kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл білгірлері ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Тіл білгірлері" ашық сабақ. Тіл мерекесіне орай 4 сыныптармен жүргізілген ашық сабақ. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл білгірлері ашық сабақ»

Тақырыбы:Тіл білгірлері

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру.Алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;
- Туған тілдің қадірін білу, сол жолда аз еңбек, ерлік істемейтінін ұғындыру;
- Оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу;
- Көрнекілігі: Тіл туралы қанатты сөздер, мақал – мәтелдер, слайдтар.
- «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» (А. Байтұрсынов)
- «Ақыл көркі - көңіл, тілдің көркі - сөз» (Мақал)
- «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмытпау - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмытпау» (Б. Момышұлы)

Қазақстан Республикасының әнұраны айтылады.

Мұғалім: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде Қазақстан халқының «Тілдер күніне» арналған он күндігі жалғасуда. Бүгінгі 4 сыныптар арасында өтетін «Тіл білгірі» атты танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!

Ана тілі – қазақ тілі туралы тақпақтар оқылады


Бүгінгі сайысымыз мынандай кезеңдерден тұрады:

1. Таныстыру.

2. Бәйге

3. Палиглот

4. Сен білесің бе?

5. Жағдайаттан шығу. Көрініс көрсету.


Санжар: Ана тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,

Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.
 Әділ: Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,
Туған тілім - анам тілім - өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім - өз тілім.

Майра: Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!

Алихан:Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын;

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал, екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

 ...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен. 

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста,

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

Мені мұндай бақытты жаратар ма!

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

Әлима:;Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Өлең-жырмен арайланса, тау күліп,

Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.

Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,

Жалғастырып жаза берем мәңгілік.

 

Сіздердің алдарыңызда екі топтан құралған командалар олар:

«Жас қыран», «Жас ұлан»
Мұғалім: Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, сайысқа тіл туралы,
Білгірлері 4 кластың шығады.


Біздің топ: «Жас Қыран» тобы
Біздің ұранымыз: «Тіл - ұлттың жаны»
Біздің өлеңіміз: 
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Біздің топ: «Жас Ұлан»
Біздің ұранымыз: «Сүйемін туған тілді – қазақ тілін»
Біздің өлеңіміз: 
Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі,
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.
Жүргізуші: Сайыскерлеріміздің білімін, шешендік шеберліктерін, байқап бағалайтын әділ қазылар алқасымен танысыныздар.

  1. Нурхасимова Құралай Ерхасимовна 4 «Ә» сынып жетекшісі

  2. Разиева Рыстыгүл Оразгалиевна 2 «А» сынып жетекшісі

  3. Нургалиева Айнұр Советхановна 3 «А» сыныбының жетекшісі

Жүргізуші: Ойынымыздың І-туры «Бәйге». Мұнда берілген сұрақтарға тез,шапшаң жауап беру керек. Белгі картасын бірінші көтерген оқушы жауап береді, жауап дұрыс болмаса, келесі көтерген оқушы жауап береді. Сұрақтар:

І топқа.

1.Қазақстан қандай мемлекет? тәуелсіз

2.Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар? 22 наурыз, халықаралық аналар күні

3.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? 42

4.ҚР-ның мемлекеттік тілі? Қазақ тілі

5.Абайды әлемге танытқан кім? М.Әуезов

6.Қыста не жауады? қар

7.Ең сұлу құс? аққу

8.Қазақстанның туының  түсі қандай? көк

9.Күздің бірінші айын атаңдар? қыркүйек

10.Наурызда пісірілетін басты тағам? Наурыз көже


ІІ топқа.

1 Абай Құнанбайұлы кім? Ақын, жазушы, философ

2 Халық ауыз әдебиеті қалай дамыған? ауызша

3 Жүз жасаған ақын? Жамбыл Жабаев

4 Қыс айларын ата. Желтоқсан, каңтар, ақпан

5 Зере Абайға кім болады? әжесі

6 Құс патшасы. бүркіт

7 Мұхтарды әлемге танытқан кім? Абай жолы кітабы

8 .Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата. Т.Әубәкіров

9.Дыбыстар нешеге бөлінеді? Екіге дауыссыз, дауысты

10.Абайдың неше қарасөзі бар? 35


3 «ә» СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАУЫНДА «ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ» ӨЛЕҢІ

ІІ-тур. Полиглот. Бұл ойында мақал-мәтелдерде түсіп қалған сөздерді тауып, 2тілдегі баламасын айтады.

