kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Күлше қыз" ертегісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

№5 мектеп-лицей ұйымдастырған балалар кітап апталығы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Күлше қыз" ертегісі»

Күлше қыз» ертегісі

Кейіпкерлер:


Ертегіші (автор) – Серікова Айару

Күлше қыз – Садықова Жібек

Өгей шеше – Қалдыбай Медина

Анна – Кәрібай Тоғжан

Марьяна – Әділ Жұлдыз

Орманшы (Күлше қыздың әкесі) – Амандық Нұртас

Фея – Тлеуберген Маржан

Патша – Қайырбекұлы Ұлан

Ханзада – Жақсылықов Алинұр

Би үйретуші – Қабдолла Сұлтан

Күзетшілер – Жаңабай Толағай, Сүгір Мансур

Хабаршы – Мырзағазы Алинұр

1-көрініс

Ертегіші: Баяғы заманда бір кісінің әйелі ерте дүниеден қайтып, екінші рет үйленіпті. Оның қайтыс болған әйелінен бір қызы бар екен. Қыздың өгей шешесі өте қатыгез адам еді. Оның өзімен еріп келген дөрекі екі қызы бар болатын. Өгей шеше келген күннен бастап, өз қыздарын аялап, өгей қызына қатал болады. Ылғи қиын және лас жұмыстар…беріп, күн көрсетпейді. Қыздың сіл отырып тынығуына да уақыты болмайды. Кейде қатты шаршаған ол, пештің күлін шығарып жатып, күлдің үстіне отыра кетуші еді. Осыны үнемі көріп жүрген өгей әпкелері оны мазақтап «Күлше қыз» деп атап кетеді.

Музыка.

Сахнада пештің қасында үстіне лас көйлек киген, беті қолы күл болған Күлше қыз қазан тазартып отырады.Өгей шешесі екі қызымен кіреді. Музыка тоқталады.


Өгей шешесі: Әй, Күлше қыз, біз бүгін патша сарайына балға барамыз. Менің тапсырмам дайын ба?!


Күлше қыз: Иә, анашым.


Анна: Біздің балға киетін көйлегіміз дайын ба?!


Күлше қыз: Иә, апатай.


Марьяна: Менің шашыма тағатын гүлді өсіріп қойдың ба?!


Күлше қыз: Иә, апатай. Міне гүліңіз. (Гүлді береді)


Марьяна: Ешқандай талғамың жоқ екен!!!


Анна: Қандай ұсқынсыз гүл!!! Маған бере сал....


Марьяна: Жоқ, бермеймін.


Анна: Саған мынадай гүлдің не керегі бар, маған бер деймін.


Өгей шешесі: Менің сұлуларым, ұрыспаңдар. Біздің балға жиналатын уақытымыз болды.


Күлше қыз: Анашым, мен де балға барсам бола ма?


Марьяна: Сен ба? (мысқылдай күледі)


Анна: Сен мына түріңмен патша сарайына барғың келе ме?


Марьяна: Сені көріп бәрі қашып кетер


Үшеуі қосылып күледі


Өгей шешесі: Жарайды,сенің балға баруыңа болады.


Күлше қыз: Рақмет,анашым!!!


Өгей шешесі:Бірақ, ең алдымен кофені ұнтақтап, 5 қапшық фасоль мен 5 қапшық бұршақты теріп, арықтарды тазартып және пештің күлін алуың керек. Содан кейін балға баруыңа рұқсат.


Күлше қыз:Анашым, мен бұл жұмыстардың барлығын бір жылда да орындап бітіре алмаймын ғой.


Өгей шешесі:Ал, сен,тездетіп жаса, сонда үлгересің. Қыздарым, кеттік,балға кешігіп қалмайық.

Музыка.


Өгей шешесі екі қызымен сахнадан шығып кетеді. Күлше қыз бетін басып отыра қалады.

2-көрініс.

Ертегіші: Күлше қыздың зұлым өгей шешесі екі қызын ертіп балға кетті. Ал бишара қыз әдеттегідей үй шаруаларын жасап қалды.


Музыка. Күлше қыз фасоль мен бұршақты ажыратып отырады. Бір кезде Фея пайда болады.

Фея: Сүйкімді Күлше қыз! Сен тынбай жұмыс жасайсың, ал өгей шешең өз қыздарымен әдемі киініп алып, тек қыдыруды біледі. Сен барлық көрген қиындығың үшін сыйлыққа лайықсың. Сен бүгін міндетті түрде патша сарайына барып,балға қатысасың.


Күлше қыз:Рақмет сізге, мейірімді Фея. Бірақ менің жасайтын жұмысым көп...


Фея: Ештеңе етпейді! Сенің жұмысыңды қазір-ақ бітіреміз. Фасоль мен бұршақты тышқандар айырып тастайды, көртышқандар арықтарды қазады, тиіндер кофені ұнтақтап, пештің күлін мысық тазартып шығады.


Күлше қыз: Рақмет сізге, қайырымды Фея. Бірақ мен балға мына түріммен қалай барамын? Менің бұдан басқа көйлегім де жоқ... Және де патша сарайына жаяу жетіп те үлгермеспін.

Фея: Ой, бишара қызым! Ештеңе етпейді, мен Феямын ғой. Сенің мынау тозығы жеткен көйлегіңді әдемі бал көйлегіне айналдырып, аяғыңа киюге хрусталь кебіс сыйлаймын. Олар саған бақыт әкеледі. Сен бақытты болуға әбден лайықсың! Асқабақты әдемі күйме жасаймын, көртышқанды атшыға, тышқандарды сәйгүлік аттарға айналдырамын. Сол кезде сен бір сәтте патша сарайына да жетесің. Бірақ есіңде болсын, сағат дәл 12-ні соққанда барлық сиқырдың күші жойылады.Осыны ұмытпа!

Күлше қыз: Рақмет сізге, мейірімді Фея. Мен 12-ге дейін қайтып үлгеремін.

Фея:Ал, енді жылдамдат. Бал басталуға таяп қалды.


Музыка.

3-көрініс.

Ертегіші: Ал енді, бал болып жатқан патша сарайына ауысайық. Барша қонақтар залда билеп жүр. Музыка тоқтаған уақытта Күлше қыз кіріп келеді. Бейтаныс қыздың сұлулығына Ханзада тәнті болады. Ханзада қыздар мен Өгей шешесінің қасына жақындайды.


Ханзада: Мына бейтаныс қыз кім екен?


Өгей шешесі: Біз танымаймыз.


Анна: Мүмкін ол көрші патшалықтан келген шығар?


Ханзада:Бірақ балға тек біздің патшалықтың тұрғындары ғана шақырылды ғой?


Ертегіші: Ханзада Күлше қызға жақындайды


Ханзада: Бейтаныс сұлу! Сізді осы балда көргеніме қуаныштымын... Сізді биге шақырсам бола ма?


Ертегіші: Музыка қосылып, Ханзада мен Күлше қыз барша қонақтармен бірге билейді.Ханзада мен Күлше қыз билеп жүріп,сөйлеседі.

Ханзада: Бейтаныс сұлу! Сіздің осы балға келгеніңізге қуаныштымын. Сіз көрші патшалықтан келген боларсыз?


Күлше қыз:Ол не дегеніңіз, Ханзада? Мен осы патшалықта тұрамын.


Ханзада: Бірақ мен сізді бұрын мүлдем кқрмеппін.


Күлше қыз: Себебі, мен балға алғаш рет қатысып тұрмын.


Ханзада: Сұлу қыз, сіздің есіміңізді білсем бола ма?


Күлше қыз: Әрине, Ханзада, менің есімім ...


Музыка: сағат соққаны. Күлше қыз жүгіріп шығып бара жатқанда кебісі шешіліп қалады. Ханзада жерден кебісті алады.

4-көрініс.

Ертегіші: Күлше қыз үй сыпырып жүреді. Өгей шешесі қыздарымен бірге әңгімелесіп отырады. Қолдарында Күлше қыздың жоғалтып алған кебісін ұстап, екі жасауыл кіріп келеді.


Хабаршы: Тыңдаңыыздар! Патшаның бұйрығы: «Мына кебіс қай қыздың аяғына сәйкес келсе, сол қыз ханзаданың қалыңдығы болады»


Өгей шешесі: Анна, Марьяна, бері келіңдер!


Қыздары жақындайды


Өгей шешесі: Анна,отыр. Кебісті киіп көр.


Марьяна: Неге Анна? Бірінші мен киемін.


Анна: Жоқ, мен!


Өгей шешесі: Қыздарым,ұрыспаңдар.


Анна мен Марьяна екеуі орындыққа таласып,соңында Анна орындыққа отырып, кебісті киіп көреді.


Өгей шешесі:Тарт, әлде де аяғыңды бүгіп көр...


Анна: Жоқ, аяғыма сияр емес!


Өгей шешесі: Марьяна! Енді сен киіп көр!


Марьяна орындыққа отырып, кебісті киіп көруге тырысады.


Өгей шешесі: Аяғыңды бүк! Тарт, тағы да тарт, сәл қалды!


Марьяна: Жоқ! Мүлдем сияр емес!


Өгей шешесі: Күлше қыз!


Күлше қыз кіріп келеді.


Күлше қыз: Иә, анашым?


Өгей шешесі: (мейірімді дауыспен) Қызым, сенің қолың алтын ғой... Марьянаға мына кебісті киюге көмектесші...


Күлше қыз: (жыларман дауыспен) Жоқ!


Өгей шешесі: (зілді дауыспен) Марьянаға мына кебісті кигіз!


Күлше қыз: (бетін басып) Жоқ!


Өгей шешесі: Солай ма? Сенің әкеңе не істейтінімді білесің бе? Мен оны...


Күлше қыз: Жоқ,жоқ,анашым... Марьянаға кебісті кигіземін...

Күлше қыз Марьянаның аяғына кебісті кигізеді


Марьяна:Мен Ханзаданың қалыңдығымын!

Анна қызғаныштан жылап жібереді.

Өгей шешесі: Ал, күйеу бала, дайындал! Патша сарайына өз тәртібімді орнатамын. Анна, қызым, жылама, сені де бір жерге орналастырамын. Анна, Марьяна, қыздарым, күймеге мініңдер. Патша сарайына барамыз. Патша сарайы.... мен үшін тарлық етеді. Ештеңе етпес көрші патшалықпен [12:46, 21.03.2024] Бика: араздастырып қоямын... Жасауыл! Алға бас!

Бәрі шығып кетеді

5-көрініс.

Ертегіші: Ханзададан өзге барлығы Патша сарайында. Өгей шешесі екі қызымен, жасауыл және хабаршы барлығы кіріп келеді. Марьяна ақсаңдап келеді.


Өгей шешесі: Менің сүйкімді күйеу балам қайда? Міне, Ханзадаға қалыңдық !


Патша: Бірақ бұл ол қыз емес қой!


Өгей шешесі: Жоқ! «Мына кебіс қай қыздың аяғына сәйкес келсе, сол қыз ханзаданың қалыңдығы болады» деген Патшаның сөзі! Іс бітті, қымбат күйеу бала! Тойға дайындалатын уақыт келді!


Патша: Енді не істеу керек ?


Би үйретуші: Би! Әрине, би! (Марьянаға жақындайды) Сізді биге шақыруға рұқсат етіңіз!


(Марьянаға қолын береді. Музыка. Олар билейді. Марьянаның аяқтарынан аяқ киім ұшып кетеді. Марьяна құлайды.)

Би үйретуші: Сізге көмектесуге рұқсат етіңіз, сударыня !

( Оны көтереді, орындыққа отырғызады және аяқ киім кигізуге тырысады.)

Би үйретуші: Бірақ бұл аяқ киім Сізге шақ емес қой?! Сіз оны қалай кигенсіз?


Өгей шешесі: Балдағы қыздың да аяғынан кебіс шешіліп қалды ғой?


Би үйретуші: Бірақ ол бейтаныс қызға үлкен болды !


Патша : Өкінбеңіз, сударыня ! Мүмкін сіздің тағы бір қызыңыз бар шығар?

( Орманшы, Золушканың әкесі. Ол екінші аяқ киімнің қолында күлді ұстап тұрады.)

Орманшы : Бар, ұлы мәртебелім! Бұл менің қызым Күлше қыз! Мен оны біздің бақшада таптым !


Мына кебістің екінші сыңары оның қолында болды.


Патша : (қуанышты.) Иә! Осы қыз! Дәл өзі!

( Фея пайда болады.)

ФЕЯ: Күлше қыз, саған киіну керек! Жақында Ханзадамен үйлену тойыңыз болады !

(Күлше қыз бен Фея шығып кетеді.)

Би үйретуші: Мен барлығына би билеуді ұсынамын!

(Музыка. Ханзада мен Күлше қыз кіріп келеді. Барлығы билейді.)




















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Күлше қыз" ертегісі

Автор: Атраубаева Бибигуль Кожашевна

Дата: 10.06.2024

Номер свидетельства: 652498

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "«Күлше қыз» ертегісі"
    ["seo_title"] => string(19) "kulshe_kyz_ertegisi"
    ["file_id"] => string(6) "509757"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1557600328"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) ""Күлше қыздың сауық кешіне баруы" жаңа жылдық ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(69) "kulshie_k_yzdyn_sauyk_kieshinie_baruy_zhan_a_zhyldyk_iertien_ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "374866"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483329273"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "?ажайып заттар"
    ["seo_title"] => string(14) "gazhaiypzattar"
    ["file_id"] => string(6) "316076"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460019382"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Ертегі еліне шолу"
    ["seo_title"] => string(18) "ertegi_eline_sholu"
    ["file_id"] => string(6) "564925"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1606723338"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?ош келді?, жа?а жыл! 4 сынып"
    ["seo_title"] => string(26) "koshkieldinzhanazhyl4synyp"
    ["file_id"] => string(6) "287579"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454504262"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства