Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«"Күз еліне саяхат" сценарий»
Ашурова Гульнур Казезовна
Бастауыш сынып мұғалімі
«Аршаты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аршаты ауылы
Жұмыс орны телефоны: 87234228218
arschatu@ mail.ru
«Күз еліне саяхат» мерекелік шара.
Мақсаты: Оқушыларды алғырлыққа, еңбексүйгіштікке, табиғат
байлығын қорғауға, өз ойларын ашық айтуға, сахнада өзін
ұстауына тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: Сахнада ханның сарайы декорациясы, түрлі- түсті жапырақтар, күз туралы нақыл сөздер, шарлар, күзгі өнімдерден салынған себеттер, муляждар, оқушылардың күздік өнімдерден жасаған көрмесі.
Шараға қатысушылар: 3 топ бастауыш сынып оқушыларынан құралған.
Жүргізушілер: 4-сынып оқушылары « Күз» ханы, оның 3 баласы Қыркүйек, Қазан, Қараша(Қыркүйек, Қараша - қыздары ханшайым киімімен, Қазан- ұлы ханзада киімімен)
Барысы: Күз ханы :
- Қош келдіңдер, менің еліме ,балақайлар!
Бүгін менің балаларым Қыркүйек, Қазан, Қараша дүниедегі ең тапқыр, ең әдемі, ең әнші, ең биші,ең әртіс балақайларды табуға көмектеседі.
3-топтың сайысы 6 кезеңнен тұрады. Әділқазылар алқасын сайлау.
Жемістер, көкөністер, жапырақтар туралы жарнама көрсету.
Қыркүйек: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Қандай өзі береген,
Бәрін тауып беретін.
Музыкалық үзіліс: 4-сынып қыздарының орындауында «Саңырауқұлақтар» биі.
ІІІ. Қараша: Өнерлі ғой балалар,
Көңілдері пәк, жайсаң,
Өлең айтып берейік,
Алтын Күзге біз арнап.
«Поэзия минуты» топтар өлең оқиды.
ІV. Қараша : Ойын, күлкі, той-думан,
Әсем ән мен сәнді би.
Асығыңдар, алыңдар,
Бәрі бізден табылар!
«Әуенді көрініс» сайысы. Топтар әуенмен көрініс қояды.
Сергіту сәті: «Күзгі эстафета» ойыны. Топтар жемістерді себетке толтырады. (муляждарды пайдалануға болады)
V. Күз ханы: -Ал енді араларыңда бишілерің бар ма?
Балалар: - Бар! ( хормен)
«Би, би, би» топтар өз аттарына байланысты би көрсетеді.
VI. Қыркүйек: Уылжытып жемісін,
Ақтарды ғой мырза күз.
Аянбайтын ел үшін,
Өсіп келеді ұл мен қыз. -дей келе, «Алғыр көшбасшы» сайысын бастайық.
Қане, жұмбақ шешейік!
1. Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт!
Үзесің бірдей жүзін,
Оның аты ...(жүзім)
2. Дөп-дөңгелек доптай,
Одан дәмді жоқтай,
Мезгілсіз оны жұлма,
Оның аты ...(алма)
3. Дөп-дөңгелек, сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты ...(өрік)
4. Өсіретін бойынды,
Өсіретін ойынды.
Қоян жейтін көкөніс,
Сарғылт-қызыл ...(сәбіз)
5. Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Оның аты ...(шие)
6. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ,
Күрең қызыл, шіркін-ай!
Оның аты ...(құлпынай)
7. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Қарнын жарып аламыз,
Дәмді сондай ...(қарбыз)
8. Бақшада өседі,көп өнімді береді (көкөніс)
Күз ханы: - Балалар, сендер сондай ақылды екенсіңдер!Тамаша!
Періштелер, сүйкімділер сендерсің,
Баршамызды бал тілімен балқытқан,
Жер бетінде сендерге кім тең келсін!
Биімен, өнерімен, ақылымен шалқытқан.
Ал , балаларым, дүниедегі ең тапқыр, ең әдемі, ең әнші, ең биші,ең әртіс балақайларды тапқандарыңа өте қуаныштымын. Өнерлерің үстем болсын! Келесі күзде тағы да өз еліме шақырамын! Кездескенше!
Марапаттау. І , ІІ , ІІІ орындар және «Ең тапқыр ойыншы», « Күз бишісі», « Ең үздік күздік жарнама» , «Ең ұтымды әуенді көрініс»,
« Ең шапшаң ойыншы» номинацияларымен және себет толы күзгі бақшамыздың өнімдерімен марапатталады.
Сахнада 3топтың оқушыларымен, «Күз» елінің патшалығында тұратындардың қатысуымен «Алтын күз» әні орындалады.