Тақырыбы: «Ән мен әнші» ән сайысы Мақсаты: Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, талантын сынау. Өнерге біртабан жақындату.
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ән сүйер қауым! 2 - жүргізуші: Қадірменді «көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» ұстаздар және оқушылар! Баршаңызға бүгінгі «Ән мен әнші» сайысына қош келдіңіздер демекпіз. 1 - жүргізуші: Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті - әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы. 2 - жүргізуші: «Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз. 1 - жүргізуші: Құрметті жиналған қауым бүгінгі «Саз әлемі» жобасының қатысушыларымен таныстырып өтсем. ------ 2 - жүргізуші: Алдымен сайыскерлердің ретті санын анықтап алайық. Мына нотаны таңдау арқылы өз реттік сандарыңызды анықтап алайық.
2-ші кезең слайтта сурет беріледі сол бойынша ән айтасыздар.
2 - жүргізуші: Талаптының айтқанын мен қостайын, Бәріңізге жақсы бір ой тастайын. "Ән көңілдің ажары" деген бар ғой. Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе сахнаға номері 1 - ші сайысқа қатысушыны шақырамыз.
1 - жүргізуші: Қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар. 2 - жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан - саналы, Жиын десе, той десе жан салады. Бүгінгі «Ән мен әнші» сайысында, Әуелеген әсем ән жолданады - сахнада 2 - ші номерлі талапкеріміз----- ортаға шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ажары атқан таңдай ару жастың, Қасы бар қанатындай қарлығаштың. Жанары жан біткенді елтіп өскен, Шапалақ өнеріне әнші жастың - дей келе 3 - ші номерлі әнші қызымыз----- қарсы алайық. 2 - жүргізуші: Сахнада 4 - ші номерлі әншіміз ----- қарсы алайық. 1 - жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен, Тізілтіп сөз маржанын тергенімен. Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса, Әнші сұлу көрінер әніменен - деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі талапкеріміз 5 - ші номерлі ------- ортаға шақырамыз. 2 - жүргізуші: Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз, Әзірге үлпілдеген құндызымыз. Арасын жер мен көктің бағындырар, Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, келесі 6 - шы номерлі талапкерімізді ------- ортаға шақырамыз. Қошемет.
1- жүргізуші: 7-ші номерлі әншілерді ортаға шақырамыз. 2 - жүргізуші: Музыка - ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн. Музыка - өзен, дала, аспан үн. Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның! Кәне, әншілер, бас әуенге, қос әнге, Шырқат биік тіршіліктің дастанын.- деп жеткізеді ақын апамыз Фариза Оңғарсынова музыка өнеріне деген махаббатын. Сонымен 8 - ші номерлі әншіміз ----- қарсы алыңыздар.
1 - жүргізуші:: Біздерде ән кешіміз жалғасады, Тамаша күй тартылып, ән салады. Қошеметтеп, қол соғып отыралық, Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей келе ортаға келесі 9 - номерлі әншіміз ---------- ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар. 2 - жүргізуші: Сөз кезегі қазыларда. 1 - жүргізуші: Шық аруым жарысқа, Бір - бірінен қалыспа. Өнеріңді байқасын, Мына отырған халықта - демекші бүгінгі сайысымыздың 10 - номерлі әншісі ----- қарсы алайық. Қошемет. 2 - жүргізуші: Қазылар алқасы қорытындысын шығарғанша сахнаға Толқын мен Біржанды «Ана туралы жыр» әнімен қарсы алыңыздыр. 1 - жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін қазылар алқасына берсек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тақырыбы: «Ән мен әнші» ән сайысы Мақсаты: Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, талантын сынау. Өнерге біртабан жақындату.
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ән сүйер қауым! 2 - жүргізуші: Қадірменді «көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» ұстаздар және оқушылар! Баршаңызға бүгінгі «Ән мен әнші» сайысына қош келдіңіздер демекпіз. 1 - жүргізуші: Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті - әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы. 2 - жүргізуші: «Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз. 1 - жүргізуші: Құрметті жиналған қауым бүгінгі «Саз әлемі» жобасының қатысушыларымен таныстырып өтсем. ------------------------------------ 2 - жүргізуші: Алдымен сайыскерлердің ретті санын анықтап алайық. Мына нотаны таңдау арқылы өз реттік сандарыңызды анықтап алайық.
2-ші кезең слайтта сурет беріледі сол бойынша ән айтасыздар.
2 - жүргізуші: Талаптының айтқанын мен қостайын, Бәріңізге жақсы бір ой тастайын. "Ән көңілдің ажары" деген бар ғой. Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе сахнаға номері 1 - ші сайысқа қатысушыны шақырамыз.
1 - жүргізуші: Қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар. 2 - жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан - саналы, Жиын десе, той десе жан салады. Бүгінгі «Ән мен әнші» сайысында, Әуелеген әсем ән жолданады - сахнада 2 - ші номерлі талапкеріміз-------------------------- ортаға шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ажары атқан таңдай ару жастың, Қасы бар қанатындай қарлығаштың. Жанары жан біткенді елтіп өскен, Шапалақ өнеріне әнші жастың - дей келе 3 - ші номерлі әнші қызымыз------------------------------ қарсы алайық. 2 - жүргізуші: Сахнада 4 - ші номерлі әншіміз --------------------------- қарсы алайық. 1 - жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен, Тізілтіп сөз маржанын тергенімен. Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса, Әнші сұлу көрінер әніменен - деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі талапкеріміз 5 - ші номерлі ---------------------------------------- ортаға шақырамыз. 2 - жүргізуші: Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз, Әзірге үлпілдеген құндызымыз. Арасын жер мен көктің бағындырар, Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, келесі 6 - шы номерлі талапкерімізді -------------------------------------- ортаға шақырамыз. Қошемет.
1- жүргізуші: 7-ші номерлі әншілерді ортаға шақырамыз. 2 - жүргізуші: Музыка - ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн. Музыка - өзен, дала, аспан үн. Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның! Кәне, әншілер, бас әуенге, қос әнге, Шырқат биік тіршіліктің дастанын.- деп жеткізеді ақын апамыз Фариза Оңғарсынова музыка өнеріне деген махаббатын. Сонымен 8 - ші номерлі әншіміз ------------------------- қарсы алыңыздар.
1 - жүргізуші:: Біздерде ән кешіміз жалғасады, Тамаша күй тартылып, ән салады. Қошеметтеп, қол соғып отыралық, Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей келе ортаға келесі 9 - номерлі әншіміз ----------------------------------------------------- ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар. 2 - жүргізуші: Сөз кезегі қазыларда. 1 - жүргізуші: Шық аруым жарысқа, Бір - бірінен қалыспа. Өнеріңді байқасын, Мына отырған халықта - демекші бүгінгі сайысымыздың 10 - номерлі әншісі ---------------------------- қарсы алайық. Қошемет. 2 - жүргізуші: Қазылар алқасы қорытындысын шығарғанша сахнаға Толқын мен Біржанды «Ана туралы жыр» әнімен қарсы алыңыздыр. 1 - жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін қазылар алқасына берсек.