?ліппе: Балалар, ендігі сендерді? жа?а достары?- Ана тілі.Сонды?тан мені ?алай жа?сы о?ыса?дар, ана тілін де солай жа?сы о?ы?дар! Ана тілі, балалар менен не ?йренді екен? Сен де бізбен бірге тамашала.
Т- ту?ан елдей ел болмас, ту?ан жердей жер болмас.
Б- бірлік болмай, тірлік болмас.
Ш- шынды? деген ар-?ят.
Ж- жа?сыдан ?йрен, жаманнан жирен.
Д- денсаулы?- зор байлы?.
1-ж?ргізуші: келесі айтысымыз, Санама?тар айтысы.
?лдар бірінші санама?ты, ?ыздар екінші санама?ты орындайды.
« Отан» ?ні
М??алім: ??рметті ?ліппе!Сізді? ар?анызда мына т?р?ан балалар сауаттарын ашты, жазу?а, о?у?а ?йренді. Осы, балаларды? ?аншалы?ты о?и алатындарын к?рі?із.(Интерактивті та?тамен ж?мыс)
Ана, мектеп, ?ліппе,?же,Отан,?стаз т.б с?здерді о?ыту.
?ліппе: ?ріптерді жа?сы ме?геріп, о?и алады екенсі?дер.
Мені? сендерге ?ояр сауалнамам бар.
Дыбыс деген не?
?ріп деген не?
Дыбыстар нешеге б?лінеді?
Аю деген с?зде неше дыбыс ж?не ?ріп бар?
Алфавитте неше ?ріп бар?
С?йлем неден т?рады?
Бас ?ріппен ?андай с?здер жазылады?
?ліппе: Рахмет, балалар! Сендерге мен ризамын, аз уа?ыт ішінде к?п н?рсені ?йренген екенсі?дер. Осы ал?ан беттері?нен таймай, білімні? шы?ына жете бері?дер! Мен сендерді ана тілге табыстаймын! Ал енді хош болы?дар, балалар.
Хормен: ?ош, ?ліппе, ?ош бол!
?н «?ош, сау бол,?ліппе»
2-ж?ргізуші:Ана тілі, біз сізді о?ып, білім алып, ?з ана тілімізді ??рметтейтін, елімізді? болаша?ы боламыз деп сенім білдіреміз.
Ана тілі? біліп ?ой
Бостанды?ы?, те?дігі?.
Ана тілін біліп ?ой
Ма?танышы? елдігі?.
«Бала?ан»?ні
Би «?уырша?тар»
М??алім: Балалар, біз ?ліппемен ?атар математика, д?ниетану о?улы?тарын да о?ыды?, одан к?птеген білім, ілімдер алды?.Соны бай?ап к?рейік.
1-ж?ргізуші: Есептеуге ж?йрік болса? жасы?нан,
Математика?а орын берсі? басы?нан.
Барлы? ?ылым со?ан ?йір болады
Досы? болар табылатын ?асы?нан.
М??алім: Балалар, мен сендерге ж?мба? есептер дайындап келдім, шешеміз бе?
1.Т?рт ?ой, екі ?озы,
?ос ж?не бір ??лынды,
Б?рін ?осып ?айтарды,
Нешеу болды кім айтады? (7)
2.Екі ?оян бір т?лкі
Б?рі нешеу кім білді?(3)
3.Аулада бес ?йрек,
?орада ?ш ?йрек,
Су іздеп балапандар,
Ж?нелді екі ?йрек.
?ора мен аулада,
Санашы неше ?йрек?(6)
Интерактивті та?тамен ж?мыс. Ауызша санау. Ойын «Кім жылдам?»
-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар? ?андай?
Таби?ат нешеге б?лінеді?
Жануарлар ?ай таби?ат?а жатады?
Таби?атты? ?андай ??былыстарын білесі?дер?
К?ктемде жылы жа?тан ?шып келетін ?андай ??старды білесі?дер?
?андай ырым-тыйым с?здерді білесі?дер?
«Т?лдер» ?ні
К?рініс «Мектеп ?мірінен»
М??алім: Балалар,б?гін бізді? ортамызда ата-аналарымыз да ?уанышымыз?а орта?тасып отыр. Балаларды? осындай д?режеге жетуіне ата-ананаларды? да ?ос?ан ?лесі зор.Ата- аналарымыз?а к?п-к?п рахмет айтамыз.
Просмотр содержимого документа
«?ош, с?йікті ?ліппем!»
Тақырыбы: Қош, сүйікті Әліппем!
Күрметті ата- аналар, оқушылар, ұстаздар! «Қош, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.Шәкірттердің алғаш қолына алған оқулығы «Әліппемен» қош айтысар кез де келді.Оқу жолындағы алғашқы асуды асып отыр.
Балалар зейіндерің зерек болсын,
Көңілдерің көк жиектей кең болсын.
Жүректерің тау суындай таза болсын,
Ақылдарың асқар таудай биік болсын, - деп ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші.
Артта қалды сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Әліппемен қоштасып,
Өсті білім, ойымыз,
Құтты болсын тойымыз!
2- жүргізуші.
Бүгінгі кеш әр үйдің « той басы» деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп, сондықтан, тойымыздың басында
Шашу шашып, ақ батасын береді, мейірімді әжелер!
(Ортада әжелер шығып бата береді, шашу шашады.)
Балалар хормен:
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
«Әліппе» әні
Мұғалім: Іші толы әріпке
Білімдіге жарық не?
Оқушылар хормен: Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті Әліппе!
Ол сүйікті Әліппе!
1-жүргізуші: Ортаға бүгінгі басты қонақтар Әліппе мен Ана тілін шақырамыз.
Әліппе: Балалар, ендігі сендердің жаңа достарың- Ана тілі.Сондықтан мені қалай жақсы оқысаңдар, ана тілін де солай жақсы оқыңдар! Ана тілі, балалар менен не үйренді екен? Сен де бізбен бірге тамашала.
1-оқушы: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
2- оқушы:А-ны айтқанда даусымыз дірілдеді,
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем,
Сөз оқимын айырып әріпті енді.
3- оқушы:Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықты сақтаймыз.
Ұмытпаймыз, бәрін де,
Атын, затын, түрін де.
Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен.
Әліппе мен ұстазға,
Бас иеміз, құрметпен!
Хор. «Мұғалім- ол біздің»
4- оқушы: Партаға тұңғыш отырдым,
Қалам алып қолыма.
Сызықтарға толтырдым,
Қалдырмай дәптер жолында.
5-оқушы: Әліппем, менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
6- оқушы: Осылай алға аттадым,
Әр әріпті жаттадым.
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадым.
7- оқушы:Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің сүйікті Әліппем.
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім.
Сауатты адам қатарына кіргенім.
8-оқушы:Анам менің, әкем де,
Атам менен апам да,
Шопан, ұшқыш, ғалым да,
Небір мықты дарын да,
Тіл сындырып әріпке,
Ашқан алғаш Әліппе!!!
9-оқушы: Барлық әріп бағалы
Айттың әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды!!!
10-оқушы:Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едім әріпті.
Оқимыз қазір ертегі,
Үйреткен оны Әліппе!
11-оқушы:Біз енді әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз,
Көптеген кітаптармен достасамыз,
Қош бол, біздің сүйікті Әліппеміз.
12-оқушы: Біз жазамыз ана деп,
Біз жазамыз дана деп,
Биік-биік таулар деп,
Айдын -шалқар көл бар деп.
Қаһарман ел қазақ деп,
Болашағы ғажап деп.
13-оқушы:Білімге жолды бастаған,
Әліппем, саған мың алғыс.
Оқы деп ұран тастаған,
Әліппем, саған мың алғыс.
Хормен: «Әліппе, саған мың алғыс!» 2 рет
«Вальс» биі
1-жүргізуші: Алфавиттің әріптерін көрейік,
Бастасын кәне, айтысты,
Жібермесін намысты!
Ортаға дауыстыларды шақырамыз! ( қыздар шығады)
А- аспанымыз ашық болсын!
Ә-әлемде бейбітшілік орнасын!
Е- елімізде тыныштық болсын!
О- отбасымызға береке берсін!
Ө- өлкеміз бай болсын!
Ұ- ұйымшыл болайық!
Ы- ынтымағымыз арта берсін!
І- ісіміз оңға бассын!
2- жүргізуші: Ортаға дауыссыздарды шақырамыз!( ұлдар шығады)
М- мектебім- алтын ұям.
Т- туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.
Б- бірлік болмай, тірлік болмас.
Ш- шындық деген ар-ұят.
Ж- жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Д- денсаулық- зор байлық.
1-жүргізуші: келесі айтысымыз, Санамақтар айтысы.
Ұлдар бірінші санамақты, қыздар екінші санамақты орындайды.
« Отан» әні
Мұғалім: Құрметті Әліппе!Сіздің арқанызда мына тұрған балалар сауаттарын ашты, жазуға, оқуға үйренді. Осы, балалардың қаншалықты оқи алатындарын көріңіз.(Интерактивті тақтамен жұмыс)
Ана, мектеп, Әліппе,әже,Отан,ұстаз т.б сөздерді оқыту.
Әліппе: Әріптерді жақсы меңгеріп, оқи алады екенсіңдер.
Менің сендерге қояр сауалнамам бар.
Дыбыс деген не?
Әріп деген не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Аю деген сөзде неше дыбыс және әріп бар?
Алфавитте неше әріп бар?
Сөйлем неден тұрады?
Бас әріппен қандай сөздер жазылады?
Әліппе: Рахмет, балалар! Сендерге мен ризамын, аз уақыт ішінде көп нәрсені үйренген екенсіңдер. Осы алған беттеріңнен таймай, білімнің шыңына жете беріңдер! Мен сендерді ана тілге табыстаймын! Ал енді хош болыңдар , балалар.
Хормен: Қош, Әліппе, қош бол!
Ән «Қош, сау бол,Әліппе»
2-жүргізуші:Ана тілі, біз сізді оқып, білім алып, өз ана тілімізді құрметтейтін, еліміздің болашағы боламыз деп сенім білдіреміз.
Ана тілің біліп қой
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілін біліп қой
Мақтанышың елдігің.
«Балақан»әні
Би «Қуыршақтар»
Мұғалім: Балалар, біз әліппемен қатар математика, дүниетану оқулықтарын да оқыдық, одан көптеген білім, ілімдер алдық.Соны байқап көрейік.
1-жүргізуші: Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсің басыңнан.
Барлық ғылым соған үйір болады
Досың болар табылатын қасыңнан.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге жұмбақ есептер дайындап келдім, шешеміз бе?
1.Төрт қой, екі қозы,
Қос және бір құлынды,
Бәрін қосып қайтарды,
Нешеу болды кім айтады? (7)
2.Екі қоян бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді?(3)
3.Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек,
Су іздеп балапандар,
Жөнелді екі үйрек.
Қора мен аулада,
Санашы неше үйрек?(6)
Интерактивті тақтамен жұмыс. Ауызша санау. Ойын «Кім жылдам?»
-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар? Қандай?
Табиғат нешеге бөлінеді?
Жануарлар қай табиғатқа жатады?
Табиғаттың қандай құбылыстарын білесіңдер?
Көктемде жылы жақтан ұшып келетін қандай құстарды білесіңдер?
Қандай ырым-тыйым сөздерді білесіңдер?
«Төлдер» әні
Көрініс «Мектеп өмірінен»
Мұғалім: Балалар,бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Балалардың осындай дәрежеге жетуіне ата-ананалардың да қосқан үлесі зор.Ата- аналарымызға көп-көп рахмет айтамыз.
Құрметті ата-аналармен жұмыс жүргізгім келіп тұр. Бағанадан бері біздің балаларымыз алған білімдерін көрсетіп жатыр.Келесі кезекті ата-аналарға береміз.Ортаға үш ата-ана шықсын.Әр ата-анаға 3 әріп беріледі.( Ж,Қ, А)
Мен қойған сұрақтарға тек сіздерге берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап беріңіздер.—
-Балаңыздың аты кім?
-Балаңыздың жолдасы кім?
-Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?
-Балаңыз бос уақытында немен айналысады?
Ойын «Кімнің суреті?» (Ата-аналармен ойын)
«Қошақаным» әні
Би «Ча-ча»
Ән «Балақан»
2-жүргізуші:Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің,әр айың.
Тойларыңыз құтты болсың, ата-ана,
Тойларыңыз тойға ұлассың ағайын, -дей келе, бүгінгі «Қош,сүйікті Әліппе» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет!
Құттықтау сөз мектеп басшыларына, ата-аналарына беріледі.