kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ріпті алдым танып мен, ?ош бол, алтын ?ліппем!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?ріпті  алдым танып мен,

                  ?ош бол, алтын, ?ліппем!

Ма?саты: О?ушыларды? сауат ашу п?нін о?у барысында  ал?ан білімдерін  тияна?тау, ?з ?нерлерін ата - аналар?а к?рсету,эстетикалы? тал?амдарын  тере?дете т?су, ?зін - ?зі  бас?аруы мен ана тілін  с?йіп  ?астерлеуге т?рбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ріпті алдым танып мен, ?ош бол, алтын ?ліппем! »

«Сымбат» жеке мектебі

Бастауыш класс мұғалімі

Кайдакова Жанат Бекболатовна

Тақырыбы: Әріпті алдым танып мен,

Қош бол, алтын Әліппем!

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін-өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу; Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарға жапсырылған қима әріптер мен цифрлар, «Әліппе» оқулығын мұқабасы, шардан жасалған бағаналар, ертегі кейіпкерлерінің киімдері, қызыл және көк түсті үйшік, сынып өмірінен үзінді слайдтар мен бейне таспа, «1 «А» сынып» жазуы .

Барысы:

1. Қойылым: «Алғашқы қоңырау». «Сымбат» жеке мектебі туралы бейне баян жүріп жатады. Сахнада оқушылар мен мұғалімі тұрады. Мұғалім қолында 1 «А» сынып деген кесте болады.Ортаға немересін жетектеген әже шығады.

Автор: Алты жасар баласын,
Алпыстағы әжей жетектеп. 
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Әже: Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Немере: Мадина Исалиева

Қыркүйекте келдім де

Сыныпқа кірдім қуанып,

Қарсы алды ұстаз мейіріммен

Қадамымды құп алып.

Мұғалімі:

- Саламатсыз ба? Менің аты-жөнім – Жанат Бекболатовна. Мен сіздің балаңызды оқытатын алғашқы мұғалімі боламын.

Әже:

- Ал, енді мынау менің немерем! Немеремді сізге тапсырдым. Білімді , сауатты азамат етіп шығарады деп сенемін!

Мұғалім: - Сеніміңізге рақмет!

Күндерің өтер осында әр,

Сыныптас ұл-қыз досың бар.

Ел-жұрттың ақтап үмітін,

Оқуды үздік оқыңдар!

Оқуды үздік оқыңдар!

Ал, балалар, жүріңдер білім әлеміне!
(бәрі сахнадан кетіп қалады)

1- жүргізуші: Мадина Ж

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата – аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

2-жүргізуші: Дәулет

Армысыздар аналар,

Армысыздар балалар,

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз.

  • Мадина, осы біздер қандаймыз?

1-жүргізуші: Мадина
- Біз «Сымбат» жеке мектебінің 1 «А» класында оқитын, бүгінде әліппені оқып бітірген балалармыз!

2-жүргізуші: Дәулет. - Біз өнерліміз.

1-жүргізуші: Мадина.- Біз мың бұралған бишіміз.

2-жүргізуші: Дәулет. Біз қызықпыз, қызықпыз,

Сәл еркелеу бұзықпыз.

1-жүргізуші: Мадина- Біз ақылдымыз.

2-жүргізуші: Дәулет-Біз қазақ тілін өркендететін.

1-жүргізуші: Мадина-Біз қазақ тілін көркейтетін

Екеуі бірге: Біз қазақ елінің болашағымыз!

2-жүргізуші: Дәулет

Әліппеге даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз алғашқы.

Ән: «Алғашқы ұстазым». Орындайтын: Жұбан Мадина

Айназым: Еркесі едім атамнгың

Еркесі едім анамның

Толдым биыл жзетіге

Мен оқушы атандым.

Шоқан: Өтті оқу , сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат,

Оқулықпен достассақ

Әліппемен қоштаспақ

Өсті білім бойымыз

Құтты болсын тойымыз

1-жүргізуші: Мадина. Сымбат жеке мектебінде 1»А» сыныбында «Қош бол, құтты Әліппем» атты қоштасу кеші өтуде. Балалардың барлығы әліппені шақырыпты.

Барлығы: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

Тұмарлы: Балалар, мен хат тауып алдым. Хатта Әліппені Білім атшасы алып кетіпті деп жазылған. Балалар Әліппені іздеуге шығайық.

2-жүргізуші: Дәулет. Балалар көп іздейді. Алдынан мақал – мәтелдерге кезікті.

Мақал –мәтел: Адия

Жақсы білім көрімдік

Болсын сізге халайық,

Не үйреніп, не білдік?

Қане, ортаға салайық

Әліппеде балалар

Не оқыдың, не білдің?

Қане , айтшы мақалдар

Біліміңді көрейік.

Арыстанбек: Сөз атасы – мақал.

Айсән: Жақсы сөз – жарым ырыс.

Арыстан: Өтірік айтпа, ұрлық жасама.

Әдемі: Өнерлі өрге жүзеді.

Айбат: Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы

Мақал –мәтел: Адия. Өте жақсы. Балалар қай мектепте оқисыңдар?

Тұмарлы: Сымбат

Мақал –мәтел: Адия. Онда осы сөзді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаңдар.

Сым – бат. 2 буын

С – дауыссыз, қатаң, ы – дауысты, жуан, м – дауыссыз, үнді, б – дауыссыз,ұяң,

а – дауысты , жуан, т - дауыссыз, қатаң

Мақал –мәтел: Адия. Өте жақсы , алға қарай жүре берсеңдер, Әліппені табасыңдар.

1-жүргізуші: Мадина

Мың бұрала билейтін,

Биді жақсы көретін.

Қыздарымыз бар біздің

«Буратино» биін билейтін – деп ортаға Ақмұхамбетова Айсән, Әдемі, Әсемді ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Дәулет. Жұмбақ еліне кездеседі.

Жұмбақ. Айбат.

Біз жұмбақтар айтамыз,

Шешуін сіз тапсаңыз,

Жолыңды біз ашамыз.

Арыстан: Қабат - қабат қаптама,

Ақылың болса, аттама. (кітап)

Шоқан: Үйреткен ілімді,

42 білімді. ( алфавит)

Жұмбақ. Айбат. Көп – көп рахмет. Алға қарай жүре беріңдер, әліппені табасыңдар.

1-жүргізуші: Мадина. Балалар санамақ еліне кездеседі.

Санамақ: Динара.Мен санамақ боламын,

Ақыл ойдан тұрамын.

Айтып берсең санамақ,

Қазір жолды ашамын.

Айсән: 1 дегенім – бесік,

Шықтым содан өсіп.

Арыстанбек: 2 дегенім – елім,

Далам, тауым, көлім.

Әдемі: 3 дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

Шоқан: 4 дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

Әсем: 5 дегенім – бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Тамерлан: 6 дегенім – ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

Айназым: 7 деген – жалау,

Жүректегі алау.

Айбат: 8 деген – сөзің,

Серт беретін кезің.

Тұмарлы: 9 деген – тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Арыстан: 10 дегенім – Отан,

Қорға соны, ботам!

Санамақ: Динара. Көп рахмет. Енді шамалы жүрсеңдер Әліппелеріңді табасыңдар.

ӘН: «Бала тілегі». Орындайтын: Өмірбай Айназым.

2-жүргізуші: Дәулет. Балалар білім патшасына кездеседі.

Білім патшасы: Мадина И. Мен сендердің келетіндеріңді білгенмін. Барлық кедергілерден өз білімдеріәңнің арқасында өттіңдер. Сендердің қайтпас қайсарлықтарыңа тәнті болдым. Әліппені қолдарыңа ала қойыңдар.

1-жүргізуші: Мадина. Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Әліппе , төрлетіңіз.

2-жүргізуші: Дәулет.

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Рыза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.

ХОР: «Әліппе»

Әліппе:
Армыссыздар, жас достар
Армысыздар  ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім  деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
Не үйреніп не білдік
Кәне ортаға салайық!

Әріптер тақпақтары: СЫМБАТ

Динара: С – әрпінен тұратын,

Сый, сыяпат, сенімің!

Тамерлан: Ы – дегенің ырысың,

Орман, тауың, өзенің!

Айназым: М – дегенің мал болар,

Қадір тұтқан бабалар!

Шоқан: Б – дегенің батыр ғой,

Бауыржандай бабамыз!

Әсем: А- ға Й – ды қоссаңыз,

Көкте тұрған ай болар.

Айбат: Т – дегенің телеграф бағаны,

Ұқсатамын кейде оған балғаны!

ХОР: «Қоңырау»

1-оқушы: Әдемі.

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

2-оқушы: Тамерлан.

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте,

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны Әліппе!

3-оқушы:Айсән.

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

4-оқушы. Мадина И.

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің сүйікті Әліппем.

Сенің арқаң оқи жаза білгенім,

Сауатты адам қатарына кіргенім.

Құрметтеп қадір тұтатын
5-оқушы. Арыстанбек.

Халқымның дана тілі бар
Әліппені білген соң
Білімнің жолын ұғынар
Сүйікті менің Әліппем
Өзіңмен қимай қоштасам

8-оқушы. Адия

Қош бол құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып  сөйлеттің

2- жүргізуші: Дәулет. – Мектепте ағылшын тілін де меңгеріп келеміз. Куә болыңыздар.

ӘН: Ағылшын тілінен
2- жүргізуші: Дәулет. Бүгінгі біздің мерекеміз әліппенің мерейтойына арналып отыр.

1-жүргізуші: Мадина. Әріптердің иесі Әліппеге шексіз алғысымызды білдіре отырып, демалыс сауықтыру орталығына жібергелі отырмыз. «Сымбат» жеке мектебінің әкімшілігі «Еңбегі сіңген білімгер» атағын берді.

Әліппе: Құрметті оқушылар, мен сендердің білімді, ынталы, ақылды екендеріне көзім жетті. Қоштасатын да уақыт келді. Бірақ сендер мұңаймаңдар. Сендерге мен сыйлық жасағалы отырмын. Мұра ретінде Ана тілі деп аталатын бауырымды қалдырып кеткелі отырмын. 4 жыл бойы осы Ана тілімен бірге боласыңдар.

Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, балалар,

Сәлем, достар, аман ба?

Аман болған әманда

Ана тілін ардақтар,

Ата – бабам , анам да,

Туған тілдің тілімін,

Ақылы мен танымын

Таныстырар бәріне

Ана тілі пәнімін,

Ана тілі ұранымын,

Ана тілім – құралым,

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.

Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.

Әліппе: «5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер – білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз!

2- жүргізуші: Дәулет. Қыздар биі. Өзбек биі.

1-жүргізуші: Мадина. Біз көптеген ертегілерді оқыдық. Оқыған ертегілерімізді сахналап береміз. Тамашалаңыздар!

Сахналық көріністер:

Мақта қыз бен мысық.Шалқан.Бауырсақ

ӘН: «Ертегілер елінде». Орындайтын: Төлегенова Динара

1-жүргізуші: Мадина

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз.

Ата – ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне, балаңыз!

2- жүргізуші: Дәулет. Топтық би. «Арива»

Мәнерлеп өлең оқу. Жұбан Мадина. М.Мақатаев «Үш бақытым», «Елім барда».

2- жүргізуші: Дәулет. Құрметті ұстаздар, ата – аналар! Әліппеге арналған сазды әуенімізді аяқтай отырып ............ әжесінен балаларына бата сұраймыз.

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып, жазатын халге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың.

ӘН: «Мектебім». Орындайтын: Өмірбай Айназым.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ріпті алдым танып мен, ?ош бол, алтын ?ліппем!

Автор: Кайдакова Жанат Бекболатовна

Дата: 08.05.2015

Номер свидетельства: 209307

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "?ріпті  алдым танып мен,                           ?ош бол, алтын ?ліппем! "
    ["seo_title"] => string(48) "ripti-aldym-tanyp-mien-k-osh-bol-altyn-lippiem-1"
    ["file_id"] => string(6) "210021"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431355794"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "сценарии "?ош бол, ??тты ?ліппем!""
    ["seo_title"] => string(36) "stsienarii-k-osh-bol-k-u-tty-lippiem"
    ["file_id"] => string(6) "297262"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456158481"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "?ош бол, ??тты ?ліппем! "
    ["seo_title"] => string(25) "k-osh-bol-k-u-tty-lippiem"
    ["file_id"] => string(6) "162869"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422424091"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "?ош бол, с?йікті ?ліппем! "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-bol-suiikti-lippiem-2"
    ["file_id"] => string(6) "165268"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422791865"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Болаша??а жол аш?ан, бізді? с?йікті ?ліппе! "
    ["seo_title"] => string(47) "bolashak-k-a-zhol-ashk-an-bizdin-suiikti-lippie"
    ["file_id"] => string(6) "246468"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446385982"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства