Тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Мақсаты: ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, қазақ тілінің көркемдігі мен байлығын бала бойына дарыту. Туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту, өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және оқушылар. Сіздер бүгін «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрене білу, дамыту - баршамыздың міндетіміз әрі парызымыз.
Ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бар. Бәрі тату, бір-бірін сыйлап өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім.
Тіл қасиетті, құдіретті және киелі. Бұл қасиеттер адамның бойына ананың ақ сүтімен келеді. Тіл халқымыздың қазынасы.
Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек-ана, мен өзіңнен таралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Кез келген мемлекеттің рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
Тіл - халықтың жаны да, сәні де. Оның өткендегісін байыптап, бүгінгісін біліп қана қоймай, келешегін де күн ілгері көре білетін өздерің.
Ән: Анамның тілі.
Оқушылардың тіл туралы жаттаған өлеңдеріне кезек берейік.
1-оқушы:
Ана тілім - бала шағым, өркенім,
Ана тілім - болашағым, ертеңім.
Ана тілім - сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім - арман, ойым, өрнегім.
2-оқушы:
Біліңіз!
Жақсы біліңіз!
Ұстаңыз есте ұдайы.
Қашанда
Ана тіліміз -
Қазақтың басты құдайы.
3-оқушы:
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма
Ана тілім - ардақ тұтар алтыным.
4-оқушы:
Өссе тілім-мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім- мен де бірге өшемін.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
- Ал, енді, балалар біздер екі топқа бөлінейік. /балаларды екі топқа бөлу/
I. Сұрақ - жауап.
ҚР Тәуелсіздік күнін қашан атап өтеміз? (16 желтоқсан)
Қазақтың үш биі кімдер? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
ҚР мемлекеттік тілі. ( Қазақ тілі)
ҚР тұңғыш Президенті (Н.Назарбаев)
II. Мақал-мәтел. Яғни, жазылған сөздерді рет - ретімен қойғанда, тіл туралы мақал-мәтелдер шығады.
3. Жұмбақтар.
Сүйексіз жаратқан,
Жұртты аузына қаратқан. (тіл)
Өңшең тістің арасында бір патша. (тіл)
Әрі сүйексіз, әрі тиексіз. (тіл)
IV. Мақал - мәтелдің түсіп қалған сыңарын табу.
Бас кеспек болса да,.кеспек жоқ. /тіл/
Айтылған сөз-атылған. тең. /оқпен/
. сөз-жарым ырыс. /жақсы /
« Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл-
Өз тіліңді құрметте!», - деп ақын ағамыз Қадыр Мырзалиев жырлағандай ана тілімізді құрметтейік!
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Бауыржан Момышұлы.
Ана тілімізді құрметтеп сүйе білейік. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Қош, сау болыңыздар!
Просмотр содержимого документа
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»
Бекітемін
Директордың оқу-тәрбие
жөніндегі орынбасары
_________________
« ___» ___ ______