kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тіл мерейі – ел мерей"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе бөлім:

Мұғалім сөзі: Балалар, бүгін біз Қазақстан халықтарының  тілдері күні мерекесін тойлап жатырмыз.Осыған байланысты «Тіл мерейі-ел мерейі »атты тәрбие сағатына жиналып отырмыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тіл мерейі – ел мерей"»

ШҚО ББ «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ
















Қазақстан халқы тілдері күніне арналған тәрбие сағаты.


Тақырыбы:

«Тіл мерейі – ел мерей»














Өткізген: Тасынова Э.Ж.










Семей қ.

«Тіл мерейі – ел мерей»

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды өлең оқып, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу. Өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3.Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге, ат салысуға шақыру. Туған тілін сүюге, тез ойланып, жауаптарын тиянақты жеткізуге, жүйелі еркін сөйлеуге баулу, таза сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар.

Кіріспе бөлім:

Мұғалім сөзі: Балалар, бүгін біз Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесін тойлап жатырмыз.Осыған байланысты «Тіл мерейі-ел мерейі » атты тәрбие сағатына жиналып отырмыз.

Ана тілім, Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.


- Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.


Тіл деген ол– алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.


Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.


Тіл деген – адастырмас темірқазық,

Өрісі магнитінің өмірге азық.

Қадірін тілдің сұра кереңдерден,

Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.


-Балалар, 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын.Сондықтан біз ана тілімізді – халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруге пәрменді құрал болып отырған, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілін терең де тиянақты меңгеруіміз керек.

-Олай болса, балалар, тәрбие сағатымыздың тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік. Бүгінгі мерекеге жырдан шашу шашайық!

1-оқушы: «Үш бақытым» М. Мақатаев

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.


2-оқушы: Ана тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы,

Тілім өссе, мен де бірге өсемін,

Тілім өшсе , мен де бірге өшемін.

3-оқушы Туған тілім- бабам тілім- өз тілім,

Туған тілім- анам тілім- өз тілім,

Туған тілім- далам тілім- өз тілім,

Туған тілім- адам тілім- өз тілім.

4-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

5-оқушы: Ана тілің білмесең,

                 Қадірлісің кімге сен?

                 Ана тілі арқылы

                  Тарихыммен тілдесем.

6-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!

7-оқушы: Ана тілді білмесем,

Шат – шадыман күлмес ем,

Жер бетінде сайраңдап,

Қазақ болып жүрмес ем.

8-оқушы: Ана тілім-тірегім,

Ана тілім-жүрегім

Қасиетті елімнің,

Тек өзің деп білемін


9-оқушы: Ана тілім- елдігім,

Ана тілім –ерлігім

Тілді биік құрметтеп,

Тойлап жатыр ел бүгін.

Мұғалім: Тілім менің сарқылмас қазынамсың,

Бір сенімен болмыстың назы басым.

Бұл күнде тарихым сөйлейді өзің болып,

Жыр-ғұмыр боп бүгінде жазыласың.

-Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі.

Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.

- Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз.

-Салт-дәстүрдің бойындағы қаны – сол халықтың ана тілі. Ендеше, ана тілдің мерейін көтерейік, балалар!

Қызықты деректер кезеңі

-Балалар, олай болса, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар туралы мағлұматқа құлақ түріп, тіл туралы қызықты деректерді есімізде сақтап жүрейік.

(Оқушылар парақтан оқып береді)

1.Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген.

2.Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

3.А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген. 4.Жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері-Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

5.Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

6.Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.

7.Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.

8.Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1% неміс тілінен аударылады.


Шығармашылық кезең (жұппен жұмыс)

Мақал - мәтелдерді жалғастырыңдар?

Тіл жүйріктен де ..................... (озады).

Тіл жүйрік емес,..................(ой жүйрік).

Шебердің қолы ортақ,.............(Шешеннің тілі ортақ).

Басқа бәле ....................... (Тілден)

Піл көтермегенді, ................(Тіл көтереді).

Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,............ (Тілімнен сүріндірме).

Бал тамған тілден ........... да тамар. (у)

Тілдің көркі – .................... (Сөз)

Ойнап сөйлесең де, .......................... (Ойлап сөйле)

Өнер алды ......................................................(қызыл тіл)

Тіл тас жарады,...............................................(Тас жармаса, бас жарады)

Тіл қылыштан.................................................( өткір)


Мұғалім: «Тіл – ұрпақтар сабақтастығының негізі» дегендей, ана тілін құрметтейтін ұл мен қыз ана тілдерін көздерінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.

Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Өз халқын көркейтпей тұрып, өзге елді жайнатам деу бекершілік.

Өз халқының талай ғасырғы тарихын таратып айтқан өрелі ойлы, өр таланттар алдымен ана тілін ардақтап, туған тілін қадір тұтқан. Сондықтан да ,балалар, Ана тілімізді құрметтеп жүрейік!

Осымен «Тіл мерей –ел мерей » атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Тіл мерейі – ел мерей"

Автор: Тасынова Эльмира Жумабековна

Дата: 03.12.2021

Номер свидетельства: 593395

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Внеклассное мероприятие по математике "Знай меру" "
    ["seo_title"] => string(55) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-po-matiematikie-znai-mieru"
    ["file_id"] => string(6) "198741"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428442922"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "Внеклассное мероприятие по математике для 5 классов:"Старинные русские меры""
    ["seo_title"] => string(76) "vneklassnoe_meropriiatie_po_matematike_dlia_5_klassov_starinnye_russkie_mery"
    ["file_id"] => string(6) "510248"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1557848752"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(185) "ПОЛОЖЕНИЕ о порядке применения к обучающимся  и снятия с обучающихся мер дисциплинарного взыскания. "
    ["seo_title"] => string(124) "polozhieniie-o-poriadkie-primienieniia-k-obuchaiushchimsia-i-sniatiia-s-obuchaiushchikhsia-mier-distsiplinarnogho-vzyskaniia"
    ["file_id"] => string(6) "225926"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1439981562"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) "Презентация "Очень хочется узнать, как умели измерять" (старинные русские меры длины) "
    ["seo_title"] => string(93) "priezientatsiia-ochien-khochietsia-uznat-kak-umieli-izmieriat-starinnyie-russkiie-miery-dliny"
    ["file_id"] => string(6) "217841"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1433492724"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(165) "Внеклассное мероприятие по математике "Старинные русские меры в истории и речи народной". "
    ["seo_title"] => string(98) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-po-matiematikie-starinnyie-russkiie-miery-v-istorii-i-riechi-narodnoi"
    ["file_id"] => string(6) "207954"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430718124"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства