kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ош бол,с?йікті ?ліппем"!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?у?а, білімге деген с?йіспеншілігін арттырып, отанс?йгіштікке

т?рбиелеу.

О?ушыларды? ?ліппеден ал?ан біліміні? т?рбиелік мазм?нын ашу.

 

О?ушыларды? эстетикалы? тал?амын ?ластыра т?су.

К?рнекі ??ралдар: «?ош бол, с?йікті ?ліппе!», «Білім кілті - ?ліппе!», «О?ыса?ыз балалар, Шамнан шыра? жа?ылар» к?рнекі суреттер, шарлар, ?ріп белгілері.

?н: «Мектепке барамын»

(А?са?ал р?ліндегі бала немере-о?ушысын жетектеп шы?ады.)

Автор:

Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп.

Келе жатыр к?шеде,

«?айда ?лгі мектеп»-деп.

Жетпіс келед с?рініп,

Жеті келед ж?гіріп.

Ата:

Балам, балам, жа?сы бол,

Міне, сені? мектебі?.

Саба?ы?а зейін сал,

А?ылды бол, тентегім.

Немере:

?ырк?йекте келдім де

Сынып?а кірдім ?уанып,

?арсы алды ?стаз мейіріммен

?адамымды ??п алып.

- С?леметсіздер ме, ??рметті ?стаздар, ата-аналар.

Б?гінгі ш?кірттерді? ал?аш ?олдарына ал?ан о?улы?ы - ?ліппемен ?ош айтысар кезі келді. Білім ?леміні? беташары - ?ліппені табысты ая?тауымен ??тты?таймын.

1-ж?ргізуші:

Ассалаума?алейкум, уа, халайы?!

Армысыздар, аналар,

Бармысыздар, балалар,

С?зіме ??ла? салы?ыз,

Бір серпіліп ?алы?ыз.

?ліппеге арналма?,

Б?гінгі жыр,?німіз!

2- ж?ргізуші:

?тті о?у сан саба?,

Б?гін ?лкен салтанат.

О?улы?пен достаспа?,

?ліппемен ?оштаспа?.

?сті білім, ойымыз,

??тты болсын тойымыз!

 

?н: «?ліппе» (АНА, БАЛА, ОТАН шар?а жазыл?ан с?здерді жо?ары к?теру)

1-ж?ргізуші:

?ымбатты балалар!

Біз кітап пен журналдарды о?и алатын болды?. Б?л білімді бізге не ?йретті?

Бірге: ?ліппе досымыз!

2- ж?ргізуші:

И?, ендеше с?йікті ?ліппемізді орта?а ша?ырайы?. (?ліппе келеді)

-С?леметсіздер ме, балалар!

Бірге: ?ош келді?із, ?ліппе!

?ліппе:Армысы?дар, жас достар!

Армысы?дар, ата-ана!

Болаша??а жол ашар,

?ліппе келді орта?а.

Білім деген ?аламны?,

?ліппесін ме?герген.

Келешегі ?аза?ты?,

Басталады сендерден.

Жа?сы білім-к?рімдік,

Болсын сізге халайы?.

Не ?йрендік, не білдік,

?ане, орта?а салайы?!

1-о?ушы:

?ліппем, мені? ?ліппем,

Сені ?ол?а алып мен.

Есігін аштым мектепті?,

Ерте?гі с?уле жары?пен.

2-о?ушы:

Келгенде ал?аш мектепке,

Білмеуші едік ?ріп те,

О?имыз ?азір ертек те,

?йреткен оны ?ліппе.

3-о?ушы:

Енді біз жаза білеміз,

?ріпті ?осып ?ріпке

Риза боп са?ан ж?реміз,

С?йікті бізді?, ?ліппе!

?н: «Досты?»

1-ж?ргізуші:

Енді орта?а ?ріптерді ша?ырайы?.

1-о?ушы:

? ?рпінен ??рал?ан

Бас-ая?ы ?аза?ты?,

Жарыл?асын бір Аллам!

2-о?ушы:

Алатаудай айбарлы,

Астанам аты – Астана.

А?тауым – ару жас ?алам,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ош бол,с?йікті ?ліппем"! »

№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі

















Бастауыш сынып мұғалімдері: Ақмолдина Ғалия Қазтайқызы

Кояганова Бақыт Зиятайқызы
























Екібастұз қаласы













Өз тәжірибелерінен өткізіп,

жинақтап құрастырған:

Екібастұз қаласындағы №26 жалпы

орта білім беретін қазақ мектебінің

бастауыш сынып мұғалімдері:

Ақмолдина Ғалия Қазтайқызы

Кояганова Бақыт Зиятайқызы





























Ұстаздық тұлға


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер- бүгінгі мектеп оқушылары , мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» деген болатын.

Еңбек жолы жеңіл болмағанымен, бұл мамандық иесінің әр жеткен жетістіктен рахаттанып, әр оқушының ақ жарқын күлкісінен өзіне бақыт нұрын сезінуге мүмкіндігі мол.

Ұстаз! Мен үшін осы сөздің өзінде қаншама мән-мағына, күш құдіретті, қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі,-деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Өмірдегі қоғам қайраткері, небір данышпан адамдар, ғарышкерлер, қарапайым еңбеккерлер бәрі де ұстаздан білім нәрін алған. Өйткені мұғалім елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді.Ал жас өркеннің қалай болып өсуі ұстаздан алған тәлім-тәрбиесіне байланысты екендігі белгілі..

Нағыз мұғалім болу-үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын

тарыдай болып аттаған бүлдіршіндерім білім тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттерім білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық қуаныш бар ма?

Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында»деген екен.Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты деп ойлаймын.

Мұғалімнің тәрбие мен білім беру жолында атқарған адал еңбектері ғана жас азаматтардың өмір жолдарына шуақ шаша алып, дұрыс бағыт бере алады.


Ақмолдина Ғалия Қазтайқызы

бастауыш сынып мұғалімі













Ұстаз тұлғасы

Ұстаздық еткенің,

Білім дәнін еккенің.


Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана ауыр жүкті алып жүре алады.

Мектепте оқитын әрбір баланың терең білім алуына қалай жетуге болады? деген ой әрбір мұғалімді толғандырады.

Психологиялық зерттеулер бойынша, баланың білім алуындағы кемшіліктің себептерінің бірі- баланы жақсы көрудің жетіспеушілігі мен баланың өзін төмен бағалауы.

Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.

Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көруі керек.Мұғалім үлгілі, арман болуға жараса, оның өнегесіне балалар да ықыласпен еліктейді, бағынады.

Мұғалім- психологиялық танымдық процестерді қалыптастырудағы негізгі тұлға. Әрбір баланың психологиясын білу көп ойлануды, көп ізденуді қажет етеді.

Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болу үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да, қабілетті ұландарымыз. Халқымыз « Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» - деп бекер айтпаған.

Ал, қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі - әр ұстаздан талап етіледі.

Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім деңгейі мен іздену шеберлігіне байланысты. Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды меңгере отырып, оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын шығармашыл маман болуы тиіс

Мұғалімдік еңбектің психологиясы күрделі және жауапты екенін айта келіп, жазушы – педагог М. Әуезов шын мұғалімге тән мынадай қабілет-қасиеттерді атап көрсетеді: эрудиция қабілеті, әр жастағы баланың даму ерекшеліктеріне сай келетін тәрбиенің тиімді әдісін таба білу, баламен тіл табыса білу шеберлігі, ақыл- парасатының мол болуы, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдістерін тәжірибеге батыл енгізу, оқушының сеніміне бөленуі, ұйымдастырушылық қабілетті қалыптастыру.

« Осындай қабілетті, қасиеттерді, іскерліктерді өз бойына жинаған мұғалім ғана – нағыз ұстаз бола алады »– деп ойлаймын.



Кояганова Бақыт Зиятайқызы

бастауыш сынып мұғалімі

Қазіргі заманғы бірінші сынып оқушысы қандай болу керек?


Бүгінгі еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Білім бастауы –бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Әсіресе, баланың

эстетикалық-көркемдік талғамын ұштап, ұлттық тәрбие береміз. Тіл ана сүтімен бала бойына дарып, мектеп атты ұяда жетіледі.Онысыз бала мәңгүрт болып өсіп, елін-жерін сүймейді. Сусыз құрғақ жерге, таса көлеңкелі жерге дән тастағанмен өнбейтіні сияқты, жас баланы біліммен сусындатып, бағып-күтпесек,көкірегін ашып, тәрбие бермесек,өспейді, өнбейді.

Мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру,оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой,адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп,түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ана үлесіне тиеді. Ата-аналар баланы мектепке даярлау барысында оның танымдық процестерінің қалыптасуына көп көңіл бөліп, жеке адамдық қалыптасуына назар аудара қоймайды. Бұл баланың келесі даму кезеңі, яғни,бастауыш мектеп жасындағы қалыптасатын психологиялық ерекшеліктеріне әсер етеді. Осындай ғылыми тұжырымдар бойынша баланың мектепке дайындығы-баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяқталуы психологиялық дамуын тоқтатпайды, оның бастамасы мектеп жасындағы кезеңде өз жалғасын табады. Адамның дұрыс қалыптасуы осы мектеп жасына дейінгі кезде психологиялық, интелектуалдық дамуына байланысты болады. Сондықтан баланың мектеп жасына дейінгі дамуына балабақша тәрбиешілері мен мұғалімдер және ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қарау керек.

1 сынып оқушыларының қандай болуы біздің қоғам мен Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына байланысты.Бүгінгі мектептің мақсаты тек қана білім мен білік дағдыларын меңгерту ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі дамытуға ұмтылатын ақылды да алғыр, ой-өрісі ақпарат көздерін өз бетімен қорытып қолдануға қабілетті, мемлекеттік тіл мен мемлекеттік рәміздердін құрметтейтін,салт-дәстүрді дәріптейтін, өз елінің тарихын қадір тұтатын, елін,жерін сүйетін, Отанын қорғауға оның тағдырының жарқын болуы үшін үлес қосатын отаншыл оқушыларды тәрбиелеу болып табылады.

Қорыта айтқанда, қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып,өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет деп ойлаймын. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі,дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.



Ақмолдина Ғалия Қазтайқызы

бастауыш сынып мұғалімі







Қазіргі заманғы бірінші сынып оқушысы қандай болу керек?

ХҮ ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Лекки «Баланың ақылы да, жаны да туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да жазушының өз еркінде. Сол сықылды балаға қандай тәрбие беру тәрбиешіден. Бала қалай тәрбиеленсе, соған көне береді» - деген болатын.

Сондықтан да ақ қағаз бетін қайта өшіре алмайтындай шимай-шатпақ түспесін десек нәресте шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап оның тәрбиесіне аса ыждағаттылықпен кіріскеніміз жөн.

Қай заманда болсын әр халық өзінің ұрпағын жан-жақты жетілген, адамгершілік жағынан жағымды, мінез-өнегелері қалыптасқан, еңбекшіл, үлкенді құрметтейтін азамат болып өссін деп армандаған. Қазақ халқында келешек жас ұрпақты тәрбиелеу, өмірге дайындау, сол халықтың арман-мүддесінен, тәрбие дәстүрімен байланысты туып, өсіп-өркендеп, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған.

Демек, бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.

Бүгінгі күннің басты талабы жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беру жолдарында оқушылардың ұлттық рухани білім алып шығуы. Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйрету керек.

Өйткені қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет.

Жаңа орта талаптарына бірінші сынып оқушыларының мінез-құлқының сәйкес келу жетістіктері икемделудің нәтижелігінде көрінеді. Бірінші сынып оқушылары мектептің тәртіп нормаларын меңгеруге лайықты. Оқушылардың көпшілігі тұлға типінің тұрақтылығымен, көпшілігімен, адалдығымен, эмоционалдық бір қалыптылығымен және өзін бақылау дәрежесінің жоғарылығымен сипатталады.

Бірінші сынып оқушыларында оқуға деген ынта қалыптастыру, оларға белгілі бір табысқа қол жеткізетіндей жағдай жасау керек.

Отбасында және балабақшада берілетін тәлім-тәрбиеге қосымша қазақ баласы алғаш мектеп табалдырығын аттап, партаға отырған сәттен бастап, ұлттық құндылықтар тамырынан нәр ала отырып білім алуы қажет. Ендігі мәселе - оларға сапалы да жан-жақты білім беру.

«Ең ұзақ жол алғашқы адымнан басталады» деген қағидаға сүйенсек, ең мықты білім алғашқа сабақтан басталады деуге болады. Бірінші сыныпта жақсы оқыған бала одан кейінгі сыныптарда да білімге құштар болып өседі.Сондықтан да бірінші сынып пен алғашқы өткізілетін сабақтың маңызы өте зор деп білемін.

Өйткені алғашқы айтылған сөздер, алғашқы көрген дүниелер, жалпы алғашқы әсерлер баланың санасына түбегейлі жатталып қалады.

Бүгінгі таңда тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндеріміз Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.

Қояғанова Бақыт Зиятайқызы

бастауыш сынып мұғалімі

№ 26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі

Өткізілген тәрбие сағаттары


Адам бойындағы ең тамаша қасиет- тәрбие мен білім.

Ж. Баласағұни.


Тақырыбы: «Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа»

1 «А»сынып мұғалімі: Ғ.Қ. Ақмолдина Ғ Қ

Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту.Мектеп оқушыларын ана тілін сүйетін, қадірлейтін өз мәдениетін көтеруші және оның мұрагері болатын, рухани дәрежесі биік, Егеменді Қазақстанның жер бетін көрсететін жеткіншек тәрбиелеу, яғни«ойнай берсең,бала боласың, ойлай берсең, дана боласың»ұғымын ұғындыру.

Көрнекілік:Шарлар,жалаушалар,қанатты сөздер,оқушылардың дәптерлері, салған суреттері, еңбек сабағында жасалған бұйымдары,ең таза ұстаған «Әліппе», «Математика»оқулықтары.

Мұғалім:

Армысыздар, құрметті қонақтар!

Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі -әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отыра ертеңгілігімізді бастаймыз.

1-жүргізуші: Қайырлы күн,уа, халайық!

2—жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп ,инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, әнде бүгін шырқарар.

1-жүргізуші :

Қош келіпсіз,ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр толар

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар!

2-жүргізуші:

Армысыздар, аталар мен апалар!

Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың.


Бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық

Хормен: Әліппе (3рет)

Әліппе:

Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата-ана

Бүлдіршіндер, балғындар.

Менің атым-Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен ,

Ағаң менен әпкеңде.


Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені, біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.


Біз енді өзіміз-ақ кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді бөгетсіз оқи аламыз.


Ең алғаш алғанымда «Әліппені»

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.


Көлге ойнаған бұлақтың

Қайнар көзін көріп пе?

Том-том қалың кітаптың

Басы болар «Әліппең»


Әліппем, менің Әліппем

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.


Қош бол, құтты «Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.


Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.


Оқулықпен достассақ,

Әліппемен қоштаспақ.

Өсті білім, бойымыз,

Құтты болсын тойымыз.


Әліппем, менің әліппем,

Өмірді келем танып мен,

Қайталап айтам мың рет,

Өзіңе көп рақмет


Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.


Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің, қасиетті Әліппем.

Сенің арқаң оқи жаза білгенім,

Сауатты адам санатына енгенім.


Әліппе -Қане,бері қарайық,

Зейін қойып тыңдайық

Әріптермен танысу

Тақпақтарын бастайық


Әліпбидің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында,

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде? Түсінші

«А» деген ол-аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты.

«Б» деген ол-балалар ғой көңілді,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

«Ө» дыбысын өткенде бабалардың өнегелі өсиет сөздерімен таныстық.


Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала

Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

Ашу- дұшпан, ақыл-дос,

Ақылыңа ақыл қос


«Е» дыбысын өткенде ертегілер еліне саяхат жасадық.

(«Сауысқан мен қарға» ертегісінен көрініс)

«Қ» дыбысын өткенде «Қошақаным» әнін үйрендік.

«Қ» қартқа қол бер, жасқа жол бер.

«М» мектеп берген біліммен, марқаясың жас ұлан.

«Н» наурыз айы келгенде, наурыз тойын тойлаймыз.

«С» сыйламаған жолдасын, сыйлай алмас өз басын.

«Т» дегенім жеңімпаз, туымыз ғой қолдағы.


Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды.



Буын онысыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Ардақтайды қолдайды.


Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берер қасыңнан,

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың болар табылатын қасыңнан.

Өмірдегі заттарды,

Есептейтін бәрін мен.

4 амалды қолданған,

Математика пәнімін.


1. Мені келсең білгің,

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап,

Ең басында тұрмын

2. Бірден кейін тұрамын,

Бірден кейін тұрағым,

Бірді бірге қосқанда,

Мен шығамын шырағым.

3. Екіден соң әрқашан,

Үш саны мен тұрамын.

4. Үш сызықтан таяғым,

Оқушылар қояды.

4 дегенім баяғы

4 түліктің аяғы.



5. 4-тен кейін 5-ті

Білу оңай десті.

Санашы бір қолыңның саусағын,

Оңай табасың бесті.

6. Мен өзімді қатарға

5-тен кейін қоямын

Бір орнымды ұстаймын.

Орныма барамын,

Екі айшық саламын.

7. Қара мына қызықты

Көсеуді кім ұмытты

7 болам бір тартсаң,

Бел ортамнан сызықты

8. Менің атым сегіз,

Жетіден соңғы деңіз

Жазылғанда қос дөңгелек

Мен боламын-8

9. 8-ден кейін 9

6-ны төбесінен тұрғыз,

Сонда болам мен-9.

10.Әліппеде о-ға ұқсаймын.

Санда 0-ге ұқсаймын

Жеке тұрсам мәнім жоқ,

Басым бірден басталып,

Нольмен бітер аяғым

Оқымап ем, «бір» алдым,

Кейіп қалды мұғалім.

Әкеп едім «екілік »

Анам шықты жекіріп.


Үш алғанда байқадым,

Әкем басын шайқады.

«Бес» деп едім бүгін кеп,

Қалды бәрі күлімдеп.


Қәне, балалар, енді қонақтарға, ата-аналарға кітапты қалай оқитынымызды көрсетейік.

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз


Әліппе

Кәрі –жасқа ой сала.

Үйрететін ой сана .

Ана тілін сүйіңдер

Осыған бас иіңдер.

Риза болып аттанам.

Рақмет айтып шаттанам

Оқумен өсіп толыңдар

Аман-есен болыңдар!

Айналайын балғындар,

Меннен білім алдыңдар

Озат достар оқыды,

Ойға білім тоқыды

Ана тілі

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Ана тілің арың бұл

Ұяттың боп тұр бетте .

Ата-бабамыз ежелден 3 нәрсені бой тұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол –ел, жер және тіл. Ана тілі-әр халықтың төл белгісі.

Адам білімді, тәлім-тәрбиені –тіл арқылы үйренеді.Ана тілі деп атаудың себебі – анасындай қастерлесін дегені. Өз анасын сыйлайтын әр адам өз тілін де құрмет тұтып жүреді.

Аяулы жыр-әніміз

Аялайтын бәріміз.

Алу үшін сана-білім

Ардақтаймыз ана тілін.


Бата

Әліппенің бетін жарық ет,

Ұл-қызды түгел білімді етІ

Келесі оқу жылына,

Аман-есен түгел жет!

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз,

Өнер-білім көп оқып.

Өсе берсін санамыз!

Әумин!

(Қолдан жасалған бестік беріледі)


Бүгінгі кеш әр үйдің « Той басы» деп саналар.

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар

(Қонақтарға сөз беріледі)


Орында жол тәртібін


1 «А»сынып мұғалімі: Ғ.Қ. Ақмолдина Ғ Қ

Мақсаты:

-Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу,көше қатынас ережелерін меңгеру.

- Сұрақтар қою,жұмбақ,өлең айту, ойын арқылы ойларын дамыту.

-Жолда жүру ережесін білуге,есте сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап.

Көрнекілік:Тоқта!Сақтан!Жол ашық! Газет, бағдаршам макеті,транспорт модельдері,жол белгілері.

Жүру барысы:

І Қызығушылығын ояту.

Көзін ашып жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады.

(бағдаршам)

1-оқушы:Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар

сабаққа,дәрігерге,басқа да баратын жерлерге дер кезінде жетпеуі мүмкін.

2-оқушы:Көшенің екінші бетіне өту үшін,арнайы өткелден өту керек.Ал,қалалық жерлерде аспалы көпірлерден,жер асты жолымен өтеді.

3-оқушы:Көшеде келе жатып,қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең,сақтанып,күте тұр.Көшеде


тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт,машина есігін ашып қалуы мүмкін.

4-оқушы:Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл.Өткел тар болса,кездескен үлкен кісіге жол бер.

ІІ Мағынасын ашу.

Мұғалім:Жиекжол деген не?

Оқушылар:(бірге)Ол адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

Мұғалім:Жаяуға қай жолмен жүруге болмайды?

Оқушылар:(бірге)Машиналар жүретін үлкен көшемен жүруге болмайды.

5-оқушы: Жиекжол бар ғой,

Жандар үшін жаяу.

Өт бірақ,тар ғой,

Шықпа жолға таяу.

Мұғалім:Көшеде жүру тәртібін не басқарады?

Оқушылар:(бірге)Бағдаршам.

6-оқушы: Бағдаршам аты

Көп көзді батыр.

Тоқ болғанмен заты,

Өзінде көп ақыл.

7-оқушы: Бағдаршам - өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз,оның сырын біліп,тілін алу баршамызға керек.

8-оқушы: Көреген дәу құйрығы,

Көшемізде тұрады.

Бағынамыз әрдайым

Ашса кезек үш көзін –

Тоқта!Сақтан!Жол ашық!

Мұғалім:(Бағдаршамның қызыл көзін көрсетеді)

9-оқушы: Қызыл көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта.

Қатып қалған жанша,

Қыбыр етпе тоқта!

Мұғалім:(Бағдаршамның сары көзін көрсетеді)

10-оқушы: Сары көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта .

Қатып қалған жанша,

Қыбыр етпе тоқта!

Мұғалім:(Бағдаршамның жасыл көзін көрсетеді)

11-оқушы: Жанса көзі жасыл,

Жолың айдай ашық.

Жүре бергін батыл,

Керегі жоқ сасып.

12-оқушы: Сөйлегенді білмей.

Бірақ,“тоқта”,”жүр”дейді.

13-оқушы: Менің үш көзім бар:

Бір көзім “кідір”-дейді,

Бір көзім “абайла”-дейді.

“Қарап ал маңайға”-дейді

14-оқушы: Әйгілеп үш көзді,

Бір дәу тұр үшкөзді.

Оған жас-кәріміз.

Бағындық бәріміз.

15-оқушы: Айтқан сөзді құптап,

Тек абайлап атта.


Ережені мықтап,

Есіңе ылғи сақта.

16-оқушы: Бағдаршам жоқта,

Асықпағын текк.

Ондай жерде тоқта,

Жолды қиып өтпе.

17-оқушы: Жаяу үшін белгі

Қойылады арнай.

Тауып сондай жерді,

Өткін еппен аңдай.

18-оқушы: Көлік жүрер жолда,

Ойнау тіптен шатақ.

Әйтеуір бір онда,

Кезігеді апат.

Мұғалім: Балалар,биылғы жылы бірнеше баланың кездейсоқ қазаға ұшырағанын білесіңдер.Неліктен олай болған себебі – оқушы көшеде жүру ережесін білмеген.

19-оқушы: Асығыпты көшеде,

Жел болып ол ұшыпты.

Машинаның астына,

Абайсызда түсіпті.

Өше қалғанотындай,

Жатыр бала сәл жанып.

Шофер да тұр дәл-сал боп,

Жүзін қара тер жауып.

20-оқушы: Әкесі кеп еңкілдеп,

Бала үстіне құлады.

Екі иығы селкілдеп,

Өксіп-өксіп жылады.

Жыламасын аналар,

Жас ұландар өсе бер.

Сақ болыңдар,балалар,

Сақ жүріңдер көшеде!

Мұғалім:Велосипедпен көшеде жүруге бола ма?

Оқушылар:(бірге)Тек 14 жастан кейін ғана көшеде жүруіне рұқсат етіледі.

Оқушы: Бес жас емес,

Болсаң-дағы кетпе.

Жолға шығып дәндеп,

Велосипед теппе.

Оқушы:

Қозғамасаң – құлайды,

Сүйемесең – сұлайды.

Құймышақта ері бар,

Бұл не деген жануар?

Оқушылар:(бірге)Ве-ло-си-пед.

21-оқушы:Автобусқа мінерде аялдама күт.Тәртіп сақтай біл.Басқаға кедергі жасама.

22-оқушы:Есігінен артқы,

Көлікке сен мінгін.

Дәл осы бір салтты,

Құлағыңа ілгін.

23-оқушы:Кезекте сен әлгі,

Артқы есіктен кіргін.

Енді есіктен ылғи,

Түсеріңді білгін:

ІІІ Ой толғаныс.


Мұғалім:Трамвай,автобус,машина артына жабысуға бола ма?

Оқушылар:Транспорттың артына жабысуға болмайды.Құлап апатқа ұшырауы мүмкін.

24-оқушы:Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол тоқтағанша не өтіп кеткенше тоса тұр.

25-оқушы:Аялдамада тұрған автомобиль,автобус,троллейбустың,машинаның арт жағынан айналып өт.Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

26-оқушы:Көшеде өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде,оң жағыңа көз сал.Егер машина келе жатса,өтіп кеткенше сол орнында күте тұр.

«Бағдаршам» ойыны

1. Бағдаршамның қызыл түсін көрсету Оқушылар орындарынан тұрады

Тоқта!

Бағдаршамның сары түсі түсін көрсету Оқушылар екі жаққа кезек –кезек

қарап дайындалады

Дайындал!

Жасыл түс Аяқтарын топ-топ басады.

2. Бағдаршамның қызыл түсін көрсету Оқушылар бір орында қозғалмай

тұрып қалады.

Бағдаршамның сары түсі түсін көрсету Ду қол шапалақтау.


Жасыл түс Алға жылжу

Қош бол, сүйікті Әліппем!

1 «Ә» сынып мұғалімі: Кояганова Б З


Мақсаты: Оқуға, білімге деген сүйіспеншілігін арттырып, отансүйгіштікке

тәрбиелеу.

Оқушылардың әліппеден алған білімінің тәрбиелік мазмұнын ашу.

Оқушылардың эстетикалық талғамын ұластыра түсу.

Көрнекі құралдар: «Қош бол, сүйікті Әліппе!», «Білім кілті - Әліппе!», «Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылар» көрнекі суреттер, шарлар, әріп белгілері.

ән: «Мектепке барамын»

(Ақсақал рөліндегі бала немере-оқушысын жетектеп шығады.)

Автор:

Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп.

Келе жатыр көшеде,

«Қайда әлгі мектеп»-деп.

Жетпіс келед сүрініп,

Жеті келед жүгіріп.

Ата:

Балам, балам, жақсы бол,

Міне, сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол, тентегім.

Немере:

Қыркүйекте келдім де

Сыныпқа кірдім қуанып,

Қарсы алды ұстаз мейіріммен

Қадамымды құп алып.

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, ата-аналар.

Бүгінгі шәкірттердің алғаш қолдарына алған оқулығы - әліппемен қош айтысар кезі келді. Білім әлемінің беташары - Әліппені табысты аяқтауымен құттықтаймын.

1-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, уа, халайық!

Армысыздар, аналар,

Бармысыздар, балалар,

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр,әніміз!

2- жүргізуші:

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ.

Өсті білім, ойымыз,

Құтты болсын тойымыз!


ән: «Әліппе» (АНА, БАЛА, ОТАН шарға жазылған сөздерді жоғары көтеру)

1-жүргізуші:

Қымбатты балалар!

Біз кітап пен журналдарды оқи алатын болдық. Бұл білімді бізге не үйретті?

Бірге: Әліппе досымыз!

2- жүргізуші:

Иә, ендеше сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық. (Әліппе келеді)

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Бірге: Қош келдіңіз, Әліппе!

Әліппе:Армысыңдар, жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол ашар,

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғаламның,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Жақсы білім-көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйрендік, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

1-оқушы:

Әліппем, менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

2-оқушы:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те,

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреткен оны Әліппе.

3-оқушы:

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің, Әліппе!

ән: «Достық»

1-жүргізуші:

Енді ортаға әріптерді шақырайық.

1-оқушы:

Қ әрпінен құралған

Бас-аяғы қазақтың,

Жарылқасын бір Аллам!

2-оқушы:

Алатаудай айбарлы,

Астанам аты – Астана.

Ақтауым – ару жас қалам,

Жасай берсін Азат күн!

Мына менен басталған.

3-оқушы:

Зергерлікті кім білер,

Балқытады күмісті.

Сақинаны, сырғаны,

Күміс сымнан тартады.

4-оқушы:

Ата-ананың тілегі –

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі-

Адал болып өскенің.

5-оқушы:

Қиындықтан қорықпа,

Қаймығып еш торықпа.

6-оқушы:

Сара сауды сиырды,

Сексеуілді сындырды.

Сазан балық қырда,

Сан шаруаны тындырды.

7-оқушы:

Таңнан тұрып тай мініп,

Тауда тазы жүгірттім.

Таңқурай жеп, сай қуып,

Таңдайымды жібіттім.

8-оқушы:

Астана –астанам,

Астана – бас қалам.

Ардақтап атыңды,

Аузымнан тастаман.

9-оқушы:

Наркөз бота үнемі,

Нарға ілесіп жүреді.

Нағыз еңбек кепілі,

Нан – тіршілік тірегі.

10-оқушы:

Ас біткеннің анасы,

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталып,

Аяқталған қарашы.

11-оқушы:

Мысықта бар,

Күшікте жоқ.

Қасықта бар,

Есікте жоқ.

12-оқушы:

Сөз басында келмейді,

Елдің бәрі «ң» дейді.

Дауысты дыбыс соңынан,

Тұрғанды теріс көрмейді.

13-оқушы:

Бірқазан мен Бөдене,

Байқамады дәнеңе

Бүркіт аңдып екеуін

Бастамақ бір пәлені.

14-оқушы:

Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады.

Мына менен басталған

Екеуінің аттары.

15-оқушы:

Лайым ұлы іс болсын,

Лайықты шәкірт болсын.

Лұқпан, Хакімдей боп,

Лайым қыдыр қонсын.

16-оқушы:

Асыл сөзді іздесең

Абайды оқы, ерінбе,

Адамдықты көздесең,

Жад тоқып ал көңілге.

17-оқушы:

Шілде күні керемет

Шабындыққа келе кет.

Шалғышылар-ағалар

Шөмеледе балалар.

18-оқушы:

Азаматпын жатпаймын

Алма ағашты баптаймын.

Астанада тұратын

Ағама алма сақтаймын.

19-оқушы:

Ғимарат көп қаламда,

Ғаламат көп ғаламдақушы:

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба, Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші.

2-оқушы:

А- деген ол аналар ғой ардақты,

Ә - деген ол әкелер ғой салмақты.

Б – деген ол балалар ғой әдемі

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.

2-жүргізуші:

Балалар, айтыңдаршы, қазақ балаларына алғаш әліппені жазған кім?

Бірге: Ыбырай Алтынсарин.

1-жүргізуші:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты болып шықты, міне балаңыз.

Әліппе:

Ризамын балалар,

Меңгердің, болмадың босқа тер.

Ана тілі атты әпкем бар

Сендерді жетелеп әкетер.

Ортаға ана тілі келеді.

Ана тілі:

Сәлеметсіздер ме, балалар?

Бірге:

Қош келдіңіз, Ана тілі.

Ана тілі:

Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің ана тіліңмін.

Байыптап жақсы оқысаң,

Негізі менде білімнің.

Ана тілің – құралың,

Ана тілің – ұраның

Ана тілің болмаса,

Мықты болмас тұрағың.

3-оқушы:

Ақыл-ойын даланың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

4-оқушы:

-Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Әліппе:

Оқуда зейінді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар.

Кір шалмасын қабақты,

Ақ жол болсын балалар.

Оқығандарың есте болсын

Күнделіктерің беске толсын.

-Ал балалар сау болыңдар!

-Қош болыңыз (Бәрі бірге)

ән: «Үйретеді мектептерде»

2-жүргізуші:

Балалар, сендер аз ғана уақыттың ішінде көп нәрсені – оқуды, жазуды, есептеуді меңгердіңдер. Осының бәрін кім үйретті?

Бірге: Мектеп, әліппе, ұстаз, ата-ана.

4-оқушы:

Әліппе, даңғыл жол ашты,

Жаңа пәнмен жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған

Рақмет, ұстаз алғашқы.

-Балалар оқу жазумен қатар әдептілікті де үйренді.

Көрініс: «Жақсыны үйрен, жаманнан жирен».

6-оқушы:

Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.

ән: «Қош бол, құтты Әліппем!»

1-жүргізуші:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана, қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз

Ғылым қуып жалықпай

Ғалым болам қалайда.

20-оқушы:

Ырыс алды –ынтымақ,

Ырысты болсын еліміз.

Ықыласы зор іске

Бала болып өсеміз.

21-оқушы:

Мақтанышым ұдайы

Маңғыстаудың мұнайы

Маңғаз біздің ағалар

Сөз арасын саралар.

22-оқушы:

Ырысты ұрыс қашырар,

Ынтымақ – халықты асырар

23-оқушы:

Заузадан көре аласың

Заңғардан таба аласың.

Байқамасаң анықтап

Үш екен деп қаласың.

Әріп таңбаларынан қалпақ киген оқушылар тізіліп тұрады.

1-жүргізуші:

Балалар, мына әріптерде бір сыр бар тәрізді, қане кім байқады?

-Қазақстанның болашағымыз

Ән: «Отан»

1-о

Тақырыбы: Сөз анасы – сәлем.


1 «Ә» сынып мұғалімі: Кояганова Б З


Мақсаты:

1) Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру.

2) Халықтың салт-дәстүрімен таныстырып, өз халқының дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдет-ғұрпын үйрене отырып, бойларына сіңіру.

3) Оқушыларды қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбие беру.

Көрнекілік: нақыл сөз жазылған плакаттар «Сәлем - әдептіліктің белгісі»,

«Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы»


Жоспары:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Ой қозғау

  1. Көрініс арқылы тәрбие сағатының тақырыбын ашу.

(екі оқушының телефонмен сөйлесуі)

ІІІ Мағынасын ажырату

  1. Топқа бөліну. Топпен жұмыс

-Сәлемдесудің қандай түрлері бар?

ІҮ Ой толғаныс

  1. Мақал-мәтел айтысы

  2. Көріністер

(Ата мен жігіттің, әже мен қыздың амандасуы )

Ү Қорытынды

Сәлем сөзін топтастыру. Гүл шығару.


Сабақтың барысы:

-Балалар, сабақта болмаған Әселдің телефон арқылы әңгімесін тыңдап көрейік.

(екі оқушы телефонмен сөйлесіп, көрініс көрсетеді)

Телефонды Самалдың анасы алады.

Әсел: - Самал үйде ме? Телефонға шақырып жіберіңізші.

Телефонды анасы Самалға береді.

Әсел: -Әй, Самал, математика пәнінен қандай тапсырма берді?

Самал: -Сәлем, Әсел! Халың қалай? Кешір мен де кеше сабаққа бара алмадым.

Әсел: - Жарайды, онда - деп телефон трубкасын қояды.


-Әсел қандай кемшілік жіберді? Осы екі баланың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?

-Әсел амандасуды, сәлемдесуді ұмытты.

-Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болмақ?

Тақырыпты оқушылар өздері шығарады.

-Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Сөз анасы – сәлем» деп аталады.

Топқа бөліну

І топ – инабатты

ІІ топ – ізетті

ІІІ топ – кішіпейіл

Бір-біріне жақсы сөз, тілек айту.

- Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер? (топпен жұмыс)

І топ: Сәлем - әдептіліктің белгісі

Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар. Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсету. Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде бір-бірімен ақжарқын амандасуы тиіс.

ІІ топ: - Амандасу адамгаршіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады. Ол «Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.

ІІІ топ: Сәлемдесу түрлері:

-Сәлеметсіз бе?

-Сәлеметте болыңыз!

-Аман-саусыз ба?

-Аман-есенсіз бе?

-Бала-шағаңыз, мал-жаныңыз аман ба?

-Үй-ішіңіз аман ба, дені-қарныңыз сау ма?

Әсіресе араб тілінен енген:

-Ассалаумалейкум! яғни - Сізге амандық тілеймін!

-Уа алайкум салам! яғни - Сізге де амандық тілеймін!

Ойын: Ішкі ритм.

«Сәлеметсіз бе, Ескендір» деген сөзді бірнеше көңіл-күйде айту. Мысалы: жек көре, қуана, бірқалыпты, таңқала...

-«Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті» -деген мақал бар. Ал оған керсінше «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем берер» - деген аталы сөз бар.

-Осы аталы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш рет ат басын тіреген адамға жасының үлкендігіне қарамай жасы үлкен адамдар өздері келіп сәлем береді.

-Осы аталы сөзге байланысты мақал-мәтел айтысын тыңдайық:

- Ассалаумагалейкум «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» -демекші, қалыңыз қалай?

- «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» - деуші еді. - Келіңіз, төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз.

- «Қонағын сыйласа, төрге шық дер» дегендей, төрге шығайын.

- «Жат асына қарайды, дос басына қарайды» - деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз.

- Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын»

- «Досыңның тамағын қасыңдай іш» - демекші, ала отырыңыз.

- Ой, рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» - демекші, алла риза болсын»

- «Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ» - қой қайтайын.

-«Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» демекші жолыңыз болсын.

- «Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін қария ерке» деуші еді аталарымыз. Сөзімді көңіліңізге ауыр ала көрмеңіз.

- «Кәрі – кәрінің сөзі дәрі» - дегендей о, не дегеніңіз?

-«Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын» - дегендей, келіп тұрыңыз.

-Осы мақал-мәтел айтысынан қандай қорытынды шығаруға болады?

1-оқушы: - Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен кішіге байлансты емес.

2-оқушы: Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені-жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпеу – ата дәстүріміз.

3-оқушы: Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қанша мейірім, қамқорлық, әдемі жарастық жатыр.

-Ал, енді ата мен жігіттің, әже мен қыз баланың сәлемдесу түрін көріп, салыстырайық. (екі бала шығып, қарт пен жігіттің сәлемдесуін көрсетеді)

Жігіт: Ассалаумағалейкум, ата!

Ата: Уғәлейкумассалам, балам!

Жігіт: Дені-қарныңыз сау ма, аман-есенсіз бе?

Ата: Құдайға шүкір, балам, жүріп жатырмыз.

Жігіт: Бала-шағаңыз есен-сау ма?

Ата: Тегіс аман-есен өсіп-өніп жатыр.

Жігіт: Өзіңіз күйлі қуаттысыз ба?

Ата: Балалардың қамқорлығында жағдайым жақсы.

- Енді екінші көрініс. Әже мен қыз бала болып екі оқушы.

(Әже мен қыз баланың сәлемдесуі)

  • Армысыз әже?

  • Бар бол, балам!

  • Үй-іші, бала-шағаңыз аман ба?

  • Тәңірге тәубә,барлығы күйлі-қуатты, аман-есен.

  • Ылайым жақсы болсын.

  • Өзіңе де Алланың нұры жаусын, балам!

-Осы екі көріністі салыстырып, айырмашылығын, ұқсастығын айтыңдар.

1-оқушы: - Кездескен кезде жасы кіші адам жасы үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болады.

2-оқушы: - Сәлем беру – амандықтың, инабаттылықтың, көргендіктің, мәдениеттіліктің белгісі.

3-оқушы: - Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға ат үсті келе жатқан адам түсіп, айырықша құрметпен сәлем беретін болған.

4-оқушы: - Соңғы қалыптасқан дәстүр бойынша сәлемдесуші, не сәлем беруші қол алысады, ұзақ уақыт көріспегенде қауышып, құшақтасып амандасады.

5-оқушы: - Сәлемдескенде, сәлем бергенде әркім дауыстың дабырлауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып қоңыр дауыспен, сыйласымдылық үнмен, аптықпай, салмақпен, әдеппен сөйлесу керек.

Қорытынды: - Балалар, бүгінгі өтілген тәрбие сағаты бойынша өздеріңе қандай ой түйдіңдер? (топтастыру)

№ 26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі


Дүниетану 1 «а» сынып

Тақырыбы: « Қыстап қалатын құстар»

Мұғалімі: Ақмолдина Ғ.Қ.

Сабақтың тақырыбы: Қыстап қалатын құстар

Сабақтың мақсаты:

1.Тәрбиелік: Табиғатты қорғай білуге, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

2. Білімділік: Оқушыларға құстардың қысқы тіршілігі жайында білім беру, оқу дағдысын жетілдіру, оларды саналы, түсініп, дұрыс оқуға машықтандыру, мәтінмен жұмыс істей білуге үйрету.

3. Дамытушылық: Дамыта оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, ойын, сөздік қорын, тілін дамыту, өз ойларын тұжырымдауға, дәлелдеуге, түйіндей білуге жетелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнектілігі: заттық суреттер, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

Психологиялық көңіл-күй.

І. Білім дағдысын қалыптастыру. Оқу жылдамдығы

1 мин.

ІІ. Жаңа сабақа икемдеу.

1.Қызығушылығын ояту

(Бүгін біздің сабаққа қонаққа құстар сауысқан мен қарға келді.)


Жылы жаққа ұшпайтын,

Бізбен бірге қыстайтын.

Құс жанына жуықта,

Жем шашуды ұмытпа!

(Екеуі кезектесіп оқиды)

2. Мағынасын ашу

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мұғалімнің сөзі:

Балалар бұл өлең арқылы құстар бізге не айтқысы келіп тұр?

  • оларға ұя жасауды

  • жем шашуды

  • қамқоршы болуды

  • қайырымдылық жасауды

Ұмытпаңдар! дейді.

Сонымен біздің тақырыбымыз не туралы?

  • Құстар

Қандай құстар туралы деп ойлайсыңдар?

  • Қыстап қалатын құстар

Мына суреттегі құстардың қайсысы сендерге таныс. (аттарын атау)

Сонымен біз қандай құстарды білеміз?



Еніді осы құстарды топтастырайық

жыл құстары

қыстап қалатын құстар


көкек

қарлығаш

аққу

кептер, үкі, сауысқан,

тоқылдақ,қыран, көкшымшық, қарға қайшытұмсық

Қыстап қалатын құстар қандай құстар?

  • Шыдамды құстар.

  • Қысқа төзімді құстар.

  • Тоңбайтын құстар.

  • Елін, жерін сүйетін құстар.


ІҮ. Қолдану.

Оқулықпен жұмыс. 77 бет

  1. Мұғалімнің мәтінді мәнерлеп оқуы.

  2. Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар.

Қандай бізге түсініксіз сөз бар?

Дернәсіл-жәндіктер мен жануарлардың белгілі кезеңде жұмыртқадан жарып шыққан, әлі есейіп өспеген баласы

Мәтін не туралы? - Құстар туралы.

Қандай құстар туралы? – Қыстап қалатын құстар туралы

Қыс кезінде балапан шығаратын құс? – Қайшыауыз

Оның тұмсығы қайшы сияқты, онымен шыбын ұстай алмайсың, не жерден дән шоқып жей алмайсың. Бірақ оған бұның керегі жоқ. Ол өзінің қысқыш тұмсығымен шырша бүрін шемішкеше шағады.

Сергіту сәті.

Орманда жоғары

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ-тоқ соғады

3. Оқушылардың мәтінді тізбектеп оқуы.


Ү. Талдау.

1. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінде қандай құстар туралы айтылған?

Қарға, тоқылдақ, суықторғай, қайшытұмсық. (дәптерге жазу)

2. Суретпен жұмыс

Қай құс саған ұнайды? Неге ұнайды?


3.Ой толғаныс

ҮІ. Жинақтау.

Құстарға қамқорлық жасау. (Оқушылардың пікірі)


ҮІІ. Пайымдау.

Бүгінгі сабақта не білдік ?

- Құстайтын құстар туралы көп мағлұмат алдық.

Сабақта не ұнады?

- Тақтамен жұмыс істеген ұнады

Бағалау.


Ана тілі сабағы 1 сынып

Тақырыбы: «Адам болам десеңіз»

Мақсаты:Өлеңді мәнерлеп оқи отыра мазмұнын түсіну,оқу дағдысын жетілдіру.

Адамгершілікке тәрбиелеу .Сөздік қорын,ойлау қабілетін, тілін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілік: Суреттер,А Құнанбаевтың портреті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

І Білім дағдысын қалыптастыру. Өткенді қайталау.

ІІ Жаңа сабаққа икемдеу.

1.Қызығушылығын ояту

Қазақтың кемеңгері Абай ата,

Аудармашы,жазушы,ақын, дана

Төгілген асқақтаған жырларымен

Білім нұрын шашты ол бар қазаққа.

2. Мағынасын ашу.

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.

Мұғалімнің сөзі:

А.Құнанбаев 1845жылы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының баурайында Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.

Ұлы Абай есімі бәрімізге жақсы таныс. Ағартушы, ақын және сазгер Абай Құнанбаев өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Артында қалдырып кеткен аса құнды мұраларында Абай адам бойындағы кездесетін жаман мінез-құлықтарды сынады және адамдықты ,ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен туысқан халықтардың мәдениеті мен өнерін білуге шақырды.қатар басқа жаман мінез-құлықтарды сынады және адамдықты ,ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен туысқан халықтардың мәдениеті мен өнерін білуге шақырды.

Балалар Абай атамыз туралы не білеміз? Соны еске түсірейік.

Ба? Соны еске түсірейік.

(топтастыру) Ибрагим Сазгер

Анасы Ұлжан Руы тобықты

Аудармашы Әжесі Зере

Ғалым Данышпан


Әкесі Құнанбай Жылдың 4 мезгілі


М.Әуезов «Абай жолы» романы

ІҮ. Қолдану.

Осы сызбаға қарап отырып Абай туралы бір-бір сөйлем құрап айту. Сөйлем бір-бірімен байланысса не пайда болады?

-Мәтін

Оқушылар мәтінге ат қояды.

-Ойшыл Абай

- Данышпан Абай

- Ұлы Абай

Оқулықпен жұмыс

  1. Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы (Өлең құрлысымен таныстыру)

  2. Сөздік жұмыс.

Қандай түсініксіз сөз кездеседі?

Қашық-алыс асық-жылдам

Дұшпан-жауымыз, көре алмайтын адам.

Сергіту сәті

Оқушылардың өлеңді тармақпен, шумақпен оқуы.

Ү. Талдау.


Өлеңде адам бойындағы қандай қасиеттер туралы айтылған?

Соны оқулықтан тауып оқу. Жұмысты жеке, жұппен, топпен жасау.


-Жағымды, жағымсыз қасиеттер (дәптерге жазу ішіне-сыртына стратегиясы бойынша)


Жағымды қасиеттер

Жағымсыз қасиеттер


Талап,

еңбек, терең ой, қанағат, рақым,

Өсек, өтірік, мақтаншақ еріншек, мал шашпақ.

Ой толғаныс


ҮІ Жинақтау


«Бес асыл іс» дегенді қалай түсінесің? (Оқушылардың пікірі)


ҮІІ Пайымдау.


Шығу парағы

Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма ? Несімен ұнады? Тағы не білгілерің келеді?

Осы сұрақтарға жауап жаза қойыңдар




Математика (1-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Сандар қатары. Бір таңбалы, екі таңбалы сандар.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды мақсатына жетуге ұмтылдыру, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

  2. Сандарды тура және кері санап, оқушылардың есіне түсіру. Венн диаграммасы арқылы сандарды салыстыра отырып, бір және екі таңбалы сандардың қатарын меңгерту.

  3. СТО технологиясының ішіне-сыртына стратегиясы арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Қолданылған әдістер: СТО стратегиялары, Венн диаграммасы , ішіне-сыртына стратегиялары.

Көрнекілік: қима сандар, сан қатары.

Сабақ барысы:

Сабақ саты-

лары

стратегия

мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І Қызығу

шылығын

ояту










ІІ Мағы

насын ажырату















ІІІ Ой толғаныс















Бекіту





















Мадақтау


Ой қозғау



































салыстыру



Сергіту сәті


Өздік жұмыс


Венн диаграммасы

стратегиясы




Ішіне-сыртына стратегиясы










Логикалық есеп







Математикалық диктант арқылы өткен тақырыптарды қайталау.


1) 10 санының құрамын тап.


2) Торкөзге тиісті сандарды жаз.


3) Көп нүктенің орнына +, - таңбасын қой

-Сандарды өсу ретімен ата


Бұл – сандар қатары

-Енді бір ғана цифрмен берілген сандар қатарын құрастыр.

-Осында қай сан артық?

-Неге?

-Неге екі таңбалы сан дейміз?



Бос әйнекшелердің орнына тиісті сандарды қой.

1-ші және 2-ші жолдағы


сандар қатарын салыстыру.

2-есепті топқа бөліп орындау



9 және 10 санын

салыстыр.

9 * 10


Венн диаграммасы стратегиясы

9 10





Ортақ қасиет:


Ішіне бір

таңбалы санды,

сыртына екі

таңбалы санды

жаз.







9 санынан

үлкен санды

дөңгелекте

-10 саны қандай

сан?









1) 10 10


9 3


10 10


8 5

2) 5 + = 8

+ 1 = 4

7 - = 3

3 * 1 = 2

8 * 2 = 10

6 * 3 = 9


Қима сандарды пайдаланып өсу ретімен құру.

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9

- 10 саны

-Өйткені ол екі таңбалы сан.

- 10 саны 0 және 1 цифрынан құралып тұр.

012 6 10


012 7 9



123 6 10


1 2 7 8 9




Дәптерге өздігінен орындау



Ұқсастығы мен айырмашылығын табу.






Ортақ қасиетін табу.


  1. 10

  2. 11

  3. 12

  4. ...

4

5

6

7

8

9


а) 8, 7, 3, 10

ә) 1, 10, 5, 9


10 саны 9 бен 1-дің қосындысынан тұрады. 10 саны белгілі екі цифр 1 және 0 арқылы белгіленеді.

Ана тілі (1-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды жан-жануарға қамқорлық жасауға баулу.

2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары арқылы жуан және жіңішке айтылатын сөздерді меңгерту.

3. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Көрнекілік: «Әріп терейік» ойыны, суреттер.

Сабақ барысы:

Сабақ саты-

лары

стратегия

мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І Қызығу

шылығын

ояту








ІІ Мағы

насын ажырату





ІІІ Ой толғаныс






































Бекіту






Бағалау

Ой қозғау







Көркем жазу










Ішіне-сыртына стратегия

сы


Оқулықпен жұмыс





Өмірмен байланыс








Сергіту сәті


Пән аралық байланыс















Венн диаграмма







«Әріп терейік» ойыны

о ү і ұ

а ө ә ы

е

- Жуан және жіңішке дауысты дыбыс әріптерін ата.

-Осы дауысты дыбыстарды қолданып сөз ойлап айтайық.

-Осы сөздер қалай айтылып тұр?


Ауылдардың қойы бар,

Қойы бардың тоны бар.


-Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар?

- Олар қалай айтылып тұр?


Ішіне жуан айтылатын, сыртына жіңішке айтылатын сөздерді жаз.


40-жаттығуды оқу

- Өлеңде не туралы айтылған?

-Олардың қандай пайдасы бар?

-Осы өлеңдегі жуан айтылған сөздерді ата.


-Балалар, ата-аналарың сендерді еркелеткенде қалай атайды?


-Сендерді ата-аналарың еркелетсе, төрт түлікте өз төлдерін еркелетеді.

-Өлең не туралы айтылған?

- Олар төлдерін қалай жақсы көріп еркелетеді екен?



- Төрт түлік малды күтіп , бағу керек.

-Ол үшін не істеу керек?


- Балалар, малды кендірмен байлауға, жыңғылмен айдауға болмайды екен.

Ата- аналарыңнан төрт түлікке байланысты қандай тыйым сөздер естідіңдер?


Оқулықтағы тыйым сөздерді

оқу.




Венн диаграммасы арқылы сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу.


- Қандай жағдайда сөздер жуан айтылады?




Әріптерді алып тақтада жуан, жіңішке дауысты дыбыс әріптеріне бөлу.




Түйе, қой, ешкі, жылқы

Ойлаған сөздерді көркем жазу.


39-жаттығуды оқу

Сөздер жуан айтылып тұр.

Өйткені а, о, ы –жуан дауысты дыбыс.


Мысал келтіру.


Бота, құлын, түйе, ешкі, лақ.



-Қой, ешкі туралы айтылған.



-Қолғап, қой, қалпақ...



-Бізді ботам, құлыным

деп еркелетеді.



«Малдың төлін сүюі» өлеңін оқу.

Сөздік жұмысы

Қозыны –қоңырым, момыным, бұзауды-торпағым, қорқағым –деп еркелетеді.


Оқушылар өз ойларын айтады.





Өздері білетін тыйым сөздерді айтады.




-Малды теппе,

Ақты төкпе.

-Малды басынан ұрма.

-Малға теріс мінбе.


Ұрма, мінбе сөздерін салыстыру.



-Сөздегі дауысты дыбыс жуан болса, сөз жуан айтылады.













Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Кішіге қамқор бол.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

2. Оқушыларды заттың атын білдіретін сөздерді ажырата білуге, өлеңді мәнерлеп оқуға төселдіру.

3.Оқушылардың логикалық ойын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

Көрнекілік: ойыншықтар, ойын.

Сабақтың сатылары

Жасалатын іс-әрекет

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І Қызығу-

шылығын

арттыру




ІІ Мағынасын

ажырату






ІІІ Ой

толғаныс





























Бекіту





















Бағалау

Ой қозғау






Суретпен жұмыс







Оқулықпен жұмыс








Сергіту сәті



Дәптермен

жұмыс


-Балалар,бізге «Балалар дүкенінен» бір сөмке зат беріп жіберіпті.

-Не беріп жіберді екен?

Заттарды сипап-сезу арқылы не екенін тапқаннан кейін сөмкеден шығаруға рұқсат беру.

-Бұларды бір сөзбен қалай айтамыз?

-Ал, енді кім? сұрағына жауап беретін сөздерді кім айтады?

-Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді қандай сөздер дейміз?

-Атаң, әжең сендерге қандай ақыл айтады?

«Кішілерге қамқор бол» өлеңін оқу.


Сөздік жұмысы

  • Өлеңде не туралы айтылған?

  • Сүйкімді бала атану үшін не істеу керек?

  • Үлкендерді сыйлай білесің бе?

  • 3-ші шумақтан заттың атын білдіретін сөздерді ата.

Сұрақ қой.

Жатқа жазу

Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

№2 жазу дәптеріндегі тапсырмаларды талдау, орындау

Ойын «Өз орнын тап»

Қалам Шолпан

мысық

аға ағаш

дәрігер

Бағанда берілген сөздерді бір-бірімен сәйкестендіру.

1-ші бағандағы сөздерге сұрақ қой.



-Бұлар қандай сөздер?

-Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер?

Заттар мен жануарларға қатысты сөздерге не? нелер? деген сұрақтар қойылады.


  • Әдепті бала дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Әдепті бала қандай болу керек?

  • Біздің сыныпта әдепті бала бар ма?



«Мен, мен және менің достарым» ойынымен сабақты аяқтау


Тапқан заттың атын жазады.

Сөздерге сұрақ қояды.

Қоян - не?

Машина – не?

Доп – не?

Доп- доптар, қоян – қояндар

Ойыншықтар - нелер?

Бала, ата, әже, Самат...

Олар заттың атын білдіретін сөздер.

-Тәртіпті , әдепті бол дейді. ...

Өлеңді шумақ бойынша кезектесіп оқу.

Жәбірлеу -


Өлең мазмұны бойынша сұраққа жауап беру.



Сәби – кім? Ойыншық – не?

Кәмпит – не? кесе – не?

Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса – жер ырысы.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою.

Кім? Не?

Шолпан Қалам

аға мысық

дәрігер қалам




Гүл тәтті

Алма хош

иісті

Қуат қызықты

Кітап ақылды


Гүл – не?

алма – не?

Қуат – кім?

Кітап – не?

-Бұлар заттың атын білдіретін сөздер.


Оқушылар өз ойларын айтады.





-Кім үлкенге жүгіріп, амандасып сәлем береді?

  • Мен, мен және менің достарым.

-Кім мектепте айқайлап тәртіпті бұзады?

  • Жоқ. Мен емес, менің достарым емес.









№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі

Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту

Ақмолдина Ғалия Қазтайқызы


Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан халқынаЖолдауында» білім беру саласындағы сындарлы міндеттер айқындалып берілген.

Егемен ел болып, тәуелсіздігімізді еншілеп, еңсеміз тіктеліп, өркениет көшінің алдыңғы сапына шыққан, бәсекелестікке қабілетті, дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан жайдары еліміздің жарқын болашағы – жас ұрпақ. Осы ұрпақты болашаққа даярлау, қоғамға сай бейімдеу–білім беру жүйесі, соның ішінде айшықтар болсақ, мектеп еншісінде.

Бүгінгі еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. Білім бастауы- бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Әсіресе, баланың эстетикалық-көркемдік талғамын ұштап, ұлттық тәрбие береміз. Тіл ана сүтімен бала бойына дарып, мектеп атты ұяда дамып-жетіледі. Онсыз бала мәңгүрт болып өсіп, елін-жерін сүймейді. Сусыз құрғақ жерге, таса көлеңкелі жерге дән тастағанмен өнбейтіні сияқты, жас баланы біліммен сусындатып, бағып-күтпесек, көкірегін ашып, тәрбие бермесек, өспейді, өнбейді. Баламен тіл тауып оның бойына білім ұрығын себетін басты тұлға-Ұстаз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүріңдер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады» деген болатын. Ұстазы білімді болса ғана, осы ұлы мақсатқа-еліміздің терезесі тең елге айналуға, мойын бұрамыз.

Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу – тәрбие үрдісі арқылы оқушыларды тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын білгендерін жадына сақтауға, қабілетін ойлауын, тіл шеберлігін, зерделі білім алу құштарлығын ояту, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, іздемпаздығын тағы басқа танымдық қасиеттерін жетілдіру – жаңа ғасыр мектебінің мақсаты.

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай білім беру жүйесіндегі бүгінгі өмірдің талабы сабақ өткізудің жаңа әдістері мен ақпараттандырылған оқыту технологияларын пайдалану. Бұл мақсатқа жетудің бірден - бір жолы оқытудың тиімді жолдары мен түрлерін іздестіру. Сондықтан да оқытудың жаңа түрлерін күнделікті сабақта қолданып, жоғары нәтижеге жету – мұғалімнің міндеті.

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Бастауыш мектеп- бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім берудің алғашқы басқышы. Мұнда мектептің бастауыш сатысында оқушы дайын стандартпен жазу, оқу және есептеуді үйреніп қана қоймай, жеке өзінің шығармашылығымен және жеке рефлекциялармен (әрбір оқушы үшін әр түрлі кеңістікте жеке өмір сүру, жеке білім алу жағдайында қалыптасады.

Менің проблемалық тақырыбым: «Дамыта оқыту арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту» Осы проблеманы шешу барысында келесі міндеттерді анықтадым:

-Сөйлеу туралы қарапайым ұғым;

-Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтау;

-Сөйлеу мәдениетін және жазба тілін сөздік жұмыс арқылы байланыстыра сөйлей білуін дамыту,сөздік қорын молайту.

- Өз ойы мен пікірін сюжеттік суреттер арқылы еркін жеткізе алуға үйрету;

- Мазмұнды сөйлеу арқылы өз ойын дәлелдей білу;

- Мәтінді жүйелі баяндауға дағдыландыру;

- Өз бетінше ізденуге, шешім қабылдай білуге, практикалық әрекеттерге дайын болуға машықтандыру;

- Пәнге деген қызығушылығын арттыру;

-Есте сақтау қабілетін жетілдіру;

-Көрнекілік арқылы танымдық белсенділігін арттыру;

-Баланың білім деңгейін саралап, шығармашылық жұмысқа тарту;

-Интерактивтік тақтаның мүмкіндігі арқылы оқушының танымдылық қабілеттерін дамыту;

Болашақ ойшыл,тапқыр, өткір,әрине білімді,азаматты тәрбиелеу.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру сабағымда үнемі назарымда болады.

Бастауыш мектеп оқушыларының білімі психологиялық- танымдық іс-әрекет негізінде ғана бақылауға алынса тиімді болатыны белгілі. Ол үшін танымдық жаттығулар, мағыналы есте сақтау, зейінділік,ішкі әрекет жоспары бейнелік – кеңістік байланыстар бағыттарында жүргізіледі.

Көп жағдайда танымдық процестердің өте маңызды мәселелерді, қиындықтарды ескермеу салдарынан таным дұрыс қалыптаспайды . Ол тек сабаққа ғана емес,сонымен қатар танымдық іс-әрекетке де кедергісін тигізеді. Мысалы, мұндай балалар үндемегенді қалайды,өзін өте енжар ұстайды және сабақ тапсырмаларын жиі орындамайды. Осы себептен баланың жаңа тақырыпты меңгеруі төмен болады да,балада қажетті білімді дұрыс игере алмайды. Сонымен қатар мектептегі оқу процесі ойдағыдай дәрежеде жүргізілмеген жағдайда, мысалы, төменгі сынып оқушысы сабақтың мазмұнын жаттап алып, бірақ мағынасына түсінбейтін болса, өз бетімен пікір айтып, қорытынды жасауға қатты қиналатыны сөзсіз.

Бұл мәселе жөнінде В.В.Давыдов, В.И.Слободчиков, Г.А.Цукерман еңбектерінде «Адам өзін өзгерту үшін оның білім алуы керек, ол біріншіден, өзінің білімді меңгеру шегін білуі қажет, екіншіден, өз мүмкіндіктерінің шекараларына өте алуы қажет»-дейді.

Бастауыш мектеп оқушысы үшін дамытатын жаттығулардың кешенді орындалуы олардың танымдық іс-әрекетінің барлық түрлерін қамтиды.

Ол үшін «танымдық құқықтарды теңгеру» терминін пайдаланамыз. Дамытатын танымдық жаттығулардың мақсаты мектептегі оқытудың интеллектуалдық потенциалын көтеру және әр сабақты оқушының танымдық құқықтарын меңгеруге бағыттау, тапсырманың шешу жолдарын талдау, тапсырманың орындалуына түрлі тәсілдер іздеу,өзінің шешімін құрбыларының жұмысымен салыстыру, өзінің дәлелдеген шешімін айтуға үйрету болып табылады.

Грамматикалық алғашқы мағлұматтардың мазмұны ашылып,дамытылу жағы қарастырылады. Сонымен қатар оқушының оқып отырған пәнге қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттырып, сабақты танымдық жаттығулар арқылы игеру мақсаты көзделеді.

Талдау тәсілі бойынша сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды,буыннан дыбысты бөліп алуға, дыбыстарды әріптермен таңбалауға, дауысты, дауыссыз дыбыстардың ара жігін ажырата білуді үйретуге ерекше көңіл бөлінеді.

Жаттығуларды орындау барысында балалардың сөздік -мағаналылық ойлаулары, зейінін бір сөйлемге шоғырландыра отырып, ойлауына мүмкіндік жасайды. Әрбір сабақта оқулықпен жұмыс істеу үшін ондағы фонетикалық, грамматикалық, орфографиялық жүйесін тиянақты меңгеруге орай танымдық жаттығулар беріліп отырады.

«Сөйлем» тақырыбында өтілген сабақты қорытындылау үшін «Сөйлем ойла, тез, ойла» әдістемелік жаттығуын пайдаландым. Бір-біріне ешқандай қатысы жоқ кез-келген үш сөз беріледі.Оқушылар берілген уақыттың ішінде осы сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құраулары қажет.

Аю,өзен, қарындаш.

а. Аю қарындашты өзенге ағызды.

ә. Бала қарындашпен өзенге шомылып жатқан аюдың суретін салды.

б. Аю қарындашпен өзеннің суретін салды.

Мұндай танымдық жаттығулардың негізінде мұғалімнің сабақ берудегі әдіс-тәсілдері жетілдіріліп, іскерлігі шыңдалып, оқушыларға жаңа берілетін білімді саналы да терең, берік дағды беруге көмегін тигізеді.

Бастауыш сынып оқушысының айтылған оқиғалардың қайсысы бұрын, қайсысы кейін болғандығын және оқиғалардың себептерін,нәтижесін қорытындылап айту үшін мәтіннің (шағын әңгіме) басы, негізгі бөлігі, соңы деген бөлімдерін және әңгімелеу, сипаттау, пайымдау сияқты бөліктерге бөлінетінін түсіндіру үшін арнайы танымдық- жаттығуларды пайдаландым.

«Әңгімеге ат қою» әдістемелік жаттығуында бір оқушы тақтаға қарап тұрады, келесі оқушы мәтінді оқиды. Топқа теріс қарап тұрған бала әңгімені мұхият тыңдайды, содан кейін ат қояды,сонымен қатар әңгіме екінші рет қайтадан оқылады. Мұнда бала әңгіменің басын, негізгі бөлімін, соңын өзінің есінде қалғаны бойынша анықтап көрсетіп, әңгімелеп береді.Мысалы: Әңгімеге қойылған аты- «Әдемі сурет»

Басы- Біздің сыныпта оқитын Нұрболат күннің суретін салды.

Негізгі бөлім-Күн кірпіктерін ашып,күліп тұр. Атам бұған қатты қуанды.

Соңы- Сен салған күннің шуағына жылынғандай болдым-деді. Осындай әдісті сабақта «Шекарашылар» әңгімесін өткенде пайдаландым.Ондағы мақсат: Оқушыларға мәтіннің әңгімелеу, сипаттау, пайымдау бөлімдерін табуға жаттықтыру.Мұнда да балаларға оқушы теріс қарап тұрады. Әңгіме оқылып болғаннан кейін әңгімелеу қай жерден аяқталғанын, сипаттауына

қай сөйлем жататынын және пайымдауы немен аяқталатынын бала өз сөзімен айтып жеткізеді.

Әңгімелеу-Шекарашылар Отанымыздың шекарасын күзетеді.

Сипаттау-Олар күндіз-түні күзетте тұрады. Шекарашылар еліміздің бейбіт өмірін жаудан қорғайды.

Пайымдау- Олар –ержүрек батырлар.

Бұл келтірілген танымдық жаттығулардың орындау барысы ойын түрінде өткізіледі.

Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда грамматикалық ойындардың атқаратын маңызы зор. Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Ойын сабақтарда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп,оны білуге,меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.

Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін, әсіресе тіл сабағын меңгерту мақсатында жиі пайдаланамын.Сабақта оқушылардың танымдық қабілетін, алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту,шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.

Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология,синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әр түрлі әдіс-тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.

Фонетика саласы бойынша

«Кім жылдам?» ойыны.

1. А әрпінен басталатын қалалардың аттарын жазыңдар.

Мысалы: Астана,...

(Ол қалалардың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп,қала туралы не білетінін сұрау).

2. Тек қана а (е, ы, і ) дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар.

Мысалы: Тамаша, Тамара,Шағала,...

(ы) Ыдыс, ыстық,...

(і) Ірімшік,ілгіш,...

(е) Береке, ертең,...

1. Жұмбақты шеш.

Бір ақынның атында

12 әріп, 4 буын.

Төртеуіде де бітеу буын.

Бұл қай ақын?

(Сұлтанмахмұт)

(жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жасаңдар)

«Кім тапқыр? ойыны.

1.Әрқайсыларының есімдерінде:

а) 2 «з» б) 3 «е»

ә) 2 «а» в) 4 «т»

әріптері келетін халық композиторлары кімдер?

2.Құрамында 2 дауысты дыбыс қатар келетін фонетикалық термин қай сөз?

3. Екі дыбыс, үш әріппен жазылатын қай өзен?

(бұл ойынды кімде- кім белгілі бір уақыт ішінде тапса, сол жеңімпаз болып саналады).

Лексика саласы бойынша

«Жалғасын тап» ойыны.

Мына мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жазыңдар

  1. Қолы қимылдағанның ......................................................

  2. Көп жасаған білмейді......................................................

  3. Кәріге құрмет,...................................................................

  4. Біреуге ор қазба,..............................................................

  5. Жақсы қыз,......................................................................

Жақсы жігіт,....................................................................

Әр сөзі «Е» әріпінен басталатын үш сөзден тұратын еңбек туралы бір мақал жаз.

Е.........................е..................................е..........................

Әр сөзі «Ж» әріпінен басталатын үш сөзден тұратын ерлік,батырлық туралы бір мақал жаз.

Ж.....................ж.......................ж.............................

«Кім білгір?» ойыны.

Тақтаға заттардың жан-жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал-мәтелдерді кім көп біледі?

(Көп айтқан оқушы жеңімпаз болады).

«Кім дұрыс пайдалана алады ? ойыны. Плакатқа жазылған тұрақты сөз тіркесі тақтаға ілінеді.Ойынға қатысушылар сол жасырылған сөздерді тауып, тұрақты сөз тіркестерін айтып,оны кірістіріп сөйлем құрастырулары керек.

1.......тай ұшты,......нан күлу,..............ыңды балта кеспейді.

2.......жұтқан,.......нің түгі бар,..........айну.

3.......ге ілмеу,....іне шөп салмау,........і тоймау.

......ге күйіу болмау,....іне көк ала шыбын үймелету.

4.......ын шүйіру,....ын көкке көтеру,......ына су жетпеу

.......ындық болу.

Морфология саласы бойынша.

Жаттығуларды түрлендіріп жүргізу нәтижесінде оқушылардың алғашқы грамматикалық ұғымдар жөнінде түсінік беру үшін, түсінгендерін есте берік сақтау үшін және балалардың өздері істейтін жұмысын әртүрлі қызықты етіп ұйымдастыру жағын мұқият қарастырдым.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай шебер ұстаздың еңбегінің жемісі оқушының сол пәнге деген қызығуын арттырып,толық білімді игерте білуінде.

Сабақтың әрбір бөлімінде оқушы баяндау, сұрақ-жауап беру, топтық жұмыстар арқылы сабақтың жоспарлық құрылымының нақтылы жетістігіне қол жеткізеді.

Осы әдіс-тәсілдерді үзбей қолданып, оқыту процесінің барлық формасына (практикалық сабақтар, оқушылардың өзіндік жұмыстары, факультативтік сабақтарда) қолдану керек деп тұжырымдаймын. Себебі, оқыту іс-әрекетінің негізгі міндеті танымдық іс-әрекетті дамыту,ойлауды дамыту болып табылатындығы әрбір педагог үшін кәсіби парыз.







Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы //Сарыарқа самалы//газеті Астана 2007 жылғы 28 ақпан.

  2. Қазақстан Республикасы Жалпы Орта Білім Берудің Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Стандарты Ата-Мұра 2002 жыл.

  3. //Бәсекеге қабілетті қоғамның негізгі – сапалы білім // бастауыш мектеп.

Қ.Құнантаева,А.Алшынбаева №1, 2007 жыл. 3-5 беттер.

  1. //Дамыта оқыту технологиялары.// Б.А.Тұрғынбаева

Алматы 2000жыл

  1. //Бастауыш мектеп// журналы№7.2008 ж.

  2. //Қазақстан мұғалімі//журналы 6сәуір 2008ж.

  3. //Ұлағат//журналы №4.2007жыл.

  4. //Қазақ тілі мен әдебиеті//журналы №2.2006ж.


































Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.


Кояганова Бақыт Зиятайқызы

бастауыш сынып мұғалімі


Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.

Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.

Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттырумен бірге біліктілігін ұштап, жан-жақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.

Заман талабына сай қажетті жаңартылған өзгерістер мен ізденістер қарастырылуда. Білім берудің мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сәйкес оқытудын жаңа технологиясы енгізілуде.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.

Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.

Мазмұнға байланысты міндеттер:

1.Әңгімені оқып танысады.

2.Мазмұнын ашады.

3.Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:

Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.

Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:

1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.

2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.

З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.

4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.

Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.

Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу мәнерін өзгерту деп білемін. Стратегияларды әр сабақтың мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына, тілдік әрекетке өзгеріс енгізуге болады. Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады. Оқушылардың ойлау деңгейі жоғарлайды.

Баланың шығармашылығын дамытуда мынадай әдістерді қолдандым. Әр тақырыптың идеясын оқушылардың өздері ашады. Кейіпкерге айналады, онымен бірге қуанады, қиналады, армандайды, қиялдайды, жағымды жағын алады. Мысалы: «Торғай» тақырыбын көрнекілік әдісі арқылы тақырыпты оқушылар өздері ашты. Ол үшін «Торғай, жылан, бала» сөздерін алдым. Бұл сабақта Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Болжау кестесі» стратегиясын қолдандым.

Не болады?


Дәлел.

Не болды?

Торғайға бір қауіп төніп тұр. Жылан торғайды жемекші, не бала торғайдың жұмыртқасын жармақшы.


Торғайдың ащы шырылы құлаққа тиді. Жаны ашыған торғайлар жанында жүр.

Торғай тастай ағып жерге топ ете түсті.

Талқылау кестесі арқылы проблемалық сұрақ туғыза отырып, талқылау:

1) Торғай аман, тірі қалсын ба? - Тірі қалсын.

2) Әлде жылан торғайды жеп қойсын ба? - Жоқ.

3) Бала торғайды құтқарсын ба? - Құтқарсын.

4) Бала мақсатына жетті ме? - Бала мақсатына жетті.

5) Бала неге қуанды? - Бала торғайды аман алып қалғанына қуанды.

Оқушылардың шығармашылығының дамуына ықпал ету мақсатында мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау жұмыстарын тапсырамын. Мысалы: «Ақымақ бота» әңгімесіндегі оқиғаны оқушылар былай жалғастырған болатын: « Шынар басқа ботамен дос болды. Ұлпан ақымақ ботаны қуып жіберді, сен керек емессің - деді Ұлпан. Ақымақ бота Шынарға қайтып келді. Шынар есікті ашпады. Ақымақ бота өзі жалғыз қалды.» Бұл сынды тапсырмалар оқушылардың сөздік қорларын молайтып, бала қиялын дамытады.

2-сыныптан бастап жоспар арқылы жазуға төселеді. Кейбір оқушылар ойын жазбаша жеткізуге қиналады. Ал, кейбіреулері ойын жазбаша еркін жеткізгенді ұнатады. Тірек сөздерді пайдалана отырып жазуға төселеді. Тапсырма түрлері өзгертіледі.Кейіпкерге мінездеме беру, автордың ойына өз ойларын қосу, мәтінді жалғастыру, кейіпкерге сипаттама беру, өзіндік көзқарастарын білдіру, авторға хат жазу, автор орындығы т.б. арқылы шығармашылығын арттырып, қызықтырып отырамын.

Баланы жазуға машықтандыру жағдайы жазуды талап ететін өмірмен салыстырылды. Мысалы: «Көктем» тақырыбын бірнеше тақырыптарға талдап, ұнағанына жазады. «Көктем», «Көктемгі орман», «Көктемгі жан-жануарлар» Көктем туралы оқушылардың жазған шығармалары:

Көктем келді.

Жердің аппақ қары еріді.Күн жылынды. Жерге көк кілем жабылды. Құстар қайта оралды. «Міне, саған гүлім!» - деп көктем келді.

Наурыз көктем.

Көктем келді. Күн жылынды. Құстар келіп ән салып жатыр. Жерде жасыл шөптер шыға бастады. Гүлдер гүлдеп, ағаштар бүршік атты. Барлығы келе жатқан Наурыз мерекесіне дайындалып жатыр. Мерекеде киіз үй құрады. Дастарханға қымыз қойып, бауырсақ төгеді.

Сонымен бірге 5 жол өлең құрастыру арқылы да оқушылардың тақырып бойынша ойын жинақтап, шығармашылығын дамыту жолын сабақта жиі қолданамын.

Жаңа тақырыпқа байланысты сөздік жұмысын жүргізген кезде, жаңа қолданылған сөздерге сөйлем ойлап жазумен бірге, сол сөздерді қолданып, 5 жол өлең құрастыруды да тапсырамын. Мысалы: «қырбық қар» - жаңа түскен қар.

1. Ақша қар

2. Мамық, ақ жібектей,

3. Себелеп, ұшып жүріп жауады

4. Жайнатады даланы.

5. Қырбық қар – деп құрастырды.

Бастауышта сәтті сабақ белгіленген мақсатқа жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатын үрдіс.

Оқушы әректі: 1. Өз ойын еркін жазу.

2. Өзгені тыңдай білу және көмектесу.

3. Бірлесе әрекет ету.

4. Өз әрекетін талдау.

5. Өз мақсатын анықтау.

Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.

Мысалы: 2-сыныпта «Ешкімге жауыздық қылма мәтінін өткенде сабақты Топтастыру стратегиясымен бастадым.

қaстaндық жамандық



дұшпандық Жауыздық арамдық

ББҮ - Білемін, білгім келеді, үйрендім стратегиясы бойынша жұмыс жүргіздім. Ол үшін тақырыпқа байланысты сұрақ қойылды.

Неге ешкімге жауыздық қылмау керек?

Білемін

Білгім келеді?

Үйрендім.

Адам адамға ешқашан

жауыздық жасамау

керек. Әрқашан жақсылық жасауға тырысу керек.

Адам адамға не үшін

жауыздық қылады?

Бай тіленшіге ештеңе

бермеді. Ал тіленші

байдың басына күн

туған кезде, оны аяды.

Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсіреді.

Еркін жазу не эссе жазу: «Бай қайыр сұраған адамға еш нәрсе бермеп еді, басына іс түсіп, өзі де қайыр сұрап қалды. Ал кедей оған жамандық тілеген жоқ, керісінше байды аяды» ...

Сыни тұрғыдан оқу мен жазу бағдарламасының нәтижесі төмендегідей болды. СТО құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім.

Сабақта Сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.


Күтілетін нәтиже

Белсенділік дәлелдеу ізденіс

пікірталас

ұсыныс

Сын тұрғысынан ойлау.

салыстыру

шығармашылық

Өз ойын

тұжырымдай алу

Басқаларды тыңдай білу Қызығушылық

Сабақтың құрылымының жоспары:

1. Қызығушылығын ояту. 2.Мағынаны ажырату. 3. Ой толғаныс.

Стратегиялары Стратегиялары Стратегиялары



Дөңге- Топқа Топтас- Ой ДЖИГСО-2. Венн Бес Автор Эссе.

лек үстел. бөлу тыру. шақыру диаграммасы. жолды орын

өлең дығы.

Оқушы шығармашылығы.

Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

Сонымен ортақ пікірге келсек, шығармашылық- ол таң қалу және танымдық қабілет, белгісіз жағдайда шешім таба алу іскерлігі, жаңалық аша білу және өзі ашқан тәжірибені ұғына білу қабілеті.

Сабақта қолданылған стратегиялар оқушыларыма өздерінің, бір- бірінің ой­пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың идеялар туындауына жол ашты.Сонымен бірге ерекше белсенділік пен шығармашылық шабыттың шарықтауы нәтижесінде олар еркіндік әлемінде еркін шарлағандай болды.

Ал, қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі - әр ұстаздан талап етіледі.


Қолданылған әдебиеттер:

1.Бастауыш сынып

Начальная школа / №2, 2009 ж /

2.Бастауыш мектеп / №8, 2004ж, №12, 2001 ж. №7, 2006ж. №9, 2003 ж. /

3. Қазақстан мектебі /№2, 2003 ж/

4.С.Ахметов. «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру

жолдары». Алматы «Рауан» 1994ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"?ош бол,с?йікті ?ліппем"!

Автор: Темирбекова Нужамал Кыздаровна

Дата: 09.02.2015

Номер свидетельства: 170231

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "?ош бол с?йікті ?ліппем "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-bol-suiikti-lippiem-3"
    ["file_id"] => string(6) "167558"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423118063"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?ош, с?йікті ?ліппем!"
    ["seo_title"] => string(19) "koshsuiiktilippiem1"
    ["file_id"] => string(6) "288737"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454670464"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""?ош бол с?йікті-?ліппем""
    ["seo_title"] => string(22) "koshbolsuiiktilippiem1"
    ["file_id"] => string(6) "304668"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457774739"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""?ош бол с?йікті-?ліппем""
    ["seo_title"] => string(22) "koshbolsuiiktilippiem2"
    ["file_id"] => string(6) "304669"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457774746"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "«?ош бол, с?йікті ?ліппем!» "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-bol-suiikti-lippiem-6"
    ["file_id"] => string(6) "189123"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426826258"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства