Просмотр содержимого документа
«?ліппе - білім бесігі»
«Әліппе – білім бесігі» атты ертеңгілігі.
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Олардың мақал- мәтел, ертегі, ән айту, тақпақ айту мәнерін көрсету, оқушыларды Ана тілі оқулығымен таныстыру. Үлкендерді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, Әліппе мен Ана тілін безендірген плакат суреті. Жүргізілу барысы Ұйымдастыру кезеңі: Кіріспе бөлім
Мұғалімнің тойбастар сөзі: Әліппені бітірді балаларың Әліппеден нәр алған даналарым, Өзі оқып, жазатын қалге жетті Құтты болсын білімі балалардың!
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер бірінші сынып оқушыларының алғашқы рет қолдарына ұстап әріп танытқан оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар. «Әліппе» бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестердің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі той – сіздер мен біздер үшін ортақ та, салтанатты мереке. Олай болса, бүгінгі үлкен мерекенің иелері – балғындарымызды қошеметпен ортаға шақырайық.
(музыка ырғағымен балалар ортаға шығады).
Мұғалім: - Біз әр салтанатты мерекені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастаймыз. («Әліппе» деген жазуы бар балалар алдыға шығады) Әділ: Ең алғаш алғанымда Әліппені Қызығып қарай бердім әріптерді Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді Ұстазым оның кілтін алып берді. Алдымен сөз кезегін мектеп директоры немесе оқу ісінің меңгерушісіне берейік!
Мұғалім: Балалар, ендеше, ең басты кейіпкер «Әліппені» ортаға шақырайық.
Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не?
Хор: Ол сүйікті – Әліппе Менің атым Әліппе әнінің ырғағымен ( осы кезде әліппе кіреді)
Әліппе: Барлық әріп бағалы, Сөзге тірек болады. Жетелейтін білімге Мені сүйген баланы.
Балалар, мен бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын.Жай келмедім,өзімнен бастау алатын,өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін» шақыра келдім. Ана тілі: Ана тілің арың бұл Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте,- деп ақын Қадыр Мырза Әли айтқандай,мен ана тілі оқулығымын.Көңілді дауыстарыңды естіп қуанып келдім. Әліппе:Не үйреніп, не білдік, қане ортаға салайық
Мұғалім:Әліппе,біздің білім есігін ашқан алғашқы оқулығымыз болса, «Ана тілі» сөз сырын ұқтыртатын сырласымыз болатыны анық. Төрге шығып,төрлетіңіздер! Балғындардың өнеріне ортақ болыңыздар.
Мирас: Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға
Әділ:Ашыла берді алдымнан Кең дүние есігі Соғылған сомдап алтыннан Әліппе- білім бесігі.
Мадияр: Достарым, құтты болсын тойларың!
Ән: «Рахмет, саған Әліппе»
Мұғалім:Балалар,мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп отыр:
Мұғалім: -Осы сендер қандайсыңдар? Оқушылар бәрі бірге: -Талабы биік таудаймыз. Біз,қызықпыз,қызықпыз, Сәл еркелеу бұзықпыз. – Ақылдымыз -- Үлкенге ізеттіміз -Кіщіге қамқоршымыз - Жақсылықты ұнатамыз Жамандықтан тез қашамыз. - Көп оқимыз - Өнерліміз
Әділ: Бүкіл қазақ баласы құрметтеген Қоштаспақпыз сүйікті « Әліппемен» Ризамыз бәрімізді таныстырған Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен Мадияр: Біз бүгін қуаныштымыз. Өйткені алғаш хат танытып, Сауатымызды ашқан Сүйікті «Әліппемізді» бітірдік. Мұғалім: Біз мектепке келгенде не үйрендік екен келесі әнмен дәлелдеп көрейік:
Ән« Мен мектепке барғанда» Мирас:Бәрімізді сүйіп өткен Балаларға үйреткен Әліппе мен Ұстазға Бас иеміз құрметпен. Мұғалім: - Ең бірінші әріптер сырын ашсақ қалай ойлайсыңдар балалар?
Әділ: Алфавиттер тұрыңдар, Бір адым алға шығыңдар. Бастайық қане айтысты Жібермейік намысты.
Мадияр:Алфавиттің «А» тұрады басында, Әрқашанда «Ә» тұрады қасында, Байқадың ба «Б» тұрады үшінші Ал осының сыры неде түсінші?
Мирас: «А» деген ол аналар ғой ардақты, «Ә» деген ол Әкелер ғой салмақты «Б» деген ол балалар ғой әдемі Біздің елде үшеуі де кәделі
Ана тілі: Өте тамаша,ендігі уақытта сендердің сауаттылықтарыңды, білімдеріңді ары қарай мына менің оқулығымнан тереңдете түсеміз. Ал сендер есепке қалайсыңдар? Мұғалім:Олай болса келесі кезек
Санамақтар сыры:Әділ: Бір дегенім- бесік, Шықтым одан өсіп.Мирас: Екі дегенім-елім, Далам,тауым,көгім. Мадияр:Үш дегенім -үміт, Үміт артар жігіт. Әділ: Төрт дегенім-төзім, Төзе білем өзім. Мирас:Бес дегенім бақыт, Бағалайтын уақыт. Мадияр: Алты дегенім –ақыл, Тыңдағаның мақұл. Әділ: Жеті- дегенім жалау, Жүректегі алау. Мирас:Сегіз дегенім-сөзің, Серт беретін кезің. Әділ: Тоғыз дегенім-тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. Мирас: Он дегенім –отан, Қорға соны,ботам!
Ана тілі: Міне, тамаша, сендер біраз уақыттың ішінде көп нәрсе үйреніпсіңдер! Енді сендердін қандай өнерлерің бар? Соны көрсек деймін.
Мұғалім: Олай болса келесі кезекті биге берейік. Би: Бейбіт Қорғанның« Шоқ қыздар»
Әділдің орындауында «Қошақаным» әнін қабыл алыңыздар. Көрініс: « Әке мен бала» Мадияр мен Мирас Әліппе: Айналайын балғындар, Менен білім алдыңдар Әр сөзімді жаттаған Рахмет айтып шаттанам Риза болып аттанам Алда ұзақ жасым бар Оқумен өсіп-толыңдар Аман-есен болыңдар!
Әділ:Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата-ана қуанышқа бөленгін, Сауатты боп шықты ,міне балаңыз! Мирас: Қош бол құтты Әліппем Көп нәрсені үйреттің Таныстырып әріппен Тақылдатып сөйлеттің Мадияр: Біздер көп нәрсені үйрендік- кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, есеп шығаруды. Әліппе саған рахмет!!
Ана тілі: Құрметті Әліппе! Бізде саған ақ жол тілейміз. Мен сенің алдыңда бүгін ғана қолына Ана тілі оқулығын алған бүлдіршіндерге «Ана тіліміздің, дара тіліміздің, дана тіліміздің мәртебесін жоғары көтерейік» дегім келеді.
Мұғалім: Міне Әліппенің арқасында көп нәрсені үйреніп, сауатымыз ашылды. Ендеше, Әліппеге не дейміз? Хормен: Рахмет саған, Әліппе! Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар Балалардың білімі құтты болсын! Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын! Білімдерін ары қарай дамытатын Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!
Ата – ана шашу, шашу шашайық, Ақ сандықты ашайық. Бұл мереке, бұл тойдың, Қорытындысын жасайық!!! (шашу шашылады) Мұғалім: Мұнда біреу жымияды ұлына, Енді бірі ақыл айтар ұлына. Ал шешені сөз сөйлейді жараса, Ол кім десең, Қуаныштан жымиған, Ол – ата – ана, әлемдегі сыйлы адам, - дей келе сөз кезегін ата – аналарға берейік. Білім баспалдағына өрлеген қадамдарың сәтті болсын!
Мұғалім: -Осы сендер қандайсыңдар? Оқушылар бәрі бірге: 1.-Талабы биік таудаймыз. 2- Біз,қызықпыз,қызықпыз, Сәл еркелеу бұзықпыз. 3- Ақылдымыз 4 - Үлкенге ізеттіміз 5 - Кіщіге қамқоршымыз 6. - Жақсылықты ұнатамыз 7. -Жамандықтан тез қашамыз. 8 .- Көп оқимыз 9. - Өнерліміз
Мұғалім: -Осы сендер қандайсыңдар? Оқушылар бәрі бірге: 1. -Талабы биік таудаймыз. 2. Біз,қызықпыз,қызықпыз, Сәл еркелеу бұзықпыз. 3 – Ақылдымыз 4 - Үлкенге ізеттіміз 5. -Кіщіге қамқоршымыз 6. - Жақсылықты ұнатамыз 7. -Жамандықтан тез қашамыз. 8. - Көп оқимыз 9. - Өнерліміз
Мұғалім: -Осы сендер қандайсыңдар? Оқушылар бәрі бірге: 1. -Талабы биік таудаймыз. 2. Біз,қызықпыз,қызықпыз, Сәл еркелеу бұзықпыз. 3. – Ақылдымыз 4 - Үлкенге ізеттіміз 5. -Кіщіге қамқоршымыз 6. - Жақсылықты ұнатамыз 7. -Жамандықтан тез қашамыз. 8 - Көп оқимыз 9 - Өнерліміз
Тәрбие жұмысының өткізілуі туралы анықтама
Тақырыбы: «Әліппе – білім бесігі» . Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Олардың мақал- мәтел, ертегі, ән айту, тақпақ айту мәнерін көрсету, оқушыларды Ана тілі оқулығымен таныстыру. Үлкендерді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу. Мұнда оқушылар және ата-аналар, ұстаздар қатысты. Оқушылардың осы кезге дейінгі нені игергенін көрсету.Оқушылар алдымен әнұран айтумен бастады. Содан кейін Әліппеге арналған тақпақтарын айтты. Ары қарай « Мен мектепке барғанда», « Рахмет, саған Әліппе!»өлеңдерін айтып көрермен көңілін бір көтеріп тастаса, «Шоқ қыздар» әнімен би қимылдарын билегені және « Әке мен бала» көрінісін ойнаған кездері ата-аналарды қуанышқа бөледі. Сонымен қатар «Қошақаным» әнін орындап ауыл қөрінісін еске салды.Барлық оқушы белсене қатысты. Арасында оқушылардың осы үш ай ішіндегі жетістіктері слайд түрінде қөрсетілді және видео көрсетілді. Өте қызықты, көңілді өтті.
Тақырыбы: «Әліппе – білім бесігі» . Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Олардың мақал- мәтел, ертегі, ән айту, тақпақ айту мәнерін көрсету, оқушыларды Ана тілі оқулығымен таныстыру. Үлкендерді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу. Мұнда оқушылар және ата-аналар, ұстаздар қатысты. Оқушылардың осы кезге дейінгі нені игергенін көрсету.Оқушылар алдымен әнұран айтумен бастады. Содан кейін Әліппеге арналған тақпақтарын айтты. Ары қарай « Мен мектепке барғанда», « Рахмет, саған Әліппе!»өлеңдерін айтып көрермен көңілін бір көтеріп тастаса, «Шоқ қыздар» әнімен би қимылдарын билегені және « Әке мен бала» көрінісін ойнаған кездері ата-аналарды қуанышқа бөледі. Сонымен қатар «Қошақаным» әнін орындап ауыл қөрінісін еске салды.Барлық оқушы белсене қатысты. Арасында оқушылардың осы үш ай ішіндегі жетістіктері слайд түрінде қөрсетілді және видео көрсетілді. Өте қызықты, көңілді өтті.