kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздік ел тірегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіздікке 25 жылдығына байланысты ашық тәрбие сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік ел тірегі»

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған тәрбие сағаты. 3 сынып

                  

Тауелсіздіктің 25 жылдығына арналған

Мақсаты:

Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы   ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.

Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.

Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Кіріспе

-Қазақстан Республикасының гимні. Хор.

Мұғалім сөзі

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

-Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздіктің 25 жылдығына  арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Хор: Жаса Қазақстан әні

Ариза

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Жүргізуші:

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды

Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

Видео: Желтоқсан құрбандары



5-оқушы Сабина

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты ұшқан күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Мұғалім сөзі

-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті. .

7-оқушы Аяулым

Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті бастадым,

9-оқушы   Әділхан

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

Жүргізуші:


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы

9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.

Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік)


Хор : Астана

11-оқушы Абай

Астана біздің сәніміз,

Білім біздің нәріміз

Азат елдің тірегі

Болайықшы бәріміз.

Нұр атаның жолдауы

Халықтың оны қолдауы

Бақыты үшін елінің,

Болмайды еш сөз дауы!

Тәуелсіздіктің шыңы

Музыка ойнап тұрады: Программа время әуенімен



Нұрғаным:

1.1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.

2.1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.

3.1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.

4.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.

Арман:

5.1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынығ жарыққа шығуы.

6.1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.

7.1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.

8.2000ж. Мәдениет жылы.

9.2002ж. Денсаулық жылы.

10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.

11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті сайлауы.

12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.

Нұрлыбек:

13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.

14.2007ж. Қазақстанның 2010 жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.

15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.

16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.

17. 2011ж. Қаңтар –ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.

Ұлжанай

2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.

   2013 ж. «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

2014 жыл Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Н.Назарбаев «Бұл – замануи сәулеттің үздік туындысы, ол қалалық ландшафтты өзінің бірегейлігімен толтырады» – деп атап өтті.

2015 ж.қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтті.

2016ж. Рио олимпиадасында 17 төсбелгіге ие болды


 Бейбіт ел тұрғыны әні.

12-оқушы Күнекей

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.

13-оқушы Азамат

Желдей еркін, түздей кең қандай азат,

Мен қазақпын деген де қандай ғажап.

Мақтан етсін халықтар халықтығын

Жетер сан жыл шеккені азап.

14-оқушы  Адема

16-желтоқсан

Тәуелсіздік

алған күн,

Ерекше боп

мәңгілік

Ел жадында

қалған күн.

Жасай берсін

ұлы күн,

Үміті боп елінің.

15-оқушы Серік

Жарқырап атар таңы бар,

Жарқылдап айтар әні бар.

Әні бар, теңіз дәні бар,

Айналдым сенен Отаным!

16-оқушы Даниал

Жүрегі толы отпенен

Арманмен өсіп көктеген

Ертеңге нұрлы беттеген

Айналдым сенен Отаным!

. 17-оқушы: Бексұлтан

  Біздің қазақ мықты ғой,

Тәуелсіз ел атанған.

Желтоқсан деген көтеріліс

Жан аямау Отаннан.

Сескенді бүкіл өктемдік,

Жеңіске сол ғой жеткендік.

Орыс боп кете жаздаған

Кеңестік кезді жек көрдік.

18-оқушы Әділ

Елім барда еңсем биік менің де,

Өйткені мен жүрмін туған жерімде.

Тілім, дінім досым, барлық бауырым

Бәрі менің жүрегімнің төрінде.

Дилназ оқушы

Елім барда, мен де бармын өмірде,

Жұлдызың боп жарқырармын көгінде

Отан үшін, елім үшін от кешем,

Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.

Фатима-оқушы

Елім бар да мен бақытты ұланмын.

Елім сүйсе, сенімінен шығармын.

Елім менің көтермесе елдігін

Намысымның биігінен құлармын.

 «Мейіржанның хаты»

-Мейіржан сен не жазып отырсың?

-Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атама хат жазып отырмын.

-М-м-м.

Құрметті Нұрсұлтан ата! Сізді бүкіл еліміз жақсы көреді. Елге сіңірген еңбегіңізді ата-аналарымыз ауыздарынан тастамай үлгі етіп айтып отырады.

Біз онсыз да сіздің ерлік істеріңізді жақсы білеміз. Сіздің өміріңіз қашанда бізге үлгі. Өскен соң біз де сіз сияқты «Халықтың ұлы болғымыз келеді». Сіздің ел алдындағы беделіңіз, дүние жүзіндегі абыройыңыз біз үшін мақтаныш. Өміріңіз ұзақ болсын, ата! «Бала болашағымыз» деп өзіңіз айтқандай, жыл сайын бізге жақсылық жасап ортамызда жүре беріңіз.Сіз ортамызда жүрсеңіз, біз де сондай бақыттымыз. Келешекке сеніміміз мол.

Хор:ән Нұр Отан


Мұғалім сөзі

-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.

 Бейбіт ел тұрғыны әні. Мектеп әкімшілігіне сөз беріледі.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Тәуелсіздік ел тірегі

Автор: Баймуканова Гульбаршин Киясовна

Дата: 05.01.2017

Номер свидетельства: 375556

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "16-желто?сан Т?уелсіздік мерекесіне "Т?уелсіздік - тірегім" танымды? са?аты"
    ["seo_title"] => string(72) "16zhieltoksantuielsizdikmieriekiesinietuielsizdiktirieghimtanymdyksagaty"
    ["file_id"] => string(6) "312069"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459279778"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Тәрбие сағатының тақырыбы: "Тәуелсіздік тірегім""
    ["seo_title"] => string(45) "t_rbie_sagatynyn_takyryby_t_uelsizdik_tiregim"
    ["file_id"] => string(6) "495534"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1547616548"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Т?уелсіздік тірегім "
    ["seo_title"] => string(22) "t-uielsizdik-tirieghim"
    ["file_id"] => string(6) "162815"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422417750"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сабақтың тақырыбы: "Тәуелсіздік - тірегім""
    ["seo_title"] => string(37) "sabaktyn_takyryby_t_uelsizdik_tiregim"
    ["file_id"] => string(6) "494934"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547293397"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ата За?ым — Т?уелсіздік тірегі"
    ["seo_title"] => string(27) "atazanymtuielsizdiktirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "291257"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455098915"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства