Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік біздің қазақ елінің азаттығы»
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіздікке -26 жыл!»
Мақсаты:
Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Мұғалім:
Құрметті 2 «Қ» сыныбының ата-аналары мен оқушылары бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Тәуелсіздікке -26 жыл!» атты ашық тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз.
1.Әдемі көйлек пен әдемі киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кіреді.
2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар 2 «Қ» сынып оқушылары дайындаған «Тәуелсіздікке -26 жыл!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.