kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс жұмыс "Бір шаңырақ астында" 3- сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

мақсаты: балаларға ынтымақтастық,бірлік,достық туралы түсінік беру. халықтар арасында достықты бағалау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс жұмыс "Бір шаңырақ астында" 3- сынып»

Тақырыбы: «Бір шаңырақ астында»
Мақсаты: Балаларға ынтымақ, достық, бірлік туралы түсінік беру; 
халықтар арасындағы достықты бағалау; өзге ұлттардың әдеп-ғұрпымен таныстыру; бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу; Отанды сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс; әдебиет, музыка, еңбек.
Көрнекілік:

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.

«Туған ел» әні ойнап тұрады, қазақ, орыс, өзбек ұлттарының киімін киген оқушылар қол ұстасып, сыныпқа кіреді. Бір қатарға тізіледі.

ҮШ ТІЛДЕ ТАҚПАҚТАР АЙТУ

ҚАЗАҚША: Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-ана,

Отан-үлкен

Қазақстан-туған ел!

ОРЫСША:

Один средь многих стран

Отчизна-мать,

Отчизна-мир

Отчизна-Казахстан

АҒЫЛШЫНША:

Ont among many coyntryies

Native land-mother

Native land-universe

Native land-Kazakhstan

Ерасыл:

Қазақ жері достықтың гүлстаны 
Дархан өлкем - мерейлі ырыс - бағы 
Күрестерде, еңбекте, мерекеде 
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады 

Жантуар:

Елді бүгін қарасам, 
Айналам бақыт кең жатыр. 
Бірімен – бірі туысқан. 
Қол ұстасқан ел жатыр 
Қырғыз, қазақ, Өзбектер 
Армян, татар, ұйғырлар. 
Орыс пенен Украин 
Терезесі тең жатыр, 
Алатау Кавказ ұласып 
Баурайы бұйрат кең жатыр. 
Бақыттың әні асқақтап 
Құлаққа даусы кеп жатыр

Мирас:

 Қазақ жері кең, байтақ 
Қазақ жұрты мейманда 
Қазақстан -ел ортақ 
Барлық жанға мекендес 
Қазақстан -Отаным 
"Өз елім" деп атады. 
Оны өкілі әр ұлттың. 
Мұнда бірге тұрады 
Орыс, неміс, татарлар 
Мұнда тапқан тұрағын. 
Ұйғыр, кәріс, балқарлар 
Бір шаңырақ астында 
Достық болған тірегі 
Үлкен-кіші, жастың да 
Бар мақсаты, тілегі. 

Аймөлдір:

 Бірлігі мен ынтымағы халықтың, 
Көгімізден жарқырайды жарық күн. 
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың, 
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн. 
Достық бізге тым ыстық, 
Бірлік-байлық, ырыс-құт. 
Жарқырасын күніміз, 
Жаса-жаса тыныштық. 



1-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты қонақтар. Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! Құрметті ұлт өкілдерінің дәріптеушілері сіздерді мына орындарға орнасуларыңызды өтінеміз. (Үш ұлт өкілдері топтарға орналасады.)

Басымды иіп, Тіземді бүгіп тұрып,

Ажарымды айдындай шуақ тұнып.

Отанымды сүйемін күліп тұрып,

Отанымды сүйемін жылап тұрып.

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Біздің мектепте 12 ұлт өкілдері бар. Олар:қазақтар, орыстар, немістер, украидер, кәрістер, шешендер, поляк, беларус, болггар, өзбек, түрік және татарлар.Сіздердің алдарыңызға Қазақстан халық ассамблеясына арналған«Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Сіздердің алдарыңызда мектебімізде мемлекеттік тілде білім алатын 3 «А» сынып оқушылары әртүрлі ұлт өкілдері болып өз өнерлерін көрсетеді.

1.Таныстыру.

Қазақтар:

Бүгін бізде дүбірлі той,

Ден қойып тыңда, көңілді қой.

Бүгінгі күн таныды әлем

Қазағымның кім екенін.

Мақтанышпен мен өзіңді

Ән етемін,тіпті де жыр етемін.

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.

Толқынында тарихтың қуғын көрген,

Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

Орыстар:

Уа, халайық, орыс біздің ұлтымыз

Ерекше енді біздің әдет-ғұрпымыз

Қарсы алыңдар салем берген баршаңа

Бейбіт елде өмір сүрген ұл-қызын.

Ерасыл

Мы – веселый народ, 
встанем дружно в хоровод.
Давайте ребята назло непогодам, 
обнимем планету своим хороводом!
Развеем над нею и тучи и дым, 
в обиду ее никому не дадим 

Өзбектер: Біз өзбек халқын таныстырамыз.

Биз кичкентой боламиз,

Ашула айта оламиз,

Туғишган ер турида,

Саньатта борни соламиз.

Узбек халқин танитип,

Олов булиб ёнамиз.

2-жүргізуші:

Ақтарылдың, ақ жарылдың, ашылдың.

Кейінгіге мирас болды салт-дәстүрің

Әдет-ғұрпын дәріптеп өз ұлтының

Көрсетіңдер, қастерлеп бүгінгі күн.

2. «Әдет-ғұрып, салт, сана»

Қазақтар:

Шашу – әдет-ғұрыптың бір түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда,қуаныштың белгісі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, өрік мейіз шашады. Шашуды әдетте жасы үлкен әйелдер,әжелер шашады да оны жас балалар  теріп алады.Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, той жасаған үйге оның жақындары «тойға шашу» деп, тәтті тағамдар әкеледі.Ал қазіргі таңда кәмпит шашады.(оқушы шығып шашу шашады)

Орыстар: Традиция русского народа.

Это традиция проводитсякогда у человека в жизни происходят изменения, например на свадьбах или при рождения ребенка. При рождения ребенка в специальной стекляннной посуде варят кашу из риса или пшена. Как все гости покушают на дастархан приносят эту кашу. Кто больше денег кладет в посуду, тому и предоставляется честь разбить посуду. При разбитии посуды, каша должна остоваться в током же виде. Считается что это традиция приносит в дом счастье, достаток, блогополучие. (Оқушы шығып көрсетеді)

Өзбектер:

Көрініс. Өзбек халқының қонақжайлылығы.
Лейла:
Өзбек халқына тән қасиет олардың қонақжайлылығы. Өзбек халқында қонақ күту бәрінен де жоғары бағаланады. Қонақты күтпеу отбасын, туысқандарды, ауылыңды ұятқа қалдырумен тең. Қадірлі қонақты үй иесі есік алдынан тосып алады.
Әскербек үйдің иесі, Лейла келіншегі. Қонақтар:Арыстан,Ботажан
Әскербек: - Ассалому - алакум!
Арыстан- Хайрли кун!
Ерлер ғана бірі - бірімен қол алысып амандасады. Қол алысу барысында бір - бірінің денсаулығын, жағдайларын сұрасады. Ал әйел адамдар сәл иіліп, оң қолдарын жүрекке қойып амандасады.
Әскербек: Яқин ва азиз қуноқ. Утириб олинг!

Сосын қонақтарды үйге кіргізіп дастархан басына отырғызады. Отағасы қонақтарды төр жаққа отырғызады. Кез келген отырыс шай ішуден басталып, шай ішумен аяқталады. Алғашында үстелге тәттілер қойылады. Соңынан өзбектердің ыстық тағамы палау қойылады.
Қонақтарға шай құяды. Дәстүр бойынша өзбек халқы шайды шамалап қана құяды екен. Қонақ неғұрлым сыйлы болса, соғұрлым оның кесесіндегі шайы да аз болады екен. Бұл салт - дәстүр былай түсіндіріледі: келген қонақ үй йесінен көбірек шай сұраса, жақсы ырым болып табылады. Бұл үйді сыйлаудың белгісі. Егер кесенің түбінде кішкене шай қалып қойса, оны төгіп, жаңа ша

Әскербек Бата береді:

«Фотиха қилиш». «Қадам етти, бало етмасин, бошимиздан тинчлик кетмасин».

3. «Ас-адамның арқауы» демекші ендігі кезек ұннан жасалған әр ұлттың қасиетті тағамын дәріптеу.

Қазақтар. Бауырсақ . Бұл қазақтың ақ бауырсағы, майға пісіргендіктен ол өте дәмді.

(Оқушы қазақтың бауырсағын ұсынады, таныстырады.)

 Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан - өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

Орыстар. Каравай. Каравай — это большой круглый хлеб. Его пекли на праздниках. Сложившаяся традиция, которая зародилась еще у славян-язычников и укоренилась во времена Руси.

(Оқушы орыс халқының каравай нанын ұсынады, таныстырады)

Вот он, хлебушко душистый,
С хрупкой корочкой витой,
Вот он теплый, золотистый
Словно солнцем налитой.

Өзбектер. Тандыр нан. Одатта узбек халқи нонди тандирда пиширадилар. Тандир нон-ноннинг бетакрор сифатиға кул етказиш билан баробар.

(Оқушы өзбектің тандыр нанын ұсынып, таныстырады)

 Ұнатар бар балдырған,
Жұқа жұмсақ тандыр нан.

Жүргізуші:

Ұлтты мақтап айтады,

Үндемей қалай қайтады.

Дәріптеп сол ұлт өнерін

Частушканы да айтады.

Кезекті орыс ұлтын дәріптеушілерге береміз.

Орыстар.

Ой, подружка дорогая, 
Мы нигде не пропадём. 
Сине море перейдём 
И с тобой гулять пойдём. 



Я ценю ведь нашу дружбу,
Это все, что в жизни нужно!
Друг не подведет в беде,
Я доволен им вполне!



За друзей всегда горой,
Лишь были вы со мной!
Вы меня не подводите,
Если надо – помогите!



Өзбектер.

Мың құбылтып әуенін

Ән де сала біледі

Ал бұл қызың өзбектің

Биін билеп береді.

Өзбектің ұлттық биін билейді.

1-жүргізуші:

Тілі бөлек болған менен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

(Жүргізуші осы өлеңді оқып жатқанда ұлт дәріптеушілері ортаға шығып , шаңырақтың астына тұрады.) Бәрі хормен Достық әнін орындайды.

І жүргізуші:

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын!
Алдымыздан барлық үміт ақталсын.
Тату – тәтті бір шаңырақ астында
Өмір сүріп жатқанына мақтансын.

Ендеше,

(ХОРМЕН:)

Бейбітшілік жасасын!

Мир — всем людям на Земле! 

Ынтымақтастық жасасын!

Қозоқстон яшасин!

Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!

Осымен «Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағатымыз аяқталды, біздің қазақ халқы қашанда қонақжай, жомарт халық сондықтан сідерге арнап жасалған сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар (осы кезде келген қонақтарға кәмпит салынған киіз ұйлер үлестіріледі) назарларыңызға рахмет!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Сыныптан тыс жұмыс "Бір шаңырақ астында" 3- сынып

Автор: Ахметова Алия Сатыбаевна

Дата: 11.11.2016

Номер свидетельства: 357817

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) ""?нерлі отбасы" та?ырыбында?ы сыныптан тыс іс-шара"
    ["seo_title"] => string(44) "onierliotbasytakyrybyndagysynyptantysisshara"
    ["file_id"] => string(6) "323515"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461927432"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "?ауіпсіздік ережелері 5-7 сынып "
    ["seo_title"] => string(35) "auipsizdik-ieriezhielieri-5-7-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "101095"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1402406364"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Есептеуіш техника кабинетіндегі ?ауіпсіздік техникасыны?  7 сынып"
    ["seo_title"] => string(76) "iesieptieuish-tiekhnika-kabinietindieghi-k-auipsizdik-tiekhnikasynyn-7-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "252477"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1447397842"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) ""Т?уелсіз ел тірегі- білімді ?рпа? " атты сыныптан тыс шара. 4-сыныптар"
    ["seo_title"] => string(60) "tuielsizieltirieghibilimdiurpakattysynyptantysshara4synyptar"
    ["file_id"] => string(6) "315741"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459947638"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Айыртау өңірінің тарихи – мәдени ескерткіштері"
    ["seo_title"] => string(51) "aiyrtau_on_irinin_tarikhi_m_dieni_ieskiertkishtieri"
    ["file_id"] => string(6) "377696"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484069362"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства