kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Т?уелсіздік жаршысы» ашы? т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

16 желто?сан т?уелсіздік к?ніне арнал?ан ашы? т?рбие са?атыны? саба? жоспары. Т?рбие са?аты мерекелік концерттік шара ретінде ?йымдастырылды. Т?рбие са?атыны? ма?саты: о?ушыларды елімізді? ?ыс?аша тарихымен, мемлекеттік р?міздерімен таныстыру. Желто?сан о?и?асы ар?ылы ж?здеген жылдар бойы бабаларымызды? арманда?ан егемендігіне ?ол жеткізгенімізді, осы т?уелсіздікке жету жолында талай бозда?тарымызды? жал?ан айыппен шейіт бол?андарын к?рермендерге жете ??ындыру, о?ушыларды? д?ниетанымын ке?ейту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Т?уелсіздік жаршысы» ашы? т?рбие са?аты»

Тақырыбы: «Тәуелсіздікқасиет тұнған ұлы ұғым!» мерекелік концерті

«Тәуелсіздік жаршысы» ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрермендерге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Барысы:
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі кештің қонақтары!
Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бүгінгі тәуелсіздіктің 24 жылдығына арналған кіріктірілген «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» атты мерекелік концертімізді және 8а, 8б-сынып оқушыларының «Тәуелсіздік жаршысы» атты ашық тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Осыдан 24 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Ондаған жылдар бойы іште жинақталған наразылықтың бұрқ етуіне Мәскеудің республика халқының пікірімен еш санаспастан, ел мүлде білмейтін Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің басшысы етіп қоюы себеп болды. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

1-жүргізуші: Ендеше Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсын!
2-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!-дей келе, алғашқы құттықтау сөз мектебіміздің директоры Гүлмайра Нариманқызына беріледі.

1-жүргізуші: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына биыл 29 жыл толды. Алаңға шығып, өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз - жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Спатаев, Лаззат Асанова сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді.

2-жүргізуші:

Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді....

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....

Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,
Біз көрдік қас дұшпанның балтасында.
Еліме тәуелсіздік келіп жетті,
Мың жылдық күрестердің арқасында.
Ендеше сол желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минут еске алайық.

4 «а»-сынып оқушыларын «Желтоқсан оқиғасы» көрінісімен ортаға шақырамыз.


Ән: «Желтоқсан желі», орындайтын Шерниязова Бибігүл

1-жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің. 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті, 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің. Рашиденова Ажардың орындауында «Қазақстан, алға!» әні, қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Бақытым - Республикам Қазақстан, 
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. 
Саған жетпес құшағы әлемнің де, 
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан. 8а, 8б-сынып оқушыларын Тәуелсіздік күніне арналған тақпақтарымен ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. 

Серіков Рахаттың орындауында «Көк тудың желбірегені» әні.

2-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Терме: Қайратов Бекзат. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық,
Ұлы достық, нұрлы достық, күн достық.

Достық деген қасиетті ұранға,
Кең даланың жүрегі де үн қосты. 8а-сынып қыздарын би өнерімен ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма, 
Туған тілім шұбарланба жарқыра. 
Тарихымызда таланттылар көбейсін,
Бас иемін ата-баба рухына. Ән: «Тек алға!» Шынболатова Жанель

1-жүргізуші: Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп, 
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп.
Өмірдің сырын ашып жүрегіме,
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып, 
Жандырған ой - қиялды қалың күйік. 
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға, 
Тербеліп ырғағына тамылжиық. Нигметуллина Сымбаттың орындауында «Тәуелсіз елім жасасын».
2-жүргізуші:
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. 

Қабыл алыңыздар! Жақсығалиева Айдананың «Тәуелсіздік» күніне арнаған өз шығармашылығы

1-жүргізуші: Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың. 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сәбира, 
Құрбаны болған жаланың. 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып. 
Бұғаудағы боздақтары кете барды,
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып. Олай болса, Шерниязова Бибігүл мен Шынболатова Жанельдің орындауында термені тыңдап көрелік.

2-жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
Таныды тепе - тең деп тереземді. 
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, 
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. «Байтақ елім» әнімен ортада Қайратов Бекзат

1-жүргізуші:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!...
Арайлап атқан бейбіт таңы бар, асу бермес асқар - асқар тауы бар кең жазиралы мекенді, қонақжай, жомарт халқы бар еліміз – Қазақстан. Біз 24 жылда үнемі даму үстіндеміз.

Хор: «Атамекен»
2-жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата-баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі,- дей келе, бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған мерекелік кешіміз бен ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне де келіп жетті. 
1-жүргізуші: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің,
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
Кешімізді «Қазақстанның болашағы біздің қолда» ұранымен аяқтаймыз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
«Т?уелсіздік жаршысы» ашы? т?рбие са?аты

Автор: Султанова Эльмира

Дата: 12.01.2016

Номер свидетельства: 275475


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства