kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ранды ерді? - ?рпа?ы ?айсар». 7- мамыр Отан ?ор?аушылар к?ніне арнал?ан салтанатты жиынны? сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушылар?а Отанды с?юге, ерлік к?рсеткен батыр аталарымызды? ерлігін д?ріптеп, ?лгі т?ту?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ранды ерді? - ?рпа?ы ?айсар». 7- мамыр Отан ?ор?аушылар к?ніне арнал?ан салтанатты жиынны? сценарийі»

Тақырыбы: «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар».
Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер, мектебіміздің ұлдары! Мешін жылы да –той жылы болып, биылғы жылы біз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, Ұлы жеңістің 71- жылдығы мерекелерін тойламақшымыз.Ертең көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекелердің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі салтанатты жиынды ашуға рұқсат етіңіздер

ҚР Гимні орындалады.

Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары, ұлдар! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ендеше, осы мерке қарсаңында мектебіміздің үлгілі әрі белсенді оқушыларын «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының қатарына қабылдауға арналған рәсімді өткізу үшін ортаға аға тәлімгерлер Шамашева Венера Камидоллақызы мен Жұмағалиев Бекежан Қанатұлын шақырамыз!

«Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданушылар шақырылады.

Қырандар мен Ұландардың мойнына галстук байлап, төсбелгі тағу құрметі бүгінгі салтанатты жиынның қонақтарына және ұстаздарға беріледі.
Отанға адал, елге қайырымды болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Оқуда алда , Еңбекте табыс тілейміз – дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры, Сабиров Жасталап Кайруллиновичке береміз.

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
3- сынып оқушыларының орындауындағы «Жаса, Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Сөз кезегін Янайкин ауылдық округінің әкімі Мұғалбаев И.Ж. аудандық маслихаттың депутаты Залмуканов Т.Д. және Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл еңбеккері Утарбаев Қайрош Бектурлиновичке беріледі.

«Жеңіс күні» «День победы» әні орындалады.
1-жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына, Ұлы жеңістің 71- жылдығы, 7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесіне арналған салтанатты жиын өз мәресіне де келіп жетті.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Ержанова Гульмира Темиргалиевна

Дата: 21.05.2016

Номер свидетельства: 329206


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства