Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіздік -ел бақыты"»
Тербетейін тәуелсіздік тал бесігін.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан туралы,оның тәуелсіздігі, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіз Қазақстанның тарихын әңгімелеу. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлуге. Осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз елінің ұлтжанды патриоты болуға баулу, өз елінің рәміздерін құрметтеуге, ана тілін сүюге, әдемі сөйлеуге үйрету.
Көрнекілігі: Елтаңба, Әнұран, Ту, суреттер.Рухани Жаңғыру (банер)
Барысы:
Жүргізуші: -Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, құрметті ұстаздар және мектеп оқушылары!
Әнұран:
Жүргізуші: - Егемендік! Тәуелсіздік! Осыдан сөздердің қаншалықты мағынасы екенін біз дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығармыз. Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз Наурызбай, Ағыбайдай айбынды батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп құрбан болса, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді дуалы ауыз билеріміз қызыл тілдің арқасында ел тыныштығын сақтады.
Саханаға Билер шығады: Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би.
Қазыбек би:-Біз, қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп,найзаға үкі таққан елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.Досымызды сақтай білген елміз,дәмтұзын ақтай білген елміз.
Жүрізуші:-Сол заманнан бері азаттық,егемендік елімнің арманы болды.Халқының қамын жеген ата-бабаларымыздың қайсар ұрпағы 1986жылы арман еткен тәуелсіздіктің,азаттықтың туын тікті.
1-оқушы
-Еркіндікке желтоқсаным бастады,Қазақ жасын бүкіл әлем қоштады.86жаңғырығы жар салып «Тәуелсіздік» ұлы ұранын тастады.Елемепті қысқы ызғар,суықты,Өне бойын жастардың қан жуыпты.Қайрат,Ләззат жас қырандар аяулы,Өз халқының бағы болып туыпты.
Еліміздің қол жеткізген басты жаңалықтары қандай
3-оқушы
-«Тәуелсіздіктің»-11әріптен құралған,
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман,
Талай дара даналардың көз жасы,
Қаныменен атты таң боп бізге алдан.
4-оқушы:
- Тәуелсіздік еркіндігім, теңдігім.
Еліме дербес өзге елдермен тең бүгін.
Тәуелсіздік азаматтығым арманым.
Алдағы арман, қуанышым сол менің.
Тәуелсіздік тәу етемін бір саған.
Бабаларым талай ғасыр аңсаған.
Ұраны боп мәңгілікке азат күн,
Тарландары қыршын кеткен қазақтың.
5-оқушы:-Республикам менің,
Республикам менің, байтағым
Аз емес менің ойымды толғап айтарым.
Қалдырдың артта жолдардың ауыр қайқаңын.
Көгімді шіркін торламаса екен қайта түн.
Ән: « Мен қазақпын »
6-оқушы:
-Мәртебем, мәртебем,
Сан дауылдарға қайыспай қарт емен,
Жеті қат көкке жетпей тұр-ау сәл төбем.
Туынды төмен түсірмей алға тарт өрен.
1991 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік күні болып жарияланды.
7-оқушы: - 1992 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Әнұраны, Елтаңбасы бекітілді.
8-оқушы: - Мемлекеттк Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бинеленген,көгілдір матаның сол жағында сары өрнегі бар.Жалаудың үзындығы-2 метр,ені -1метір. Жалаудың жобасын жасаған-суретші Шәкен Ниязбеков.
Тудың суреті көрсетіледі.
9-оқушы:
- Қатар жатқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған жаза күй.
Бұл таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі.
10-оқушы:
- Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мың қайталап айтам мұңы.
Бақыт, бірлік-күн талабы,
Тоқтамайды дабыр үні.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам Әнұраны.
11-оқушы:
Айнымайтын аспаннан
Біздің тудың болуы.
Оны халық қашан да,
Биікке іліп қояды.
Туымызға жас туған
Біз қарамай отпейміз
Сол көк тудың астында
Көгереміз, көктейміз.
12-оқушы: - 1993 жылы 15- қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
13-оқушы:
- Теңдікті айтып тұр теңге деген,
Күт – береке болшы бір елге келген.
өз туы, Елтаңба, Әнұраны бар,
айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
Қазақстан,
Туым тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты.
Отанды сүюге, қорғауға
Әрқашан дайын болайық!
Мұғалім:
Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады?
1991 жылы 1 желтоқсанда
2. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан алды?
1991 жылы 16 желтоқсан
3. Елтаңбаның авторлары кімдер?
Шотамен Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков
4. Қазақстан Туының авторы кім?
Шәкен Ниязбеков
5. Қазақстанның ұлттық ақшасы, қашан айналымға енді?
Теңге, 1993 жылы 15 қараша
6. Қазақстан Ата Заңы қабылданған күн. 1195 жыл 30 тамыз
Хор: «Тәуелсіздік-ел бақыты».
Мұғалім: Біз әлі жас мемлекетпіз. Солай бола тұрса да 26 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік, әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан Республикамызға «Көк байрағың биіктеп,елімізді жаңғыртып , арманына жет, алашым» деп тілек айтпақпыз.