Барлық маман мектептен аттанады-дей отырып,сөз кезегін балаларға беремін.
2.(Оқушыларға сөз кезегі беріледі)
Амир: Әліппем менің Әліппем, Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен. Айым: Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріпте, Оқимыз қазір ертекте, Үйреткен оны Әліппе!
Елдар: Әліппе деген алтын жол Апарар сені алысқа. Жеңіл емес ауыр жол Тырысып бақ намысқа.
Бекзат:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз,
Ата ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп міне шықты балаңыз.
Ерназар:
Барлық әріп бағалы
Айтсақ әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум,уа халайық!
2-жүргізуші:
Армысыздар,әкелер мен ақ жаулықты аналар!
1-жүргізуші:
Бүгіе біз шексіз қуаныштымыз ,өйткені алғаш хат танытып,сауатымызды ашқан,жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.
2-жүргізуші:
Енді өзіміз оқып,өзіміз жаза аламыз.
1-жүргізуші:
Әліппе деген –алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
2-жүргізуші:
Ең алғаш алғанымда Әліппені ,
Қызыға қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
3.Мұғалім:
Балалар,қараңдаршы ертеңгілігімізге Әліппенің өзі де келіпті.Қане,Әліппемен амандасайық.
4.Оқушылар:
Қош келдің,құрметті Әліппе!
Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
5.Әліппе оқулығы:
Сәлеметсіңдер ме ,менің сүйікті достарым!Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар.Жазуға,оқуға,мәнерлеп дұрыс оқуды үйрендіңдер.Мен сендерге өзімнің жан досым Ана тілі және барлық достарымды алып келдім.
6.Ана тілі оқулығы:
Сәлеметсіңдер ме,менің жас достарым!Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын.Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар.Ақын-жазушылардың ертегі,әңгімелерін ынта қойып оқыңдар.Сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер.
7.Мұғалім:
Құрметті оқулықтар!Сіздер біздің мерекемізге қош келдіңіздер.Біздің шәкірттеріміздің тек сауатты емес ,сонымен бірге өнерлі екендерін де көріңіздер.Шәкірттердің өнерлерін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:
«Әліппе» әні оқушыларымыздың орындауында.
2-жүргізуші:
Балалар,олай болса,сүйікті Әліппемізге рақметімізді айта отырып,Әліппеден алған білімімізді көрсетейік.
8.Оқушылар тақпақтар айтады.
Мансұр:
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әріптермен.
Ерназар:
Құрметті ұстаздар мен ата аналар
Кезкелдісіздерденақ бата алар
Ұлқыздарынкөрсетпекшіөнерлерін
Бар қауымтаңданатаңдайқағар,
Арай:
Қош бол, құттыӘліппе,
Көпнәрсеніүйреттің
Таныстырыпәріппен
Тақылдатыпсөйлеттің
Асхат:
ЕңалғашқолғаалғанӘліппені
Қызығыпқарайбердімәріптерді
Мен үшін сыры жұмбақбұлкітаптың
Ұстазыммағанкілтіналыпберді
Дамира:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің сүйікті Әліппем,
Сеніңарқан оқи жаза білгенім
Сауатты адам қатарына кіргенім
Бекзат:
Келгендеалғашмектепке
Білмеушіедікәріпте
Оқимызқазіркітапты
Үйреткен оны Әліппе
Ақерке:
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе.
Елдар:
Таныстырар әріппен
Мынау кітап Әліппен
Әліппе деген аты оның
Басталған қай әріптен?
Диана:
А ны айтқанда дауысымыз дірілдеді
Ұстазым көз алдымда күлімдеді
Күн сайын әріптердің атын білем,
Сөз оқимын ажыратып әріпті енді.
Амир:
А-дегеноланаларғойардақты,
Ә- дегеноләкелерғойсалмақты
Б-дегенол- балаларғойәдемі
Біздіңелдеүшеуі де кәделі.
Альмансур:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе- ғылым анасы
Әліппеденбасталған
Даналықтыңданасы.
Мадияр:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңілемес, ауыржол
Тырысыпбақнамысқа.
Айым:
Жақсы кітап -Әліппе
Үйретеді әріпке
Қуыршақпен қоштастық
Әліппемен достастық
Арайлым:
Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықты сақтаймыз.
Ұмытпаймыз бәрін де
Атың, затың, түрінде.
9.Әліппе: -Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. 10. Математика: -Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерінді тексерейік. ( ауызша есеп)
а) Оң қолымда бес саусақ ә) Өткізген тырна сабаққа,
Сол қолымда бес саусақ, Қатысты жеті сауысқан,
Қосып едім екеуін, Үшеуі ғана олардың,
Болып шықты он саусақ. (10) Дайындалған сабаққа.
Неше жалқау сауысқан
Қатысқан осы сабаққа?( 4)
б)Мұз айдындағы 7 бала в) Табақта 5 алма
Асыр сап жүр сырғанап. Қолымда 2 алма
Сырғанамай 2 бала Барлығын қосқанда
Жағалауда тұр қарап Болады неше алма ( 7 )
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң жарадың. (9 )
1-жүргізуші:
Қыздарымыздың өнерін тамашалаңыздар.«Қыздар биі» 2-жүргізуші:
Енді «Әріптер сырын » бастаймыз.
А-бірінші әріп қой,Мансұр
Ауылды біздің танып қой.
Еңбекпенен есейген,
Қонақжай,дархан халық қой.
Б-дегенде білім,Ерназар
Бізге төгер нұрын.
Тәлім берген ұстаз,
Сізге берер жырын.
Г-дегенде гүл терген,Арай
Гүлжан келді даладан.
Анасына гүл берген,
Қызықты оған бар адам.
Ғ-дегенде ғарышкер,Асхат
Ғалым аға боламыз.
Талғат пенен Тоқтардай,
Көк аспанды шоламыз.
С-дегенде салмақты,Дамира
Сабырлы бол жан-жақты.
Сүйкімді бол саялы,
Өзгелерге ардақты.
Е-дегенде ертегі,Бекзат
Бізге сырын шертеді.
Еңбек,есті,ерлікті,
Үлгі қылып ертеді.
Ж-жұмбақ шеше аламын,Ақерке
Жаңылтпаштан жаңылмайтын баламын.
Жалғандықты сүймеймін,
Жақсы жолдас боламын.
З-дегенім зейін,Елдар
Зерделі оған бейім.
Білім алып оқы,
Қалып жүрме кейін.
У-дегенде уықты,Диана
Керегеге буыпты.
Бұрынғы біздің бабалар,
Киіз үйде тұрыпты.
Й-Айша қарап айнаға,Амир
Жымияды сәл,жай ғана.
Өріп еді шаштарын,
Тұра қалды байлана.
М-дегенде мектебім, Альмансур
Білімнің нәрін сепкенім.
Маңғыстауым мұнайлы,
Өзіңде өсіп көктедім.
О-дегенде орыс,Мадияр
Тілі бізге таныс.
Оқып,жазып,үйрен,
Жүрме бізден қалыс.
Ө-дегенде өрнек, Айым
Құрарсың шын терлеп.
Азайтып,қос үйрен,
Сол негізгі еңбек.
Ш-дегенде шетел, Арайлым
Тілін үйрен ,меңгер.
1-жүргізуші:
Ду қол шапалақ!
2-жүргізуші:
Рахмет бүлдіршіндер!
11.Ана тілі оқулығы:
Достарым мен сендерге мынадай тапсырма алып келдім.Мына сызбадағы сөздердің бірінші әрпі қалдырылып жазылған.Берілген сөздің барлығына ортақ әріпті табыңдар.Қане,қалай ойлайсыңдар,ол қандай әріп. Ж
-Дұрыс енді сол сөздердің мағыналарын түсіндіріп беріңдерші.
Ас-тағам,жас-көздің жасы.
Астық-дәнді дақыл,жастық-зат.
Айна-бейнемізді көретін зат,жайна-гүлдей жайна деген сөзді білдіреді.
Арық-су ағатын арна,жарық-күн,жарық ай.
Ел-халық,жұрт,жел-табиғат құбылысы.
Алау-от,жалау-ту.
Ер-батыр,ержүрекболса,жер-қазына байлық.
Анар-жеміс,жанар-көз.
1-жүргізуші:
Міне біз осылай әліппені аяқтадық.Енді мектепті бітіргенше бізге қажет оқу-құралдарын танып алайық.
2-жүргізуші:
Әркімдерге табылмас,
Дәптер,қалам,қарындаш-
Сенің оқу-құралдарын,
Таныстырсын өздерін.
Сөмке,кітап тағылар.
Бәрі,бәрі,бәрі бар.
Қызметіне қарап сен
Ал,оларды танып ал.
Қалам: Мансұр
Жорғаласам ізімнен,
Інжу-маржан тізілген.
Ең керекті құралмын,
Тұмсығы үшкір бізіңнен.
Дәптер: Арай
Аппақ,таза тұрамын,
Он екі бет құрамын.
Менсіз бала мектепке,
Шыға алмассың бір адым.
Айтшы,қане,болдым мен,
Қай қажетті құралың?
Өшіргіш: Диана
Сурет салсақ менің де,
Тұрарым бар сенімде.
Қате кетсе,ашыма,
Ренжіме,жасыма.
Түзетуге ло тұсты,
Мен жетемін қасыңа.
Сөмке: Альмансур
Саған қолғанаттаймын ,
Текке қарап жатпаймын.
Кітпап,қаламсабыңды,
Жиын-теріп сақтаймын.
Өзгеге «есік» ашпаймын,
Дәптерлерді шашпаймын.
Жаныңдамын әрдайым,
Сенсіз қадам баспаймын.
Тапсаң мені ойланбай,
Өзіңдікі бас бәйгім!
Кітап: Мадияр
Шарықтатып қиялың,
Зердеңе ой құямын.
Бір-бір мектеп –Ыбырай,
Абай,Ахмет зиялым.
Табыстырам бәрімен,
Өлең –жыры ,әнімен.
Өрісіңді кеңейтер,
Шежіре айтып әріден.
Қысқасы –ілім-білімнің
Бәрі,бәрі,бәрі-мен!
Сағат: Арайлым
Жатып алсаң еркелеп,
Шырылыммен «желкелеп».
Күнде таңғы жетіде,
Оятамын ертерек.
Құрал деп текке,
Бірақ мені шеттетпе.
Тату болсақ екеуміз,
Кешікпейміз мектепке.
1-жүргізуші:
Жарайсыңдар 1 «А» сынып.
2-жүргізуші:
Сіздердің алдарыңызда « Ұлдар биі».
1-жүргізуші:
Қәне, балалар, енді қонақтарға, ата аналарға білім туралы мақал-мәтел айтайық.
2-жүргізуші:
Білеміз бе?
Мақал-мәтелдер.
Ілім - бұлақ Білім - шырақ.
Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.
Оқу инемен құдық қазғандай. Диана
Оқу түбі тоқу.
Өнер ағып жатқан бұлақ Ілім - жанып тұрған шырақ.
Білім қымбат, білу қиын. Амир
Ақыл тозбайтын тон Біл - таусылмайтын кен.
Ойнада күл Оқыда біл.
Білім - ер азығы, Ер - ел азығы. Мансұр
Оқу - білім азығы, Білім - ырыс қазығы
Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні қаріп. Ақерке
Өнер ағып жатқан бұлақ.
Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар. Асхат
Білім таппай мақтанба, Өнер таппай баптанба. Дамира
Күш - білімде.
Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді. Мадияр
Көргеннен көрмегенін көп. Білгеннен білмегенің көп. Альмансур
Көрмегенге көсеу таң.
Көргенсіз дегенге ашуланба,
Көрмей білмессің. Айым
Бұрынғыны айтпай, Соңғы еске түспейді.
Әлім келсе, Арыс суын байлар ем. Ерназар
Білім алып құрасын, Еңбек етіп сұрасын.
Адасқанның артындағысы біледі. Жаңылғанның жанындағысы біледі. Бекзат
Өзің бір жақсы ғалым болсаң, Елге мәшһүр мәлім боларсың.
Үйінде озған, түбінде озар. Арай
Білім ауысады, Ырыс жұғысады.
Алғыға қарап пікір ет, Артқыға қарап шүкір ет. Елдар
Кісінің аты-жөні бас әріптен басталып жазылады. Асхат
Жер-су аттары бас әріптен басталып жазылады.Дамира
Үй жануарларына қойылған аттар да бас әріптен басталып жазылады. Бекзат
Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады. Ақерке
Буын дауысты дыбыс арқылы жасалады. Елдар
Алғаш бізге «Әліппе» оқулығын жазған-Ыбырай Алтынсарин.Диана
Біздің Елбасымыз,Президентіміз-Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы.Амир
Қазақстан Тәуелсіздігін -1991 жылы жариялады.Альмансур
Әліппеде 42 әріп бар. Мадияр
Оның 2-еуі таңба.Дыбысқа жатпайды.Арайлым
15-дауысты дыбыстар және 26-дауыссыз дыбыстар бар.Оның ішінде у-дыбысы дауысты және дауыссыз да бола алады.Айым
Әліппе:
Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! «5» болсын алар бағамыз, Біліммен бақыт табамыз, Өнер-білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату) Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға ана тілін аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз!