Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым ата-аналар, ұзтаздар, қонақтар! Біз төл оқулығымыз әліппемен қоштасқалы отырған ертенгілігімізде сіздердің балаларыңыздың осы күнге дейін сауат ашып, оқып жазуға үйреткен «әліппе» оқулығынан алған біліммен ілімдерін ортаға салмақ. Бұл кітап бүкіл ғылымның алғашқы есігі білімге бастайтын алғашқы соқпақ.
Тыңдаңыздар тыңдаңыздар
Бүгін біздің Білім ортасында
Үлкен орта – мереке
Қанша ата-аналар
Уақыт тауып келді тойға
Той куәгерлерін шақырайық ортаға
Ендеше, бүгінгі шәкірттеріміз, ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық. (Музыка ойналады).
Әлібек:
Әліппе деген даңғыл жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа
Жазира:
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға ана тілін аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп мықты міне балаңыз.
Жадыра:
Ашылды енді алдымнан,
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан,
Әліппе білім бесігі
Айнабек:
Әліппем менің әліппем
Өмірді көріп танып мен
Қайталап айттым мың рет
Өзіңе көп рақмет.
Дамир:
Әліппе- білім анасы
Әліппе- кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған
Адамның бар ма баласы.
Ерасыл:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарында қызғалдақтай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Мұғалім: Сендерге бір сұрақ қойғым келіп отыр, айтыңдаршы дыбыстар қалай бөлінеді?
Дауысты дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Дыбысталмайтын әріптер
Мұғалім: Жарайсыңдар білетіндерің байқалды.
Мұғалім:
Іші толған әріпке
Бар білімге бас болған
Білімдіге жарық не?
Хормен: Болашаққа жол бастар
Олсүйікті әліппе.
Білімнің басы қайдан басталады?
Мектептен.
Мектепке келгенде алғаш қолға ұстаған кітаптарың қалай аталады?
Әліппе.
Балалар осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтсақ:
Мұғалім: Әліппе, балалар өзіңіз туралы таппақтар жаттаған еді, соны тыңдасаңыз.
Әліппе: Жарайды, тыңдайын.
Әлібек :
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе
Жазира :
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға ана тілін аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп мықты міне балаңыз.
Айнабек :
Ашылды енді алдымнан,
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан,
Әліппе білім бесігі
Жадыра :
Әліппем менің әліппем
Өмірді көріп танып мен
Қайталап айттым мың рет
Өзіңе көп рақмет.
Дамир :
Әліппе- білім анасы
Әліппе- кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған
Адамның бар ма баласы.
Әліппе: Ал, балалар, айтыңдаршы, біздің қазақ тілінде қанша әріп бар?
Барлығы: 42 әріп бар.
Әліппе:
Жарайсыңдар балғындар
Аттанған да бүгін мен
Ана тілін таныңдар
Ақыл білім алыңдар
Қош бол құтты әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Әліппе:
Айналайын балғындар
Менен білім алдыңдар
Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтаған
Рахмет айтып шаттанам
Ризаболып аттанам
Оқумен өсіп толыңдар
Аман-есен болыңдар.
Әліппе: Мені оқып тамамдадыңдар, бұдан былай «Ана тілі» оқулығын оқитын боласыңдар.
Хормен:
Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
Ана тілі:
Сәлем ойшыл достарым
Тереңбілім, ой-саналы
Әрбір сөзім ой салады
Ғылым – тәлім өнерім көп
Достасқанға берерім көп.
Мұғалім: Келіңіз, төрлетіңіз!
Ана тілі: Мен сендерді «Әліппемен қоштасу» мерекелеріңмен құттықтап, алған білімдеріңді бағалау үшін бірнеше тапсырмалар алып келдім.
1-тапсырма: Бірнеше мәтіндердің тақырыптары берілген. Ішінен Әліппеден оқыған мәтіндердің атап көр. «Мектеп», «Қарға мен көлбақа», «Жарыс», «Аңшы», «Құстар», «Үш жалқау», «Емен».
Өте жақсы. Кім осы әңгіменің біреуін кітаптан оқып береді?
2-тапсырма: Суреттердің бірінші әріптерінен сөз құрау.
3-тапсырма: «Қолшатыр» сөзінен бірнеше сөз құрастырыңдар. (2 топқа бөлініп, кім көп сөз құрайды?), (қол, шатыр, от, қор,ор, шал, шар, шыт, шық, лақ, шот, ашық, тал, талшық, тақыр, оқ, қора).
4-тапсырма: Балалар, сендер осы уақытқа дейін әліппемен бірге математика, дүниетану т.б басқа оқулықтарды қатар оқыдыңдар. Сендердің математика сабағынан алған білімдеріңді тексеру үшін тапсырма алып келдім.
Мұғалім: Ана тілі қалған уақытта бізбен болыңыз. Біздің сізден үйренеріміз әлі алда. Мұғалім:Ұстаздар, ата-аналар уақыттарыңызды бөліп қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп-көп рахмет! Бастарыңызға бақыт, дендеріңізге саулық тілеймін! Қош сау болыңыздар!