kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Өткеніміз – Тәуелсіздігіміздің іргетасы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылы«Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ

 

Байлыева Жұлдызай Бақытжанқызы бастауыш сынып мұғалімі

 

Тақырыбы:«Өткеніміз – Тәуелсіздігіміздің іргетасы»

        - Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және осы кештің қадірлі қонақтары.  Еліміздің тәуелсіздік туын желбіреткеніне 19 жыл толып отыр.

«Өткеніміз – Тәуелсіздігіміздің іргетасы» аты тәрбие сағаты ашық деп жариялаймыз. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін. (ту келеді).

Оқушылар тік тұрып  әнұранды орындайды.

Оқушы: - Дауылға желтоқсанның желі айналды,

                 Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы

                 Күтпеген іс ақыры «не болды» деп,

                 Күллі әлем Алматыға қарай калды.

Оқушы:   Алаңның шеруі емес салтанатты,

                Қытымыр қыстың басы сол бір айда

                «Желтоқсан» - жеті әлемді жалт қаратты.

 1986 жылдың 16 желтоқсаны қазақ халқы үшін қасіретті күн болды. Бүл бостандыққа ұмтылыс еді.  Жауыздықтың қыры да, сыры да көп. Оның бірі алаңға ақ пейілмен шығып, адамгершілікті талап еткен студенттер мен жұмысшы жастардың жазалануы. Оның құрбандары – Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асановаларды бірінде ел жадында сақталған.

                  1 минут еске түсірейік.

Қазақтың қаһарман қызы – Ляззат !

Өлеңін жазған: Әбдірахман Асылбеков.

Әнін жазған: Ғалымжан Тамендаров.

Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,

                                    Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.

                                    Топты бастап шықты Ляззат алаңға,

                                    Толған еді он алтыға небәрі.

Қ – сы:

Қаһарман қыз, ғажап қыз !

                                            Ұрандады  Ляззат  қыз.

                                            Жасқанбаған жауынан

 

Біз қазақпыз, қазақпыз !

Біз қазақпыз, қазақпыз !

                                              Өмір керек азапсыз.

                                              Ел боламыз егемен,

                                              Сонда ғана азатпыз.

Ляззат Асанованың анасы Алтынай Асанова былай дейді: Желтоқсан көтерілісі – Халықтың санасын өзгертті, намысын оятты.

       Менің қызым Ляззат небәрі он алты жасында қыршыннан қиылды. Ляззаттың арманы асқақ, алдына қойған мақсаты айқын еді. Бар өмірі алда сияқты көретінбіз. Амал не..  Тағдырдың жазуына не шара ! Қызымның мәйітін ауылға алып келгенде, қорқып, асына келмеген ағайынды да көзім көрді. Бірақ мен өкінбеймін. Желтоқсанда елінің азаттығы үшін жанын қиған жастарымыздың жаны – жәннатта. Ерлігі келешек ұрпақтарға ұран болмақ. Тәуелсіз елдің жас ұланына тілейтінім – Желтоқсан қасіреті ешқашан қайталанбасын.

Оқушы: 17 желтоқсан. Сағат 7 – 8

               Брежнев атындағы алаңға жастардың алғашқы тобы шоғырлана бастады. 200 – 300 адам қолдарына көтерген ұрандары бар. «Ұлт саясатының лениндік принциптерін сыйлауды талап етеміз».  «Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін !». «Әр республикаға өзінің басшысы», «Қазақстан жасасын» - деген қазақ – орыс тіліндегі жазбаларын жая ұстап, жұрттың назарын еріксіз аударғандай еді.

             Ең жоғары жазаға іліккендердің бірі – Алматы сәулет құрылыс институтының бірінші курс студенті – Қайрат Рысқұлбеков еді.

            Қайрат Рысқұлбеков – ҚР – ның тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ.

  • Міне сол тұста «Қарабауыр қасқалдақ» атты ән жарық көрді.

1986 жылдың 16 – шы желтоқсаны қазақ халқы үшін қасіретті күн

болды.  Бұл бостандыққа қарсы жойқын бұлқыныс еді.

Ляззат небәрі 16 жасында қвршыннан қиылды. Ляззаттың арманы асқақ, алдына қойған мақсаты айқын еді.

Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқап ескенсің

 

Азаттық күйі қашаннан

Көкейін елдің тескенсің

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да желтоқсан

Намысымның шырағы да желтоқсан

Сұрқай өмір сұрағы да желтоқсан 

Жас арудың жанарында желтоқсан

Қанды ғасыр табанында желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастағанда желтоқсан

Ән « Желтоқсан желі»

Желтоқсан айы қаралы

Қанды жас көзден ағады.

Қазақтың арын арлауға

Қазақтың жерін қорғауға

Жарқылдап отты жанары

Бастаған қайсар рухқа

Бұйығып жатқан қаланы.

 

Көк байрақ тудың ба сен ту болдың ба?

Желбіреп тас төбемде тұр алдымда

Көтерген алтын арай күн күмбезім.

Қанаты қандай мықты қыранның да.

 Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Топты бастап шықты Ляззат алаңға,

Толған еді он алтыға небәрі

Қаһарман қыз, ғажап қыз!

Ұрандады Ляззат қыз

 

Жасқанбаған жауынан

Біз қазақпыз, қазақпыз!

Біз қазақпыз, қазақпыз!

Өмір керек азапсыз

Ел боламыз егемен,

Сонда ғана азатпыз
 

Мұғалім: - балалар – өткенімізсіз бүгін болмас. Өткенімізсіз – бүгінгі тәуелсіз еліміздің іргетасы. Еліміздің жыл санап өсіп бара жатқанын көзімен көріп, ондай хабарларды құлағымен естіп отырған қандай отандасымыздың көңіл – күйі шалқымасын !

             Ендеше, Тәуелсіздігіміздің 19 жылдығы құтты болсын, баянды болсын, жас достар.

Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын !

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Өткеніміз – Тәуелсіздігіміздің іргетасы»»

Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылы«Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ


Байлыева Жұлдызай Бақытжанқызы бастауыш сынып мұғалімі



Тақырыбы:«Өткеніміз – Тәуелсіздігіміздің іргетасы»

- Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және осы кештің қадірлі қонақтары. Еліміздің тәуелсіздік туын желбіреткеніне 19 жыл толып отыр.

«Өткеніміз – Тәуелсіздігіміздің іргетасы» аты тәрбие сағаты ашық деп жариялаймыз. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін. (ту келеді).

Оқушылар тік тұрып әнұранды орындайды.

Оқушы: - Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы

Күтпеген іс ақыры «не болды» деп,

Күллі әлем Алматыға қарай калды.

Оқушы: Алаңның шеруі емес салтанатты,

Қытымыр қыстың басы сол бір айда

«Желтоқсан» - жеті әлемді жалт қаратты.

1986 жылдың 16 желтоқсаны қазақ халқы үшін қасіретті күн болды. Бүл бостандыққа ұмтылыс еді. Жауыздықтың қыры да, сыры да көп. Оның бірі алаңға ақ пейілмен шығып, адамгершілікті талап еткен студенттер мен жұмысшы жастардың жазалануы. Оның құрбандары – Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асановаларды бірінде ел жадында сақталған.

1 минут еске түсірейік.

Қазақтың қаһарман қызы – Ляззат !

Өлеңін жазған: Әбдірахман Асылбеков.

Әнін жазған: Ғалымжан Тамендаров.

Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.

Топты бастап шықты Ляззат алаңға,

Толған еді он алтыға небәрі.

Қ – сы:

Қаһарман қыз, ғажап қыз !

Ұрандады Ляззат қыз.

Жасқанбаған жауынан



Біз қазақпыз, қазақпыз !

Біз қазақпыз, қазақпыз !

Өмір керек азапсыз.

Ел боламыз егемен,

Сонда ғана азатпыз.

Ляззат Асанованың анасы Алтынай Асанова былай дейді: Желтоқсан көтерілісі – Халықтың санасын өзгертті, намысын оятты.

Менің қызым Ляззат небәрі он алты жасында қыршыннан қиылды. Ляззаттың арманы асқақ, алдына қойған мақсаты айқын еді. Бар өмірі алда сияқты көретінбіз. Амал не ..... Тағдырдың жазуына не шара ! Қызымның мәйітін ауылға алып келгенде, қорқып, асына келмеген ағайынды да көзім көрді. Бірақ мен өкінбеймін. Желтоқсанда елінің азаттығы үшін жанын қиған жастарымыздың жаны – жәннатта. Ерлігі келешек ұрпақтарға ұран болмақ. Тәуелсіз елдің жас ұланына тілейтінім – Желтоқсан қасіреті ешқашан қайталанбасын.

Оқушы: 17 желтоқсан. Сағат 7 – 8

Брежнев атындағы алаңға жастардың алғашқы тобы шоғырлана бастады. 200 – 300 адам қолдарына көтерген ұрандары бар. «Ұлт саясатының лениндік принциптерін сыйлауды талап етеміз». «Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін !». «Әр республикаға өзінің басшысы», «Қазақстан жасасын» - деген қазақ – орыс тіліндегі жазбаларын жая ұстап, жұрттың назарын еріксіз аударғандай еді.

Ең жоғары жазаға іліккендердің бірі – Алматы сәулет құрылыс институтының бірінші курс студенті – Қайрат Рысқұлбеков еді.

Қайрат Рысқұлбеков – ҚР – ның тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ.

  • Міне сол тұста «Қарабауыр қасқалдақ» атты ән жарық көрді.

1986 жылдың 16 – шы желтоқсаны қазақ халқы үшін қасіретті күн

болды. Бұл бостандыққа қарсы жойқын бұлқыныс еді.

Ляззат небәрі 16 жасында қвршыннан қиылды. Ляззаттың арманы асқақ, алдына қойған мақсаты айқын еді.

Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқап ескенсің



Азаттық күйі қашаннан

Көкейін елдің тескенсің

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да желтоқсан

Намысымның шырағы да желтоқсан

Сұрқай өмір сұрағы да желтоқсан

Жас арудың жанарында желтоқсан

Қанды ғасыр табанында желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастағанда желтоқсан

Ән « Желтоқсан желі»

Желтоқсан айы қаралы

Қанды жас көзден ағады.

Қазақтың арын арлауға

Қазақтың жерін қорғауға

Жарқылдап отты жанары

Бастаған қайсар рухқа

Бұйығып жатқан қаланы.



Көк байрақ тудың ба сен ту болдың ба?

Желбіреп тас төбемде тұр алдымда

Көтерген алтын арай күн күмбезім.

Қанаты қандай мықты қыранның да.

Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Топты бастап шықты Ляззат алаңға,

Толған еді он алтыға небәрі

Қаһарман қыз, ғажап қыз!

Ұрандады Ляззат қыз



Жасқанбаған жауынан

Біз қазақпыз, қазақпыз!

Біз қазақпыз, қазақпыз!

Өмір керек азапсыз

Ел боламыз егемен,

Сонда ғана азатпыз


Мұғалім: - балалар – өткенімізсіз бүгін болмас. Өткенімізсіз – бүгінгі тәуелсіз еліміздің іргетасы. Еліміздің жыл санап өсіп бара жатқанын көзімен көріп, ондай хабарларды құлағымен естіп отырған қандай отандасымыздың көңіл – күйі шалқымасын !

Ендеше, Тәуелсіздігіміздің 19 жылдығы құтты болсын, баянды болсын, жас достар.

Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын !





















Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылы«Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ


Байлыева Жұлдызай Бақытжанқызы бастауыш сынып мұғалімі

Ашық сабақтың тақырыбы:Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі

Сабақтың мақсаты: -Өлі табиғат өзгерісінің әсерінен бүкіл тірі табиғатта,оның бір бөлігі-жылан, кесіртке, балық,бақалар тіршілігінде де ерекшеліктер болатынын түсіндіру.Көктем маусымының осы аталған жануарларға тигізетін әсері туралы түсінік –ұғымын қалыптастыру. -«Жұмыртқа салу», уылдырық шашу туралы білімдерін дамыту. -Жылан, кесіртке, балық, бақаларды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:кесте, интерактивті тақта, жұмыс дәптері.

Түрі:жаңа білімді игеру.

Оқыту әдісі: көрсете отырып түсіндіру.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Психологиялық дайындық. Бір, екі, үш, Сынып іші тып-тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Үй құстарын көктемде бағып күтуі туралы түсініктерін сұрау.

ІҮ.Жаңа сабақ.

Кесте бойынша кіріспе. Күн жылынып, көктем келісімен су да, жер де жылына бастайды. Осы кезде жапырақ арасында, түрлі үйінділер ішінде, ағаштар мен бұталар түбінде жатып ұйқыға кеткен жылан мен кесіртке де оянады.Жыланның қаны соншалықты салқындап қалған.Әлі қыза қойған жоқ.Сондықтан әрең жорғалап, әзер қимылдайды. Құрғақ жерлерге, тастың үстіне шығып күн көзіне қыздырынады. Жылынып алғаннан кейін жемін іздеуге шығады. Жыландар кесіртке, тышқан, ұсақ құстар, бунақденелілермен қоректенеді.Көктем жылан мен кесірткенің де көбейіп, ұрпақ тарататын кезі.

Оқулықпен жұмыс. 1.Оқулықтағы кесіртке туралы жазылған мәтінді тауып оқуды оқушыларға тапсыру. -Кесірке қалай көбейеді? -Жұмыртқасын қандай жерлерге салады? -Неге ол жұмыртқасын құмға салады? -Кесіртке немен қоректенеді? Суретпен жұмыс. -Уылдырық деген не?Көргендерің бар ма? Балықтың уылдырығы.Уылдырық-жұмыртқа. 2.Оқулықтан бақаға қатысты мәтінді оқыту. -Балам суда деп неге айтады? -Бақа уылдырығын суға шашады.Итшабақ әбден бақаға айналғанша суда болады. -Бақа жануарлардың қай тобына жатады?(қосмекенді) -Бақаның уылдырығы итшабақтар екі жетіде пайда болады. Алғашқы кезде домалақ басымен құйрығы ғана шығады. Бірнеше күннен кейін артқы аяқтары, сонан соң алдыңғы аяқтары өседі.Құйрығы қысқарып,біртіндеп жоғалады.Сөйтіп, кішкене ғана бақа пайда болып судан шығып анасы сияқты секіріп жөнеледі.Олар дымқылды, көлеңкелі жерде жүреді.Осындай суда да құрлықта да тіршілік ететіндіктен бақаны «қосмекенді»дейді.

Венн диаграммасы

Балық суда тіршілік етеді,жүзбе қанаттары бар.

Суда тіршілік Бақа қосмекенді етеді . аяқтары бар. Уылдырық шашады. Уылдырығына қамқорлық жасамайды.











Бекіту.Оқулықтағы тапсырманы оқушыларға оқытып, орындату. Жұмбақтар шешкізу. 1.Түсі суық ызғарлы, Аузында айыр бізі бар.(жылан) 2.Таңдайлары тақылдап, Шулайтын кім шалшықта. Бірін-бірі мақұлдап.(бақа)



ҮІ.Қорытынды.Оқулықтағы суреттің әрқайсысына жеке тоқталып,олар туралы айту.

ҮІІ.Үйге тапсырма.Итшабақтың бақаға айналуы туралы ертегі ойластырып,оны айтып беруге дайындалып келу Бағалау.Оқушылардың сабаққа қатысуына қарай бағалау.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
«Өткеніміз – Тәуелсіздігіміздің іргетасы»

Автор: Байлыева Жұлдызай Бақытжанқызы

Дата: 04.02.2018

Номер свидетельства: 454571

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "?аза? тілім ?ркенде, бола бер к?шті, к?ркем де!"
    ["seo_title"] => string(52) "k-azak-tilim-orkiendie-bola-bier-ku-shti-korkiem-die"
    ["file_id"] => string(6) "278174"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453042401"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие-Мәңгілік елдің кепілі."
    ["seo_title"] => string(79) "t_rbie_sagatynyn_takyryby_urpakk_a_bergen_ulagatty_t_rbie_m_ngilik_eldin_kepili"
    ["file_id"] => string(6) "479508"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1538501496"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(180) "«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – бастауыш мектептегі рухани – адамгершілік тәрбие мен білім негізі."
    ["seo_title"] => string(80) "m_n_ghilik_iel_u_lttyk_idieiasy_bastauysh_miektieptieghi_rukhani_adamghiershilik"
    ["file_id"] => string(6) "403403"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1490524895"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Конспект на тему "Қазақстаным менің мақтанышым""
    ["seo_title"] => string(52) "konspiekt_na_tiemu_k_azak_stanym_mienin_mak_tanyshym"
    ["file_id"] => string(6) "369386"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481655316"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Мен өз Отанымның патриотымын"
    ["seo_title"] => string(31) "mien_oz_otanymnyn_patriotymyn_4"
    ["file_id"] => string(6) "351662"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1477247018"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства