Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету Оқушыларды достыққа,адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Менің Қазақстаным-менің болашағым»
Тақырыбы: Менің Қазақстаным-менің болашағым
Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету Оқушыларды достыққа,адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық «Тілектер»
«Болжау » әдісі суреттер арқылы бүгінгі тақырыпты ашу
Қазақстан картасы, Ата-заң кітабы, адамдар.
Иә, мынау – Қазақстан картасы, мында Қазақстанның қалалары, облыстары, өзен-көлдері көрсетілген, біздің жеріміз пайдалы қазбаларға толы. Мәселен, мұнай-газ, уран, т.б. Жеріміз әлем бойынша үлкендігі жағынан 9-шы орында тұр. Біз осындай елде туып-өскенімізді мақтан ете аламыз.
Ата-Заң –бұл кітапта қазақстан азаматтарының құқықтары мен міндеттері туралы жазылған. «Конституция» - латыншадан аударғанда «құрылыс», «бекіту», «орнату» деген ұғымды береді.
Бүгінгі біздің алғашқы тақырыбымыз «Менің Қазақстаным – менің болашағым». Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Сұрақ-жауап әдісі
ҚР-ның тұңғыш президенті кім?
ҚР-ның жаңа Астанасын қалай аталады?
ҚР-ның рәміздерін атаңыздар?
Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз. Еліміздің рәміздерін атайық. (Туы, Елтаңбасы, Әнұраны) 1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді. Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған. Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
«Қоңырау» дыбысы «Менің алғашқы мектептегі қоңырауым» тақырыбында сурет салу
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің. Орағың өткір болса, Қарың талмайды. Отаның берік болса, Жауың алмайды. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, қадамдарын құтты болсын.