kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

(Ұранды ердің - ұрпағы қайсар)

Нажмите, чтобы узнать подробности

  (Ұранды ердің - ұрпағы қайсар)
​Сатаева Сымбат

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«(Ұранды ердің - ұрпағы қайсар)»

Бекітемін:

Тәрбие жөніндегі орынбасары: М. Мусина

Болатын күні: 6.05.2017


Тәрбие сағатының тақырыбы: 7- Мамыр Отан қорғаушылар күні

(Ұранды ердің - ұрпағы қайсар)
Тәрбие сағатының мақсаты:
А) Бейбіт еліміздің құрыш қалқаны Қарулы Күштер туралы түсінік беріп, Отан қорғау ісі ең басты міндеттері екенін ұғындыру;
Ә) Ұлттық салт – дәстүр негізінде білімін кеңейту, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру.
Б) Ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ұштау.
и\ тақта, шарлар, тақырыпқа сай суреттер, слайд.
Барысы
- Қымбатты балалар, бүгінгі өнеге сағатымыз Отан қорғаушылар күніне арналады. Тәрбие сағатымызды әнұранмен бастайық.
(Әнұран орындалады)

ЖҚҰТ: Ендігі кезекті «Жас қыран» балалар мен жас өспірімдер ұйымын қатарына алынушыларды ортаға шақырамыз.

Ант беру рәсімі орындалады.
1 - жүргізуші

Амысыздар қымбатты ұстаздар, аяулыиоқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып келген,7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймын!
2 – жүргізуші
«Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін» деп Қасым Аманжолов жырлағандай, Қазақстанның алыптығы сондай, оның аумағына Франция, Италия, Грекия, Швеция, Норвегия мен Финляндия бәрі бірдей сыйып кете алады. Осындай байтақ, бай елімізді көзінің қарашығындай сақтап қорғау – әр азаматтың парызы.
1 – жүргізуші
1992 жылы 7 – мамырда Елбасымыз «Қазақстан Қарулы Күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойды. Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 25 жыл.
Ал 1998 жылдан бастап бұл күн еліміздің күнтізбесіне Отан қорғаушылар күні ретінде тіркелді.

Мөлдір: Әрқайсысы жас пері

Бойында бар нық күші

Қазағымның әскері

Мықтылардың мықтысы



Ақбота: Арайланып ақ таң шын

Ашық болсын жолдарың

Әрбір қазақ мақтансын

Деп сендірді «Қорғаным»

Мағжан: Сыйлар деумен тынымды

Сендерге артты үмітті ел

Мейрамдарың бүгінгі

Құтты болсын жігіттер




2 – жүргізуші
Отанымызды қорғайтын ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Ел халқына шат – шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан теңіз. Әскерлеріміздің айбынын асқақтатататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсекте жарасады. Сыныбымыздың биші қыздарын шақырамыз.

Би: «Сарбаздар биі»
1 – жүргізуші.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін ақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға! –
Деп, әнші жігіттерімізді ортаға шақырамыз

ән «Алға қазақ жігіттері»

1 – жүргізуші

Біздіңтәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымызбен бейбіт тіршілігімізді міз қақпайкүзетіп тұрған, халқымыға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Көрініс: «Әскерге шақыру»



2- жүргізуші

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН САҚТАЙТЫН ЖАС ҰЛАНДАР ЖАСАСЫН!

АСПАНЫМЫЗ АШЫҚ, ЕЛІМІЗ ТЫНЫШ, ЖҰРТЫМЫЗ АМАН БОЛСЫН!




Көрініс :  «Әскерге  шақыру» .

Шалғай  ауылда өмір  сүріп  жатқан  отбасы.  Ержетіп  калган  Азаматты  әскерге  шақыру  қағазы  келді.

Пошта  қыметкері  Дархан  үйге  кіріп  келеді.

Дархан :

-«Ассалаумағалеикум»  .

Касым  атай : (Ермұрат)

-«Уағаликум салам  »  балам ,  төрге  шық .Қандай  шаруамен  жүрсін.

Дархан:( Ернұр)

-Ақсақал, Азаматқа  әскерге  шақыру  қағазын  әкелдім  дейді.

Дария  әжей: (Ақтиін)

-Жалғыз  баламды  әскерге  қалай  жіберемін. Қазір  неше  түрлі  жағдайлар  болып  жатыр .Біздін  күніміз  не  болады?  Жоқ ,  мен  жібере  алмаймын.

Касым  атай  : (Ермұрат)

-Жібере  алмаймының  не?  Азаматтық  борышы ,  өз  пікірін  тындайық.

Азамат: ( Игілік)

-Елбасымыз  Н.А.Назарбаев:

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген.

Бұл сөздерді  іштей  қайталаған сайын отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігім арта түседі. Мен елімді, жерімді қорғаймын, әскерге барғым келеді. Апа,  ата   ақ  баталарыңызды  берініздер . Мен  әскерге  барамын.

Касым  атай :  (Ермұрат)

-Бәрекелді ,  сенен  күткен  жауабым  да  осы  еді.
Қай топ білгір, білімді,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық.
2 – жүргізуші
Қой асығы демеңіз,
Қолға жақсы сақа ғой.
Жасы кіші демеңіз,
Ақылы асса аға ғой.
1 - жүргізуші
ІІ бөлім. Кім шапшаң? «Білімді мыңды жығар». Әр топ берілген сұрақтарға дұрыс және шапшаң жауап беру керек.
«Сарбаздар» тобының сұрақтары:
1. Қазақ халқының тарихында қандай батырлар өткен? (Сыпатай, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Кенесары, Есет, Қайдауыл, т. б)
2. Үш жүзді атаңыз? (ұлы, орта, кіші жүз)
3. Үш дауасызды атаңыз? ( мінез, кәрілік, ажал)
4. Бес дұшпанды атаңыз? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
5. Ұлттық ойын түрлерін атаңыз? (ақсүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, қыз қуу, бәйге)
6. Жігіттің үш жақын жұртын атаңыз? (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
7. Лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ? (прапорщик)
8. Бес қаруды атаңыз? (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)
«Қырандар» тобының сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының әскери анты қашан бекітілді? (1992)
2. Қазақ халқының тарихында қандай билер өткен? (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
3. Бес асылды атаңыз? (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым)
4. Үш арсызды атаңыз? (ұйқы, тамақ, күлкі)
5. Аттың ер – тұрмандарына нелер жатады? (жүген, желдік, ер – тоқым, құйысқан, өмілдірік, үзеңгі, аткөрпе, тартпа)
6. Төрт түліктің пірін атаңыз? ( түйе пірі – Ойсылқара, жылқы пірі – Қамбар ата, сиыр пірі – Зеңгі баба, қой пірі – Шопан ата, ешкі пірі – Сексек ата)
7. Жеті қазынаны атаңыз? (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
8. Жеті жоқты атаңыз? (жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ)
Ән: Қуанбайқызы Нұрзаданың орындауында «Ән сал, сарбаз»
2 – жүргізуші
«Ер дәулеті еңбек» дегендей, еңбек сайысын бастайық. Қай жерде болса да ұлдар түйме қадау, картоп аршуды білулері керек.
1 – жүргізуші
Спортты жанға серік қыл,
Парасат, жігер, ерік бұл!
Спорттағы мүмкіндіктерін сынауға кезек берсек. Осы бөлімде әртүрлі ойындар болады. 1. Күш сынасу; 2. Кір тасын көтеру:
2 – жүргізуші
«Еңбек – ердің санаты, білім - елдің қанаты» демекші, адам ақыл – парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата – анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
1 – жүргізуші
Қазақта жігіттерді былай деп атаған:
«Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт, «шешен жігіт» - дау шешетін жігіт, «батыр жігіт» - еліне қамқор, жауына батыл жігіт, «сері жігіт» - аттың жүйрігіне мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылған ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт.
2 – жүргізуші
«Жігітке жеті өнер де аз» дейді халқымыз. Өнерпаз болсаң өр бол! Яғни өнерлі болсаң әйгілі, талантты, мәртебең биік болсын деген ұғым бар. Жігіттеріміз әскери көңілді демалыс сәтінде өздерінің өнерлерін көрсетсін.
Ортаға «Қырандар» тобын шақырамыз
Ортаға «Сарбаздар» тобын шақырамыз
1 – жүргізуші
Егемен еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау бұл әр азаматтың қасиетті борышы екені баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш – жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны - бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап.
Енді жігіттеріміздің алғашқы әскери дайындықтарын байқап көрейік. Біз болашақ сарбазбыз! (әскери шен белгілерін ажыратып, атап айтып беру)
2 – жүргізуші
1 – оқушы
Ата – бабаларымыз қазақ даласының еркіндігі мен елінің дербестігі үшін жан аямай күресті. Еліміздің батырлары ең алдымен Отанын сүйген, арын ардақтаған.
2 – оқушы
Қазақ деген пейілі кең, бай халық,
Толды арманы егеменге айналып.
Бейбітшілік қорғанындай сенімді,
Сарбаздары сап түзеді сайланып.
Ән: Зинолла Индира мен Байтүгел Ақгүлдің орындауында «Қазақ жастары»
3 - оқушы
Батыр болған бабалары,
Ел бастаған даналары.
Байтақ жерге жау тигізбес,
Сарбаздары қазағымның.
4 – оқушы
Армиямыз айбынды,
Армиямыз қыранды!
Күзетеді ай нұрлы
Күн сәулелі Отанды.АНТ
«Мен, Қазақстан Республикасының азаматы, бүгінгі сайысқа қатыса отырып, сүйікті Отаным Қазақстанның дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы, өркениетті ел болуы үшін өз үлесімді қосып, сапалы білім аламын.
Алтын ұя мектебімді сыйлап, қастерлеймін. Мен өз Отанымның ержүрек, батыл қорғаушысы болуға салтанатты түрде ант беремін».
1 – жүргізуші
Бойларыңда от бар екен, байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен, байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
2 – жүргізуші
Достарым, түсініңдер сөздің нарқын
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын,
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз да өз мәресіне жетті. Барлығыңызға мол табыс, егемен елімізге тыныштық пен береке тілейміy








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
(Ұранды ердің - ұрпағы қайсар)

Автор: Сатаева Сымбат Насихатовна

Дата: 16.05.2017

Номер свидетельства: 415934

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(177) "«?ранды ерді? - ?рпа?ы ?айсар». 7- мамыр Отан ?ор?аушылар к?ніне арнал?ан салтанатты жиынны? сценарийі"
    ["seo_title"] => string(90) "urandyierdinurpagykaisar7mamyrotankorgaushylarkuniniearnalgansaltanattyzhiynnynstsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "329206"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463859939"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Мені? елім - ?аза?стан ""
    ["seo_title"] => string(26) "mienin-ielim-k-azak-stan-8"
    ["file_id"] => string(6) "307098"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458243824"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства