kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Рахмет, са?ан "?ліппе"!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Рахмет, са?ан «?ліппе! Ма?саты: 1. О?ушыларды? білімдерін бекіту, оларды? ал?ан білім-білік да?дыларын к?рсету. 2. Тілін дамыту, с?здік ?орын молайту. 3. ??ыптылы??а, шапша?ды??а т?рбиелеу. Т?рі: ?деби-музыкалы? монтаж К?рнекілігі: о?улы?тар?а арнал?ан банерлер, слайд, фотомонтаж. Ж?рісі: ??рметті ата-аналар, ?стаздар, о?ушылар! Б?гін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел бол?ан, т?уелсіз т?лпардай етек-же?іміз ке?ейіп, атымыз алыс?а жетіп жат?ан ша?та, б?гін сіздер ?шін тойлары?ыз?а та?ы бір той ?осылма?шы. Ана тіліні? ?ажайып ?рі шынайы ?леміне б?лдіршіндерді д?л жетелейтін ?з тілін о?ып ?йренуге о?и алсам деген ?мтылыс?а ша?ыратын ?ліппе о?улы?ы. Міне, б?гін сіздер барлы? ?ылымны? анасы бізді? болаша?ымызды? негізі- ?ліппемен ?оштасу тойына келіп отырсыздар. Тойлары? той?а ?лассын. Ш?кірттеріміз ата-ананы? ?лы емес, халы?ты? ?лы болсын! ?сті міне бойлары?, ?сті а?ыл ойлары? ?уаныш?а орта?пын ??тты болсын тойлары?. Бала деген шіркін-ай балдай екен Т?ттілігі жая мен жалдай Арып –ашып даладан келгені?де Бал иісін таттырып алдайды екен- деп Кенен ?зірбаев айт?андай кішкентай б?лдіршіндерді? бал тіліне ??ла? салайы?. 1 – о?ушы Назерке ?лшеулі ар-намысы хал?ымызды? ?ор?аны адамды?пен салтымызды? Армысыздар аяулы ?стаздарым Сенері сендерсі?дер хал?ымызды?. 2 – о?ушы Гау?ар ?мір берер ерте?гі ба?аларын ?ліппемен ?оштаспа? б?гін балалары? Хал?ыма ?рпа? берген, ?мір берген ?ош келді? ата-?же, ?келер мен аналарым. 3 – о?ушы Назерке Б?гін бізде ?лкен ?уанышты к?н.Біз ал?аш мектепке келіп, о?у, жазу ?йренген ал?аш?ы о?улы?ымыз ?ліппені ая?тап, ?оштас?алы отырмыз. 4 – о?ушы Гау?ар Ал?аш ?олымыз?а г?л шо?ын алып мектепті? табалдыры?ын аттап ?ткелі 4 ай уа?ыт ?тіпті. Осы уа?ытты? ішінде біз 42 ?ріпті ?йреніп, енді ?зіміз о?ып та, жаза да аламыз. 5 – о?ушы Али Е? ал?аш ал?анымда «?ліппені» ?ызы?ып ?арай бердім ?ріптерді. Мен ?шін ж?мба? болып ?алар ма еді? ?стазым кілтін оны? алып берді. Хор: Жар?ын ж?зді ?стазым 6 -о?ушы: Назерке Суреттермен с?йлеткен, ?ріптерді ?йреткен. Баспа ?ріп пен жазба ?ріп. Дауысты мен дауыссыз. Айты?даршы, балалар ?ай о?улы? ?йреткен? О?ушылар хормен ?ЛІППЕ!?ЛІППЕ! 7 - о?ушы: ?ліппе Армысыздар, жас достар! Армысыздар ата-аналар! Болаша??а жол бастар ?ліппе келді орта?а Білім деген ?ажайыпты?, ?ліпбиін ме?герген Келешегі ?аза?ты? Басталады сендерден. ?ліппені? с?ра?ы: 1-с?ра?: Балалар, ?ліппені ал?аш жаз?ан кім? Ыбырай Алтынсарин 2-с?ра?: Балалар, ?аза? тілінде неше ?ріп бар? 42 ?ріп Рахмет балалар ендігі с?з кезегі сендерде. М??алім: -??рметті ?ліппе, сен шарша?ан шы?арсы?, кел тойымызды? т?