kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мемлекеттік р?міздер - ?лт ма?танышы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:Мемлекеттік р?міздер – ?лт ма?танышы

Ма?саты: Отан, ?аза?стан, ту?ан жер туралы т?сініктерін ке?ейту. ?аза?стан Республикасыны? р?міздері туралы т?сініктерін ?алыптастыру.
О?ушыларды Отанс?йгіштікке, адамгершілікке, Отанына, хал?ына адал ?ызмет етуге, еліні? Туын, Елта?басын, ?н?ранын ?астерлеуге, хал?ыны? тегін, тарихын білуге т?рбиелеу.
?дісі: с?ра?-жауап 
К?рнекілігі: ?Р-ны? р?міздері, на?ыл с?здер
Барысы:
Ж?ргізуші: С?леметсіздер ме, ??рметті ?стаздар мен о?ушылар! Б?гінгі бізді? «Мемлекеттік р?міздер – ?лт ма?танышы» атты т?рбие са?атымызды ашы? деп жариялаймын.
О?ушылар орындарынан т?рып, ?Р-ны? ?н?ранын орындайды.

М??алім: 
Батырлы?ты? уызына жары?ан,
Ер т?ркіні байра?ынан таны?ан
?зі а?ын, ?зі ?нші халы?та,
Кім айта алар болма?ан деп ?н?ран.

М??алім : Гректі? «гимн» с?зі ?аза?ша «?ран», «?ран салу» деген ??ымды білдіреді. Бас?а ?лттар секілді ?аза? еліні? де ?рбір ру-тайпасыны? та?ба белгілері, жалауымен ?атар, ?н?раны да бол?ан. Елді жау шап?анда жер-жердегі сарбаздарды жинау?а ат шаптырып, ?ран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздар?а рух берген, жау?а ?арсы ерлікпен к?ресе білуге ж?мылдыр?ан. 
М??алім: Балалар, ?аза? хал?ыны? «Бізді таныды?дар ма?» деп, ?лемге жар сал?ан ?нн?ранны? ?нін жаз?ан, с?зін жаз?андар кімдер?
О?ушылар жауабы. ?ні: Ш?мші ?алдая?ов
С?зі: Н?рс?лтан Назарбаев, Ж?меке? Н?жімеденов
М??алім:  ?Р-ны? ?н?ранында адам?а зор рухани ?сер ететін к?ш, ?йткені ?н?ранда халы?ты?, ?лтты?, мемлекетті?, елді? бірлігіні? нышаны бар.
 
Б?рі бол?ан ?ара? сынды к?не 
Ел белгі де, ерлік ?нерде.
Жа?анда?ы е? жауынгер халы?та,
Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?

М??алім: Ту бейбіт кезде ??рметпен са?талып, ол тек жаугершілік кезде ?ана шы?арылып отыр?ан. Тудан айырылу - ?ліммен те? бол?ан. ?здерімізге белгілі ?аза? жеріне к?з тігушілер аз болма?ан. Сондай бір ?иын-?ыстау кезе?де ?лы дана бабаларымыз Т?ле би, ?азыбек би, ?йтеке би ордабасында кездескеннен кейін, ?білхайыр хан ?ш ж?зді? басын ?осып, Б?генбай батыр?а ?аза?ты? туын ?стат?ан екен.
1992 жыл 4 -маусым - тарихи к?н. Сол кезде Республика Жо?ары Ке?есі т?уелсіз ?Р-ны? мемлекеттік Туы мен Елта?басын бекітті. 1992 жылы маусым айында т???ыш Президент Н.Назарбаев ?лт Туына та?зым етті.
Жал?ас: Ту ортасында к?н, оны? астында ?алы?тап ?ш?ан ?ыран, Туда? сабыны? т?сында ?лтты? ?рнек на?ыштал?ан тік жола? к?ктеп ?теді. К?н ш??ыла, ?ыран, ?рнек бейнесі алтын т?стес.
 Бас білгізіп жер тарпы?ын тарпа??а,
Жасы т?рма? шы?ады екен ?арты а??а.
?алай оны? Елта?басы болмайды,
Т?лігіне дейін салса ен-та?ба.
Енді б?гін ?лген Туым тірілді,
?н?раным жал?ап алды ??мырды.
Боса?ада ?алып кеткен Елта?бам,
Бая?ыша т?ріме кеп ілінді.
М??алім: Егеменді еліміз жер ?леміндегі бас?а мемлекеттермен терезесі те? ?ркениетті, ол ретінде ?зіні? Елта?басы мен ?н?ранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір ?асиетті белгілерді? м?нін ?рбір ?рпа?ты? тере? т?сініп, ?дептілік р?сімдерін орындау борышымыз деп санауын к?здейді.
Ал, балалар, ?Р-ны? Елта?басында нелер бейнеленген?
О?ушылар жауабы: к?н с?улесі, к?к аспан, ша?ыра?, ж?лдыз, ?анатты т?лпар, бидай саба?тары.
М??алім: Олар ?андай ма?ынаны білдіреді?

О?ушы: К?к аспан – кеншілікті?, тынышты? пен биіктікті? белгісі. Ашы? аспан?а тара?ан к?н с?улелері с?улетті ?мір санатын к?рсетіп т?р?андай, биіктегі жары? ж?лдыз Отанымызды? ж?лдызы биіктеп, ба?ыт ж?лдызынан н?р шашып т?р?анын білдіреді.
О?ушы: Елта?бада?ы алтын ша?ыра? ?аза?станны? «?ара ша?ыра?» деген ?асиетті с?зінен алынып, ша?ыра? астында?ы халы?тар бірлігін талап етіп, халы?ты? ?асиетті ша?ыра?ы биіктеп, отбасына к?н ананы? жары?ын шашып, ба?ыт ж?лдызыны? н?рын т?гіп т?р.

О?ушы: ?анатты т?лпарды? баламалы? м?ні ?аза?ты? а?ыз-ертегісінен алын?ан. А?ыз бойынша, ?анатты т?лпар?а мінген алып батыр алты ?ат аспан?а ?шып, жеті ?ат жер астына т?сіп, халы?ты ?асіреттен азат еткен. 
О?ушы: Бидай саба?тары – молшылы?ты? нышаны. Аспан ашы?, ж?лдызы жар?ыра?ан, ша?ыра?ы биік, же?імпаз, молшылы? еліні? перзенті болу.
?орытынды.: Алда?ы уа?ытта т?уелсіз елімізді? ша?ыра?ынан к?н с?улесі тарап, ке? даласы нан?а толып, к?лдері к?кке к?містер шашып, тіліні? м?ртебесі биік болсын!
Сонымен ?орыта келгенде, ?зімізді? жерімізді, р?міздерімізді, Отанымызды ??рметтеуге ж?не патриотты? сезімімізді ны?айта т?суге тырысайы?! Ту?ан жер киелі ??ымды ?р ?аза?станды? ??рмет т?ту?а, оны ?астерлеуге міндетті екенін ?мытпайы?. «Ел ерімен ма?танар, жер ке?імен ма?танар» деген, елімізді ?ор?ар ер-азаматтар, асыл ?рпа?тар, т?рбиелі ?л-?ыздар молая берсін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мемлекеттік р?міздер - ?лт ма?танышы»

№ 3 Смирнов орта мектебі































2 «б» сыныбының жетекшісі: Сматаева Ж.Т









Тақырыбы:Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы

Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап 
Көрнекілігі: ҚР-ның рәміздері, нақыл сөздер
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР-ның Әнұранын орындайды.

Мұғалім: 
Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран.

Мұғалім : Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру-тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер-жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған. 
Мұғалім: Балалар, қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әннұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер?

Оқушылар жауабы. Әні: Шәмші Қалдаяқов
Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов
Мұғалім: ҚР-ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.
 
Бәрі болған қараң сынды көне 
Ел белгі де, ерлік өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?

Мұғалім: Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.
1992 жыл 4 -маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР-ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш Президент Н.Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.
Жалғас: Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.

 
Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен-таңба.


Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып кеткен Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.


Мұғалім: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.

Ал, балалар, ҚР-ның Елтаңбасында нелер бейнеленген?
Оқушылар жауабы: күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары.

Мұғалім: Олар қандай мағынаны білдіреді?

Оқушы: Көк аспан – кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.
Оқушы: Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.

Оқушы: Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз-ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен. 

Оқушы: Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.
Қорытынды.: Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!
Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кеңімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер-азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздар молая берсін.








































№3 Смирнов орта мектебі


























8- сынып жетекшісі: Исмакова Ғ.С














Мақсаты:

  •  Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты  таныстыру;

  •  Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне,халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;

  • Оқушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен  мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту;

  • Отанды сүюге,рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер

Барысы:

Мұғалім: Құрметті ата- аналар, оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты тәрбие сағаты өткізгелі отырмыз. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

(Әнұраны орындалады)

(Сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстырылады)

Жоспар:

          І бөлім: “Еліміздің рәміздері”

          ІІ бөлім: “Тұғыры биік Қазақстан”  

               а) “Қазақ елі- менің Отаным”

              б) “Бәрін білгім келеді”

        ІІІ бөлім: Қорытынды

Мұғалім:  Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең,өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран  бекітілді.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен   4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.

      ҚР Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды.  9-бөлім, 98-баптан тұрады. 9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері- Туы,  Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген.34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.

Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын,бүкіл болмыс ерекшелілігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.

Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.

Мақтансаң мақтан елім деп,

Тани біл елдік таңбаңды.

Елтаңба,Туын,Әнұран-

Тәуелсіздікке тән белгі-

Қасиетті осы рәміздер.

Еліме рух, мән берді,

Иесі оның мына біздер

Мұғалім:  Мемлекеттік туымыздың авторы кім?

7-оқушы: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.

Мұғалім:  Қазақстан дейтін Отан анамыздың Елтаңбасының авторы кім?


8-оқушы: Жандарбек Мәлібекұлы.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген саулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының саулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас саулетшісі, қазір Астанада тұрады.


9-оқушы: Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға нңбегі сіңген саулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызыметкері.

Мұғалім: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім?


10 – оқушы: Шәмші Қалдаяқов.- әнін жазған.

Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұраны айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде

мәңгі сақталады.


11 – оқушы: Жұмекен Нәжімеденов.- сөзін жазған.

1960 жылдардын бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау обылысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың  «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге днйн ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.


12 – оқушы: Нұрсұлтан Назарбаев.- сөзін жазған.

Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті.Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген. Ол 1991 жылдан бері  ҚР Президенті болып келеді.

Мұғалім:

Туған жұртым, туған халқым, туған ұлым,

Сақтайық, жоғалтпайық қазақ салтын.

Тік ұстап туымызды, еңселі боп

Орындайық бабалардың аманатын, дей келе тәрбие сағатымыздың келесі бөлімі  «Тұғыры биік Қазақстан» деп аталады. Бұл бөлім жарыс түрінде өтпекші. Жалпылама Қазақстан туралы білімдеріңді жинақтайсыңдар балалар.

ІІ бөлім: «Тұғыры биік Қазақстан» (Жарыс бөлімі)

1- топ « Ту» ,                  2-топ  « Елтаңба» ,                             3- топ « Әнұран»

1. Тәуелсіздікті қай жылы алды?

2. Қазақстан – «Еуразияның кіндігі» деп  неліктен аталады?

3. Еліміздің жер көлемі

4.. Қазақстанда қанша облыс бар?

5. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

6. ҚР-сы неше мемлекетпен шектеседі?

7. ҚР-ның тұңғыш президенті кім?

8. ҚР-ның жаңа Астанасын атаңыз

9. Ұлттық валюта теңге қашан айналымға енгізілді?

10. ҚР-ның қазіргі конституциясы қашан қабылданды?

11. ҚР-ның рәміздерін атаңыз

12. Конституцияға неше жыл толды?


В) «Бәрін білгім келеді» (слайдта сұрақтар беріледі)

«Бәрін білгім келеді»

10.   16 желтоқсан Қазақстан  Республикасының тәуелсіздік  туралы  заңы

қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД  құрылды. (1991)

10. Қазан  айында тұңғыш  ғарышкер  Тоқтар Әубәкіров  ғарышқа самғады(1992)

10. Тұңғыш  Конституция  қабылданды. 12 қарашада  төл теңге  дүниеге  келді.

(1993)

10. Мемлекеттің  тұңғыш  ордендері мен медальдары  дүниеге  келді. 30 маусымда

ұшқыш Т.Мұсабаев  аспан  көгіне  көтерілді. (1994)

10. 30 тамыз  жаңа  Ата заң қабылданды. (1995)

20. Алматыда  тәуелсіздік  ескерткіші  ашылды. (1996)

20.  Жалпыұлттық  татулық  пен  қуғын-сүргіндерді  еске алу  жылы. (1997)

20. Халықтар  тұтастығы мен тарих  жылы. (1998)

20. Ұрпақтар  бірлігі  мен сабақтастығы  жылы (1999)

20. Мәдениетті қолдау  жылы. (2000)

30. Қазақстандағы  Ресей  жылы. (2006)

30. Денсаулық  жылы. (2002)

30. Ауыл  жылдары.(2003-2005)

30. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл.  7 қаңтарда жаңа  әнұран

қабылданды. (2006)

30. Қазақ  тілін  қолдау  жылы. (2007)

40. Астанаға  10 жыл (2008)

40. Қазақстанның Украинадағы  жылы (2009)

40. ЕҚЫҰ самммиті (2010)

40.  1- желтоқсанда  Республика жұртшылығы  тұңғыш рет  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты  республикамыздың президенті етіп сайлады. (1991)

Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады. (1992)

50. Қысқы VII Азияда олимпиадасы (2011)

50.  3 сәуірде  кезектен тыс  Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев болды. (2011)

50. Қазақтың бір туар ұлы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО

бойынша атап өтілді.( 1995)

50. Халық санағы болды.Қазақстан халқының саны 1600000 –ға жуықтады.(2008 )

50. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.(1997)

(Әділқазы алқалары жеңген команданы анықтайды)


ІІІ бөлім:  Қорытынды.


Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет …

Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді.

 Мұғалім: Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ  елін бүгінде әлем таниды.


Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе  бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.

1-топ:  Өзіңдікі туың да,

             От пен ауа, суың да.

              Жаса Қазақстаным,

              Белді бекем буын да!

2-топ:   Елтаңбасы елімнің

              Неткен көркем, әдемі.

              Тұнығындай көңілдің

              Ортада аспан әлемі.

3-топ:   Әнұраным, жан ұраным,

              Айтар әнім, сөйлер сөзім.

              Туған жерім-сағынарым,

               Мәңгі-бақи шырқалады

               Республика Әнұраны.

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мемлекеттік р?міздер - ?лт ма?танышы

Автор: Сматаева Ж?лдыз Т?рсымбек?ызы

Дата: 31.01.2016

Номер свидетельства: 285975


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства