kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

4 сынып дүниетану сабағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл менің дүниетану сабағы бойынша күнделікті сабақ жоспарым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«4 сынып дүниетану сабағы»

Күні: 24.12.2015 Сыныбы: 4 Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты: Шөл өсімдіктері мен жануарлары жайлы түсіндіру. Теориялық ойлауын, сөздік қорын, табиғат құбылыстарының ұқсас болатыны, ерекшелігі туралы ойын дамыту.
Табиғатқа жанашыр, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Білімді тексеру кезеңі:
1. Сұрақтарға жауап алу.
- Шалғынды аймақ пен далалы жердің өсімдіктері мен жануарлары тіршілігіндегі ұқсастық пен айырмашылық туралы не айта аласыңдар?
- Бөдене тіршілігі мен суыр тіршілігі жайлы не білеміз?
Оларды қорғаудың қандай маңызы бар?
ІІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Шөл өсімдіктері мен жануарлары.

ІV: Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе: шөл дала дегенде көз алдарыңа қандай дала елестейді? Шөл даланың өсімдіктері, жануарлары туралы не білесіңдер? Осы сұрақтарға жауап алғаннан жаңа сабақты түсіндіру.
Шөл — суға тапшы аймақ. Оның ауасы, топырағы құрғақ, өсімдіктері селдір, сирек болып келеді. Шөл — құмды, сортаңды, сазды, тақыр, тастақты шөлдерге ажыратылады.
Құмды шөлдер жазықты жерлердің борпылдақ тау жыныстарының үстінде қалыптасады.
Құмды шөлдерді өсімдіктер тоқтатып, бекітеді. Олар селеубояу, құм қияғы, жүзгін, домалақ кірпіге ұқсас құмаршық, ақсексеуіл. Теңіз табанды жазықтардың топырағы сазды келеді.
Өсімдіктері нашар дамыған. Тақыр шөлдерге өзендердің ескі атырауындағы жерлер жатады. оның жиектерінде ғана әрегідік өскен күйреуіктер мен жыңғылдар көзге түседі. Олардың тұқымдары мен жемістерін тақырға жел айдап әкеледі. Олар көктемде өніп шыққанымен, өз дамуын аяқтай алмай қурап кетеді. Сортаңды шөлді жердің топырағы тұзды келеді. Мұндағы су топырақ бетіне жақын жатады. Үнемі буланып, жер бетіне тұз ала шығады. Тұз қабатында күйреуіктер өседі. Жер бетіне тастары шығып жататын шөлді тастақты шөл дейді. Әр жерде тікенек бұталар кездеседі. Тақырлар – адамның жауапсыздығынан пайда болған шөлдер. Ол --- шөбін мал отап, таптап, әбден тақырлап тастаған, бұталары тамырымен қопарылып, сындырылып жойылған тақырлар. Мұндай жерлерді қалпына келтіруге болады. Ол үшін көп адам көп жұмыс жүргізуі керек.
Суы мен азығы тапшы, жазы ыстық, қысы суық, тіршілікке шөлді жерлерді мекендейтін жануарлар осындай қатал жағдайларға түрліше бейімделеді
Қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, құлақты кірпі, қосаяқ, тасбақа, сұр келес, сарышаян сияқты жануарлар шөлде өмір сүреді.
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.. Шөл өсімдіктері мен жануарларын жазу.
Селеубояу, ақсексеуіл, жүзгін, құм қияғы, кермек, құмаршық - өсімдіктері.
Сарышаян, қосаяқ, қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, сексеуіл жорға торғайы, құлақты кірпі, тасбақа, сұр келес, тышқан, жылан - жануарлары.
Венн диаграммасы:
Топтық жұмыс:
1 - топ: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.
2 - топ: Дала өсімдіктері мен жануарлары.
3 - топ: Шөл өсімдіктері мен жануарлары.
5 - жол өлең: Ақбөкен.
VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Шөл туралы суреттерді көрсетіп отырып, оқушыларға әңгімелету..
VІІ. Бекіту кезеңі:
1. Шөлді жерді мекендейтін жануар
2. Дала өсімдігін ата.
3. Улы өсімдікті белгіле.
4. Қайсысы артық?
5. Күріш қай облыста өсіріледі?
IX. Үйге тапсырма беру кезеңі: 82 - 86 - беттерді оқу, мазмұны. Шөл дала өсімдіктері мен жануарлары туралы мәлімет жинақтау.

Күні: 19/12-2015 ; Пән атауы: Дүниетану 

ТақырыбыШалғынды қорғау.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі:

оқушыларға қоршаған ортаның ластану себептері, ластағыш заттардың шығу көздері туралы, Қазақстан табиғатын қорғау бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы түсінік беру.

2.Дамытушылығы:

тірек сызбаны пайдаланып СО2-нің табиғаттағы айналымы, ластаушы заттар туралы, Қазақстан қорықтары туралы мәлімет беру.

3.Тәрбиелігі:

қоршаған ортаның ластануының адам денсаулығына, жануарларға, өсімдіктерге әсерін түсіндіре отырып, оқушыларға экологиялық тәрбие беру.

Көрнекілігі:Қазақстанның физикалық картасы, тірек-сызба.

Түрі: жаңа білім беру.

Әдістері: сұрақ-жауап, салыстырмалы әдіс, дамыта мәселелеп оқыту.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

 Психологиялық дайындық.

Оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару.     

ІІ.Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Шалғынды қорғау.

II.Жаңа сабақты түсіндіру.

 Дала – ормансыз жазық алқап. Қазақстанның солтүстік бөлігін негізінен далалы аймақ құрайды. Далалы аймақ 7 облыс жерін алып жатыр, яғни Қазақстан жерінің 30% - ға жуығы.
V Картамен жұмыс.
Олар: Орал, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Астана, Қарағанды.
Қазіргі кездегі жіктеу бойынша далалы аймақты 3 аймақ астына бөледі:
1) топырақтың түріне қарай
2) климаттық құрғақтығына
3) өсімдіктердің түріне қарай.
Далалы аймағында Наурызым және Қорғалжын қорықтары бар, олар Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтауда үлкен рөл атқарады. 
Даланың бірнеше түрі бар:

Шалғынды дала Қуаң дала Егістік

Қуаң дала – жылудың көбеюімен, жауын – шашынның азаюымен ерекшеленеді. 
Қуаң даланың көрікті кезі – көктем. Топырағы көктемгі қар суымен ылғалданып, шөбі көк – майса болып, көз тартады. 
VІІ Далалы аймақтың ауа- райы туралы мағлұмат. 
Далалы аймақ үшін ауа рай қатаң, қысы суық, ұзақ, аяз, қардың қалыңдығы 20см болып, 140-160 күн жатады. 
Жазы керісінше ыстық, құрғақ болады. 
Оқулықпен жұмыс. 
Қосаяқ ,Саршұнақ ,Қаражусан,Көкпек ,Теріскен ,Боз бетеге ,Жусан, Қазжуа, Ботакө,Мыңжапырақ .

Бозторғай – жыл құсы. Торғайлар тобына жататын сайрағыш құстар тұқымдасы. Жылына екі рет жұмыртқалайды. 
Бүркіт – қырандар туысына жататын ірі жыртқыш құс. Бүркітті қолға үйретіп, баптап, саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ертеден келе жатқан өнері.
Дала тасбақасы – қазіргі кезде көбіне орта азиялық тасбақа деп атайды. Қауіпті жағдайда басы мен аяқтарын жинап тығылатын сүйекті сауыты болады, ол төрт аяқты жыртқыштардан берік қорғайды.
III. Жаңа сабақтан алған білімдерін пысықтау: 

Дала өсімдіктері мен жануарларының атауын тақтаға жазу. Қызыл кітапқа енген дала өсімдіктері мен жануарларын қызыл түспен белгілеу. Қосымша дала өсімдіктері мен жануарларының тізімі.
Х «Басқатырғы» (жұппен жұмыс)
Дөңгелектің ішіндегі шашылған әріптерді теріп алып, жүйелеп орналастырсаңдар өсімдіктің маңызы туралы сөйлем шығады. 

IV. Тақырыпты бекіту.

І Балалар осының ішінде сендерге даланың қай түрі таныс? 
- Шалғынды дала.
- Қайдан оқып білдік?
- Шалғын деген не?
- Шалғын өсімдіктерін ата.
- Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер өседі?
- Шалғынды қорғаудың қандай жолын білесің?
- Өте жақсы.

V. Қорытындылау, бағалау.

VI. Үйге тапсырма:

Күні: 12/12-2015 ; Пән атауы: Дүниетану 

Тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты:

Білімділік: .Шалғын  өсімдіктері мен жануарлары, пайдасы, оларды  қорғау туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін , тіл байлығын, шалғын туралы ойын дамыту.

Тәрбиелік:  Табиғатқа жанашыр болуға, оны қорғауға тәрбиелеу.  

Сабақ типі: жаңа сабақ.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, презентациялау.

Көрнекілігі: «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары» слайдтар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару.     

ІІ.Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

 Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.

ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

  1. Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары жайында қысқаша  түсінік беру.

Жазықтарды далалық өңір немесе дала деп атайды. Ал таулары көп аймақтар таулы өлке деп деп аталады. Еліміздің барлық жерінде өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етеді. Әр өңірдің өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары бар.

  Олардың табиғат жағдайлары: топырағы, ауа райы бірқалыпты емес; жыл бойы  түсетін жауын- шашын мөлшері  де әртүрлі; тіпті жыл маусымдарының басталуы мен аяқталуында да айырмашылықтар бар.

   Қандай жерде, қандай үлескілерде таралса да тірі ағзалар өзара  және өлі табиғатпен бірлескенде ғана тіршілік ете алады. Осындай бірлестікті табиғи бірлестік деп атайды.

  1. Шалғын өсімдіктері мен жануарлары  туралы түсіндіру.

Шалғын—еліміздің табиғи байлығы. Шөптекті өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді –көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін –шалғын дейді.Шалғындағы шөп жаздың басы мен ортасында  жұмсақ болады. Пішен шабу осы кезеңде басталады. Пішен дайындайтын шалғынды  шабындық дейді. Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Олар- уқорғасын,сарғалдақ. Шалғында бунақденелілер көп болады. Алуан түрлі қоңыздар, шекшектер, түкті аралар да қаптап жүреді. Бозторғай, бөдене, бөктергі, бүркіт  сияқты құстар, саршұнақ, көртышқан сияқты  жануарлар да аз емес.

  1. Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту.

  2. Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу, осы  күнгі ауа райын шартты белгімен белгілеу.  Улы өсімдіктерді  теріп  жазу.

  3. Сергіту сәті. 

V.  Бекіту кезеңі:

1. Оқулықпен жұмыс: оқушыларға  мәтінді тізбектей дауыстап оқыту.

2. Сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс:

  • Шалғын деген не?

  • Көгал деген ше?

  • Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер бар?

  • Шалғынды аман сақтап қалу үшін не істеу керек?

  • Пішенді қай кезде даярлау керек?

VІ. Қорытынды:

  1. Үйге тапсырма беру кезеңі:  «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары» мәтінін  оқу, мазмұнын айтуға дайындалу.   Сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс жасау.

  2. Бағалау /Оқушылардың жауаптарына талдау жасай отырып/.

Күні: 10/12-2015 ; Пән атауы: Дүниетану 

Тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Мақсаты:
1. Ауаның адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
2. Дүние танымын, ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3.Салауатты өмір салтына, табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс

Көрнекілігі: «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары» слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ауа деген не?
- Ауаны құрамындағы қоспаларды ата?
- Орманды жерде оттегі неге көп?
- Ауа қабаты дегенді қалай түсінесің?
- Метеориттер деген не?
- Жердің қорғанышы деген не?
- Ауа райы дегеніміз не?
- Климат деген не?
- Қазақстан жеріне не себепті жауын- шашын аз түседі.
2. Халық ауа – райын қалай болжаған?
Жобаны 3 топтан 3 оқушы қорғайды. (Слайд көрсету).
ІІІ. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Оқулық бойынша түсіндіру.
Табиғатта заттар арасында белгілі бір үйлесімділік бар. Әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды.Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады.
Өркениет пайда болғалы ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа тек табиғи жолмен ғана ластанатын. Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар , улы газдар араласады. Жел арқылы шаң,тозаңдар ұшып шығады.

Ормандар өртенгенде көп газдар ұшады. Өсімдіктер иен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газдар да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады.
Ал адамның ауаны ластауынан ірі қалаларда қала ауасы нашарлайды. Адам да ,жануар да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренген.Қоспа құрамы өзгергенде ағзаның тыныс алуы бұзылады. Ормандарда 400 жыл өмір сүретін ағаштар қалаларда 50-80 жыл ғана өмір сүреді.
Ауаны тазартудың ең тиімді жолы—көгалдандыру. Бұл іске өзің де қосыла аласың.
Бейнетаспа мен слайд көрсету.
Оқулықпен жұмыс. Бөлікке бөліп дауыстап оқыту.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Дәптермен жұмыс.
Орман ағаштарын кескеннен кейін табиғатта қандай өзгерістер болады.?
Орман ағаштарының тигізер пайдасы қандай?
Деңгейлік тапсырмалар тарату.

V. Бекіту кезеңі:
Ауа райын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? Ауа райын бақылау үшін не қажет?
Қазақстанның жеріне не себепті жауын-шашын аз түседі?
Климаттың өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?
Нені білемін? Нені үйрендім? Нені үйренгім келеді?

VІ. Қорытындылау
- Табиғи ластану мен адам әрекетінен ластанудың қандай айырмасы бар?
- Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?
Ауа тіршілік көзі. «Ауа өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса өмір де тоқтайды. Ең қымбатты, қасиетті нәрсе «Ауадай қажет» деп ауаны ерекше бағалайды.

VІІ Үйге тапсырма беру кезеңі:
68,69,70- беттерді оқу, мазмұны.
Қарағанды, Теміртау қалаларының экологиялық жағдайы.
VІІІ.Бағалау.

Күні: 05/12-2015 ; Пән атауы: Дүниетану 

Тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты:

Білімділік: .Шалғын  өсімдіктері мен жануарлары, пайдасы, оларды  қорғау туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін , тіл байлығын, шалғын туралы ойын дамыту.

Тәрбиелік:  Табиғатқа жанашыр болуға, оны қорғауға тәрбиелеу. 

Сабақ типі: жаңа сабақ.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары» слайдтар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару.     

ІІ.Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

 Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.

ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Мұғалімнің әңгімесі:

  1. Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары жайында қысқаша  түсінік беру.

Жазықтарды далалық өңір немесе дала деп атайды. Ал таулары көп аймақтар таулы өлке деп деп аталады. Еліміздің барлық жерінде өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етеді. Әр өңірдің өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары бар.

  Олардың табиғат жағдайлары: топырағы, ауа райы бірқалыпты емес; жыл бойы  түсетін жауын- шашын мөлшері  де әртүрлі; тіпті жыл маусымдарының басталуы мен аяқталуында да айырмашылықтар бар.

   Қандай жерде, қандай үлескілерде таралса да тірі ағзалар өзара  және өлі табиғатпен бірлескенде ғана тіршілік ете алады. Осындай бірлестікті табиғи бірлестік деп атайды.

  1. Шалғын өсімдіктері мен жануарлары  туралы түсіндіру.

Шалғын—еліміздің табиғи байлығы. Шөптекті өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді –көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін –шалғын дейді.Шалғындағы шөп жаздың басы мен ортасында  жұмсақ болады. Пішен шабу осы кезеңде басталады. Пішен дайындайтын шалғынды  шабындық дейді. Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Олар- уқорғасын,сарғалдақ. Шалғында бунақденелілер көп болады. Алуан түрлі қоңыздар, шекшектер, түкті аралар да қаптап жүреді. Бозторғай, бөдене, бөктергі, бүркіт  сияқты құстар, саршұнақ, көртышқан сияқты  жануарлар да аз емес.

  1. Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту.

  2. Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу, осы  күнгі ауа райын шартты белгімен белгілеу.  Улы өсімдіктерді  теріп  жазу.

V.  Бекіту кезеңі:

1. Оқулықпен жұмыс: оқушыларға  мәтінді тізбектей дауыстап оқыту.

2. Сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс:

  • Шалғын деген не?

  • Көгал деген ше?

  • Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер бар?

  • Шалғынды аман сақтап қалу үшін не істеу керек?

  • Пішенді қай кезде даярлау керек?

VІ. Қорытынды:

  1. Үйге тапсырма беру кезеңі:  «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары» мәтінін  оқу, мазмұнын айтуға дайындалу.   Сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс жасау.

  2. Бағалау /Оқушылардың жауаптарына талдау жасай отырып/.

Күні: 03/12-2015 ; Пән атауы: Дүниетану 
сабақтың тақырыбы: Ауа райы. Климат

Мақсаты: а) Оқушыларға ауа - райы туралы мағлұмат беру. Ауа - райы мен климатты айыра білуге үйрету.
Ә) ойлай білуге, білгенінің дамытуға жетілдіру.
Б) табиғатты қорғай білуге, оны күте білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Кеспе қағаздар, жарты шарлар картасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.
- жақсы оқу керек.
- бір - бірімізбен дос болайық
- ауырмау керек
- әрқашан жақсылық болсын
- жоғары дәрежеде білім алу
- ата - анам, ұстаздарым, бәріміз аман болайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Кәне балалар «ауа қабығы» тақырыбын мәнерлеп оқып жіберейік.
- Мәнерлеп оқыту. Аяжан.
- Түсінік сұрау. Лаура. Алтынбек. Әсем
- Баспа беттерінен шолу. Мерует.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекітуге сұрақтар.
Кеспемен жұмыс.
10 50 60
40 20 30
1. Ауаның түсі қандай? түссіз, мөлдір.
2. Сені қоршап, бүкіл тіршілікке жағдай жасайтын не? ауа.
3. Ауаның қасиеті. Серпіледі, сығылады
4. Ауадай қажет дегенді қалай түсінесің?
5. Ауа мен тіршілік иелері арасында қандай байланыс
6. Метеориттер деген не?

І
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
Кеспе қағаздары бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу.
а) кіріспе сөз.
Ә) ауа - райына тоқталу.
Б) метеорологиялық станция
В) климат
Г) картамен жұмыс.
Ауа - райы дегеніміз - белгілі бір жердегі тәулік ішінде болатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайы.
Климат дегеніміз белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның төменгі қабатының тұрақты жағдайы немесе ауа - райының белгілі бір аумақтағы көп жылдық режимі.

V. Сабақты бекіту.
1. Ауа - райы деген не?
2. ауа - райын бақылау үшін не қажет?
3. неге бақылайды?
4. ауа - райының қандай құбылыстарын білеміз?
VІІ. Үйге тапсырма.
Ауа - райы. Климат. Оқып, түсінік айту.
VІІІ. Бағалау

Күні: 19/11-2015 ; Сыныбы: 4 «А» Пән атауы: Дүниетану 
сабақтың тақырыбы: Жерасты сулары.

І Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, табиғат, табиғаттағы су айналымы, су, су қасиетін еске түсіре отырып, жерасты сулары, олардың қалай пайда болатындығы туралы, сондай-ақ, құдық, бұлақ, тұма, өзен, көлдер және олардың адамға тигізер пайдасы туралы білімдерін қалыптастыру. 
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, логикасын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын, ой-өрістерінің дамуына жағдай туғызу. Логикалық ойлау, елестету, қабылдау, есте сақтау, бақылағыштық қасиеттерін дамыту. 
ІІІ Тәрбиелігі: Айнала қоршаған ортаны, табиғатты, жер бетіндегі тіршілікті сүюге, қорғауға, қамқор, әрі бауырмал болуға, білімпаз, табиғаттың қорғаушылары болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. 
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолдану, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: «Табиғаттағы су айналымы» сызбасы, карточка- сызбалар. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
3. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
ІІ. Өткен материалды еске түсіру:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. 
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау. 
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау. 
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбы: Жерасты сулары 
Жер бетіндегі ең көп таралған зат – су. Глобусқа немесе жартышарлар картасына қара. Онда Жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол – су: мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер. Судың біразы жер астына шоғырланған. 
«Суқойма» сөзіне ассоциация жасау. 
- Өзің тұратын жерде су қоймасы бар ма? 
- Әр жер мезгілінде өзендер қалай суын толықтырады?

ІV. Сергіту сәті: 
Қорбаңдаған аюдың, Теріп – теріп алайық,
Құлпынайы көп екен. Қалтамызға салайық!
V. Сабақты қорытындылау: 
Кескін картасымен жұмыс: 
- Қазақстан ең үлкен көлді тауып, оны физикалық картамен салыстыр. 
- Мәтіндегі тұма, бұлақ, жерасты сулары туралы жазылған бөліктерді белгіле. . 
- Арал теңізіне не болды? Оны құтқаруға бола ма?
- Бұлақтар туралы не білдің ?
- Жерасты сулары дегеніміз не?
VII. Үй жұмысы: 38- 39 беттегі мәтінді оқып, мәліметтер іздеп, жалпы шолу жасау. Зерттеу жұмысын толықтыру. 
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.

Күні: 08/10-2015ж Пәні: дүниетану № 17.

Тақырыбы: Жанғыш пайдалы қазбалар.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Жер бетінің өзгерудегі адам әрекеті туралы түсінік беру

  2. Тәрбиелік: Ой-өрісін, зейінін дамыту, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Ойлау дағдыларын жетілдіру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Сабаққа қажетті көрнекіліктер: суреттер, картиналар, қызыл кітап,

Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу,түгендеу.

Назарын сабаққа аудару

Мақсаты: Жанғыш пайдалы қазбалар жайында білімдерін кеңейту.

«Бір қадам артқа» әдісі

Мақсаты: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту.

Оқушылардан әріптердің өткен тақырыпқа қандай қатысы барын сұрау.

«Топ ұстанымы» еске түсіріледі.

Сыныптың білім деңгейін анықтау.

«Эстафета» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың үй тапсырмасын меңгеру деңгейлерін анықтау.

Әр топтан бір оқушы кезекпен шығып, тақтадағы кестеге түсті металлдарға сипаттама береді.

Әр топта бір «Өкіл» сайланады. Топтың басқа мүшелері көрші топтарға барып, тақырып бойынша оқығандарын тыңдайды. Топқа қайтып келіп, ой қорытады.

Жаңа тақырыпты ашып алады. Сабақтың тақырыбына байланысты оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылардың бұған дейін алған білімін қолдануға баулып, сыни ойлауларын жаттықтарады. Оқушылардың жауабын бағалайды.

Қазақстанның контурлы картасына жанғыш пайдалы қазбалардың өндіріс ошақтарын белгілейді. (52-беттегі Сармамандық жұмыстың 1-тапсырмасы)

Бағалау.

Мақсаты: оқушыларға өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалаты отырып, өзіндік «менін» көтеру.

- Топтар өздерін бағалайды;

- Басқа топтардың жұмысын бағалайды;

- Өз-өздерін бағалайды.

Кері байланыс. «Қосу, алу, қызықты»

Үйге тапсырма.

Оқулықтағы 48-52 беттер аралығын оқу, мазмұнын айтуға дайындалу.

Күні: 22/10-2015ж Пәні: дүниетану № 30.

Тақырыбы: Бақ,Даулет және Аман. Ақселеу Сейдімбек

Мақсаты:

  1. Білімділік: Ә

  2. Тәрбиелік: Ой-өрісін, зейінін дамыту, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Ойлау дағдыларын жетілдіру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: бағытталған сұрақ қою, болжам сұрақтары,РАФТ әдісі, Автор орындығы

Сабаққа қажетті құралдар: маркер, А1,А2 форматты қағаздар

Сабаққа қажетті көрнекіліктер: суреттер, картиналар, «Қазақстан қорықтары» кітабы.

3.Жаңа сабақ.

а)Сұрақ-жауап әдісі:

-Табиғатта қандай өзгерістер болып отырады?

-Неліктен?

-Ненің немесе кімнің әсерінен?

-Неліктен?

ә) Суретпен жұмыс

3 топқа суреттер тарату.

Мақсатқа жету жолдарын көрсету.

б) Мәтінмен жұмыс

Сабақтың тақырыбын баяндау. «Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі»

«Бағыттап оқу» арқылы,мәтінді бөлімдерге бөліп оқыту

Қорытындылау.

1. Сұрақ-жауап:

-Сонымен бұл мәтінді оқи отырып, қандай ой түйдіңдер?

-Ормандардың адам мен жануарлардың өмірі үшін қандай маңызы бар?

-Топырақтың құнарлылығын сақтау үшін қандай шаралар қолданады?

-Суқойма жануарлары мен өсімдіктерін қалай қорғау керек?

Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып мазмұндау.

Күні: 15/10-2015ж Пәні: дүниетану № 13.

Тақырыбы: Адам әрекетімен жер бетінің өзгеруі.

Күні: 08/10-2015ж Пәні: дүниетану № 25.

Тақырыбы: Жер беті қалай өзгерді.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Жер бетінің өзгерудегі адам әрекеті туралы түсінік беру

  2. Тәрбиелік: Ой-өрісін, зейінін дамыту, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Ойлау дағдыларын жетілдіру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Сабаққа қажетті көрнекіліктер: суреттер, картиналар, қызыл кітап,

Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу,түгендеу.Назарын сабаққа аудару
1-бөлім. «Қайталау-білім анасы»
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
«Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі» мазмұнын сұрау
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту
«Кім тапқыр?» ойыны
Шарты:Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп артында жасырынған суретті табу
1.Жер беті адамның қандай әрекетінен өзгереді?
2.Террикондар деген не?
3.Оба деген не?
4.Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады?
5.Қазақстанның жер көлемі қанша?
Суреттер: жазық,тау,өзен
2-бөлім.Білімге құштарлық
IV.Жаңа сабақ
Жер бедері дегеніміз - пішіні мен көлемі ,жаратылысы мен жасы,биіктігі жөнінен айырмашылық жасайтын жер бетінің сипаты.

Қазақстанның жер бедері жазықтар,ойпаттар,үстірттерден және қыраттар мен биік,аласа таулардан тұрады.
Қазақстанның жер бедерінің басты ерекшеліктері
1.Жер бедерінің жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында,солтүстігінде және орталығында орналасқан.
2.Биік таулы аймақтар республиканың шығыс және оңтүстік - шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды.
3.Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай бірте-бірте еңіс тартады.
4.Биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлармен және жазықтармен алмасып отырады.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді іштей,тізбектей дауыстап оқыту
«Іздеген жетер мұратқа»
Сарамандық жұмыс
Физикалық картадан жер беті қалай бейнеленгенін айту.
Ойпатты,қыратты жазықтарды қалай ажыратамыз?
Тауларды ше?
Мұздықтардың шартты белгісі қандай?
Картадан тауып көрсету.
Дәптермен жұмыс
Талғар шыңы Іле Алатауы 4973м
Мұзтау шыңы Алтай тауы 4506м
Манас шыңы Талас Алатауы 4482м
Тау жотасы-созыла орналасқан көтеріңкі жер бедері.Тау жотасының ең биік бөлігін қырқа деп атайды,мұнда шыңдар мен олардың арасындағы төмендеу бөліктер орналасады.Бірнеше тау жоталары түйісетін ауданды тау түйінділері деп атайды.Тау жоталары аралығында тауаралық аңғарлар орналасады.
Жазық деп құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын айтады.Жазықтар тегіс және төбелі деп бөлінеді.
-Жер бедері деген не болды? Ең биік тау қандай тау? -Шоқы деген не?
-Елімізде жазықтың қандай түрлері бар?
«Алатау»сөзі қандай мағына береді?
-Картадан Сарыарқаны көрсет және жер бедері қандай екенін айт.
VI. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мазмұны. 
VIІ. Бағалау

Күні: 17/10-2015ж Пәні: дүниетану № 14

Тақырыбы: Қазақстанның жер бедері.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру.

  2. Тәрбиелік: Отанын сүюге,табиғатына жанашыр болуға тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Тіл байлығын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру,ойын толық жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Сабаққа қажетті көрнекіліктер: суреттер , карта.

Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу,түгендеу.Назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
«Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі» мазмұнын сұрау

ІІІ. Өткен сабақты бекіту:
1.Жер беті адамның қандай әрекетінен өзгереді?
2.Террикондар деген не?
3.Оба деген не?
4.Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады?
5.Қазақстанның жер көлемі қанша?

ІҮ.Мақсатын қою:

Балалар бүгінгі сабағымызда Қазақстанның жер бедері туралы оқып білемз.
V.Жаңа сабақ
Қазақстан туралы жалпы мәлімет беру (кесте бойынша)
Жер көлемі 2.7млн км
Көрші елдері Солтүстік және солтүстік-батысында Ресеймен,оңтүстікте Қырғызстанмен,Өзбекстанмен.Түркменстанмен,шығыста Қытаймен шектеседі
Ең биік нүктесі (м) Хантәңірі (6995)
Ең төмен нүктесі (м) Қарақия ойысы (-132)
Табиғат зонасы Орманды дала (3%), дала (26%),шөлейт (14%),шөп (44%), биік белдеу(13%) 
Қазақстанның жер бедері
Жер бедері дегеніміз не?
Жер бедері дегеніміз - пішіні мен көлемі ,жаратылысы мен жасы,биіктігі жөнінен айырмашылық жасайтын жер бетінің сипаты.
Қазақстанның жер бедері жазықтар,ойпаттар,үстірттерден және қыраттар мен биік,аласа таулардан тұрады.
Қазақстанның жер бедерінің басты ерекшеліктері
1.Жер бедерінің жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында,солтүстігінде және орталығында орналасқан.
2.Биік таулы аймақтар республиканың шығыс және оңтүстік - шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды.
3.Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай бірте-бірте еңіс тартады.
4.Биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлармен және жазықтармен алмасып отырады.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді іштей,тізбектей дауыстап оқыту
Сарамандық жұмыс
Физикалық картадан жер беті қалай бейнеленгенін айту.
Ойпатты,қыратты жазықтарды қалай ажыратамыз?
Тауларды ше?
Мұздықтардың шартты белгісі қандай?
Картадан тауып көрсету.
Дәптермен жұмыс
Физикалық картадан тапқан таулардың атауларын жазу.
Хантәңірі шыңы Сарыжаз 6995 м
Бүкіл одақтың география қоғамына 100 жыл шыңы Меридиандық жота 6276м
Талғар шыңы Іле Алатауы 4973м
Мұзтау шыңы Алтай тауы 4506м
Манас шыңы Талас Алатауы 4482м
ҮІ. Түсінігін тексеру.
“Кім жүйрік” ойыны 
-Жер бедері деген не болды? Ең биік тау қандай тау? -Шоқы деген не?
-Елімізде жазықтың қандай түрлері бар?

ҮІІ. Бекіту
«Алатау»сөзі қандай мағына береді?
-Картадан Сарыарқаны көрсет және жер бедері қандай екенін айт.
VІІI. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мазмұндау. 
Бағалау

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
4 сынып дүниетану сабағы

Автор: Каиркулова Гльбаршин Уразовна

Дата: 20.01.2017

Номер свидетельства: 381768

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ашық сабақ 2 сынып Дүниетану"
    ["seo_title"] => string(29) "ashyk_sabak_2_synyp_dunietanu"
    ["file_id"] => string(6) "500736"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1550684123"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Шебер класс "?лттты? д?ст?р саба?та" "
    ["seo_title"] => string(39) "shiebier-klass-u-ltttyk-d-stur-sabak-ta"
    ["file_id"] => string(6) "151239"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1420652269"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(206) "«Д?НИЕТАНУ» САБА?ТАРЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНЫ? ЭКОЛОГИЯЛЫ? Т?РБИЕСІНДЕ СЫНИ ОЙЛАУ НЕГІЗДЕРІНІ? АЛАТЫН ОРНЫ"
    ["seo_title"] => string(120) "duniietanu-sabak-tarynda-bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-ekologiialyk-t-rbiiesindie-syni-oilau-niegizdierinin-alatyn-orny"
    ["file_id"] => string(6) "306307"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458107756"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "Сыныбы: 4-сынып П?ні: Д?ниетану Саба?ты? та?ырыбы: ?орытынды саба? (К?н, жер, глобус)"
    ["seo_title"] => string(70) "synyby4synyppniduniietanusabaktyntakyrybykorytyndysabakkunzhierghlobus"
    ["file_id"] => string(6) "280207"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453348704"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) ""Жануарларды? алуан т?рлілігі" 3-сынып д?ниетану"
    ["seo_title"] => string(44) "zhanuarlardynaluanturlilighi3synypduniietanu"
    ["file_id"] => string(6) "316991"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460223748"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства