Онда әкем - анам тұрады Ата – әже,бауырым Бәрі бірге қосылып Бір ұғымды құрады (Отбасы) - Дұрыс балалар жұмбақтың шешуі (Отбасы) Анаң - күнің жүрегің Әкең - өмір тірегің Әжең - асыл ардағың Атаң - дана қорғаның Ағаң - қамқор асқарың Інің - мөлдір аспаның – дей келе,
Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасылық дәстүрлер » атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
«8 қыркүйек күні Қазақстанда - "Отбасы күні".
Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, бұл күн қыркүйектің екінші жексенбісінде тойланады».
Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
Отбасы- ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана және бала. Үшеуінің бірлігі- отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мемлекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы. Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді.
Өйткені, бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.
ендеше ,Келесі кезекті оқушылардың әдеби монтажына берейік:
Дастарқанның басында Әдептен біз озбаймыз: Үлкендердің қасында Қолды бұрын созбаймыз. Тамақ ішер кезде енді Сөйлемейміз,күлмейміз, Астан басқа өзгені Елемейміз,білмейміз!
Атамнан басталар, Әжемнен қосталар Отбасым мынылар: Ең жақын адамдар- Әкем мен анам бар, Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар... Бәрін жақсы көремін, Еркелеймін,еремін!
Титтей бөбек кезімнен Әлдилеген емізген, Еркелетіп күлгізген, Алғаш «апа» дегізген.
Кішкентайы-мен үшін Тағат,байыз таппайтын, Не жемесін, не ішсін, Менсіз тағам татпайтын. Шомылдырып кешкісін, Мен жатпасам,жатпайтын- Анам менің қандай-ды!
Ерте кетіп жұмысқа, Үйге кештеп қайтатын, Болған күндіз құрылыста Қызықтарды айтатын.
Жаз келісімен,күн қызып, Машинасын жүргізіп, Барлық көрші баланы Маған қоса мінгізіп, Аралайтын даланы, Қыдыртатын қаланы- Әкем менің қандай-ды!
Қарағанда басқаға, Қызықты көп бастайтын. Күнде ертемен бақшаға Мені апарып тастайтын. Талай-талай істерде Үлгі болар біздерге Ағам менің қандай-ды!
Төрт жас үлкен өзімнен, Оқи,жаза білетін. Мені титтей кезімнен Ойнатуды сүйетін. Кітабынан кіл қызық Әңгіме оқып беретін- Әпкем менің қандай-ды!
Ақ жаулығың қымбат маған анашым тілегімсің, сүйенішім панамсың, Шапағатың сәуле болып төгілген, Ақылы мол мейірімді данамсың.
Дей келе,
«Анашым» әні
орындайтын 3 сынып оқушысы (Бақтияр)
Топқа бөліп алу.
1 – бөлім: « Білімдіге дүние жарық»
Әр топқа сұрақ қою
1. Балдан тәтті? ( немере)
2. Қара шаңырақтың иесі кім? (Кенже бала)
3. Балаға кім сыншы?(Ата)
4. Әкеден балаға берілетін зат?(Мұра)
5. Үйдегі алтын адам кім?(Ана)
6 18 жасқа толмаған адам?(Бала)
2 – бөлім:
«Тығырықтан шығу»
Әр топқа сұрақ қою, топ мүшелерімен бірлесіп шешеді.
1. Көктем мезгілі. Жолдасын сабақ оқуың азайтып,сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмен деп кетті. Сен не істейсің?
2. Сенің сабақ үлгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді көре білмейді. Сен не істейсің?
3. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептерімен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Сен не істейсің?
4. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар.Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?
3- бөлім:
Отбасылық дәстүр» әр топ көрініс қою.
4- бөлім:
«Мақалдың жалғасын тап» ойыны
Мақал - сөздің мәйегі
Мақал - сөздің атасы
Мен бастайын мақалды
Жалғасын сен аташы.
Тоқсан ауыз сөздің де
Түйіні бар тобықтай
Сөз сиқырын сездің бе
Мағынасын толықтай.
Дей келе мен мақалдың басын айтамын, сіздер аяқтайсыздар.