Жаңа жылдық ертегі.
Ханшайым: Артықбай Данагүл
Фея: Қаналина Гүлбану
Мұзханшайым: Сәрсенбаева Лариса
Аққала: Сатаева Бағдат
Аю: Машақов Берік
Маша: Төлегенова Әдемі
Барыс: Жамбыл Аят
Түлкі: Ырза Диана
Қасқыр:Жамбыл Аят
Қоян:Сүлейменова Венера
Мыстан: Амандосова Жанар
Аяз ата: Жұмағұлов Жасұлан
Ақшақар: Әуезханова Ақмерей
Ханшайым:Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендерде, көрмеген де арманда,
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып ағайын.
Жаңға шуақ, бойға қуат әкелген
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
Бәрекелді,бәрекелді! Құрметті халайық. Бүгінгі жаңа жыл кешін әсем әнмен, сәнді бимен көңілді өткізу үшін ортаға 1 «Б», 2«Б», 3 «Б» сынып оқушыларын қошеметпен шақырайық.
01(Музыка ойналып ортаға оқушылар шығады)
02(Музыка ойнап,ортаға фея шығады)
Фея: - Балалар сендерге бір әдемі ертегі айтып берсем, тыңдағыларың келе ме?
- Мәссаған, мына оқушылар қатып қалыпты ғой. Бұл оқушыларды кім қатырды екен.
- Олай болса бұларды әуелі ерітіп алайын сиқырлы таяғыммен.Міне, керемет енді балалар ертегі айтайын сіздерге.
- Ертеде алыс бір өте ғажайып қалашықта мұздан салынған үлкен хан сарайы болыпты. Ол мекенге ешқандай тірі жан бармайды екен.Өйткені ол жерде адамға мейірімі жоқ, жүрегі мұздан жаратылған Мұз ханшайымы мекен етеді екен. Сол мұз ханшайымның сарайында жаңа жылдық кешімізді көңілді өткізіп, ханшайымның балаларға мейірімін, жылулық сезімін оятайық.Біздің қатқан себебіміз де, мұз сарайында тұрғандықтан
- Фея: Ханшайымның сарайы неткен суық?
(балалар таңырқап, жаурап жан-жақтарына қарайды.)
Мұнда неткен суық бойымызды жылыту үшін ән айтайық.
03Хоровод: «Келді міне жаңа жыл»
Келді міне жаңа жыл
Шаттық сыйлап әр үйге
Жаңа бақыт жаңа нұр
Үлкен кіші сәбиге
жаңа жауған ақ ұлпа
Қар жамылды даламыз
Балаларды сағынта
Келді аяз атамыз
Айдай ару ақшақар
Көмекшісі сол екен
Аяз ата ақ сақал
Сыйлықтары мол екен
Қандай сұлу шыршамыз
Ортамызда тұр жайнап
Жаңа жылда баршамыз
Шаттанайық кел ойнап
04Мұз ханшайымы:
Соқ,соқ боран қаттырақ,
Бүкіл әлем мұзға айналсын.
Алай-дүлей соқ боран,
Барлық дүние шайқалсын.
Тыныштықты бұзатын
Кімдер бұлай ойнайтын.
Балаларды қаламаймын
Сарайымды былғайтын.
Фея: Сәлеметсіз бе, Мұз ханшайымы. Сіздің сарайыңызға келіп, шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?
Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған, тек менің мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдар ма, солай ма?
Фея: Жоқ, жоқ біз мына балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.
Мұз ханшайымы
