Мұғалім: Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар,ұстаздар, қонақтар!
Сіздердің кешегі бесіктен тербеліп шығып, тіл ашар тойын жасап, мектепке жетелеп әкелген балаларыңыз, яғни менің сүйікті шәкірттерім аяулы ана тілінің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшы досы, сүйіп оқитын кітабы әліппемен қоштасқалы отыр.
Бала деген шіркін-ай балдай екен!
Тәттілігі жая мен жалдай екен!
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен! - деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.
Аяулым: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Айзат: Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға Қош келіпсіз ұстаздар ата-аналар Әліппемен қоштасу тойымызға.
Серікзат: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын, Әріп сырын түсіндім мақтанамын. Әріп сырын үйреткен әліппемде, Түстей болып міне бүгін артта қалды.
Нұршат: Армысыздар мұғалімдер әз-жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, өн де бүгін шырқалар.
Ән: Отаным.
Мұғалім: Балалар, естеріңдеме, алғаш мектеп табалдырығын аттап, сыңғырлаған қоңырау үнін естіген күндерің қай күн еді?
Хормен: 1-Қыркүйек.
Мұғалім: Балалар, бұдан соң қызықтап, қолымызға алғаш ұстаған кітабымыз қандай кітап?
Хормен: «Әліппе» кітабы.
Олай болса өздерің алғаш рет қолыңызға ұстаған аяулы әліппені ортаға шақырайық.
Хор:Әліппе. Әліппе. Әліппе.
Әліппе:
Сәлеметсіздерме менің сүйкімді достарым,ата-аналар,ұстаздар,қонақтар. Армысыңдар жас достар, Армысыздар ата-ана. Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаға. Балалар мені оқып не үйрендіңдер? Мұғалім: Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз. Айдын Айгерім
Келгенде алғаш мектепке, Бар кітапқа бас болған,
Білмеуші едік әріпте. Әліппе ғылым атасы.
Оқимыз қазір ертекте, Әліппеден басталған,
Үйреттің оны Әліппе. Даналықтың данасы.
Жібек Серікзат
Әліппем менің, Әліппем «Әліппе» деген даңғыл жол,
Сені қолға алып мен Апарар сені алысқа
Есігін аштым мектептің Жеңіл емес ауыр жол
Ертеңгі сәуле жарықпен. Тырысып бақ намысқа.
Хор: Әліппе.
Мұғалім: Балалар, біз әліппеден әріптерді үйрендік, олай болса кезек әріптерге.
Инелікті көрді де, Қонақ болып оларға Қуып кетті ол үріп. Қолтырауын барыпты
Әлия Ақмарал
Мақтадан доп жасадым, Пернеш келді дүкенге
Мысығыма ойнайтын, Пияз,сәбиз алмақшы
Моншағымды көрсе ол, Пісіруге дәмді ас
Мияаулап бір қоймайтын Палауға оны салмақшы,
Жібек Иманғали
Раушан келіп бақшадан, Түлкі,тышкан, тасбақа,
Райхан гүлін жинады, Тарыдан талқан жасады,
Роза қосып радионы, Түйеқұс пен тотықұс
Разы болып тыңдады Тамақтың бәрін асады,
Айнара Інжу
Ұлу қарап аспанға, Шахтерды ел біледі
Ұларға қойды сұрақты, Оған сарай-жер асты
Ұрпағысың қай құстың, Көмір қазып жүреді
Ұяң қайда тұрақты Қопарып ол тау-тасты
Айгерим Дайана
Футбол деген ойынға Щетка,щетка,щеткалар
Барлық бала құмар-ақ Неше түрлі щетка бар
Бірақ жолдың шетінде Бірі тісті жуады
Доп теппеңдер қуалап. Бірі шаңды қуады.
Мұғалім: Балалар, Алфавитте «А»бірінші, «Ә» екінші тұрады.Бұның сыры неде?
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашан да Ә тұрады қасында.
Байқадың ба? Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде? Түсінші:
А деген ол – аналар ғой ардақты,
Ә деген ол - әкелер ғой салмақты,
Б деген ол – балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей... сондықтанда,
Тұрады олар алфавиттің басында
Сара Інжу
Келгенімде алдыңа Сипадың да басымнан
Қызыл арай гүл алып, Әліппені ұсындың,
Жақын тарттың жаныңа Бақытымның осыдан
Шәкіртім деп қуанып. Басталғанын түсіндім.
Ән: Мұғалім ол біздің.
Би: «Аққу» (Мырзағалиева дайана)
Балалар, біз әліппеден «Санамақ» үйрендік, олай болса кезек санамаққа
Бір дегенім – бесік, Екі деген – елім,
Шықтың содан өсіп. Далам,тауым,көгім.
Үш дегенім – үміт, Төрт дегенім – төзім,
Үміт артар жігіт. Төзе білем өзім.
Бес дегенім – бақыт, Алты деген – ақыл,
Бағалайтын уақыт. Тыңдағаның мақұл.
Жеті деген – жалау, Сегіз деген – сөзің,
Жүректегі алау. Серт беретін кезің.
Тоғыз деген – тоқтау, Он дегенім – Отан,
Елдің жоғын жоқтау. Қорға соны,ботам.
Ән:«Ақ мамам»(Талғатова Жібек)
Мұғалім: - Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң - қуанып, ренжісең - жұбататын асыл адам – Ана! - Ана - біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау - біздің парызымыз. Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйретуде ата - аналарымыздың үлесі бар. Ендеше біздер ата - анамызға ризашылығымызды білдіреміз.
Нұршат Дайана
Ана - ол біздің елде ардақты адам, Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың, Кіші де,үлкен де оны ардақтаған. Ақ сүт, беріп өсірген, ол да сенің анашың. Өзінің аяулысын Отанды да Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың, Ана деп біздің халық текке айтпаған. Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Ән:«Анашым»(Жарылқасын Аяулым)
Біз нені үйрендік? - 42 әріпті
- 10-ға дейін санауды
- Табиғатты зерделеуді
- Үлкен – кішіні құрметтеуді
- Өлең айтып,би билеуді
- Біз болашақта...
- Түрлі сайыстардың жеңімпазы
- Білім биігіне шығатын
- Білім мен ғылымды ұштастыратын
- Тәуелсіз еліміздің туын көкке көтерер
- Адал
- Еңбекқор
- Парасатты
- Азамат болып өсуге...
- Уәде етеміз!
Би: «Андіжан биі» (Сисенбай Айнара)
Ертегі: «Кім неден күшті?»
Ерте, ерте, ерте екен, Ешкі жүні бөрте екен. Қырғауыл жүні қызыл екен. Құйрық жүні ұзын екен. Мұзға барып қонған екен
Жамбасы ауырып қалған екен Сол уақытта жасаған ием мұздан сұрапты: - Мұз, мұз, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, күн көзінен ерімес едім.
- Күн, күн, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, бетімді бұлт басар ма еді?
- Бұлт, бұлт, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, жауа-жауа жусан басын көгертпес пе едім?
- Жусан, жусан, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, қошақан жер ме еді?
- Қошақан, қошақан, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, құйрығымды қасқыр тартар ма еді?
- Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, мерген атып алар ма еді?
- Мерген, мерген, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, мылтығымның бауын тышқан қияр ма еді?
- Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың?
- Мен күшті болсам, ала жаздай жинаған азығымды құмырсқа тасып кетер ме еді? - Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?
- Арқамнан алты батпан, желкеммен жеті батпан ауырды көтергендіктен күшті болдым, - деген екен құмырсқа.
Ән: «Ертегілер» (Жолдасова Айгеримнің)
Әліппе:
- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық. Ана тілі: -Сәлеметсіңдер ме, балалар? Туған елдің тілімін, Ақылымен танылам. Түсіндірер бәріне Ана тілі мен болам. Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын.
Иманғали Ислам
Енді біз жаза аламыз Қош бол, құтты Әліппем!
Әріпті қосып әріпке Көп нәрсені үйреттің
Ырза боп саған жүреміз Таныстырып әріппен
Қош бол, сүйікті Әліппе! Тақылдатып сөйлеттің.
Аяулым
Әліппемен хош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Әліппе: Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! «5» болсын алар бағаңыз, Білімнен бақыт табасыз, Өнер-білім көп тоқып, Өсе берсін санаңыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош, сүйікті әліппем!
Ән: «Армансыз күнім болмайды»(Сисенбай Айнара анасы Алманұрмен)
Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып, оқитын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың – дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.