kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жасыл шырша жанында"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сценарий бастауыш сыныптарда жаңа жыл мерекесін өткізуге арналған.Мерекеде түрлі кейіпкерлер қатыстырыла құрылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жасыл шырша жанында"»

Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.

Екі жүргізуші ортаға шығады.

Еркінбек: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

Айжан: Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар!

Еркінбек: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Тауық жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Айжан: Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!

Еркінбек:Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

Айжан:Дұрыс айтасың,Еркінбек, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

Еркінбек: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.

Әдемі тілектерге қол соғамыз,

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Айжан: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді мерекемізді ән шашумен бастайық.Ән «Жаңа Жыл» қабыл алыңыздар.(Азиғаттың орындауында ән)

Еркінбек:Балалар, жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз ата мен Қаршақызды ортаға шақырайық.

Айжан:Біз расымен де, осы Жаңа жыл қонақтарын ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Қаршақызды шақырып алайық.

Хормен барлығы:Аяз ата,Қаршақыз

Музыка қосылып,ортаға Аю мен Маша шығады.

Аю:Сәлеметсіңдер ме балалар.Қандай әдемі шырша.Қандай керемет мереке.

Маша:Аю мындағы шырша қандай әсем. Қой,шыршаның шамын тездетіп жағып жіберейін.

Аю:Жоқ,жоқ Маша тоқта шамды жағу үшін Аяз ата мен Қаршақыз келу керек.Оларсыз шамды жағуға болмайды.Сондықтан да олар келгенше балалармен бірге тамаша ән шырқап жіберейік.

Балалар ортаға шақырылып «Орманда туған шырша» әнін айтады.

Еркінбек:Ерасыл мен Алтынбектің орындауында ән «Жаңа Жыл»

Музыка ойналып, ортаға Қоян мен қасқыр билеп шығады.

Қасқыр қоянды қуып сахнадан шығып кетеді.

Қоян: Жасырыңдар мені, қасқыр кетті ме? Ухх балалар.Әзер қашып құтылдым ғой.

Балалар хормен :кетті, кетті.

Қоян:Балалар сендер не істеп жүрсіңдер? О,қандай тамаша.Мен де сендермен бірге жаңа жылды қарсы алайыншы.сендермен бірге қалайыншы.Қане,балалар тамаша бір би билеп жіберейік.

Айжан:2-сыныптың орындауында би



Еркінбек:1-сыныптың орындауында «Шыршаға бардық» әні

Музыка ойналып сахнаға түлкі билеп шығады.

Түлкі:Балапандарды қуалап, жегісі келеді.

Қоян:Түлкі, түлкі сен мерекені бұзба.Бұл не тәртіпсіздігің.қазір біз сенің бұл қылығыңды Аяз атаға айтамыз.Сен сыйлықсыз қаласың.

Түлкі:Кешіріңдерші мені.Кешеден бері тамақ ішпедім.Қарным қатты ашып кетті.Балалар, мен тәртіп бұзбаймын деп уәде беремін.Мерекні тамашалауға маған да рұқсат беріңдерші.

Балалармен ойын ұйымдастырылады.(Қар кесегі мен арқан тартыс)

Айжан:1-сыныптың орындауында «Балапандар биі»

Еркінбек:Аяжан мен Алтынбектің орындауында ән «Айналайын»

Еркінбек:Балалар, аяз ата мен қаршақыздың келетін уақыты жақындап қалды.Келе жатқан аяқтың дыбысы естіледі.

Айжан:Қараңдаршы, кімдер екен келе жатқан?

Музыка ойналып,ортаға мыстан кемпір кіреді.Мыстан кемпірдің сөзі.Видео көрсету.

Қыздардың орындауында үнді биі: «Мани, мани» Мыстан кемпірмен би биленеді.

Мыстан кемпір:Шаршадым.Жеңілдім.Музыканы өшіріңдер.Мен билеп болдым.Қаршақыздарыңды босатайын.(Сахнаға қаршақызды байлап кіргізеді)

Қаршақыз: Амансыңдар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдім. Жаңа жылдарың құтты болсын.Тауық жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын.Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын.Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?

Еркінбек:Аяжанның орындауында ән «Жаңа жыл»

Айжан:Алтынбектің орындауында ән «Бол жанымда»

Еркінбек:Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
Айжан:
Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді ,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен Аяз ата келеді )
Аяз ата:

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында бұғыларыма шанамды жеге салып келіп тұрмын.Біраз мерекені өткізіп, сендермен бірге болайын.Өнерлеріңді көрейін.

Еркінбек:Қыздар тобының орындауында «Джентельмен» биі

Айжан:3-сыныптың орындауында «Жаңа жыл» флешмоб биі

Еркінбек:Ерасылдың орындауында ән: «Кис,кис,чик,чик»

(Сағат тілі қаттырақ тық-тық етіп қағып кетеді сол кезде)

Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер! Жаңа жыл - жаңа бағыт, Әкелсін далама құт. Өнерлілерің көп болсын, Елде уайым жоқ болсын. Тілектерің ақ болсын, Бастарыңа бақ қонсын. Келер жылы келермін, Өнер тағы көрермін. Сыйлық әкеп сендерге, Көптен-көптен берермін. Жақсылыққа толыңдар, Тек биікке қоныңдар. Келесі жылы көргенше, Амандықта болыңдар!

Еркінбек:Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

Айжан:Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

Аяз ата Қаршақызды ертіп шығып кетеді.

Айжан: Жұлдыздың орындауында үнді биі

Еркінбек:Құрметті достар!

Айжан:Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

Еркінбек:Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін.

Айжан:Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!

Еркінбек:Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Жасыл шырша жанында"

Автор: Кадырканова Кымбат Кадыркановна

Дата: 07.01.2017

Номер свидетельства: 376254

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Жасыл шырша жанында"
    ["seo_title"] => string(25) "zhasyl_shyrsha_zhanynda_3"
    ["file_id"] => string(6) "450733"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516241386"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "«Жасыл шырша жанында» ерте?гілігі ІІ- с?билер тобы"
    ["seo_title"] => string(49) "zhasylshyrshazhanyndaiertienghilighiiisbiliertoby"
    ["file_id"] => string(6) "330466"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1464266864"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Жасыл шырша жанында"
    ["seo_title"] => string(25) "zhasyl_shyrsha_zhanynda_7"
    ["file_id"] => string(6) "624630"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1675282214"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) ""Жасыл шырша жанында" ерте?гілігі"
    ["seo_title"] => string(40) "zhasyl-shyrsha-zhanynda-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "325911"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463059827"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Жасыл шырша жанында"
    ["seo_title"] => string(25) "zhasyl_shyrsha_zhanynda_4"
    ["file_id"] => string(6) "551875"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1590742344"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства