kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздікке арналған ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Внеклассное мероприятие,посвященное Дню независимости.    

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздікке арналған ашық тәрбие сағаты»

Новый орта мектебі























Тақырыбы: «Тәуелсіздіктің ақ таңы»









2 «В»класы









Өткізген: Қасымхан Л.М.









































2018-2019 оқу жылы





Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздіктің ақ таңы»

Тәрбие сағатының мақсаты: Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау.

Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: 

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар. 
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар. 
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған. 


Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, бүгінгі біздің ашық тәрбие сабағымыз өзгеше. Биыл біздің Тәуелсіздігімізге 27 жыл толып отыр. Тәуелсіздік! Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді.Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады.

Шежіресін шертсе күй ғып көне жер,

Ертеңіне, өркеніне сене бер.

Дүниені дүбірімен таңдантқан,

Міне, осындай Қазақстан деген ел.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Топырағыңмен тамырласып кіндігім,

Қуаныштан жүрек толқып тұр бүгін.

Нығайтамын елдігімнің тұғырын,

Берік ұстап Тәуелсіздік тізгінін.

Мұғалім сөзі: Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Қазақстан аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген ,тәуелсіз, айбынды мемлекетке айналды.

1991 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған жылы».1 желтоқсанда Қазақстан Президенті сайланды. 16 желтоқсанда ҚР-сы егеменді тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.

1993 жылы «Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды».

1995 жылы  30 тамызда екінші рет тәуелсіз еліміздің Конституциясы қабылданды.

1996 жылы «Бейбітшілік пен рухани татулық жылы». 16 желтоқсанда Алматы Тәуелсіздік монументі ашылды.

1998 жылы» Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы». Астана қаласының ашылу рәсімі болды.

1999 жылы» Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы». 10 қаңтарда Н.Назарбаев 7 жылға Президент болып қайта сайланды.

1-оқушы(Әли)

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады

2- оқушы:( Іңкәр)

Көк аспанда нұрлы күн

Күлімдейді далама

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға

3- оқушы:(Бекжан)

Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай!

4-оқушы:(Жанәлі)

Бұлт баспасын күнімді

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды-

Қасиетті борышым

5- оқушы:(Санжар)

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің

Мұғалім:

Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің Отанымызды әлем таныды.Балалар,қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. 
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. 
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. 
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. 
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, олар – Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова ,Ербол Сыпатаев. Олар тәуелсіздік,әділдік жолында қыршын жастарын қиды. Оларға үлкен айып тағылды. Осыдан бірнеше жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. 
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.  Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасы туралы көріністі ұсынамын(видеоролик көрсетіледі).

Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.(Осы жерде бір сәт үнсіздік жариялау).


6-оқушы(Нұрбақыт)

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

7-оқушы:(Әділ)

Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдігім.

Бостандықта байлығым мен ендігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!



8-оқущы:(Мұхтар)

 Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.



9-оқушы:(Нұршат)

Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
10-оқушы:(Т.Илияс)

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 
11-оқушы:(Әйгерім)

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің


12-оқушы:(Айдос)

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,



13-оқушы:(Амина)

Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті бостандықты иеленгендер

14-оқушы:(Абдулжамид)

Бостандық құтты болсын ерікті ел

Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.



Ән: « Қазақстан ».Орындайтындар:Амина,Нұрбақыт,Нұршат,Ару.



15-оқушы:(Сұлтан)

Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан ая ма

16- оқушы:(Аида)

Бабам тұлпар жаратты

Құлынын да танып – ақ

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ



17-оқушы:(С.Илияс)

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде

Нұр төгеді елтаңба

Ақ Орданың төрінде

18- оқушы:(Саян)
Тербетіп тұрса болды жер - бесігім,
Дәулеттің тілеймін мен көл - көсірін.
Көз тимей, кірбің түспей қабағына
Жалғыз - ақ,
Құтты болғай енді осы күн!
19-оқушы:(Абзал)

Ел болдық ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады .

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі ,

Нұрсұлтанның атымен басталады.



21-оқушы:(Абай)

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні Байрағынан таныған.

Өзі айқын,өзі әнші халықта,

Кім айта алар

Болмаған,-деп Әнұран?

22-оқушы:(Әділет)

Мейірім.нұрлана бер,азат Күнім,

Көрейін бақытымның азаттығын.

Таңымды тамылжытқан бостандықтан,

Танылды бар әлемге қазақ бүгін.

23оқушы:(Айшат )

Халқымның мақтанышы – алып тұлға,

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

24- оқушы:(Ару)

Жаралдық молшылықтан толы ағыстан

Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан

Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

Көркейген елім менің – Қазақстан!

25-оқушы:(Саяжан)

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды,кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан,

Ғасырлар тойы болшы келе берер!



Хор: « Тәуелсіз ел ұраны »

Мұғалім:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды

қорытындылаймыз!
























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәуелсіздікке арналған ашық тәрбие сағаты

Автор: Касымхан Лаура Марсқызы

Дата: 18.12.2018

Номер свидетельства: 491468

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Тәуелсіздік -азаттығым,бақ күнім!"
    ["seo_title"] => string(35) "t_uielsizdik_azattyg_ym_bak_kunim_1"
    ["file_id"] => string(6) "456875"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1518455827"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ашы?  т?рбие    са?аты  "Т?уелсіздік""
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-t-uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "258200"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448462528"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "«Т?уелсіздік жаршысы» ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(44) "t-uielsizdik-zharshysy-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "275475"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452585027"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Т?рбие са?аты. "Айналайын а? Анам!" "
    ["seo_title"] => string(33) "t-rbiie-sag-aty-ainalaiyn-ak-anam"
    ["file_id"] => string(6) "160298"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422025416"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Ашы? т?рбие са?аты: "Т?уелсіздік - ?асиет т?н?ан ?лы ??ым" "
    ["seo_title"] => string(64) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-t-uielsizdik-k-asiiet-tu-ng-an-u-ly-u-g-ym"
    ["file_id"] => string(6) "163675"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422528294"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства