Білу Нағыз дос сен қателік жіберген кезде жаныңнан табылады. Ал сен дұрыс жүрсең,бәрі сенімен бірге Марк Твен Қанатты сөздер мақал-мәтелдерге ұқсас. Ол терең ойға құрылған көлемі шағын нақыл сөздерге жатады. Көбінесе қанатты сөздердің авторы болады. Кестені толтыру. Дәптермен жұмыс. Жанры | Ұқсастығы | Айырмашылығы | Мақал- мәтелдер | | | Қанатты сөздер | | | 1-тапсырма Марк Твен «Батылдық» мәтінін «Бағытталған оқу» әдісі арқылы оқу. Мәтінннің бір бөлігін оқығанна кейін оқиға қалай жалғасады деп оқушылардан сұраңыз. Оқушылар өз ойын білдіргеннен кейін келесі бөлігін оқып, жасаған болжамдарымен салыстыру. Осылайша мәтінді тұтас оқиды. Мәтін бойынша сұрақтар қойылады. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі. -Сабақ кезінде сыныптағы оқушылар неге тып- тыныш отыр деп ойлайсыңдар? -Том неге Доббис мырзаның әр қимылын бақылап отырды? -Мұғалім неліктен ашуланды? Себебін мысалмен дәлелде. -Том Беккиді неге құтқарғысы келді? -Том неліктен мойындады? -Сенің ойынша Томның жасаған әрекеті дұрыс па? Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Топтық жұмыс 1-топ: Мәтінді тізбектей оқу 2-топ: 5 жолды өлең 3-топ: Рөлге бөліп оқу 4-топ: Постер қорғау (Дос қандай болу керек?) ҚБ «Бір- бірін бағалау» Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды 2-тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Кейіпкердің іс-әрекеті неге өзгергенін мәтінге сүйеніп түсіндір. Беккидің іс-әрекетіне деген Томның бастапқы ойы қандай еді? Ол неліктен пікірін өзгертті деп ойлайсың? Томның іс-әрекетіне баға бер. Саралау:Кейіпкердің іс-әрекеті неге өзгергенін мәтінен тауып, түртіп алады және өзгерген себептерін талқылап ортада түсіндіреді 3-тапсырма (Ө;ЖЖ) Суреттерді қолданып, мәтіндегі оқиғаны әңгімелеп айт. Саралау: тапсырма бойынша саралау жасалады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады. ҚБ оқушылардың бірін – бірі бағалауы. 4-тапсырма (Ө;Т) Мәтін әрі қарай қалай жалғасты деп ойлайсың? Доббис мырза не істеуі мүмкін? Том не істейді? Оқушылар өздерінің ойларын ортаға салады. Оқиға қосып мәтінді жалғастырып жазады. Саралау: тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады. Суреттегі кейіпкерлер қайткенде достаса алады? |