kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Қайырымдылық " ертегісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұрынғы заманда Есіркеген деген Қайырымды бала болыпты.Ол өте қайырымды болыпты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Қайырымдылық " ертегісі»

Қайырымдылық

(Ертегі)
Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналатындығын, қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір –біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі екендігін ұғындыру.

Кейіпкерлер:

Есіркеген- Бексұлтан

Хасен ақсақал- Едіге

Көкжал- Заманай

Қонжық- Айболат

Аю-Адина

Бұғы-Зере, Амина

Автор-Зерде


Зерде:
Бұрынғы заманда Есіркеген деген қайырымды бала болыпты. Біреудің басына қиындық түссе, қайғы-мұңын бөлісуге әзір тұра ды екен. Есіркегеннің көршісі Хасен ақсақал бір күні қатты сырқаттанып, төсек тартып жатып қалады. Қарттың сырқаты бүкіл ауылды күйзелтеді. Бұл жағдай Есіркегеннің де қабырғасын қайыстырады.

Бексұлтан:

«Шіркін, шипасы тиетін бір ғажайып шөп табылар ма еді?!» .

– Бос армандағанша, тауға шығып іздемейсің бе? – депті бір дауыс. Есіркеген дауыстың иесін іздеп, әрі-бері қарайды. Хасен ақсақалдың көк төбетінен басқа ештеңе көзіне түспейді.

Заманай:

– Іздемей-ақ қой. Айтып жатқан мен, Көкжалмын ғой

– Егер шипалы шөп іздеп шыға қалсаң, серігің болайын. Ертеңіне бала мен Көкжал ойнаған болып, ауылдан ұзап шығып кетеді. Екеуі жүре-жүре, сарқырап таудан құлай ағып жатқан асау өзеннің жанына аялдапты.

– Ал енді, қармағыңды суға сал, бұл өзенде ханбалық деген ғажайып балық бар, - дейді Көкжал. Есіркеген қармағын суға лақтырады. Қалтқыны бағып отырып, ағын екпінімен ағып келе жатқан бір мақұлыққа көзі түседі.

Бексұлтан:

– Көкжал, көкжал, - дейді жағалауды тұмсығымен сүзгілеп жүрген серігін шақырып. Көкжал суды шалпылдатып жетіп келеді де, тіке мақұлыққа ұмтылады. Асау ағынмен арпалысып жеткен бетте мақұлықты құлағынан тістеп, сыртқа алып шығады.

– Мынау аюдың баласы ғой, - деп Есіркеген мақұлықты әрі-бері қарап таңда- нады. Қолтығына қолын сұқса, жып-жылы. Жүрегі де соғатын секілді. Суды көп жұтып, тұншығып қалса керек.

– Қой, бұған мен көмектесейін,- деп Есіркеген оған малта, кепкен нан жегізеді. Есін жиған қонжық анасы шомыл дырып жатқанда, өзінің жазатайым суға кеткенін айтады. Осы кезде тағы бір қонжығын соңына ертіп, аюдың өзі де келіп жетеді.

Адина:

– Ей, сендер, қонжығым -ды бөліп жеп, бір тояйын деп отырсыңдар ма? - деп гүжілдейді де, келген бетте Есіркеген мен Көкжалға ұмтылады.

Айболат:

– Жо-жоқ, апатай, тие көрмеңіз бұларға. Бұлар менің құтқарушылар ым, - деп қонжық ара түседі. Сөйтіп, мән-жайды бастан-аяқ анасына баяндап береді. Есіркегеннің бұйымтайын да жеткізеді.

Адина:

– Ей, айналайын-ай, қолымнан келсе, аянбас едім. Ондай шипалы шөп туралы естіген емеспін. Өзім күзде мына бір шөпті жеп алып, содан көктемде бірақ оянамын. Осы шөпті жеп, ұйқыға кеткен адамның жүрегі өте баяу соғады дейді. Сырқат адам ішіп ұйықта са, ауруы тез меңдеп кете қоймайды, өмірі ұзарады деп естігенім де бар. Бір қажеттеріңе жарар. Осыны алыңдар.

Зерде:

Есіркеген аюға рақметін айтып, шөпті мұқият орап, дорбасына салады да, қоштасып, ары қарай жүріп кетеді. Небір тастардан өтіп, биік шыңды қиялай өскен қалың қарағайға жеткенде, Көкжал құлағын тігіп, қараңғы түпкірге қарай бастай жөнеледі. Жолындағы бұтақ тарды қолымен ысырып, Есіркеген де ұмтылады. Неғұрлым ағаш қалыңдаған сайын, пысылдап тыныс алған дауыс екеуіне де анық естіліпті. Жақындап келсе, мүйіздері айқасып, үйелеп жатқан екі бұғы көрінеді.

Зере:

– Ей, адамзат! Біз ашумен сүзісеміз деп жүріп, мүйіздеріміз айқасып қалды. Екеуден-екеу айқас қан бетімізбен аштан өлеміз бе деп едік, сендер келіп қалдыңдар үстімізге. Әбден титықтап біттік. Құр жанымыз ғана қалды. Әйтеуір, амалдап ажыра тып жібер бізді, - дейді бұғылардың бірі күңіреніп. Есіркеген қарағайдың бір бұтағын кесіп алып, тазартып, таяқты екі мүйіздің ортасына салып, сонымен ырғаған кезде мүйіздер оңай-ақ ажырап кетіпті.

Амина:

– Рақмет саған, адамзат! Жақсылығыңды немен өтесек екен?! Біздің мүйізіміз біраз күннен кейін түсіп қалады. Ал адамзат баласы оған әуес келуші еді. Сондықтан таяқпен ұр да, қағып ала ғой.

Бексұлтан:

– Мүйіздеріңнің керегі жоқ. Көрші атам тамағынан ас-су жүрмей ауырып жатыр. Егер маған жақсы лық істегілерің келсе, соған шипа болатын шөпті көрсетіңдер,

Зере, Амина:

– Бізде «алтын тамыр» деген шөп бар. Ол кісіге қуат береді, жасартады.

Зерде:

Екі бұғы осыны айтып, таудың баурайын шарлап жүріп, үш түп «алтын тамыр» тауып береді. Сөйтіп Есіркеген ауылына келіп, Хасен қартқа арналып жасалған сорпаға «алтын тамырдан» аз-аздан қосып береді. Шайға да аю берген шөпті салып береді. Содан бастап қарттың беті бері қарап, біраз уақыттан кейін құлантаза айығып кетіпті. Қуаныштан ел-жұртын жиып, ұлан-асыр той жасапты. Жиналған көптің алдында ол Есіркегеннің қайырымдылығын аңыз етіп әңгімелеп берген екен.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
" Қайырымдылық " ертегісі

Автор: Отаралиева Бақытжан Еңсепқызы

Дата: 17.06.2023

Номер свидетельства: 633878

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) ""Шынашақ" ертегісі"
    ["seo_title"] => string(21) "shynashak_iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "464284"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522393355"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Жыл басына таласқан жануарлар (ертегі)"
    ["seo_title"] => string(38) "zhyl_basyna_talaskan_zhanuarlar_ertegi"
    ["file_id"] => string(6) "495820"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547725468"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) ""С?йікті ертегілерімізді? кейіпкерлері" "
    ["seo_title"] => string(44) "suiikti-iertieghilierimizdin-kieiipkierlieri"
    ["file_id"] => string(6) "200120"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428733186"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "открытый урок на тему ?. Т?жібаев «Тола?ай» ?деби ертегісі"
    ["seo_title"] => string(51) "otkrytyiuroknatiemutzhibaievtolagaidiebiiertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "293457"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455472329"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) ":   «Кер??ла  атты Кендебай » ертегісі"
    ["seo_title"] => string(38) "kierk-u-la-atty-kiendiebai-iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "312103"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459308330"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства