қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР Президентінің портреті, ҚР Рәміздерінің және олардың авторларының портреттері,Отан,туған жер туралы нақыл сөздер;
Күтілетін нәтиже: Еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы қосымша мәліметтер алады, түсініктері кеңейеді.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу.
Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі. Әнұранымен айбатты. Әнұран орындалады.
ІІ. Мақсат қою кезеңі:
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, оқушыларды 2 топқа бөлу.
1 - топ: Көк аспан
2 - топ: Алтын күн
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
2. Қандай елміз? Неше елмен көршілеспіз?
3. Мемлекеттік тіліміз қай тіл? Қай тілде сөйлейміз?
«Кім жылдам» ойынын ойнаймыз.
Отан туралы қай топ көп мақал-мәтелдер біледі?
1 - топ: Көк аспан,
2 - топ: Алтын күн
Мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.
1. Отан- елдің анасы, (Ел- ердің анасы)
2. Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).
3. Отанды сүю- (отбасынан басталады)
4. Отан оттан да (ыстық)
5. Отансыз адам- ( ормансыз бұлбұл)
6. Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес)
7. Ел іші- (алтын бесік)
8. Тіл- тәуелсіздік (тірегі)
Тәуелсіздікке 25 жыл
Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991 жылғы16-желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Ресейдің отары, 70 жылдан астам кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан егеменді ел болды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.Бұл күн-Қазақстан тарихына тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріптермен жазылды.
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. 1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
- Мемлекеттік Тудың авторы кім?
1- оқушы: Шәкен Ниязбеков- ҚР Мемлекеттік Туының авторы
Ту
Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
-Тудың бейнесін сипатта?
Мемлекеттік Ту – 1992 жылы 4-маусымда қабылданды. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Ту ортасындағы шұғылалы күн халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан қыран құс – ерліктің белгісі.
Мемлекеттік елтаңбаның авторы кімдер?
2- оқушы: Жандарбек Мәлібекұлы, Шота Уалиханов
Біздің Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба.
Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
Елтаңба
Өр қанатты сұңқардың
Қанатымен шырқар кім?
Қазақстан – Отаным,
Әлем білген атағын.
Жарқыраған әр таңда
Мемлекеттік Елтаңба.
Мемлекеттік әнұранның авторы кімдер?
3- оқушы: Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов
Сөзін жазғандар Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.
Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық эмблемасы
Жеңістерге қолбасыдай,
Ерліктердің жолдасындай.
Еліміздің әнұраны,
Жүректерде жаңғырады.
Жаршысындай даңқымыздың ,
Жан серігі халқымыздың.
Қазір 1 – топқа, 2 – топқа сұрақтар қоямын, тез әрі дұрыс жауап берген топтар жеңімпаз атанады. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады
– ҚР тәуелсіз мемлекет пе?
– Еліміздің бас қаласы
– ҚР президенті
– ҚР туының авторы
– ҚР елтаңбасының авторлары Жандарбек Мәлібекұлы.
– Әнұранымыздың авторлары Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов
Сөзін жазғандар Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.
– Еліміздің көрікті жерлері
– Отан туралы өлең
– Отан туралы мақал-мәтел
Постермен жұмыс
1 - топ: Көк аспан «Қазақ елі – 2050 жылы қандай болады деп ойлайсың?»
2 - топ: Алтын күн «Егер сен президент болсаң, еліңнің дамуына қандай үлес қосар едің?»
Ойтолғау:
Оқушылар, енді біздер «Көк аспан» мен «Алтын күн» тобымыздың белгілерін біріктірсек қандай мемлекеттік рәміз пайда болмақ?
Оқушылар мемлекеттік туды құрастырады
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.
Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады.
Қорытынды сөз
Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді
Елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік болсын!- деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.