kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Терең,білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім -бүгінгі қоғамда адам деңгейін,тұлға биіктігін айқындауға көмектсетін құндылық. Білім алуға ұмтылыңыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Терең,білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет.»





Күні 01.09.2022ж

Тақырыбы: «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»
Мақсаты:Құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру; Құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау; Отаншылдық құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
Жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
I. Кіріспе бөлім
Жазғы демалыстан қандай әсер алдыңыз?

Алдағы жаңа оқу жылынан не күтесіз?

Негізгі бөлім
Ел президентінің ел жастарына арнаған үндеуінен үзік видео тамашалау;

2. «Терең білім, отаншылдық, еңбекқорлық құндылықтарының адам өміріндегі рөлі» (Баяндау) ;.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнежазба арқылы «AMANAT» жастар қанатының кезектен тыс VI Съезіне қатысушы делегаттарға құттықтау сөз арнап, ел жастарына арнайы үндеу жолдады.
12 шілде, 2022 жыл.

Бейнежазбадан үзінді
Білім – бүгінгі қоғамда адам деңгейін, тұлға биіктігін айқындауға көмектесетін құндылық. Өз деңгейіңізді арттырғыңыз келсе, білім алуға ұмтылыңыз. Бұл – сіздің ең дұрыс шешіміңіз.
Бүгінгі дәуірде еліміздің атағын аспандатып, құндылығын қорғау үшін біз қолдана алатын тек бір ғана қару бар. Ол – сапалы білім. Сіз мектеп пен жоғары оқу орынында өзіңіздің қолыңызда болатын қарудың сұлбасын жасайсыз. Ал қорғану үшін немесе деңгейіңді өсіру үшін ол қарудан оқ атып, білім деңгейіңді көрсету қажет болады. Сіз ататын оқ – өз бетіңізбен көңіл көкжиегіңізді дамыту мақсатында жинаған біліміңіз.
Адам өз-өзін әрдайым дамытып отыруға тиіс. Өйткені, заман күннен күнге қарыштап жылжып барады. Егер сіз бір орында тұрып қалсаңыз дәуір талабынан кейіндеп қалғаныңыз. Кейіннен көштің басын қуып жету қиынға айналып, соңғы қатарда шаң қауып қала бересіз. Ал бұл дүние адами құлдырауға әкеліп соғады.
Сондықтан, білім ал, қаныңда бар қасиетіңді көрсет!
Білім қаруыңды күн сайын «оқта»!
«Патриот – ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттері бар, халқының дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам».
Қазақстандық патриотизм – бүкіл қазақстандықтарды кемел болашағына сендіру, оларды жасампаз еңбекке шақыру, береке-бірлікті, баянды ынтымақты орнықтыру болып табылады. Тәуелсіз еліміздің 31 - жылында шыққан биіктері, қайта оралған құндылықтар, өлмес-өшпес мұра, тапқан табыстар жастар жүрегіне қуаныш пен мақтаныш келер күнге деген сенімді ұялатып келеді. 
Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген, Не тындырдың «басымды иемменен?» Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой, «Отан үшін өлемін, күйем» деген.
Өлім деген ерліктің қорегі ме? Өлмей-ақ қой, бос сөздің керегі не? ...Егер Отан сыңсыған орман болса, Жапырақ боп жармасқын терегіне.
Самалы бол Отанның салқындаған, Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң. Семсері бол Отанның қынабында, Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған.
Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала, Шуақ болып шашылмай жылына ма? Сүй Отанды! Шынымен сүйіп өт те, Гүл боп қадал, ойына, қырына да.
М.Мақатаев
ОҢАЙ СӨЗ ҒОЙ «ОТАНДЫ СҮЙЕМ» ДЕГЕН
«Адамды – адам еткен еңбек». Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады. Еңбек дегеніміз бойымыздағы энергия яғни күшіміз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. «Еңбексіз адам өзінің бар адамдық қасиетінен және барлық құнынан айырылады. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адымда алға ілгерілей алмайды;
бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиісті емес; ол адам қайта кері кетеді», -дейді К.Д.Ушинский.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мінез-құлық қасиетке мән бере отырып:
Бойыңа жалқаулықты үйір қылсаң, Жүрерсің көрінгенге көзің сүзіп,- дейді. Демек, еңбек адамгершілік тәрбиесінің әрекетті құралы болып табылады, өйткені еңбек іс-әрекеті процесінде жастардың бойында жалпы адамзаттық маңызы бар еңбексүйгіштік қалыптасады.
Осы «үш құндылықты» дамытуға керекті басты күш – құралдар қандай деп ойлайсыз? (мысалы: кітап, тәрбие...)
Терең білім
Еңбекқорлық
Отаншылдық

_______

_______

_______

_______

_______

_______


Диаграммамен жұмыс
Сергіту сәті
(өлең жолдарын өз ойыңызбен толықтырыңыз)
Еңбек жеңбек бәрін де,
Еңбектен әркез ерінбе....
Білімді ұрпақ биікке әркез ұмтылады,
Келешегін жарқын етіп зор қылады...
Отаны бар өршіл менің халқым жас,
Отан кені – байлығымыз таусылмас...
Қорытынды
Жаңа оқу жылы сәттілік әкелсін

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Терең,білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет.

Автор: Сатаева Бағдат Алексейқызы

Дата: 23.10.2022

Номер свидетельства: 615687

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет"
    ["seo_title"] => string(50) "teren_bilim_enbekkorlyk_zh_ne_otanshyldyk_kasiet_3"
    ["file_id"] => string(6) "615760"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1666581414"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет"
    ["seo_title"] => string(50) "teren_bilim_enbekkorlyk_zh_ne_otanshyldyk_kasiet_4"
    ["file_id"] => string(6) "615958"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1666721927"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Халы? ма?танышына айнал?ан домбыра "
    ["seo_title"] => string(38) "khalyk-mak-tanyshyna-ainalg-an-dombyra"
    ["file_id"] => string(6) "172528"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423831958"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "МЕКТЕП  ЖАСЫНА  ДЕЙІНГІ ПАТРИОТТЫ? Т?РБИЕМА?ЫЗЫ "
    ["seo_title"] => string(51) "miektiep-zhasyna-dieiingi-patriottyk-t-rbiieman-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "126093"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1415113285"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства