Пәні
Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы:
Жанұя- тәрбие мектебі
Сабақтың мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
1.Жанұя туралы түсініктері кеңейеді.
2. Өз ойларын, пікірлерін айта білуге тәрбиеленеді.
Сілтеме
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар (журнал)
Сабақта қолданылатын материалдар:
АКТ слайд, суреттер
Оқыту әдістері:
топтық жұмыс
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды екі топқа орналастыру.
Бүгін біз «Жанұя-тәрбие мектебі» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан - жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер - азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу - ата - ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі. Бүгінгі сабақ сайыс түрінде өтеді.
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушымен жұмыс
Тапсырмалар
І бөлім Таныстыру. «Алтын ұя» тобы және «Берекелі отбасы» тобы.
- Алдымен топтың атын таныстырып мағлұмат береді.
ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшаңдылығын, біліктілігін аңғарамыз. Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.
І топ 1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қарашаңырак иесі кім? ( кенжеұл)
3. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
4. Үйдегі алтын адамкім? ( ана)
5. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
6. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі ( Қорқытата)
7. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14 жас)
ІІ топ 1. Тәрбие мен білімнің ордасы( мектеп)
2. 18 жасқа толмаған адам ( бала)
3. «Өзін- өзітану»бағдарламасының авторы кім? (С. Назарбаева)
4. Екі адамның бір – біріне деген адалдығы ( достық)
5. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
6. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
7. Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн)
Келесі ІІI бөлім «Болашағымыз білімді жастардың қолында» сурет салу байқауы.
Екі топ суреттерін қорғайды.
Келесі ІV бөлім «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдарберіледі. Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.
1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен досболуға ата – анаң қарсы. Сен не істейсің?
2. Көктем мезгілі. Жолдасыңсабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті. Сен не істейсің?
3. Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді көре білмейді. Сен не істейсің?
4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
Келесі бөліміміз V бөлім
«Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу. Яғни мұнда қай топ бірінші қолкөтереді, сол топ жауап береді.
1. атаныңбаласыболма,... ( халықтыңбаласы бол)
2. Ұяда не көрсең,......( ұшқандасоныілерсің)
3. Балалыүй базар,.....( баласызүйқу мазар)
4. атакөргеноқжонар,....( анакөрген тон пішер)
5. Ананыңсүті – бал,.....( баланыңтілі – бал)
6. Туғанүйдіңтүтініжылы,.(туғанананыңкүтіміжылы)
7. Анаңаауырсөзайтпа,...( артыңаауыржүкартпа)
8... – ананыңбауыреті, көзнұры. ( бала)
9. Әке – асқар тау,......( ана - шалқаркөл)
ҮІII. Қорытынды
Мұзафар Әлімбаевтың «Ата-ананың арманы » атты өлеңі оқылады.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем?
Басқалардың осындай балалары
Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен?
Ойым емес, оллаһи біздікінің
Енжарлығы елде жоқ ала бөтен.
Туа сала тұлпардың жалынтартқан
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап, маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?!
Ел қатарлы еңбек етсе-ау,
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп, мықтылар той жасаса,
Жергеқарап мен сорлы қаларма екем?.
. Үміт пен күдіктің ортасында
Ата-ананың жүрегі талады екен!