(Жұмбақтың шешуін сайыскерлер шешіп, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады)
1. Асқар тауда, қара орман. (шаш - волосы - хейа)
2. Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер. (қол - рука - )
3. Судан шығады, судан қорқады. (Тұз - соль - )
4. Жүзіне салсаң көзіңді ,көрсетеді өзіңді. (айна - зеркало - )
5. Бетін адам ашады - білім нұрын шашады. (кітап - книга - бук )

Ітоп:

1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).

2.Число-сан, кровь- ...(қан).

3.Молоко-сут, жди-… (күт).

4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).

5.Таможня- кеден, пол-...(еден).

ІІ топ:

1.Возьми- ал, мед-…(бал).

2.Рыба- балық, народ-…(халық).

3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).

4.Город- қала, ребенок- …(бала).

5.Игра-ойын, шея-…(мойын).



І топ – «Жас қыран».

1.Туған жердей жер болмас, .... (туған елдей ел болмас)

3.Досы көпті жау алмайды,.... (ақылы көпті дау алмайды)

4.Отан оттан да .... (ыстық)

5.Ер жігіт ел үшін туады,...(ел үшін өледі) .

6.Туған жердің қадірін (шетте жүрсең білесің)

ІІ топ – «Жас ұлан».

1.Отансыз адам, .... (ормансыз бұлбұл)

2.Ер елінде, .... (гүл жерінде)

3.Туған жердің күні де ыстық,.... (түні де ыстық)

4.Өзге тілдің бәрін біл,.... (өз тіліңді құрметте)

6.Туған жердің қадірін (шетте жүрсең білесің)



IV.тур «Сен білесің бе?»

Тақтада берілген алты ұяшықта сұрақтар мен тапсырмалар бар. Берілген тапсырмаларды ойланып, дұрыс жауап берейік.


5


10


15


15


10


5


Сұрақтары:

5а – Қазақтың үш биін ата.

5б – Наурыз көже қалай жасалады?

10а – «Мектеп» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

10б – «Оқушы» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

15б – Абайдың бір өлеңін жатқа айт.

15а – Бастауыштың ережесін жатқа айт.


VI- тур. Жағдаяттан шығу.Көрініс көрсету

Музыкалық үзіліс. Күй «Туған жер» 3 «А» сынып оқушысы



Қорытындылау
(Жеңімпаз топ анықталып марапатталады.)
Мұғалім: «Тіл – ата - баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру - мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің - анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көр соққыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамыздың тарихын ұмыту»,- деген Бауыржан Момышұлы атамыз.
Ана тілін құрметтеп, сүйе білейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт. Осымен бүгінгі кластан тыс шарамыз осымен аяқталды. Көріскенше күн жақсы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тіл білгірлері ашық сабақ

Автор: Агибаева Назерке Агзамкызы

Дата: 26.01.2017

Номер свидетельства: 384067

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "?аза? тілінен  "Білгірлер сайысы" "
    ["seo_title"] => string(34) "k-azak-tilinien-bilghirlier-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "193204"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427611258"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Ашық сабақ "Қазақтың зергерлік бұйымдары""
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk_sabak_k_azak_tyn_zierghierlik_bu_iymdary"
    ["file_id"] => string(6) "449199"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515647891"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Тіл дамыту п?нінен ашы? саба? "Шілдехана" "
    ["seo_title"] => string(44) "til-damytu-p-ninien-ashyk-sabak-shildiekhana"
    ["file_id"] => string(6) "222176"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1435930645"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) "Ашық сабақ "Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру""
    ["seo_title"] => string(75) "ashyk_sabak_kyskasha_kobeitu_formulalarynyn_komegimen_ornekterdi_turlendiru"
    ["file_id"] => string(6) "505108"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1553782341"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "?аза? тілі п?нінен ашы? саба? жоспары "Досты?ты ба?алай біл""
    ["seo_title"] => string(64) "k-azak-tili-p-ninien-ashyk-sabak-zhospary-dostyk-ty-bag-alai-bil"
    ["file_id"] => string(6) "294003"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455589150"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства