Просмотр содержимого документа
««?ліппе деген- алтын жол» атты ерте?гілік ?ткізуді? жоспары »
Құрметті ата-аналар,ұстаздар, оқушылар!
Бүгін сіздер 1 «б»сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына қалам ұстап,әріп таныған оқулығы «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.Барлық ғылымның анасы-біздің болашағымыздың негізі- «Әліппе деген- алтын жол» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Музыка . ( 1-сынып оқушылар кіреді)
Жүргізуші: Қоңыр күзде қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына енген 1-сынып бүлдіршіндері бүгін бір асудан өтті.
Ән: «Қоңырау» әні.
Алихан. Армысыздар аналар!
Армысыздар ұстаздар!
Болашаққа жол бастар,
Балаң келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген,
Болашағы қазақтың,
Басталады біздерден!
Жүргізуші:Балалар бүгінгі тойымыздың ең басты кейіпкері Әліппені зор құрметпен ортаға шақырайық.
Оқушылар: Әліппе 3 рет.
Әліппе: Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Армысыңдар жас достар!
Болашаққа жол бастар,
Әліппе келді ортаға.
Менің атым Әліппе
Мені анаңдай дәріпте,
Мені оқып ер жеткен
Бауыржан да Мәлікте.
Хормен: Оны біз де білеміз
Сондықтан да Әліппе
Мәңгілік сені сүйеміз.
Ән: « Үйретеді әріпке»
Жүргізуші: Суреттермен сөйлеткен,
Әріптерді үйреткен.
Баспа әріп, жазба әріп
Дауысты мен дауыссыз,
Айтыңдаршы балалар,
Қай оқулық үйреткен?
Хормен: Әліппе.
Жүргізуші: Құрметті Әліппе! Бүгін сіз балаларымыздың біліміне, өнерлеріне куә болып, құрметті қонағы болыңыз.
( Әліппе отырады)
Әйгерім. Бар кітапқа бас болған,
«Әліппе»-ғылым ағасы
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Ернар. Әліппе деген –алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
Ұлжан. Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қазір ертек те,
Үйретті оны Әліппе.
Жеңіс.Бар әріпті үйреткен,
Міне менің Әліппем,
Жақсы оқимын сабақты.
Әріптерді танып мен.
Ақмарал. Ата берді кітапқа,
Бойымдағы құмарым.
Бірге жүрген қасымда,
Әліппе болды сыңарым.
Сулейман.Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза болып саған жүремін.
Сүйікті біздің Әліппе.
Ерасыл.Ширап іс пен сөзіміз,
Өсті осылай өреміз.
Әжемізге өзіміз,
Ертегі айтып береміз.
Қымбат.Жазуды да жазамыз,
Сутетті де саламыз.
Нұрға толы санамыз,
Біз бақытты баламыз.
Темірбек.Алфавитті біліңдер,
Онда қалып жүйе бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Шыңғыс. Осылай алға аттадым,
Әр әріпті жаттадым.
Жаттаған сайын әріпті,
Сөз құрап жаза бастадым.
Әнел. Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті «Әліппемен»
Ризамыз бәрімізді таныстырған,
Әріп, дыбыс, сан түрлі мәтіндермен.
Дамир. Бізге оқуды үйреткен,
Бар уақытты бірге өткен,
Әліппе саған рахмет.
Жаннұр. Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Ана тілмен достасамыз,
Әліппемен қоштасамыз.
Ислам. Балық бала таң қылып,
Әліппені ашады.
Сөз құраған әр әріп,
Білім нұрын шашады.
Дария. Қош бол құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
Алибек.Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Әліппе. Балалар мен сендерге бір жұмбақ айтайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не? ( Әліппе)
Әліппе. Балалар менң қолымдағы сандықшаның ішінде өздеріңе арнайы алып келген тапсырмаларым бар.Ендеше 4 ай бойы менен алған білімдеріңді ортаға салуға дайынсыңдар ма?
Оқушылар: Дайынбыз.
1.Алфавитті жатқа айтыңдар.
2. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын неде?
3.Дауысты дыбыстарды ата.
4.Дауыссыз дыбыстарды ата.
5.«Қоян» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
6. 1 аптада неше күн бар?
7. Әліппеден үйренген бір тақпақты жатқа айт.
8.Әліппенің кез-келген бетін оқып бер.
9.16-желтоқсан қандай мереке?
10.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
11.Мақал-мәтел айт.
12.Мемлекеттік тіл қай тіл?
13.Орыс тілінен енген әріптер.
14.Қазақтың төл әріптерін ата.
15.Қосарлы дыбыстарды ата.
16.Ең алғаш Әліппені жазған кім?
Әліппе. Ыбырай Алтынсарин балаларға қандай өсиет
қалдырды?
Алихан. Бір аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
Сиса көйлек үстіңде,
Оқуменен табылған
Сауысқанның тамағы,
Шоқуменен табылған.
Өнер-білім бәрі де,
Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Әліппе. Жарайсыңдар балалар!
Әліппе. Әріптерім қайдасыңдар! Ұлы Ұстаз Ыбырай Алтынсаоин аталарыңның құрметіне сапқа тұрыңдар!
«А»-дегенің ана ғой, Ерасыл.«А»
Ана деген дана ғой.
Әжем әнге басады, «Ә» Әйгерім
Әтеш ұйқы ашады.
«Б»-дегенің бала ғой , «Б» Ислам
Жұмсаса әжең бара ғой.
Верандада Ваня ағай, «В» Әнел
Велосипед майлады.
Вова барып вокзалға,
Валя әжесін қарсы алды.
Газет,Гауһар,Газ,Гуіл, «Г» Қымбат
Гүл сөзінен «Г»-ні біл.
Ғанибет,ғибрат жанымда, «Ғ» Ернар.
Ғылым да, мен де ғалым да.
Дария, дархан даламын, «Д» Дария
Дарамын да данамын.
Еріншектің ертеңі, «Е» Сулейманн
Елге таныс ертегі.
Жаз биыл да Жаңбырлы, «Ж» Даурен.
Жайлау талай Жаңғырды.
Зәуре ұзақ биледі, «З» Ертемір»
Зерлі көйлек кигені.
Қастерлеген жұртымыз, «Қ» Шыңғыс.
Қазы,Қарта,Құртымыз.
Ң-ды мүлде айта алмай , «Ң» Алихан.
Ң-ға өшікті Тайқарбай.
«О» кәдімгі дөңгелек, «О» Темірбек.
Кетпесін ол дөңгелеп.
Тәп-тәтті нан таба нан, «Т» Әлихан.
Таба алмай қалдым,
Табадан.
Рр-р деп бір ит жолықты, «Р» Дамир
Райхан одан қорықты.
Хат жолдады Ахмет, «Х» Дамир.
Хакім саған рахмет.
Хат,Хор,Хабар,
Сөздерінде «Х»әрпі бар.
Қос бүйірін таянып, «Ф» Алибек.
Тұрады ло қай әріп?
Шаян,шаян, шаян-ай, «Ш» Ақмарал.
Шағасыңба аямай?
Пайыз Палау Пісірді, «П» Ұлжан.
Папасына ұсынды.
Жүргізуші: Балалар сендердің Әліппемен қоштасатын сәттерің жақындады.
Әліппе. Рахмет балалар сендерге! Енді сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тілі! Ортаға шақырайық!
Ана тілі. Армысыңдар балалар ,
Тойларың құтты болсын!
Менің жас достарым! Сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар.Ақын-жазушылардың ертегі,әңгімелерін ынта қойып оқыңдар. Сонда сендер көп нәрсені үйренесіңдер.
Ән: «Қош бол, құтты Әліппе» әні.
Әліппе. Оқуда зецінді болыңдар,
Еңбекке бейімді болыңдар.
Ақ жол болсын қарақтарым,
Кір шалмасын қабақтарың,
Оқығандарың есте болсын,
Күнделіктерің «5»-ке толсын!
Бәрі: Қош бол, құтты Әліппе!
Жүргізуші:Сендердің мойындарыңа таққан аспан түстес көгілдір галстуктерің әдепті,еңбексүйгіш,оқуды жақсы көретін балдырғандар екендеріңді және Отансүйгіш патриот екендеріңді білдіреді. Ендеше, Отан туралы не білеміз?
Әлихан.Жайдарлы жерім бар,
Өрісті елім бар.
Ерлікке баулитын,
Егемен елім бар.
Ерасыл. Мен оқушы баламын,
Болам жігіт зор әлі.
Қазақстан жалауын,
Көтеремін жоғары.
Дәурен.Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Алихан.Кемеңгер атам ,данышпан атам,Нұр атам,
Асқар тауымыз боп аман-есен жүр атам!
Жүггізуші: Балалар сендердің Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып, жақсы оқуымызға ата-аналарыңның да үлесі мол.Ендеше ата-аналарымызға арнап
Ән: « Бала тілегі» әнін орындаймыз.
Би: « Ай,будет круто!» ( қыздар)
Марапаттау. Тәрбие ісінің орынбасары С.Ш.Рыскелдин.
Құттықтау сөз. Ата-аналар.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар!
Осымен «Әліппе деген-алтын жол» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Балаларымыздың алдағы жолы нұрл, жарқын болуы үшін мектеп, ұстаз, ата-ана болып бар күш-жігерімізді аямайық.