танытуға тәрбиелеу.

Ресурстар: бейнежазба, флипчарт, шаңырақ, ленталар, әр ұлттың киімдері.


Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi (оқушыларды сабаққа дайындау, оқулық, дәптерлерін алу)

Сабақтағы жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денеңізді түзу ұстаңыз. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.


Сұрақтар:

  • Жаттығу қалай әсер етті?

  • Не сезіндіңіздер?

  • Жағымды күйге келе алдық па?


Қорытынды: Олай болса, осындай жағымды күймен бүгінгі сабағымызды бастайық.


Топқа бөлу.

Оқушыларды суреттер арқылы «Қазақ халқы», «Орыс халқы», «Өзбек халқы», «Корей халқы» топтарына бөлу. Әр топтың өкілдерін шақыру.


Ескертулер

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Сондықтан да біз ешқандай ұлтқа, нәсілге бөлінбейміз. Яғни, біздің мемлекетімізде ұлттар арасындағы достық мықты. Қане, достық туралы кім қандай өлең жолдарын біледі?


Достық

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.


Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.


Туыспыз біз бәріміз,

Біз Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.


Сұрақтар:

  • «Бірлік», «татулық» туралы не білесіңдер?

  • «Бірлігі жарасқан халықпыз» дегенді қалай түсінесіңдер?

Қорытынды: Олай болса, бірлік, татулық отбасынан басталады екен. Сондықтан әрдайым жақын адамдарымызға, достарымызға құрметпен қарап, тату-тәтті болайық.



Мәтінмен жұмыс

Жамбыл Жабаевтің «Туысқан ел» өлеңімен танысу. Әр топқа өлеңді дауыстап оқыту.


Сұрақтар:

  • Ақын не себепті әр түрлі ұлт өкілдерін «бір-бірімен туысқан» деп айтады?

  • Не үшін «Қазақстан бақытты ел» деп ойлайсыңдар?


3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз)

1. «Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады» (мақал)

Мақалдың мағынасын ашу.


Сұрақтар:

1. Бірлігі мықты ел қандай болады?

2. Елімізде бірлік болу үшін не істеу керек?


Оқушыларға жаттату (2-3 оқушыдан сұрау, хормен айту)


4. Мұғалімнің сыйы.

Оқушыларға Омар Хайямның «Бірлік, татулық» туралы бейнежазбасын көрсету.


Сұрақтар:

  • Бейнежазбадан не байқадыңдар?

  • Бірлік ұлтқа, нәсілге, дінге бөліне ме?


Қорытынды: Олай болса, тек адамдардың арасында ғана бірлік болмайды. Кішкентай жәндіктердің өзінен бірлікті, ынтымақты үйренуге болады екен.


5. Шығармашылық жұмыс.

1. «Адасқан сөздер» ойыны.

Ойын барысы: әр топқа сөздері шашылған мақалдар беріледі. Оқушылар сөздерді дұрыс орналастыру арқылы мақалды құрастырады.

2. Дәптермен жұмыс. «Менің елім бақытты» тақырыбына әңгіме жазу.


Қорытынды: Балалар, шын мәнінде, біз бақытты елде өмір сүріп жатырмыз. Өйткені біздің аспанымыз ашық әрі еліміз тыныш. Сондықтан да бірлік пен татулықтың арқасында осы бақытты сақтап қалайық.


6. Топпен ән айту.

(Шаңыраққа оқушылар лента байлайды, шеңберге тұрып ән айтады)

Әрқашан күн сөнбесін


  1. Күн әдемі, көк әлемі,

Бұл суреті жас баланың.

Ақ қағазға салған өзі

Жазылған бар сөзі.


Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын анам,

Болайық біз де аман!


Сұрақтар:

  • Әннің мазмұны не жайлы?

  • Тыныштықты қалай сақтап қалуға болады?


Қорытынды: Ендеше, бір-бірімізбен тату болып, бауырмалдық таныту арқылы сүйіспеншілікке қол жеткізейік.


7. Үй тапсырмасы.

Дәптердегі ашық хатқа өздеріне ұнайтын бір ұлттың дәстүрін жазу.


8. Сабақтың қорытынды сәті. (Баяу әуен қою)

Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз.

Бүгінгі өткен сабағымызды ой елегінен өткізейік. Тек жақсы нәрселер ойлауға тырысыңдар. Сабақта айтылған құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік: сүйіспеншілік, бауырмалдық, достық, татулық. Ендеше, Отанымыз тыныш болсын, бірлік-береке кетпесін. Енді жай-жайлап көздеріңді ашсаңдар болады.


Рефлексия







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Бірлігі жарасқан халықпыз"

Автор: Оракбаева Маржан Куандыковна

Дата: 01.11.2016

Номер свидетельства: 354304

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Саба? жоспары:?зін-?зі тану п?ні"Бірлігі жарас?ан халы?пыз.""
    ["seo_title"] => string(53) "sabakzhosparyozinozitanupnibirlighizharaskankhalykpyz"
    ["file_id"] => string(6) "331651"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464694865"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Бірлігі жарасқан халықпыз."
    ["seo_title"] => string(32) "birlighi_zharask_an_khalyk_pyz_3"
    ["file_id"] => string(6) "414740"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494577380"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "«Бірлігі жарас?ан халы?пыз»"
    ["seo_title"] => string(27) "birlighizharaskankhalykpyz1"
    ["file_id"] => string(6) "331084"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1464528790"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Бірлігі жарасқан халықпыз"
    ["seo_title"] => string(32) "birlighi_zharask_an_khalyk_pyz_2"
    ["file_id"] => string(6) "388719"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486408527"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Ашы? т?рбие са?атыны? та?ырыбы:  «Ынтыма?ы жарас?ан халы?пыз» "
    ["seo_title"] => string(66) "ashyk-t-rbiie-sag-atynyn-tak-yryby-yntymag-y-zharask-an-khalyk-pyz"
    ["file_id"] => string(6) "214111"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432213410"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства