kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тәуелсіздік-тұғырым " тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай "Тәуелсіздік-тұғырым" тақырыбында тәрбие сағатын өткіздім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіздік-тұғырым " тәрбие сағаты»

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздігі туралы оқушылар

білімін арттыру.

-Оқушылардың дербес жұмыс істеуін,сөйлеу қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізуге,тарихи фактілерді есіне сақтауға дағдыландыру.

-Жас ұрпақтың бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Көрнекілігі: «Тәуелсіздік шежіресі»тақырыбына жинақталған суреттер,қанатты сөздер,кітаптар,буклеттер.

Сабақтың барысы:

1-жүргізуші: Құрметті мұғалімдер,оқушылар және қонақтар!

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізіліп отырған «Тәуелсіздік -тұғыры биік болсын!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған,сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен,ерлеріміздің ерен ісімен,кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік туралы жырлаймыз!

1-ж: Егемен еліміздің ең ұлық,ең қастерлі мерекесі-Тәуелсіздік күні құтты болсын!

1-о: Мен қазақпын,мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-о:Мен жігітпін айқасқа,сынға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам қыран боп қырға шықтым.

(Екеуі кезектесіп)



Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді,айта бергім.

(Сахналық көрініс)

Ата: Ым-ым-ым.О жаратқан,не деген қилы кезеңдер болды десеңші!

Ой заман-ай,тәуба,тәуба!

Жаратқанға мың тәуба!

Жайқалған егіндерді,жайнаған табиғатты,бақытты балаларды көргенде жүрегім орнында болады.

Есімде,есімде аш қалған елім,боздаған халқым,Елім-ай әні де есімде.

Ой,ой тереңіне кетіппін-ау! Менің құлыншағым қайда екен? Өзі көрінбейді ғой. (Немересі келеді,ата немересінің маңдайынан сүйеді)

Бала: Ата біздің еліміз қандай бай?

Ата: Ой құлыным,біздің жеріміз керемет бай,еліміздің табиғатына,жеріне,байлығына қызыққан жаулар да болған.Мына менің ойыма Қазыбек бидің сөзі оралады.Қаз дауысты Қазыбек би қалмақ ханына

Барғанда «Біз қазақ деген мал баққан елміз,дәм-тұзды сақтай білген елміз,ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Атадан ұл туса,құл боламын деп тумайды,анадан қыз туса күң боламын деп тумайды» деген екен.

Бала. Ата, сонда біздің елімізді кімдер қорғаған?

Ата: Қабанбай,Бөгенбай,Наурызбай сияқты батырларымыз.

Бала: Ата,мына жақта өзге ұлттардың адамдары не істеп жүр?

Ата: Иә, балам,Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері бір-бірімен тату-тәтті бірлікте тұрады.Қазақ жері-олардың да Отаны.

Бала: Ата,менің де Отаным –Қазақстан.Қазақ елі туралы менің де көп білгім келеді.

Ата: Жарайсың,құлыным. Әр азамат өзінің елінің,жерінің тарихын білу керек.Мына балалар көп білетін сияқты.Жүр,балам,осы балаларды тыңдайық.

Хор: Туған өлкем

1-ж:Тәуелсіздік,ежелден ел тілегі.Тәуелсіздік-халқымыздың бостандығы мен даму жолындағы сан ғасырлық күресі мен тарихының жемісі.Енді сол тарих беттеріне көз жіберейік.

1-о: 1723 жыл.Жоңғарлар шапқыншылығы,яғни тарих бетінде «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»деген атпен қалды.

2-о: Абылай заманы-батырлар заманы.Найзаның ұшымен ,қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.

3-о: 1933-37 жылдардағы ашаршылық нәубеті бәрінен асып түсті.Бұл халықтың басына түскен апат еді. Ол кездегі орталық комитеттің хатшысы болған Голощекин халықтың асырап отырған малын алып,орталықтың үстемдік саясатын ұстанды.

4-о: Мұның бәрін баяндап сол кезде көзі ашық,көкірегі ояу С.Сейфуллин,

Т.Рысқұлов, О.Жандосов сияқты азаматтар Сталинге хат жазды. Бұл асыл азаматтардың бәрі 1936-37 жылдары атылып кетті.

5-о: Қашан да өршіл,намысқой ,ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында аянбай шайқасты.

6-о: Соңғы өліп-тірілуі біздің халқымыздың қайғылы қасіретіне,сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.Желтоқсандағы қазақ жастарының төгілген қанымен ,бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылды.

1-ж: Азаттық.Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді,кімдер құрбан болмады?

2-ж: Иә,тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ.Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді,қаншама адам құрбан болды.

1-ж: Қазақстан жоғары кеңесі 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.

2-ж: Бұл күн – Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды.

Хор: Отанымыз-Қазақстан



6-о: Тәуелсіздік,тәуелсіздік-жыр-әнім,

Ел іргесі берік болсын –ұраным.

Тәуелсіздік-өзіңді еркін сезіну,

Салт-дәстүрім-қолдан түспес құралым.

Тәуелсіздік!

Не деп оны түсіндік?

Тәуелсіздік-ар-ожданың кісілік.

Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным,

Бір өзіңсің Мұхтар,Абай,Шоқаным.

7-о: Тәуелсіздік-сәбилердің шаттығы,

Тәуелсіздік-ақ батасы атаның.

Тәуелсіздік,тәуелсіздік-жыр-әнім,

Көк байрағым,Елтаңба,Әнұраным.

1-ж: Айзада,осы Бақыт деген не?

2-ж: Әрбір адам өмір сүруге талпынғаннан бастап,бақытты болуға ұмтылады.

Бірақ сол бақыттың бағасын білмей,кейде қолымызға қонған бақ құсымызды ұшырып алатынымыз тағы бар,бірақ менің ойымша,біз бақыттымыз.Себебі ,біз тәуелсіз елдің ұл-қыздарымыз.Тегін білім алып хан сарайындай мектепте оқып жатырмыз.Осының өзі болашаққа деген қамқорлық.

- Бақыт деген сол емес пе! Ел болашағы біздер Тәуелсіздігіміздің 22 жылдық мерекесін тойлап жатырмыз. Бақыт деген осы.

1-ж: Дұрыс айтасың,Бақыт деген ел тыныштығы.

-Ел бақыты дегенді қалай түсінесің?

2-ж: –Оны достарымыздан сұрайық. Жадыра,сен қалай ойлайсың?

1-дос: Мен ел бақыты ұлтын сүйер,халқын демер,Отанын құрметтер,ата-анасын ардақтап,елдің тірегі,халықтың жүрегі бола білетін,болашақтың діңгегін қолдарына ұстайтын патриот ұл-қыздарды ел бақыты дейміз.

2-дос: Мысалы, біз ел бақытымыз,болашақтың тірегіміз.Тәуелсіздігіміз баянды да,бақытты болуы үшін біз де өз үлесімізді қоссақ,сабақты жақсы оқып,білімді ұрпақ болсақ,ел-болашағы-білімді ұрпақ. Ел бақыты деген сол емес пе!

1-ж: Олай болса, тәрбие сағатымыздың екінші бөлімінде «Қазақстан болашағы –білімді ұрпақтарында» атты ұранымен «Менің елім» сайысымызды бастайық. Сайысты жүргізуге ортаға Жамал Игілікқызын шақырамыз.

(Мұғалімнің құттықтау сөзі,оқушылар екі топқа бөлініп отырады.)

1-топ: Жұлдыз

2-топ: Қыран

(Топтар аттарын қорғайды)

  1. «Мен саған,сен маған» Оқушылар дайындап келген 10 сұрағын қояды. Сұрақтар Қазақстан тарихы туралы болуға тиісті.

  2. «Жылдар сыр шертеді» Бұл сайыста санды таңдайды,санның артында жазылған жыл туралы не білетіндерін айтады.Мыс: 1991жыл-ҚР тәуелсіздігін жариялады.

  3. Өнерлі өрге жүзеді.

  4. «Тұлғаны таны» Қазақ елінің ұлы адамдары туралы жұмбақтап айтылады,кім туралы айтылғанын табу. Ата-анамен жұмыс.

  5. «Тәуелсіздік» сөзінен бірнеше сөз шығару.

  6. « Ақсүйек» ойынын ойнау.

1-ж: Атыңнан айналайын,қазақ деген,

Қазағым,қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,

Көрсең де көресінді азаппенен.

2-ж: Кім танымас тербелген тал бесікті,

Болашаққа айқара аштық кең есікті.

Барша ел аузын ашып тамсанумен,

«Қандай ғажап егемен ел десіпті»



1-ж: Бүгін міне,тәуелсіздік,ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр,-дей келе,еліміз тыныш ,аспанымыз ашық,тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

Ән: Достарым

Сайысты қорыту. Қонақтарға сөз беру. Мадақтау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Тәуелсіздік-тұғырым " тәрбие сағаты

Автор: Утесинова Жамал Игликовна

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 387087

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) ""Тәуелсіздік-тұғырым" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(40) "t_uielsizdik_tu_g_yrym_t_rbiie_sag_aty_1"
    ["file_id"] => string(6) "438151"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1510330762"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ашы?  т?рбие    са?аты  "Т?уелсіздік""
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-t-uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "258200"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448462528"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Т?рбие са?ат. " Мені?   Отаным - ?аза?стан"""
    ["seo_title"] => string(32) "trbiiesagatmieninotanymkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "321609"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1461333657"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Елін с?йген -Елбасы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(32) "ielinsuighienielbasytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "290462"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454953621"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік"
    ["seo_title"] => string(45) "ielimnin_bak_ytyn_tierbietkien_t_uielsizdik_1"
    ["file_id"] => string(6) "379201"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484389506"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства