Тақырыбы: Қазақ тілін білесің бе? | Мектебі: Заводской орта мектебі |
Күні, айы: 19 қыркүйек | Мұғалімнің аты-жөні: Наргужинова А. Н. |
4-сынып | Сабаққа қатысқан оқушылар саны : | Қатыспаған: |
Оқу мақсаты: | Қазақ тілі пәні бойынша алған білімдерін тексеру; оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету |
Сабақтың түрі: | Викторина |
| Сабақтың барысы: |
| - Құрметті оқушылар сендер бізде қандай апталық болып жатқанын білесіңдер ме? - Дұрыс, қазір бізде «Тіл апталығы» өтіп жатыр Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының азаматтық парызы. Қазіргі қазақ тілі – дамыған тіл. Ал енді сіздердің алдарыңызға «Қазақ тілін білесің бе?» викторинасының қатысушыларын шақырамыз. Сайыс 5 аялдамадан тұрады: I аялдама - «Сәлем - сөздің басы» II аялдама - «Аудармашы» III аялдама - «Тапқыр болсаң – тауып көр» IV аялдама - «Сиқырлы сөз» V аялдама – « Кім жылдам?» |
І аялдама «Сәлем - сөздің басы» | Әр топ өзінің тобын, топ басшысын, топ мүшелерімен таныстырады. Бұл аялдамаға 5 мин уақыт беріледі. Бұл аялдамада тобын жақсы таныстырып шыққан топқа 2 жұлдызша таратылады. |
II аялдама – «Аудармаш ы» | Бұл аялдамада екі топқа бір өлең беріледі, өлеңдегі сөздерді аударып, мәнерлеп оқып беру. (Родина) деген атамекен, (Родина) деген туған (земля). (Родина) – (мать ). (Родина большая). Қазақстан – туған (страна). |
III аялдама - «Тапқыр болсаң – тауып көр» | Бұл аялдамада әр топқа10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 жұлдызша мен бағаланады. Бірінші топқа қойылатын сұрақтар: 1. Мектеп қай көшеде орналасқан? 2. Күз айларын атаңдар. 3. А дыбысына аталатын қазақстанның қалаларын атаңдар. 4. Туда не орналасқан? 5. Қазақстанда қандай теңіздері бар ? 6. Көктемде мерекелер болады? 7. Қандай азық – түліктерді білесің? 8. Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?,Оларды атаңдар. 9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? 10. Аптаның төртінші күні қалай аталады? Екінші топқа қойылатын сұрақтар: 1. Апта күндерін ата? 2. Жазда не болады? 3. Қ дыбысына аталатын Қазақстанның қалаларын ата? 4. Сен қайда , қай көшеде тұрасың? 5. Біздің мектеп қандай? 6. Қандай мерекелер бар? 7. Қазақстанның тауларын атаңдар 8. Қазақстан Республикасының Президенті кім? 9. Қыс айларын ата? 10. Ту қандай? |
IV аялдама - «Сиқырлы сөз» | Бұл аялдамада екі топқа бір сөзден беріледі. Әр топ өзінің сөзін сөйлемге дейін күрделі өрбітуі керек. Сөзі жақсы өрбітілген топқа 2 жұлдызша беріледі. I топ: Күз II топ: Жапырақ |
V аялдама - « Кім жылдам?» | Бұл аялдамада берілген әріптерден тез сөздер құру. Қай топ жылдам сөзді құрап шықса сол топқа жұлдызша таратылады. Құрылатын сөздер: М Ө С Л Й Е - СӨЙЛЕМ У Ғ А Л Ж А - ЖАЛҒАУ З С Ө - СӨЗ Л Т І - ТІЛ Қ А Б А С – САБАҚ |
Ойынды бекіту: Қорытынды: | - Ал, балалар бүгінгі «Қазақ тілін білесің бе?» викторинамыз аяғына жақындап келеді. Сайысымыз өте қызықты болды. Қазақ тілін жақсы біледі екенсіңдер. Алған ұпайларымызды санап, қай топ жеңімпазд болғанын анықтаймыз. Балалар біздің викторинамыз соңына жетті. Жеңген топты марапаттаттау. Сендерге айтарым: Қазақ тілді білу әр азаматтың парызы.Себебі ол мемлекеттік тіл! |