kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіздік күніне арнап өткізілген тәрбие сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы»


19 орта мектеп













Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»














Жетекшілері: Усиева К

Сұлтанова К











2016/2017 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»

Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздік туралы қысқаша түсінік беру. Елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу. Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. Оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларымыздың ерлігін үлгі етіп көрсету. Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Әдісі: Баяндау, түсіндіру.

Көрнекілігі: Қабырға газеті, слайдтар, Н.Назарбаев суреті мен кітаптары, фотосуреттер.

Барысы:

I. Ұйымдастыру.

II. Баяндау.

Мұғалім сөзі:

Армысыздар, қадірменді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар, білім нәрін игерген оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тәуелсіздік күніне арналған мерекемізге қош келдіңіздер!

- Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. Қазақ халқы бұл жолда «тар жол, тайғақ кешуден» өтті.

- Ендігі жерде сол бабалар алға апарар, тәуелсіздігіміздің тұғыры берік те, биік болғай.

- Біздің де алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат, азаматшаларды тәрбиелеп шығару.

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер, желбіретіп нық ұста.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ-болар елдің ертеңі.

Осы сәтте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.

1-жүргізуші: Биыл тәуелсіздікке 25 жыл толады, қазақ хандығына 550 жыл толды. Бұл қазақтың басын қосатын, бар қазақтың бірлігін нығайтатын мерей той. Тәуелсіздік-қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойға асыл арманын естиміз.

Атыңнан айналайын егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

2-жүргізуші: 1991 жылы қазақ ұлты өз Тәуелсіздігін қолына алып мемлекет атанды. Міне, сол Тәуелсіздігімізге биыл 25 жыл толып отыр. Ерлік пен елдіктің талай үлгісін көрсете білген ата-бабаларымыздың табанды күресінің арқасында бірлігін сақтай отырып, «Қазақ» деген іргелі елдің шаңырағы көтерілді. Бұл қазақ халқы үшін үлкен оқиға, зор қуаныш.

Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жердің аймалайды шапағы.

Байтақ елім-Ұлы Қазақстаным,

Ең бақытты балалардың Отаны.

Осы тұста «Егемен Тәуелсіздік» деген сөздің мағынасы тереңде жатыр. Әр әрпінің алар орны, мағынасы бар.

Е –білдіреді елдікті.

Г –гүлденеді жеріміз.

Е –ерлік, батырлық қой.

М –мемлекеттің мақсаты.

Е –елімізге қамқорлық.

Н –намысы ғой ұлтымның.

Т –білдіреді теңдікті.

Ә –әдептілік, әлдікті.

У –уайымсыз, уақытты.

Е –егемендік, елдікті.

Л –дейді «Лағып лепірме»

С –сенімділік секілді.

І –ілтипат пен ізет қой.

З –зиялылық, тілек қой.

Д –шақырады достыққа.

І –ілкімді бол сақтыққа.

К –дейді «Күн бол көктегі».

1-жүргізуші: Келесі кезекті тәуелсіздікке арналған тақпақтарға береміз.

1-оқушы:

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

2-оқушы:

Он алтыншы желтоқсан,

Ел иерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.

3-оқушы:

Әр қазақтың есінде сақталады.

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

4-оқушы:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің. 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті, 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

5-оқушы:

Ел болдық, ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін».



6-оқушы:

Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек бала-дағы ең кіші.

Рәміздерім-Әнұран, Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білер жөн кісі.

7-оқушы:

Қазақтың жалауы-көк түсті, көк түс-бейбітшілік, ашық аспан, аманшылықты білдіреді. Өрнек-қазақтың ою-өрнегі, зұлымдықтан қорғаған. Күн-береке, тыныштықтың нышаны. Бүркіт-қазақтың ой-ниетінің биіктігін білдіреді.

8-оқушы:

Биік болсын шоқтығың,

Атыңды айтам ән қылып.

Желбірейді көк туың,

Төбемізде мәңгілік.

9-оқушы:

Елтаңба-алтын және көгілдір түсті. Әлемнің тұтастығын білдіреді. Тұлпар-биік арманның, қайраттың нышаны. Жұлдыз-мемлекетіміздің жұлдызы. Биік, жарық болсын деп биікке орналасқан.

10-оқушы:

Елтаңбасы-елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім,

Мұнда да бар жер күші.

11-оқушы:

Әнұраным-жан ұраным,

Айтар әнім сөйлер сөзім.

Мәңгі бақи шырқалады,

Әнұраным-Қазақстаным.

Хор: «Көк тудың желбірегені».

12-оқушы:

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

13-оқушы:

Көк байрағым желбіреп, 

Көк аспанда қалқиды. 

Егеменді елім деп,

Шаттық әні шалқиды.

14-оқушы:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Туымызды бізге ешкім бермеді.

Ел тізгінін қолына алу жолында,

Қыршын кетті талай қазақ ерлері.

15-оқушы:

Елімнің атын айтсам-Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам-Қазақстан.

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығының атын айтсам-Қазақстан,

Тәуелсіздік тақырыбында жыр шумақтар.

16-оқушы:

Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой,

Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.

Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,

Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.

Би: «Қамажай».

17-оқушы:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар.
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

18-оқушы:

Бақытым-Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

19-оқушы:

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.

Ән: «Қазақтай ел қайда?» Орындайтын: Орынбасар Марал.

Көрініс: «Ел тарихынан».

2-жүргізуші: (Ақырын басып қарт шығады, орындыққа келіп, демалып отырады. Немерелері шығады).

Қайсар: Ата, не ойлап отсыз?

Бақдәулет: Ә, балам, атаң сендердің болашақтарыңды ойлап отыр. Өткен өмір жайлы ойлайды.

Қайсар: Ата, өткен өмір жолы қандай болған?

Бақдәулет: Тыңда балам: Сен де өз тарихыңды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде ата-бабаларымыз қазақ руларының басын қосып халық болып қалыптасқан. 18 ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық. Алайда қазақ елі тыныш, бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан-байтақ жерімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді.

Жансая: Ата мен айтайыншы. 1923-1933 жылдар адам айтса нанғысыз ашаршылықта 6 миллиардтай адамның 2 миллионы опат болды.

Көркем: 1941-1945 жылдардың қаралы оқтары қаншама адамның өмірін қиды. Ержүрек ұлдар мен қыздар Отан қорғауға аттанды.

Назым: Әр ұлтқа өз көсемі сайлансын! Деген тілекпен бейбіт шеруге шыққан қазақ жастарына ұлтшыл деген айып тағылып, қаншама жасты қыршынынан киған. 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тарих бетінде жазылды.

Бақдәулет: Иә, балаларым. Тәуелсіздіктің көк туы желбіреген елімізде әрқашан бейбітшілік бірлік болсын деп тілейік!

Ән: «Туған жер». Орындайтын: Мереке Анас.

25-оқушы:

Желтоқсанның жан түршігер күндері,

Жалдап әскер аяушылық білмеді.

Бұрымынан сүйреп ару қыздарды,

Ал ұлдарды тоғытқан жер түрме еді.

26-оқушы:

Желтоқсан заман толғағы байтақ даланың,

Желтоқсан сәті үміт пен күдік наланың,

Желтоқсан-Қайрат, Ләззат пенен Сәбила,

Құрбаны болған жаланың.

Тәуелсіздік-ел мұраты. Бұл біздің Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 25 жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.

27-оқушы:

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы тұңғыш конституциялық заң жарияланды.

28-оқушы:

1992 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.

29-оқушы:

1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.



30-оқушы:

1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз теңге айналымға енді.

31-оқушы:

1994 жылы Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.

32-оқушы:

1995 жылы 30 тамызда Ата заңымыз қабылданды.

33-оқушы:

1998 жылы Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жарияланды. 1998 жылы 6 мамырда ел ордасы Астана қаласына көшірілді.

Би: «Алға Қазақстан».

Хор: «Атамекен».

1-жүргізуші:

Күндей күліп жарқырайды шығады,

Жақсы әуен-жыр мен сәннің бұлағы.

Түсінеміз әннің асыл ырғағын,

Көңілімен тыңдаған жан ұғатын.

2-жүргізуші:

Дүбірлетсін өңірді,

Дүбірлесін дүлділі.

Қазақ деген елімнің,

Құтты болсын бұл күні.

Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын деп, бүгінгі «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Уақытыңызды бөліп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы

Автор: Султанова Камшат Амангелдіқызы

Дата: 11.02.2017

Номер свидетельства: 390552

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Т?уелсіздік т?т?асы - бізге аманат !"
    ["seo_title"] => string(31) "tuielsizdiktutkasybizghieamanat"
    ["file_id"] => string(6) "268073"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450537491"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік"
    ["seo_title"] => string(45) "ielimnin_bak_ytyn_tierbietkien_t_uielsizdik_2"
    ["file_id"] => string(6) "380348"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484638846"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(168) "Саба?ты? та?ырыбы: «Т?уелсіз ?аза?стан бейбітшілікті? , келісімні? ж?не «жасампазды?ты? 23 жылы» "
    ["seo_title"] => string(103) "sabak-tyn-tak-yryby-t-uielsiz-k-azak-stan-bieibitshiliktin-kielisimnin-zh-nie-zhasampazdyk-tyn-23-zhyly"
    ["file_id"] => string(6) "193817"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427699712"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Т?уелсіз елді? ?ланымыз!"
    ["seo_title"] => string(28) "t-uielsiz-ieldin-u-lanymyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "277223"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452859607"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Т?уелсіздік та?ы - ат?ан к?н!»"
    ["seo_title"] => string(29) "t-uielsizdik-tan-y-atk-an-kun"
    ["file_id"] => string(6) "290828"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455026868"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства