Просмотр содержимого документа
«Ойлы бала озар интеллектуалды ойын сабағы»
Ойлы бала озар(интеллектуалды ойын)
Бекшоинова Нургуль Алимхановна
Ақешкі бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Алматы облысы Ескелді ауданы Ақешкі ауылы
1.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Оқушылардың алған білімдерін сыныптар арасында сарапқа салу; логикалық ойлау машығын қалыптастыру . 2.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: Жеке жұмыс , топтық жұмыс 3.Сабақтың нәтижелері (Оқушылар білетін, түсінетін болады және жасай алады): Білу: Әдебиеттік оқу пәнінен «ҚАДІРЛІ ӘКЕЛЕРІМ, МЕЙІРІМДІ АНАЛАРЫМ» бөлімін біледі (барлығы); Түсіну: Қазақ тілі пәнінен дыбыс және оның түрлері, түбір сөз, қосымшаның түрлері бойынша алған білімдерін түсіндіреді (барлығы); Қолдану: Дүниетану пәні бойынша тест жұмысын орындайды, постерде өсімдік мүшелерінің атауы мен қызметін жазып қорғайды. Алған білімдерін қолданады (көпшілігі); Талдау: Математика пәнінен «Зымыран сұрақтарға» жауап беру арқылы өлшем бірліктеріне талдау жасайды (көпшілігі); Жинақтау: Логикалық есептерге жауап беру арқылы өз ойларын жинақтайды (кейбіреуі) Бағалау: Алған білімдерін өмір бойына жинақтап, кез-келген жерде пайдалана алу керектігіне баға береді; 5. Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау (әрбір оқушыны оқыту туралы білу): Мадақтау, топтарда өзара бағалау, сарапшы бақылаушысының бағалауы 6. Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мен тапсырма мақсатына қол жеткізуге көмектесемін. Мен сондай-ақ қатарларды аралап жұмыс бағытын анықтап беремін. 7.Ресурстар мен жабдықтар (алдын ала тапсырыс беру қажет тех.құрылғылар тізімі): пауер пойнт, үлестірмелер, плакаттар, кеспе, плакаттар, тест жұмысы Сайыстың барысы: Сабақтың кезеңдері Жұмыстың мазмұны Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс -әрекеті
Мотивациялық кезең 1.Амандасу. Білімменен тәнті етеді тектілер, Мұратына білім қолды жеткізер. Бар ізгілік тек біліммен алынар, Білімменен аспанға жол салынар 2. Топтардың өзін-өзі таныстыруы 3.Бағалау сарапшыларымен таныстыру Достық пен бірлікті етіп тұлға, Жеңіске жеткен едің талай сында. Қара қылды қақ жарып әділ қазым, Еңбегін тапқырлардың әділ сына
4.Сайыс барысымен таныстыру
Салемдесу. Сайыстың барысын түсіндіру Сарапшалар сайлап , бағалау түрін,шарттарын түсіндіру. Топ басшысын сайлайды.
1. Әдебиеттік оқу пәні патшалығы 1. 1.“Ширату” Сұрақтарға “иә” немесе “жоқ” деп жауап бер 1. “Ата ақылы” өлеңін жазған Спандияр Көбеев пе? 2. “Шал мен балалар” мәтініндегі шал бай адам ба? 3. “Жезде” деп апатайымыздың күйеуін айтамыз ба? 4. Бауыржан Момышұлы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған ба? 5. “Әже ” өлеңін Фариза Оңғарсынова жазған ба? 6. Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі диалог деп атала ма? 1. Соңғы оқыған бөлім “Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым” деп атала ма? 2. Спандияр Көбеев ақын болған ба? 3. “Мысық пен тышқандар” атты мәтін аңызға жата ма? 4. Жеңге деп ағамыздың әйелін атаймыз ба? 5. Қабуснаманы жазған Қайқаус па? 6. “Қарттарды сүйем” өлеңін жазған Ыбырай Алтынсарин ба? 1. Жеті атаңды білу парыз ба? 2. “Ата-әжеге хат” жазған Бауыржан Момышұлы ма? 3. Жиен деп ұлдың баласын атайды ма? 4. Бесік жырын мектеп жасындағы балаларға айта ма? 5. “Апаның тілін алса егер...” өлеңін жазған Жақан Смақов па? 6. Әркімді келемеждеп, мұқатуға бола ма? “Ойлан, бірік, бөліс” • Осы бөлімде жаттаған бір өлеңді мәнерлеп жатқа айтындар • Осы бөлімде жаттаған жаңылтпашы жатқа, жаңылмай айтындар • Осы бөлімде жаттаған мақал-мәтел не болмаса тыйым сөздерді жатқа айтындар (дайындыққа 2 минут) АКТ-ны пайдалана отырып ,әр топ мүшесіне сұрақтар оқиды.
“Ойлан, бірік, бөліс” стратегиясына ойлануға 1минут уақыт береді Сұрақтарды тыңдау,шапшаң әрі дұрыс жауап беру. Белсенділік танытып,ұпай жинау. Балалар оқылған тап-сырманы тез түсініп, дұрыс жауап беруге тырысады. Әр оқушының жауабын сигналдық белгімен бағалайды. Жасыл-дұрыс Сары- дұрыс емес Топбасшысымен бірге ойланып, жауап беретін оқушыны негіздейді. Бөлімде өткен ұнаған мақал-мәтелдерін, жаттаған жаңылтпаш пен жаттаған өлеңдерін мәнерлі оқиды. Операциялық кезең Қазақ тілі пәні патшалығы 2.1. “Құрамақ” Тапсырмаларды жауабын алдын ала қиылған құрамаққа жазып, уақыт аяқталған соң, постерге жапсырады. Құрамақ аққала болып шығу қажет. Құрамаққа тапсырма жазылған, сол тапсырмаларды әр оқушы жеке-жеке орындайды. Орындап болған соң, жауаптарын топта тексереді. Дұрыс жауап ашылған соң, құрамақты ақ қағазға жапсырамыз. Кімнің құрамағында қате болса, ол құрамақты жапсырмаймыз. Орны қалады. Қай топтың құрамағы дұрыс шығады, сол топ жеңімпаз. (дайындыққа 5 минут) Дұрыс жауаптар: Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з; Үнді дауыссыздар: л, м, н, ң, р, й, (у) Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ; Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір (түбір сөз) дейміз. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.
2. Дүниетану пәні патшалығы 3.1.Тест жұмысы 1. Адам қолымен не жасай алады? а) ағаш, құс, шөп ә) үстел, машина, есік б) ауа, үстел, жаңбыр 2. Сезім мүшелері а) бас, тұлға ә) көз, мұрын, құлак, тіл б) қол, аяқ, бас 3. Жыл мезгілдері - ... а) жыл, ай, күн ә) күн, ай, жұлдыз б) қыс, көктем, жаз, күз 4. Қай мезгілде түн күннен қысқа болады? а) жазда ә) кыста б) көктемде 5. Күн мен түн дегеніміз - ... а) тәулік ә) апта б) ай 6. Табиғаттың жанды денелеріне не жатады? а) жер, ауа, тау ә) қар, ағаш, құстар б) адам, балық, құстар 7. Табиғаттың жансыз денелеріне не жатады? а) жер, ай, өсімдік ә) тас, су, ауа б) жануарлар, өсімдіктер 8 . Мына сөйлем қай жыл мезгілін суреттеп тұр? Бояу қылқаламсыз келіп, барлық жапырақтарды бояп шықты. а) кыс ә) көктем б) күз 9. Ағаштың топырақ астындағы бөлігі - .. а) жапырақ ә) тамыр б) дің 10. Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді? а) гүлдер, жемістер, ағаштар ә) жеміс ағаштары, гүлдер, шөптер б) ағаштар, бұталар, шөптер (дайындыққа 7-8 минут) 3.2. Постер қорғау • Өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі (дайындыққа 3-4 минут)
Тапсырманы орындау барысын түсіндіріп, дайындыққа 5 минут уақыт береді. Топбасшыларына құрамақты әр топ мүшесіне таратып беруін қадағалайды. Уақытты өлшеп, қанша уақыт қалғанын хабарлайды. Постер қорғауға шыққан оқушылардың құрамағының жауаптарын тыңдайды. Топтардың постері қорғалған соң «От шашу» әдісімен бағалауды сұрайды. Дүниетану пәнінен тест жұмысын таратады. Әр топ мүшесінің жеке жұмыс жасауына ықпал жасайды. Уақыт аяқталған соң сарапшыларға тест жұмысын жинап, тапсырады. Алдын ала өсімдік бейнесі бар постер құрып, сол постерді әр топқа таратады. Дайындық уақытын атайды. Әр топбасшысы тапсырма түсіндірілгеннен кейін, құрамақты әр топ мүшесіне таратып береді, әр топ мүшесі құарамақтағы тапсырмаға жауап жазады. Уақыт аяқталған соң құрамақты постерге жапсырады және қорғайды. Дұрыс жауаппен салыстыра отырып, сигналдармен қарсылас топтарын бағалайды. Әр топ мүшесі тест тапсырмасын орындайды. Дұрыс жауапты дөңгелектейді. Уақыт аяқталған соң топ басшысына табыстайды. Топ бірігіп постерге өсімдіктің әр мүшесін жазып, қорғайды.
Рефлекциялық кезең 3. Математика пәні патшалығы 4.1. “Зымыран сұрақтар” Әр топқа 1 минутта қанша сұраққа жауап бере алатынын тексеру. 1. Қосу амалының компоненттарын ата. 2. 1 жылда неше ай бар? 3. 2 жылда неше ай болады? 4. 1 дециметрде неше сантиметр бар? 5. 1 мүшел неше жыл? 6. Шаршының периметрін қалай табамыз? 7. 1 ғасырда неше жыл? 8. 3 ғасырда неше жыл болады? 9. 15 пен 5-тің айырмасы нешеге тең? 10. Сынық сызықтың ұзындығын қалай табамыз? 11. 1 килограмда неше грамм бар? 12. 25 пен 20-ның айырмасы неше?
1..Азайту амалының компоненттарын ата. 2.1 жылда неше күн бар? 3.1 метрде неше сантиметр бар? 4.Масса өлшем бірліктерін ата 5.53 ен 20-ның айырмасы нешеге тең? 6.1 аптада неше күн бар? 7.2 аптада ше? 8.1 жылда неше күн бар? 9.Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? 10. 18 бен 40-тың қосындысы нешеге тең? 11.1 метрде неше сантиметр бар? 12.Қосудың қандай қасиеттерін білесің?
1. 1 сағатта неше минут бар? 2. 1 тәулікте неше сағат бар? 3. Сыйымдылықты қандай өлшеммен өлшейміз? 4. Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз? 1 минутта әр топқа арналған сұрақтар легін барынша тез, шапшаң әрі түсінікті қылып оқиды.
5. Бұрыштардың түрлерін ата. 6. 30 бен 45-тің қосындысы нешеге тең? 7. 100 бен 50-дің қосындысы нешеге тең? 8. 1 айда неше күн бар? 9. 2 ғасырда неше жыл бар? 10. 1 минутта неше секунд бар? 11. 1 мүшел неше жыл? 12. 1 жылда неше ай бар?
Әр топ мүшесі сұрақтарға жауап береді. Өзге оқушылар толықтырып отыруына болады.
Логикалық есептер (дайындыққа 6-7 минут) • *Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? *Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді? *Теректе 5 алма өсіп тұр еді, оның 3-еуін Айжан жұлып алды. Теректе неше алма қалды? *2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? *Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 25 кг тартса, 1 аяғымен тұрса неше кг тартады? • *4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? Логикалық есептері бар тапсырма беріледі. Уақытты қадағалайды. Екі топтың жауабын салыстырып, дұрыс жауаптар санын қорытындылайды. Әр топ мүшесі логикалық сұрақтарға жауап береді Сарапшылар қорытындысын тыңдау Ең жоғары ұпай жинаған топты анықтайды. Сарапшылар белсенді топты мақтау қағазымен марапаттайды.