ріне шы?, балаларды? са?ан айтар ал?ысы мол, отырып, ты?да?ыз. 8 - о?ушы: Жазира Бар кітап?а бас бол?ан ?ліппе ?ылым а?асы ?ліппеден бастал?ан Даналы?ты? данасы. 9 - о?ушы: Д?урен Іші тол?ан ?ріпке Жа?сы кітап ?ліппе ?ліппені аламыз, Мектепке біз барамыз. 10 - о?ушы: Гау?ар Іші тол?ан ?ріпке Жа?сы кітап ?ліппе Барлы? білім-ілімні? А?асы осы ?ліппе. 11 – о?ушы: Дильназ Біз жазамыз «ана» деп Біз жазамыз «дана» деп Біз жазамыз «бала» деп Біз жазамыз «Отан» деп. ?н: «?ліппе» 12 - о?ушы: ?лмекен Биік-биік таулар деп, ?ызыл-жасыл баулар деп, ?а?арманды ел ?аза? деп, Болаша?ы ?ажап деп. 13 - о?ушы: Ислам Апа-ата атын сен, Бізге ?йретті? ?ліппе. Бізге на?ыз жа?ынды, Сенен білдік ?ліппе. 14 - о?ушы: Хиуаз Келгенде ал?аш мектепке, Білмеуші едік ?ріп те. О?имыз ?азір ертек те, ?йреткен оны ?ліппе. 15 - о?ушы: Жомарт ?ліппе деген да??ыл жол Апарар сені алыс?а Же?іл емес ауыр жол Тырысып ба? намыс?а. 16 - о?ушы: Хиуаз К?лге айнал?ан б?ла?ты? ?айнар к?зі ?ліппе. Том-том ?алы? кітапты? Басы болар ?ліппе. ?н: « ?ліппе туралы жыр» 17 - о?ушы: Айбол Мен ?шін жа?сы адам, Арты? к?рем бас?адан. «Апа», «ата» с?здері, А ?рпінен бастал?ан 18 – о?ушы: Н?рболат «?» деген ?ріп мен болам, ?ділдікке ша?ырам. ?депті бол ?р?ашанда, ?асы?да болам сонда ?ана. 19 -о?ушы: Ырысбек «Б» ?рпінен бастап ?стазы?, Б?лдіршін дейді с?йкімді. ?уанып сен ?шін ата-ана? Балапаным дейді с?йікті. Хор: «М??алім ол бізді?», ?н «?сазым» 20 - о?ушы: Замира Барлы? ?ріп ба?алы. Айтты? ?діл- ба?аны ?ріпсіз с?з болмайды Буын онсыз толмайды Адам барлы? ?ріпті Арда?тайды, ?олдайды. М??алім: Бір к?ні жаман мен жа?сы кезікті, с?з тартысып бір-бірімен кежікті. Жа?сылы?: Жаманды??а жол бермеймін еш?ашан да, ?лкендерді сыйлау?а, кішіге ?ам?ор болу?а, ?йретемін баланы жа?сылы??а. Жаманды?: ?йренсе? бала жаманды??, ?ор?ады сенен барлы?ы. Тауы? ?ашар ?ыт-?ыттап ??стар ?шар шы?ылы?тап. Ал, кішкентай бала?ан. Б??ып ?тер ?ор?а?тап. Жа?сылы?: - Д?рыс емес, сенікі жаманды?.Сені балалар жек к?ріп, аула? болу?а тырысады. Егер осындай ?ылы?тарымен бала кездессе о?ан т?ртіпті, жа?сы балалар к?мектеседі. Оларды д?рыс т?ртіпке ?йретеді. Ендеше, екеуіміз де балаларды б?гінгі кештерімен ??тты?тап, т?ртіпті, білімді болу?а ша?ырайы?. М??алім: -Балалар, т?ртіпті, білімді болу?а серт береміз бе? О?ушылар: /хормен/ -Т?ртіпті, білімді о?ушы болу?а серт береміз! ?ойылым: «Бауырса? пен ?уырша?» ?н: «Ертегілер» 21 - о?ушы: Ырысбек ?ліппем мені? ?ліппем, ?мірді к?рем танып мен ?айталап айтам мы? рет ?зі?е к?п-к?п рахмет. 22 - о?ушы: Амандос ?ош бол ??тты ?ліппем, К?п н?рсені ?йретті? Таныстырып ?ріппен, Та?ылдатып с?йлетті?. 23 - о?ушы: Назерке Б?кіл ?аза? баласы д?ріптеген ?оштаспа?пыз с?йікті ?ліппемен. Ризамыз б?рімізді таныстыр?ан, С?з бен дыбыс, ?р т?рлі ?ріптермен. 24 - о?ушы: Али Таныстырып 42 ?ріппен, ?ош бол мені? ?асиетті ?ліппем! Сені? ар?а? о?и жаза білгені? Сауатты адам санатына кіргенім. 25 - о?ушы: Гау?ар ?ліппемен ?ош айтысып ?аламыз, Енді ?ол?а Ана тілін аламыз. Ата-ана ?уаныш?а орта? бол Сауатты боп шы?ты міне бала?ыз. М??алім: ?ріптерді? иесі, ??рметті ?ліппе! Сізге шексіз ал?ысымызды білдіреміз. ?ліппе: Ра?мет, ризамын. Менде сендерге б?дан былай ?арай кітапты к?п о?ысын деген ниетпен, мына кітаптарды табыс етемін. М??алім: Балалар ендігі сендерді? жа?а достары? –Ана тілі. Сонды?тан ?ліппені ?алай ме?герсе?дер Ана тілінде солай ме?геруге с?з бересі?дер ме? М??алім: Талап, е?бек, тере? ой, ?ана?ат, ра?ым ойлап ?ой- деп Абай атамыз жырла?андай, осы бес ?асиетті бойымыз?а дарыту ?шін ана тілін ме?геруіміз керек. Ана тілі: Ту?ан елді? тілімін, А?ылыммен таныламын. Т?сіндірер б?ріне, Ана тілі ?раным Ана тілі болмаса, Мы?ты болмас т?ра?ым. Балалар енді мені о?итын боласы?дар. Мен сендерге к?п н?рсені ?йретемін. Барлы? ?азына байлы? о?у-білімде. Ол туралы ?андай ма?алдар білесі?дер? Кітап-білім б?ла?ы, Білім- ?мір шыра?ы. А?ыл- тозбайтын тон, Білім- таусылмайтын кен. Кітапсыз білім жо?, Білімсіз к?ні? жо?. А?ыл азбайды, Білім тозбайды. О?у инемен ??ды? ?аз?андай. О?у- білім б?ла?ы, Білім-?мір шыра?ы. 26 - о?ушы Хиуаз Ана тілін білмеген, А?ылы жо? желікбас. Ана тілін с?ймеген, Хал?ын с?йіп жарытпас. Ана тілі?- ары? б?л ?яты? боп т?р бетте ?зге тілді? б?рін ?з тілі?ді ??рметте. 27 – о?ушы Жазира А?ыл-ойын дананы? Ана тілден аламын Ана тілім арда?ты А? с?тіндей анамны?. 28 – о?ушы Еркен?р Ана тілім – елдігім, Ана тілім – ерлігім, Ана тілім болмаса Б?тінделмес кемдігім. Ана тілі: Білімні? бетін жары? ет! ?л-?ызымды білімді ет, Келесі о?у жылына, Аман-есен т?гел жет «5» болсын алар ба?амыз, Білімнен ба?ыт табамыз. ?нер-білім к?п то?ып. ?се берсін санамыз! ?умин. Ана тілі ??рметіне «?аза? биі» М??алім: Балалар! Сендер ?ліппемен ?ана достасып ?ой?ан жо?сы?дар. Сонымен бірге математика о?улы?ымен де танысты?дар. Ал, енді орта?а математиканы ша?ырайы?. Математика: Математика ?ылымны? патшасы атасы деген. Мен сендерге санауды ?йретемін. Сендер санауды жа?сы игерді?дер ме? Санама?: «Орман?а бол ?ор?ан!» ?н: « Атамекен» Би: «Чунга – чанго» Б?гінгі кеш ?р ?йді? «Той басы» деп саналар, Балаларды? есімі ?улеттерге таралар. Ырым етіп сонды?тан тойымызды? со?ында, А? ниететпен барша?а тілек айтар ?она?тар. ?н: «К??ілді к?н» М??алім: ?ліппені жа?сы ме?геріп, сауатты жазып о?улары?а ата-аналары?ны? ?ос?ан ?лесі мол. Сіздерге ал?ысымызды білдіре отырып ендігі с?з кезегі сіздерде.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Рахмет, са?ан "?ліппе"! »

Тақырыбы: Рахмет, саған «Әліппе!

Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету. 2. Тілін дамыту, сөздік қорын молайту. 3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Әдеби-музыкалық монтаж

Көрнекілігі: оқулықтарға арналған банерлер, слайд, фотомонтаж.

Жүрісі: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгін сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақшы.

Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын әліппе оқулығы. Міне, бүгін сіздер барлық ғылымның анасы біздің болашағымыздың негізі- әліппемен қоштасу тойына келіп отырсыздар. Тойларың тойға ұлассын. Шәкірттеріміз ата-ананың ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың.

Бала деген шіркін-ай балдай екен

Тәттілігі жая мен жалдай

Арып –ашып даладан келгеніңде

Бал иісін таттырып алдайды екен- деп Кенен Әзірбаев айтқандай кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне құлақ салайық.

1 – оқушы Назерке

Өлшеулі ар-намысы халқымыздың

Қорғаны адамдықпен салтымыздың

Армысыздар аяулы ұстаздарым

Сенері сендерсіңдер халқымыздың.

2 – оқушы Гауһар

Өмір берер ертеңгі бағаларын

Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген

Қош келдің ата-әже, әкелер мен аналарым.

3 – оқушы Назерке

Бүгін бізде үлкен қуанышты күн.Біз алғаш мектепке келіп, оқу, жазу үйренген алғашқы оқулығымыз әліппені аяқтап, қоштасқалы отырмыз.

4 – оқушы Гауһар

Алғаш қолымызға гүл шоғын алып мектептің табалдырығын аттап өткелі 4 ай уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді өзіміз оқып та, жаза да аламыз.

5 – оқушы Али

Ең алғаш алғанымда «Әліппені»

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Ұстазым кілтін оның алып берді.

Хор: Жарқын жүзді ұстазым

6 -оқушы: Назерке

Суреттермен сөйлеткен, Әріптерді үйреткен. Баспа әріп пен жазба әріп. Дауысты мен дауыссыз. Айтыңдаршы, балалар Қай оқулық үйреткен?

Оқушылар хормен ӘЛІППЕ!ӘЛІППЕ!

7 - оқушы: Әліппе

Армысыздар , жас достар! Армысыздар ата-аналар! Болашаққа жол бастар Әліппе келді ортаға Білім деген ғажайыптың, Әліпбиін меңгерген Келешегі қазақтың Басталады сендерден.

Әліппенің сұрағы:

1-сұрақ: Балалар, әліппені алғаш жазған кім? Ыбырай Алтынсарин

2-сұрақ: Балалар, қазақ тілінде неше әріп бар? 42 әріп

Рахмет балалар ендігі сөз кезегі сендерде.

Мұғалім: -Құрметті Әліппе, сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық, балалардың саған айтар алғысы мол, отырып, тыңдаңыз.

8 - оқушы: Жазира

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым ағасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

9 - оқушы: Дәурен

Іші толған әріпке

Жақсы кітап әліппе

Әліппені аламыз,

Мектепке біз барамыз.

10 - оқушы: Гауһар

Іші толған әріпке

Жақсы кітап әліппе

Барлық білім-ілімнің

Ағасы осы әліппе.

11 – оқушы: Дильназ

Біз жазамыз «ана» деп

Біз жазамыз «дана» деп

Біз жазамыз «бала» деп

Біз жазамыз «Отан» деп.

Ән: «Әліппе»

12 - оқушы: Ұлмекен

Биік-биік таулар деп ,

Қызыл-жасыл баулар деп,

Қаһарманды ел қазақ деп ,

Болашағы ғажап деп.

13 - оқушы: Ислам

Апа-ата атын сен,

Бізге үйреттің әліппе.

Бізге нағыз жақынды,

Сенен білдік әліппе.

14 - оқушы: Хиуаз

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреткен оны Әліппе.

15 - оқушы: Жомарт

Әліппе деген даңғыл жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

16 - оқушы: Хиуаз

Көлге айналған бұлақтың Қайнар көзі әліппе.

Том-том қалың кітаптың Басы болар Әліппе.

Ән: « Әліппе туралы жыр»

17 - оқушы: Айбол

Мен үшін жақсы адам,

Артық көрем басқадан.

«Апа», «ата» сөздері,

А әрпінен басталған

18 – оқушы: Нұрболат

«Ә» деген әріп мен болам,

Әділдікке шақырам.

