Просмотр содержимого документа
«Әліппе деген - алтын жол»
«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ
Әліппемен қоштасу
Тақырыбы: «Әліппе деген – алтын жол»
Сынып жетекшісі: Жакуова Е.Ж
Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бүгін 1 «А» сыныбы үшін ерекше күн. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, ғылымның атасы әліппені бітірді.
Ендеше,бүлдіршіндерімізді және сынып жетекшісін шақыруға рұқсат етіңіздер! Алдарыңызда мектебіміздің 1 «а» сынып оқушылары келе жатыр. 1 «Ә» сынып оқушылары бүкіл білім, ғылым соқпағының басы болған әліппе оқулығын бітіріп, қоштасқалы отыр. Топты бастап сынып жетекшісі: Жакуова Еркежан Жұмабайқызы келе жатыр.
Бұл біз үшін де үлкен салтанатты мереке! Мереке құтты болсын!Бұл ертеңгілігімізді Қазақстан Республикасының әнұранымен ашуға рұқсат етініздер! Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер І жүргізуші: Қайырлы күн, уа, халайық! ІІ жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар, Білім іздеп, инемен құдық қазғандар, Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би биленіп,әнде бүгін шырқалар. І жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға. Мұғалім: Өсті міне бойларың, Өсті ақыл- ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларын! Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы. Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не? Хормен: Болашаққа жол ашар- Ол сүйікті- Әліппе! Ол сүйікті -Әліппе! Мұғалім: -Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық. Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Ортаға әліппе мен ана тілі келеді. Әліппе: Армысыздар жас достар! Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Таудай болса талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім – көрімдік
Болсын сізге халайық
Не үйреніп, не білдік
Қане ортаға салайық
1-жүргізуші: Құрметті әліппе мен ана тілі сіздерге арналған оқушылардың музыкалық сәлемдері бар екен.
Ән: «әліппе»
( Осы кезде әндетіп Сайқымазақ кіріп келеді, қолында әліппе бар)
С: Әй, сендер кімсіңдер?
1-жүргізуші:Оқушылар
С:Оқушылар? Оқушылар деген не?
1-жүргізуші:Оқушылар не емес, кім?
С: Ал мынау кім?
1-жүргізуші:бұл кім емес не?
С: қарындашты көрсетіп, А – а, бұл балалардың сиқырлы таяқшасы екен ғой. Балалар қандай тамаша, сендердің сиқырлы таяқшаларың бар, ал менде жоқ
1-жүргізуші:Сайқымазақ, бұл қалам. Мұнымен балалар жазу жазады.
С: осы бұл жерде не болып жатыр?Бәрін жиналып қалыпсыңдар ғой.
1-жүргізуші:Бұл жерде «Әліппемен қоштасу» ертенгілігі болып жатыр.
С: Әліппемен қоштасу? Ал мен әліппені енді алып келе жатсам. Мен де оқиын деп едім. Бірақ кітаптың бірінші бетін ашып қалып едім, көп жазулар толған. Мен оны қалай оқимын.
1-жүргізуші:Әліппең болса жарайсың, Сайқымазақ! Ал енді біздің балалар әліппені толықтай бітіріп, Ана тіліне көшті. Бұл балалар әріптердің бәрін біледі, солай ғой, балалар? Олай болса саған бұл жерде не деп жазылып тұрғанын оқып бере аламыз.
Сайқымазақ сенде отыр біздің қонағымыз бол, біздің балалардың барлығы оқи алады.
1-жүргізуші: Онда құрметті әліппе мен ана тілі және сайқымазақ енді оқушылардың өлеңдеріне құлақ түрсеңіздер!
1-оқушы: Әліппем менің Әліппем, Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен. 2-оқушы: Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріпте, Оқимыз қазір ертекте, Үйреткен оны Әліппе! 3-оқушы: Әліппе деген алтын жол Апарар сені алысқа. Жеңіл емес ауыр жол Тырысып бақ намысқа.
4-оқушы
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен
5-оқушы:
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді
6-оқушы:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе
7-оқушы:
Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің әліппе
8-оқушы:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
9-оқушы:
Әліппе сенің сырласың
Әліппе досың болады
Әріптердің шұғыласы
Дәптеріңе қонады
10-оқушы
Арманым алда бар ұлы
Мен талапты баламын
Ащы терім арқылы
Тәтті жеміс аламын
11-оқушы:
Ерте тұрып орнымнан
Сабағымнан қалмаймын
Білім алу жолынан
Жалықпаймын талмаймын
12-оқушы:
Ата-анамды аялап
Ұстаз сөзін ұғамын
Мектеп маған саябақ
Ғылым жолын қуамын.
13-оқушы:
Осы мектеп – ақ ұям
Таусылмайтын дәриям
Өнер, ғылым, білімнен
Бір өзіңнен нәр жиям
14- оқушы
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзі әліппе
Том-том қалың кітаптың
Басы болар әліппе
15-оқушы
Анам менің, әкем де
Атам менен апам да
Шопан, ұшқыш, ғалым да
Небір мықты дарын да
Тіл сындырып әріпке
Ашқан алғаш әліппе
16-оқушы
Әліппе менің әліппем
Өмірді көрем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет
би
Әліппе: Тақпақты жақсы айтады екенсіңдер, енді маған айтыңдаршы жұмбақ білесіңдер ме? Білсеңдер бері қарай келіңдер және залдан бес ата-ана керек, олар жұбақтарды шешеді.
Ал, қызық болсын жаңытпаш білетін балалар бар ма?Оқушылар айтады оны залдағы адамдар қайталайды.
Жүргізуші: Рахмет, балалар әріптердің қыр сырын жақсы ұғыпсыңдар.
Ән
Әліппе: -Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика пәнімен де таныстыңдар. Мұғалім: -Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік.
1-жүргізуші: ал,сайқымазақ, енді оқушылардың меңгерген әліппесі мен математикасы , өнерлері ұнады ма?
С: Ұнады, мен де тәртібімді түзеп, оқығым келеді, санағым келеді.
1-жүргізуші: Балалар, Сайқымазақты оқыту үшін алдымен оқушының міндеттерімен таныстырайық
Түзу отыр партада
Қыры батпас арқаңа
Аянбай шомыл көк терге
Әдемі жаз дәптерге
Досыңдай жүрер күнде еріп,
Шәкіртке серік күнделік.
Әліппе:- Ал достар, сендердің ынталы, білімді, ақылды екендеріңе көзім жетті. Енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілі сендерді ары қарай білімге жетелейді. Әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін де солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?
Оқушылар: Иә, сізде бізге уәде беріңіз, сайқымазақ ағаға әріптерді таныстырма деп
С: рахмет, балалар, сендерге! Достарым! Мен сендердің сенімдеріңді ақтаймын. Оқып білім алып, артіс болам, бәріңді театрға шақырамын.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! «5» болсын алар бағамыз, Біліммен бақыт табамыз, Өнер-білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату) Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе! Ана тілі: -Сәлеметсіңдер ме, балалар? Туған елдің тілімін, Ақылымен танылам. Түсіндірер бәріне Ана тілі мен болам.
Ана тілім ұраным
Ана тілі құраным
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым
Ана тілі елдігім
Ана тілі ерлігім
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кемдігім Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға ана тілін аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз!