Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3 Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн!»
Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3 Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу; Көрнекілігі:слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» 1 желтоқсан-Президент күніне арналған.
Түрі: тәрбие сағаты Барысы: Мұғалім:- Құрметті оқушылар! Барша Қазақстан халқы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлайды. Осыған орай мектебіміз бойынша апталық жоспарланып, салтанатты жиын, спорттық жарыстар, кітап көрмесі, тақырыптық кеш ұйымдастырылады. Сөйтіп, біз де өз сыныбымызда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. 1991 жылы 1желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. -Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе, «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
I бастаушы: Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. 2 бастаушы: Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр. Ән: «Елім менің»
1-оқушы:
Қазақстан дейтін менің бар елім . Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған, Бұл далада жылап келіп, уанған Бұл даланы көріп алғаш қуанған Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
2- оқушы: Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн Артта қалды бодан болған азап күн Елім, жерім, қазағым деп тебіренем Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
3- оқушы: Қазақ елі желбіреп көк байрағың Гүлге оранды ауылың мен аймағың Нұр ағамыз биіктерге бастады Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын 4-оқушы: Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады. Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы. Дара шыңы қазақтың Дана басып тудың халық – алыптан Топырағы ол туған жердің киелі
1-оқушы «Балалық шағы»
• Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
2-оқушы «Жұмысшы Нұрсұлтан» • Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
3-оқушы:Президенттің саяси өмірбаянының бастауы • Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
4-оқушы «Ғылыми атақтары» Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясыың, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. • Басқа лауазымдары мен мансаптары *Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы. *Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы. *Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы. *Нұр Отан Халықтық - демократиялық партиясының төрағасы. *ОБСЕ - нің бас төрағасы
5-оқушы «Елбасы отбасымен» Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Дариға — саясат ғылымдарының докторы, "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы; Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
6-оқушы Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағамның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады - ау кісілік!
«Даталар сөйлейді»
1-оқушы.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
2-оқушы:
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жариялады.
3-оқушы:
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
4-оқушы:
Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
5-оқушы:
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
6-оқушы:
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді. Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, Білдім дербес елімнің үлгісі деп. Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, Беттерінен көз тартып тұрды сурет. Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, Құт-береке болшы бір елге келген. Өз туы, елтаңба, әнұраны бар Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
7-оқушы: 1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
«Ата Заң» Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің. Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз, Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз. Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды, Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды. Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға: “Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!” Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір, Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
8-оқушы:
Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
9-оқушы:
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін. Ән: “Астана – бас қала”
10-оқушы:
2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды. (Әнұран айтылады) 11-оқушы:
«Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады-ау кісілік!
12-оқушы: Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
13-оқушы: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
14-оқушы:
Төле би сөзімен Уа, халқым, сөз қадірін білесің. Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшысы болмаса, ел жетім. Көсіле шабар жерім бар, Тау көтерген елім бар. Қол бастайтын ерім бар, Атадан қалған сара жолым бар.