kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?зге тілді? б?рін біл, ?з тілі?ді ??рметте"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушылар?а тілді? ма?ызын т?сіндіру, о?ушыларды? ана тілі туралы ой-пікірлерін білу,  о?ушыларды ана тілін ??рметтеуге т?рбиелеу.

К?рнекілігі: ?лы адамдарды?  тіл туралы айт?ан на?ыл с?здері, «Атырау» газеті.

Ж?ру барысы

  1. ?йымдастыру б?лімі.

М??алім с?зі:    Тіл – ?ай ?лтта, ?ай елде болсада ?астерлі, ??дыретті. Ол ?рбір адам?а ана с?тімен бірге еніп, ?алыптасады.

   Тіл байлы?ы - ?рбір елді? ?лтты? ма?танышы. Ол атадан бала?а мирас болып ?алып отыратын ба?а жетпес м?ра. Демек, ?р адам ана тілін к?зіні? ?арашы?ындай ?ор?ау?а, оны? орынсыз ш?барлануыны? ?андайына болса, да ?арсы т?руы тиіс. ??рметті а?ынымыз ?адыр Мырзалиев:

Ана тілі? – ары? б?л

?лты? боп т?р бетте

?зге тілді? б?рін біл

?з тілі?ді ??рметте – деген т?жырымы б?л. барлы?ымыз?а ?ойылатын талап. Осы ма?сатта б?гінгі пікірталасымызды? та?ырыбын да осы тілге байланысты алып отырмын. Алдымен осы ана тіліміз туралы бізді? а?ын  жазушыларымызды? на?ыл с?здерін есімізге т?сірейік.

 

  1.  «?р халы?ты? ана тілі  білімні? кілті.  Бізді? жастарымыз ана тілінде жетік, білімді, м?дениетті болсын.»

                                                                                                           Ахмет Ж?банов

 

  1. Анамызды? а? с?тімен бойымыз?а дары?ан тілімізді ?мыту  б?кіл ата  бабамызды, тарихымызды ?мыту.

                                                                                                      Бауыржан Момыш?лы

 

  1. «?ашы?пын ?аза? тіліне!. Осындай майса, с?лу тілді ?алай ?гейсітуге болады?»

 

                                                                                                     Н?ртас О?дасынов

  1. Негізгі б?лім

Міне, ?аза? тілі туралы ?андай тамаша с?здер айт?ан а?аларымыз. Ал енді осы тіл м?селесі туралы сендерді? пікірлері?ізді ты?дап к?рейік.

М?лдір: Халы? даналы?ы «Ананы? бала?а берер е? асылы тілі»  дейді. Ендеше анамны? тілін мен ??рметтеп, оны ма?тан етемін.  Ана тілі деп аталуы да содан, сонды?тан оны ?мыту, білмеу  б?л ?лкен ?ателік. Осыны т?сінсе деп ойлаймын.

?ділжан: «Тіл  ?лтты? ?асиетті белгісі. Тілі?ді сыйла?аны? ?лты?ды сыйла?аны? деп т?сінемін. ?зім ж?не мені? жан?ямда?ы бауырларым, ата  анам  б?рі ?аза? тілінде с?йлесеміз. Оны ?орлы? деп ойламаймын. Ана тілі?ді білмесе?  б?л ?рине ?орлы?. ?рине ?зге тілді білгені? жа?сы ?ой, біра? ?з ана тілі?ді кемітпей, оны жетік ме?геруге ?мтылу ?ажет деп ойлаймын»

?ли: «?з басым ана тілімде ?ле? айтып, ?деби кітаптарды о?имын. О?ан арланбаймын да. ?азіргі заманда бір  екі тілмен шектеліп ?алу?а болмайды. К?п тілді білгені?  ?з ана тілі?ді шеттеткені? емес ?ой. ?адыр Мырзалиев а?амыз д?рыс айтады. ?анша тілді білсе? де ?з ана тілі?ді б?рінен де жо?ары ?стауы? ?ажет. ?азірге кезде а?ылшын, ?ытай тілдеріне к?п ?ызы?ушылы? бар. Б?л заман талабы ?рине. Білімді ?рпа? елімізді? болаша?ы. Сонды?тан да ?аза? бол?анды?тан ?аза? тілін ??рметтеу керек.»

Еламан:  Ана тілі дегеніміз – сол тілді жаса?ан, жасап келе жат?ан халы?ты? ?ткені, б?гінгісі, болаша?ы.?аза? тілі ?зіні? даласындай бай. ?аза? с?зі ?ашанда даланы? ?о?ыр желіндей а??ылдап, еркін есіп т?рады. ?аза? тілі ?асиетті ?аза? домбырасыны? ?німен ?ндесіп жатады. Ана тілі – б?л ?кені? тілі, ту?ан халы?ты? тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден ?ке-шешемізден, ?жеміз бен атамыздан біле бастаймыз.Ана с?тіндей бойымыз?а біртіндеп сі?еді. Халы?ты? т?уелсіздігіні? е? басты белгісі – оны? ана тілі, ?лтты? м?дениеті. ?зіні? ана тілі, ?лтты? м?дениеті жо? ел ?з алдына мемлекет болып ?мір с?ре алмайды. Д?ниедегі барлы? халы? т?уелсіздікке ?лтты? ?адыр-?асиетін, м?дениетін, ана тілін са?тап ?алу ?шін ?мтылады. Сонды?тан кез келген мемлекет ?зіні? аума?ында салт-д?ст?рін, ана тілін айры?ша ?ор?айды.Тіл ар?ылы біз о?ып, білім аламыз, ?ала?ан маманды?ты игереміз.Тіл ар?ылы даналар с?зін о?ып білеміз, одан ?ибрат аламыз. “?нер алды – ?ызыл тіл” деген осыдан шы??ан болар. Тіл халы?пен бірге жасайды, дамиды, ?ркендейді.Ана тіліні? ?адір-?асиетін біле білген хал?ымыз оны ?лтты? рухына, ?азына байлы?ына балайды. Себебі, тіл – халы?ты? жаны, с?ні, т?тастай кескін-келбеті, ?лтты? болмысы. Адамды м?рат?а жеткізетін – ана тілі мен ата д?ст?рі. Бізді? осындай халы?ты? ?асиетті м?рамыз, ана тіліміз – ?аза? тілі.?р халы?ты? ?зіні? ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тап?ан туынды емес, ол барша ?лт?а орта?, соны? т?л перзенті. Сол халы?ты? м?дени ?леуметтік ?мірінде ?зіндік м?ні бар киелі ??ым.Тіл – атадан бала?а мирас болып ?алып отыратын ба?а жетпес м?ра. Тіл – елімізді? іргетасы,

Руслан: «?лтты? тілі – ?лтты? ділі» демекші, ?андай ?лт пен ?лыс болмасын е? басты байлы?ы – ана тілі. Тілін жо?алт?ан халы?ты? жеке мемлекет болып бас?а елдермен терезесі те? д?режеде т?ра алмайтынды?ы тарихтан белгілі. Сонды?тан сан ?асырлар бойы арман бол?ан т?уелсіздігімізге ?ол жеткізіп, егеменді ел болып жат?ан сындарлы кезе?де мемлекетімізді? нышаны ана тілімізді б?кіл тіршілігімізді? т?п ?ызы?ына айналдыру – ?рбір ?лтжанды азаматты? басты міндеті.Ата-бабамыздан ?ал?ан асыл ?азына тілімізді са?тауды? тиімді жолы – отбасында ана тілінде с?йлеп, айналада?ы д?ние туралы сол тілде айтып, сол тілде ?уаныш реніші?ді б?лісіп, ?зі?ді, ?згені ж?бату болып табылады. Б?л - ана тіліні? ?адір-?асиетін арттыра т?сері даусыз

Динара: «Бізді? мемлекетіміз к?п ?лтты мемлекет. ?анша ?лт ?кілдері т?рады! Біра? солар ?з ана тілдерін ?мытпай, арда?тап, сол тілдерінде бір бірімен с?йлеспей ме? Біра? бізді? ана тілімізге ?азір ?лкен м?н беріліп жатыр. Мемлекеттік тіл м?ртебесін жол?а ?ойып отыр. Б?л ?лкен жетістік. Тіпті шет елдерден келген шетелдік адамдарды? ?здері осы ?аза? тілін ?йренуде. Сонды?тан да ?лт бар жерде тіл де жасай береді.»

М??алім: Рахмет. Динара д?рыс айтады. ?азір ?аза? тіліне ?лкен м?н берілуде. Мен сендерге мына бір ма?аланы к?рсетіп таныстыр?ым келеді. Ма?аланы? та?ырыбы «Тіл  к??ілді? кілті». Оны жаз?ан американды? инженер Джоэл Адамсон. Ол ?зіні? ?аза? тілін ?алай ?йренгені туралы жазыпты. Алдымен о?ып танысайы?.

Ма?аланы о?иды.

Осы ма?ала бойынша о?ушылар пікір айтады.

  1. ?орытынды с?з:

Келешек ?рпа??а тілді? ?адір ?асиетін жо?алтпай, сол к?йінде жеткізу ?р ?аза? азаматыны? борышы. Демек, ана с?тімен бойына дары?ан тілді? киелі ?асиетін т?мендетпей, кенісінше, ба?алы?ын арттыру баршамызды? борышымыз. Б?гінгі пікірталас кешімізді  а?ын Жомарт зияш?лыны? ?ле?імен ая?та?ым келеді. Осы ?ле? ?з тілін менсінбейтін, ана тілінде с?йлемейтін кейбір ?аза? бауырлар?а ?амшы болсын.

Барша халы? бас иетін,тілді? асыл ?асиетін,

Арда?таумен, салма?тау, ей, азамат сені? ?лы парызы?.

Бізді? тілді? к?кейінде айтылма?ан арыз ?н,

Ту?ан тілді тапта?андар тартар ?лі жазы?ын.

?з тілі?ні? са?та, ?ор?а ??рып т?р?ан та?дырын,

Селсо?ты? пен немкеттілік ?ркендеуді? ?ас жауы.

Халы? деген парасатпен салауатты? сар?ылмайтын астауы,

?лтты? тілі?, ана тілі? мынау жалпа? ?лемде,

М?дениет пен ?ркениетті? бастауы.

Тіл мен а?ыл бір-бірімен м??гілікке тамырлас,

Ол екеуін ?штастырмай сені? басы? ?амыр бас.

?алым болып же?іп «Нобель» алса? да,

Сені? т?ла бойы?нан, о?тай ?ш?ыр ойы?нан,

Тілі? сал?ан ?ара да?ы? арылмас.

Ана тілін, дана тілін д?ріптеген халы?ты?,

Н?рын т?гер т?бесінен жары? к?н.

Т?л тілі?ні? ?абы т?зу шы?паса егер жа??асы,

?рпа?ы?ны? толы болар а?ыл дейтін ?алтасы,

Толы болар ?амбасы.

?аза?тарды? ?з тілінде м?лдем с?йлей алмауы,

Ту?ан тілді? ??нын айтар то?басы.

??рдым деген ?асиетін жоя алмасын ?зекті?,

Біз ?рпа?ы емес пе едік ?аза? деген ?жетті?.

Зор ?ай?ылы болсада?ы ?аза?ша,

Замана айтып зарла?ан?а не жетсін.

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?зге тілді? б?рін біл, ?з тілі?ді ??рметте"»

Бозжигитова Л. К. № 23 орта мектеп мұғалімі. Атырау қаласы




Тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте»

Мақсаты: Оқушыларға тілдің маңызын түсіндіру, оқушылардың ана тілі туралы ой-пікірлерін білу, оқушыларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Ұлы адамдардың тіл туралы айтқан нақыл сөздері, «Атырау» газеті.



Жүру барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім сөзі: Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев:

Ана тілің – арың бұл



Ұлтың боп тұр бетте



Өзге тілдің бәрін біл



Өз тіліңді құрметте – деген тұжырымы бұл. барлығымызға қойылатын талап. Осы мақсатта бүгінгі пікірталасымыздың тақырыбын да осы тілге байланысты алып отырмын. Алдымен осы ана тіліміз туралы біздің ақын жазушыларымыздың нақыл сөздерін есімізге түсірейік.



  1. «Әр халықтың ана тілі білімнің кілті.... Біздің жастарымыз ана тілінде жетік, білімді , мәдениетті болсын...»

Ахмет Жұбанов



  1. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Бауыржан Момышұлы



  1. «Ғашықпын қазақ тіліне! ... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады?»



Нұртас Оңдасынов

  1. Негізгі бөлім

Міне, қазақ тілі туралы қандай тамаша сөздер айтқан ағаларымыз. Ал енді осы тіл мәселесі туралы сендердің пікірлеріңізді тыңдап көрейік.



Мөлдір: Халық даналығы «Ананың балаға берер ең асылы тілі» дейді. Ендеше анамның тілін мен құрметтеп, оны мақтан етемін. Ана тілі деп аталуы да содан, сондықтан оны ұмыту, білмеу бұл үлкен қателік. Осыны түсінсе деп ойлаймын.



Әділжан: «Тіл ұлттың қасиетті белгісі. Тіліңді сыйлағаның ұлтыңды сыйлағаның деп түсінемін. Өзім және менің жанұямдағы бауырларым, ата анам бәрі қазақ тілінде сөйлесеміз. Оны қорлық деп ойламаймын. Ана тіліңді білмесең бұл әрине қорлық. Әрине өзге тілді білгенің жақсы ғой, бірақ өз ана тіліңді кемітпей, оны жетік меңгеруге ұмтылу қажет деп ойлаймын»



Әли: «Өз басым ана тілімде өлең айтып, әдеби кітаптарды оқимын. Оған арланбаймын да. Қазіргі заманда бір екі тілмен шектеліп қалуға болмайды. Көп тілді білгенің өз ана тіліңді шеттеткенің емес қой. Қадыр Мырзалиев ағамыз дұрыс айтады. Қанша тілді білсең де өз ана тіліңді бәрінен де жоғары ұстауың қажет. Қазірге кезде ағылшын, қытай тілдеріне көп қызығушылық бар. Бұл заман талабы әрине. Білімді ұрпақ еліміздің болашағы. Сондықтан да қазақ болғандықтан қазақ тілін құрметтеу керек.»



Еламан: Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды..Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы,

Руслан: «Ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы – ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті.Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз

Динара: «Біздің мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет. Қанша ұлт өкілдері тұрады! Бірақ солар өз ана тілдерін ұмытпай, ардақтап , сол тілдерінде бір бірімен сөйлеспей ме? Бірақ біздің ана тілімізге қазір үлкен мән беріліп жатыр. Мемлекеттік тіл мәртебесін жолға қойып отыр. Бұл үлкен жетістік. Тіпті шет елдерден келген шетелдік адамдардың өздері осы қазақ тілін үйренуде. Сондықтан да ұлт бар жерде тіл де жасай береді.»



Мұғалім: Рахмет. Динара дұрыс айтады. Қазір қазақ тіліне үлкен мән берілуде. Мен сендерге мына бір мақаланы көрсетіп таныстырғым келеді. Мақаланың тақырыбы «Тіл көңілдің кілті». Оны жазған американдық инженер Джоэл Адамсон. Ол өзінің қазақ тілін қалай үйренгені туралы жазыпты. Алдымен оқып танысайық.



Мақаланы оқиды.



Осы мақала бойынша оқушылар пікір айтады.



  1. Қорытынды сөз:

Келешек ұрпаққа тілдің қадір қасиетін жоғалтпай, сол күйінде жеткізу әр қазақ азаматының борышы. Демек , ана сүтімен бойына дарыған тілдің киелі қасиетін төмендетпей, кенісінше, бағалығын арттыру баршамыздың борышымыз. Бүгінгі пікірталас кешімізді ақын Жомарт зияшұлының өлеңімен аяқтағым келеді. Осы өлең өз тілін менсінбейтін, ана тілінде сөйлемейтін кейбір қазақ бауырларға қамшы болсын.









Барша халық бас иетін,тілдің асыл қасиетін,



Ардақтаумен, салмақтау, ей, азамат сенің ұлы парызың.



Біздің тілдің көкейінде айтылмаған арыз үн,



Туған тілді таптағандар тартар әлі жазығын.



Өз тіліңнің сақта, қорға құрып тұрған тағдырын,



Селсоқтық пен немкеттілік өркендеудің қас жауы.



Халық деген парасатпен салауаттың сарқылмайтын астауы,



Ұлттық тілің, ана тілің мынау жалпақ әлемде,



Мәдениет пен өркениеттің бастауы.



Тіл мен ақыл бір-бірімен мәңгілікке тамырлас,



Ол екеуін ұштастырмай сенің басың қамыр бас.



Ғалым болып жеңіп «Нобель» алсаң да,



Сенің тұла бойыңнан, оқтай ұшқыр ойыңнан,



Тілің салған қара дағың арылмас.



Ана тілін, дана тілін дәріптеген халықтың,



Нұрын төгер төбесінен жарық күн.



Төл тіліңнің қабы түзу шықпаса егер жаңқасы,



Ұрпағыңның толы болар ақыл дейтін қалтасы,



Толы болар Қамбасы.



Қазақтардың өз тілінде мүлдем сөйлей алмауы,



Туған тілдің құнын айтар тоңбасы.



Құрдым деген қасиетін жоя алмасын өзектің,



Біз ұрпағы емес пе едік қазақ деген өжеттің.



Зор қайғылы болсадағы қазақша,



Замана айтып зарлағанға не жетсін.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"?зге тілді? б?рін біл, ?з тілі?ді ??рметте"

Автор: ?удасова Г?лназ Т?леген?ызы

Дата: 05.05.2016

Номер свидетельства: 324405

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(160) "Тақырыбы: Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек.(ұстаздарға арналған тренинг сағаты)"
    ["seo_title"] => string(80) "tak_yryby_mieiirimdi_bolsa_zhuriek_oryndalar_tiliek_u_stazdarg_a_arnalg_an_trien"
    ["file_id"] => string(6) "414729"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1494576337"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Наурыз мейрамына арнал?ан ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(49) "nauryz-mieiramyna-arnalg-an-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "279097"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453195729"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства