Тақырыбы: «Физикадан КТК»
Сыныптан тыс шараның мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың физикадан алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, қайталау, физикалық білім – біліктерін ортаға салу арқылы, басқа ғылымдармен байланысын ашу арқылы, физиканың тағы бір сыры – ойын түрінде сахнадағы физиканы ашу арқылы физикадан кім жүйрік екенін анықтау;
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау, есте сақтау, теория мен практиканы ұштастыра білу қабілеттерін физикалық дүниетанымдарын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, топтық, жеке, жұптық жұмыстар жасауға, бәсекеге қабілетті, өз ойларын еркін жеткізе алатын, физиканы жетік меңгере алатын жан – жақты құзіретті өскелең ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, шарлар
Сайыс жоспары:
- Командалар сәлемі, ұраны, әні.
- Сергіту (командаларға логикалық сұрақтар, ғалымдардың портреттері бойынша сұрақтар және қалжың есептер қойылады)
- Айтыс
- «5 жаңалық»+(Физикадан 5 жаңалық айта отырып, физиканы жырға қосып аяқтайды 3-4мин)
- Физика – әзіл әлемінде (әр топ «әзілің жарасса атаңмен ойна» қағидасымен физикалық заңдылық, термин, формулаларды пайдаланып әзіл өнер көрсетеді 3-4мин)
Қорытындылау, марапаттау
Сайыс барысы:
І жүргізуші: Кеш жарық, құрбыларым
Бәріңнен аманшылық жөн сұрадым
Физика кешінің дәл төріңде
Шабытты айтыскердей сөз құрадым
ІІ жүргізуші: Оу, халайық, алдарыңа кез боп қалдық
Аманшылық сұрасам болмас айып
Құрбым- ау, құтты болсын
Бүгінгі КТК-мыз сәтті болсын.
І жүргізуші: Дүниедегі құбылыстың мәні де,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Физика – дүниенің кілті бүгінде.
ІІ жүргізуші: Айдан хабар алғызған,
Зәулім үйді салғызған,
Теңіз суын каналмен
Шөл далаға барғызған.
І жүргізуші: Табиғат сырын аштырған,
Токпен қазан астырған,
Миллион гектар астықты
Комбайнмен бастырған.
ІІ жүргізуші: : Шындықты алғаш таратқан.
Жыл – күніңді санатқан,
Тауып ғажап жаналық,
Жоқтан барды жаратқан.
І жүргізуші: Білмегенді білдірген,
Өлшеп киім кигізген,
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген.
ІІ жүргізуші: : Физика – табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой,
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан қалмайды екен тіріде ол.
І жүргізуші: Сондықтан табиғаттың сыры терең
Деушіге оқып, зерттеп, білем, көрем.
Демесең болсын егер еңбегің еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем!
ІІ жүргізуші: : Осылайша физика дараланды
Қадір – қасиет айтылды сараланды
Баршаңызда достар – ау қош келіпсіз
Бірге: Осынау «Физикадан КТК» сайысына.
І жүргізуші: Кешіміздің бағдарламасында
ІІ жүргізуші: : Командалар сәлемі, ұраны, әні.
І жүргізуші: Сергіту сәті(командаларға логикалық сұрақтар, ғалымдардың портреттері бойынша сұрақтар және қалжың есептер қойылады)
ІІ жүргізуші: : Айтыс
І жүргізуші: «5 жаңалық»+(Физикадан 5 жаңалық айта отырып, физиканы жырға қосып аяқтайды 3-4мин)
ІІ жүргізуші: : Физика – әзіл әлемінде (әр топ «әзілің жарасса атаңмен ойна» қағидасымен физикалық заңдылық, термин, формулаларды пайдаланып әзіл өнер көрсетеді 3-4мин)
ІІ жүргізуші: : Құрметті көрермен қауым, алдарыңызға көңілді тапқырлар клубының «Қуат» командасын шақырамыз.
І жүргізуші: Көңілді тапқырлар клубының келесі командасы«Жас физиктер» командасын қарсы алайық.
ІІ жүргізуші: : Көңілді тапқырлар клубының келесі командасы«Алғырлар» командасын қарсы алайық.
І жүргізуші: Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көресіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер – деп, әділқазы алқаларымен танысайық.
- Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жазира Канатбекқызы
- Сапаргалиева Гульмира Советхановна
- Оразгуль Габбасовна
Қазылар әр сайыстын бөлімінен кейін баға беріп отырсаңыздар. Ең жоғарғы ұпай 5 балл.
ІІ жүргізуші: : Ғылым сырын ұғына,
Шығып әзіл шыңына.
Қаныңыздар сусындап,
Физиканың сырына.
Соныменен бүгінгі,
Сайысқа қатысушы топтарға,
Биіктерге самға!
Біз айтамыз сіздерге,
Тек қана алға!
- рахмет! (оқушылар хормен жауап береді)
І жүргізуші: 1 – кезеңге жол берейік. Таныстыру (әр топ өздерінің топтарын физикамен байланыстырып таныстырады 2-3мин
1-ші топ «Қуат» тобына сөз берейік.
ІІ жүргізуші: : 2-ші топ «Жас физиктер» таныстыруын тамашалайық
І жүргізуші: 3-ші топ «Алғырлар» тобымен танысайық
ІІ жүргізуші: : 1 – кезеңге жол берейік
Топтардың бағаларын сұраймыз әділ қазы мүшелерінен
(Әр топтың бағаларын оқып айтып шығу)
І жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Сергіту» бөлімі.
ІІ жүргізуші: : Үш команданыда ортаға шақырсақ. Қазір әр командаға кезекпен сұрақтар қойылады. Топпен ақылдасып 10 секунд ішінде неше сұраққа жауап бере алады. Әр жұрыс жауап 1 ұпайдан бағаланады.
І жүргізуші: Онда топтарға сәттілік тілейміз.
«Алғырлар» тобының сұрақтары
- Қандай жолмен еш уақытта адамдар жүрмейді?
- Ең жақын жұлдыз. (Күн)
- Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама. (температура)
- Затты 500-600 есе үлкейтуге көмектесетін құрал (микроскоп)
- Көзбен көресің, бірақ қолмен ұстай аламайсың. Ол не? (көлеңке)
- Жер қай уақытта тез қозғалады: күндіз бе әлде түнде ме? (Бірдей)
- Кім барлық тілде сөйлейді? (Жаңғырық)
- Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі. (Лайка).
- Қиярды тұздау қандай құбылысқа негізделген. (Диффузия)
10)Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ)
ІІ жүргізуші: : «Жас физиктер» команданың сұрақтары
- Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)
- Екі жұмыртқа біреуі піскен, екіншісі шикі қалай ажыратамыз? (Айналдыру арқылы)
- Жылу алу үшін жағатын зат. (отын)
- Су астында жүзу құралы (аквалант)
- Қаранғы бөлмеде май шам және керосин лампасы тұр. Қайсысын бірінші жағу қажет. (сіріңке)
- Теңізде қандай тас жоқ. (құрғақ)
- Күрделі түс қандай түс? (ақ)
- Линзаның түрлері – (Жинағыш және шашыратқыш)
- Ай Жердің көлеңке аймағына енгенде байқалатын құбылыс. (Айдың тұтылуы)
- Ең алғаш радионы ойлап тапқан – (Попов)
І жүргізуші: «Қуат» команданың сұрақтары
- Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. (Әл-Фараби).
- Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (Алма).
- Ақ жарық призмадан өткенде неше түске жіктеледі? (7).
- Тастардың «патшасы» қай зат? (Алмаз)
- Қандай ыдысқа су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)
- Тоқ күшінің өлшем бірлігі. (Ампер)
- Радионың атасы: (Александр Сергеевич Попов).
- Судың қатты күйі. (мұз)
- Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (Уақыт)
- Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады. Қар мен мұз күйінде)
Қорытындыны есту үшін сөз кезегі қазылар алқасында
ІІ жүргізуші: :Ақынжанды болмаған
Физикте бола алмас
Жақсы шумақ тумаса
Айтыс мәні бола алмас – дегендей кезекті айтысқа береміз. Қазір 3 командаға ортақ тапсырма беріледі. Сіздер 1 минут ішінде ұйқас құрастырып жауап бересіздер.
1. Қозғап-қозғап Броундық бөлшекті
Қызық-қызық құбылысты микроскоппен көрсетті...
2. Кейде «Қысым» басым түсіп басқадан
Жүрегіңді қысып-қысып тастаған...
3. Ньютонда алмасымен ардақты
Тартылысты ашу үшін талай қызық жасалды...
4.Қай жүйрік Архимедті басып озған?
Жалынды патриот,батыр-бабам.
ІІ жүргізуші: : Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық.
Физика – құрметтеуге лайық,
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Физикаңыз – дүние кілті әлі де. – деп сайысымыздың келесі кезеңі «5 жаңалық»+(Физикадан 5 жаңалық айта отырып, физиканы жырға қосып аяқтайды 3-4мин)
І жүргізуші: Қалжыңдалық, қатты ойналық,
Күлгенді де, ілгенді де қоймалық.
Қай – қай кезде айту үшін жаралған,
Бірақ соны айту керек ойланып. – деп сайысымыздың соңғы бөлімі «Физика –әзіл әлемінде»
ІІ жүргізуші: : Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау – дей отырып бүгінгі кештің қорытындысын шығару үшін әділқазыларға сөз берсек.
І жүргізуші: Ең бастысы, орын емес жарыста,
Терең біліv, жеңу шарты сайыста.
Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз,
Өмірде де жетерсің хақ, табысқа.
Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!