Әдепті бол әрқашанда,

Қасыңда болам сонда ғана.

19 -оқушы: Ырысбек

«Б» әрпінен бастап ұстазың,

Бүлдіршін дейді сүйкімді.

Қуанып сен үшін ата-анаң

Балапаным дейді сүйікті.

Хор: «Мұғалім ол біздің», Ән «Ұсазым»

20 - оқушы: Замира

Барлық әріп бағалы.

Айттық әділ- бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды.

Мұғалім:

Бір күні жаман мен жақсы кезікті, сөз тартысып бір-бірімен кежікті.

Жақсылық: Жамандыққа жол бермеймін ешқашан да, Үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, Үйретемін баланы жақсылыққа .

Жамандық: Үйренсең бала жамандыққ, Қорқады сенен барлығы. Тауық қашар қыт-қыттап Құстар ұшар шықылықтап. Ал, кішкентай балақан. Бұғып өтер қорқақтап.

Жақсылық: - Дұрыс емес, сенікі жамандық.Сені балалар жек көріп, аулақ болуға тырысады. Егер осындай қылықтарымен бала кездессе оған тәртіпті, жақсы балалар көмектеседі. Оларды дұрыс тәртіпке үйретеді. Ендеше, екеуіміз де балаларды бүгінгі кештерімен құттықтап, тәртіпті, білімді болуға шақырайық.

Мұғалім: -Балалар, тәртіпті, білімді болуға серт береміз бе?

Оқушылар: /хормен/ -Тәртіпті, білімді оқушы болуға серт береміз!

Қойылым: «Бауырсақ пен қуыршақ»

Ән: «Ертегілер»

21 - оқушы: Ырысбек

Әліппем менің әліппем,

Өмірді көрем танып мен

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет.

22 - оқушы: Амандос

Қош бол құтты әліппем,

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

23 - оқушы: Назерке

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған,

Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.

24 - оқушы: Али

Таныстырып 42 әріппен,

Қош бол менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи жаза білгенің

Сауатты адам санатына кіргенім.

25 - оқушы: Гауһар

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Мұғалім: Әріптердің иесі, құрметті әліппе! Сізге шексіз алғысымызды білдіреміз.

Әліппе: Рақмет, ризамын. Менде сендерге бұдан былай қарай кітапты көп оқысын деген ниетпен, мына кітаптарды табыс етемін .

Мұғалім: Балалар ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?

Мұғалім: Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой- деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек.

Ана тілі:

Туған елдің тілімін,

Ақылыммен таныламын.

Түсіндірер бәріне, Ана тілі ұраным

Ана тілі болмаса, Мықты болмас тұрағым.

Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу-білімде.

Ол туралы қандай мақалдар білесіңдер?

Кітап-білім бұлағы, Білім- өмір шырағы.

Ақыл- тозбайтын тон, Білім- таусылмайтын кен.

Кітапсыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.

Ақыл азбайды, Білім тозбайды.

Оқу инемен құдық қазғандай.

Оқу- білім бұлағы, Білім-өмір шырағы.

26 - оқушы Хиуаз

Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас.

Ана тілің- арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін

Өз тіліңді құрметте.

27 – оқушы Жазира

Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

28 – оқушы Еркенұр

Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – ерлігім,

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

Ана тілі: Білімнің бетін жарық ет!

Ұл-қызымды білімді ет,

Келесі оқу жылына,

Аман-есен түгел жет

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып .

Өсе берсін санамыз! Әумин.

Ана тілі құрметіне «Қазақ биі»

Мұғалім: Балалар! Сендер әліппемен ғана достасып қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Ал, енді ортаға математиканы шақырайық.

Математика: Математика ғылымның патшасы атасы деген. Мен сендерге санауды үйретемін. Сендер санауды жақсы игердіңдер ме?

Санамақ: «Орманға бол қорған!»

Ән: « Атамекен»

Би: «Чунга – чанго»

Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында,

Ақ ниететпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Ән: «Көңілді күн»

Мұғалім: Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып оқуларыңа ата-аналарыңның қосқан үлесі мол. Сіздерге алғысымызды білдіре отырып ендігі сөз кезегі сіздерде.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Рахмет, са?ан "?ліппе"!

Автор: Кушикбаева Тансулу

Дата: 17.04.2015

Номер свидетельства: 202740


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства