kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Менің Қазақстаным – менің болашағым!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 26 жыл толып отыр. Осыған байланысты  «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты тәрбие сағатының (телекөпір) әзірлемесі. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Менің Қазақстаным – менің болашағым!"»







Аманбаева Сандуғаш

Жақсылыққызы











Менің Қазақстаным – менің болашағым!


Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 
Көрнекілік: мақалдар, «Ел таныған Елбасы» газеті, слайдтар, желтоқсан құрбандары, кітап көрмесі. 
Сабақтың түрі: телекөпір. 

Кіріспе сөз. 
Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 26 жыл толып отыр. Осыған байланысты бүгін «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты ашық тәрбие сағатын телекөпір ретінде өткізгелі отырмыз. 
Тәуелсіздігіміздің толағай табыстарының бірі – озық технологиялардың меңгерілуі. Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған жаңа технологиялардыңкөмегімен бүгін «Өткен шақ», «Осы шақ» және «Болашақ» телекөпір өткіземіз. «Өткен шақпен» байланысқанша, «Тәуелсіздік толғауларын» тыңдайық. 
Оқушылар жатқа өлеңдер оқиды. 
«Өткен шақпен» байланыс. 
1. Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз. 
2. Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да басқа жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ. 
3. 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.
4. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б. 
5. 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар. 
«Осы шақпен» байланыс.  
1. Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. 
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. 
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. 
2. 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы «Астана» деген ат берілді. 3. Осы шақта бізде ойымыз толып, бойымыз өсіп, санамыз жетіліп, мектепте оқып жүрміз. Сыныптың, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысамыз. Бос уақытымызда спортпен шұғылданамыз. Сабақты жақсы оқимыз.
«Болашақпен» байланыс. 
1. Біз 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетеміз? 
Біздің жас мемлекетіміз өсіп-өніп, кемелденеді, балаларымыз ер жетеді. Олар жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. 
2. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, түрлі мамандықтарды игереді. Олардың Қазақстаны Евразияның орталығы болады. 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады. Өздерін Қазақстанның азаматы деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері мекендейтін болады. Әрине, бұл – болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ мұрат, армандар. 
3. «Алыс болашақта біздің асқақ мұрат армандарымыз қалай жүзеге асады?» деген тақырыпта қиялға беріліп, болашаққа болжау жасауға тапсырма бергенбіз. 
Қиял-эссе оқылады. 
4. Тәуелсіздік, көк тудың желбірегенін көріп, кең тыныстайтын барлық жастар үшін тым қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, бүгінгі егеменді елді жастары да өздерін сондай еркін, асқақ сезінеді. 
Өздеріңнің болашақтағы асқақ армандарыңды айтып шығыңдар. 
Қорытынды. 

«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» — деп қорытындылады Елбасы өз сөзін.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Менің Қазақстаным – менің болашағым!"

Автор: Аманбаев Сандуғаш Жақсылыққызы

Дата: 01.03.2018

Номер свидетельства: 460286

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Сыныптан тыс шара  Мені? ?аза?станым – мені? болаша?ым "
    ["seo_title"] => string(58) "synyptan-tys-shara-mienin-k-azak-stanym-mienin-bolashag-ym"
    ["file_id"] => string(6) "172488"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423826887"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(207) "ТЕХНОЛОГИЯ  САБА?ЫНДА Т?Л?АНЫ? ?З БЕТІМЕН Ж?МЫС ІСТЕУ ДА?ДЫЛАРЫН 	ЖЕТІЛДІРЕ ОТЫРЫП, ІСКЕРЛІК ШЕБЕРЛІКТЕРІН АРТТЫРУ "
    ["seo_title"] => string(131) "tiekhnologiia-sabag-ynda-tu-lg-anyn-oz-bietimien-zhu-mys-istieu-dag-dylaryn-zhietildirie-otyryp-iskierlik-shiebierliktierin-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "159919"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421961383"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""Мені? ?аза?станым - мені? болаша?ым""
    ["seo_title"] => string(41) "mienin-k-azak-stanym-mienin-bolashag-ym-4"
    ["file_id"] => string(6) "249845"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446984388"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Мені? ?аза?станым – мені? болаша?ым т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(45) "mieninkazakstanymmieninbolashagymtrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "281016"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453460612"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Шы?арма "Мен патриотпын!""
    ["seo_title"] => string(22) "shygarmamienpatriotpyn"
    ["file_id"] => string(6) "321657"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461344170"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства